Білімділер поралы

XXI ғасыр көшбасшысы зияткерлік сайысы

«XXI ғасыр көшбасшысы» зияткерлік сайысы
Армысыңдар, бүгін «XXI ғасыр көшбасшысы» атты сайыс сабағымызға жиналған қауым! Бүгінгі біздің сайысқа қош келдіңіздер!
Қатысышулар мен әділ қазыларды таныстыру.

І кезең. «Бәйге»
Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз
Шәкірттерге әділ шешім беріңіз
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар
Бәйге, бәйге, бәйгелерді көріңіз, - деп келе біз келесі кезең – бәйгені бастайық.
1. Бұл кезеңде әр ойыншыға жеке алдын ала дайындалған үш сұрақ қойылады
2. Қатысушы дұрыс жауап берген әр сұраққа 10 ұпай иеленеді
3. Ойлануға уақыт беріледі

1 – ойыншы
1. Фотосинтез үрдісі нәтижесінде өсімдіктер бөлетін газ (оттек)
2. Теріс және оң зарядталған атомдар (иондар)
3. Ұйқы безінен бөлінетін гормон (инсулин)

2 – ойыншы
1. Қанның құрамындағы элемент (темір)
2. Ең жеңіл металл (литий)
3. Күнбағыс қай тұқымдасқа жатады (күрделі гүлділер)

3 – ойыншы
1. Адамның дене жасушаларының хромосома саны (46)
2. Қанттың химиялық аталуы (сахароза)
3. Қан беруші адам (донор)

4 – ойыншы
1. Ұйқы ауруын тудыратын Африкалық шыбын қалай аталады (цеце)
2. Оң зарядталған ион (катион)
3. Тұқым қуалайтын өзгергіштік (мутация)

5 – ойыншы
1. Периодтық жүйедегі элементтердің көлденең қатары (период)
2. Жүректің құрылысы мен қызметін зерттейтін ғылым саласы (кардиология)
3. Дені сау адамның асқазанында қандай қышқыл болады (тұз қышқылы)

6 – ойыншы
1. Адам ағзасында қандай элемент жетіспеуінен тіс жегі ауруына ұшырайды (фтор)
2. Қай галоген бактерияларды өлтіріп, денсаулықты қорғайды (хлор)
3. Жасушаны зерттейтін ғылым саласы (цитология)

7 – ойыншы
1. Өмір мен ойдың элементі (фосфор)
2. Йод тапшылығынан болатын ауру түрі (жемсаулық немесе зоб)
3. «Ақ маржан» аталатын дәнді дақыл (күріш)

8 – ойыншы
1. Теріні үльтракүлгін сәулесінен қорғайды. Өзін оттектің үш атомы құрайды (озон)
2. Суда еритін негіздер қалай аталады (сілтілер)
3. Муфлоннан үй жануарының қайсысы шықты (қой)

ІІ кезең: «Дода»
Мәңгі бақи есте қалар
Ғажайып бір сайыс болсын
Білімдірек шәкірт озар
Қиынырақ сұрақ болсын, - деп біз енді сайысымыздың келесі кезеңіне келдік.
Бірінші кезеңде жиналған ұпай екінші кезеңде сақталады.
1. Қатысушыларға 2 пәннен 10, 20, 30, 40 ұпайлық сұрақтар ұсынылады. Белгіленген блок бойынша ойыншы пәнді және ұпайды өзі таңдайды. Таңдау кезегі ойыншының бірінші кезеңде жинаған ұпайларына сәйкес ең көп жинаған ойыншыға беріледі.
2. Сұраққа дұрыс жауап берген ойыншының бірінші турда жинаған ұпай санына балдар қосылып отырады. Ойыншы сұраққа жауап бере алмаса басқа ойыншыларға да жауап беру мүмкіндігі беріледі.
3. Екі кезең барысында барынша көп ұпай жинаған 4 ойыншы үшінші кезеңге шығады.
10 30
20 40
10 30
20 40
10 ұпай Биология. Бұл өсімдік ұзақ уақыт ботаникалық бақтарда егілген. Гүлдерін ханымдар әдемілік үшін шаштарына таққан. 200 жылдан кейін ғана шаруалар өздерінің бақшаларына егіп азық ретінде пайдалана бастаған. Бұл өсімдікті ресейге ең алғашқы рет І Петр әкелген. Қандай өсімдік туралы айтылуда? (картоп)
20 ұпай Биология. АҚШ - та ақбас бүркітті, Ресейде қоңыр аюды, қазақ халқы аққу мен үкіні қасиетті санайды, ал Үндістанда қай жануарды қасиетті санайды? (сиыр)
30 ұпай Биология. Бұл құс түйеқұстардың ішіндегі ең кішкентайы. Денесінің ұзындығы 50 - 80 см, салмағы 2 - 4 кг. Қорегін көбіне иіс сезу арқылы табаны. Басқа түйеқұстардан басты ерекшелігі түнде белсенді тіршілік етеді. Олар құрттармен, жәндіктермен, жидектермен қоректенеді. 1921 жылдан бері қатаң қорғауға алынған. Халықаралық табиғат қорғау одағының «Қызыл кітабына» тіркелген. Бұл құс Жаңа Зеландияның ұлттық символы. (Киви)
40 ұпай Биология. Аяқсыз жылан тәрізді кесіртке, ұзындығы 1 - 2 м жыланнан айырмашылығ қасы болады және көзін жыпылықтата алады. Күндіз белсенді тіршілік етеді. Ол зиянсыз бауырымен жорғалаушылар, бау - бақшалардағы зиянкестерді жеп пайда келтіреді. Қазіргі кезде сирек кездесетін кесіртке, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген қай бауырымен жорғалаушы туралы айтылуда? (сары жылан немесе сары бауыр)
10 ұпай Химия. Табиғатта таралуы бойынша бірінші орында тұрған металл? (алюминий)

XXI ғасыр көшбасшысы зияткерлік сайысы. жүктеу
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Жаңалықтар бөлімі
Соңғы пікірлер
  • Кирбасова Асыл
    Мына жаңалықта: Ұл бала мен қыз бала
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Қауын мен қарбыз
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • беке
    Жазған: беке
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Омонимдер
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Химия әлеміне саяхат
  • Батон
    Жазған: Батон
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • Bekamaster
    Жазған: Bekamaster
Загрузка...
Өз пікіріңді білдір
Білімділер порталына қандай бөлім жетіспейді?
Интернет дүкен (магазин)
Хабарландыру тақтасы
Онлайн оқыту бөлімі
форум
Тестілеу орталығы
Сайтта кім бар
Барлығы: 150
Қолданушылар: 0
Қонақтар: 150
Роботтар: 3
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика