Қазақстанның
білім беру порталы.

16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік – бақыт жолы» ертеңгілік сценарииі

24 маусым 2018, Жексенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік – бақыт жолы» ертеңгілік сценарииі
Мақсаты:
1. Білімділігі: Балалардың бойында Қазақстанның даму тарихы туралы танымдарын қалыптастыру. Ұлттық сана - сезімін ояту. Тәуелсіздік күні туралы терең мағлұмат беру. Тәуелсіздік үшін күрескен желтоқсан құрбандарының ерлігі жайында түсіндіру.
2. Тәрбиелілігі: балаларға патриоттық тәрбие беру, Отанды сүю және ерлікке баулу. Балаларды достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
3. Дамытушылығы: Балалардың өткен тарихқа деген қызығушылығын ояту.
Көрнекілігі:
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Гимн.
2. Интерактивті тақта
3. Шарлар, музыкамен жабдықталған.
Зал іші мерекеге сай безендірілген. Залға балалар музыка сүйемелдеуімен бір қатармен кіреді.
Жүргізуші: - Армысыздар, құрметті ұстаздар, ата - аналар, бүлдіршіндер! Бүгінгі №1 «Балапан» тобының «Тәуелсіздік – бақыт жолы» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
Бабамның да арманы,
Осы еді ғой аңсаған.
Тәуелсіздік таңдары,
Бақ береді баршаға.
Көк туымды қолыма,
Бүгін берік ұстадым.
Түсті бақыт жолыма,
Менің Қазақстаным.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні.
Жүргізуші:- Балалардың тақпағы:
Әділжан:
Көк аспандай көкпеңбек,
Қазақстан жалауы.
Көк емес ол тектен - тек,
Елдің ашық қабағы.
Әмір:
Елдігімнің реңі,
Теңдігімнің тірегі,
Мүддесінен халықтың,
Ажырамас бір елі.
Алтын заңым – арай таңым!
Мейіржан:
Елтаңбасы елімнің,
Неткен айбат әдемі.
Тұнығындай көңілдің,
Ортада – аспан әлемі.
Нұртас:
Құт, береке – шаңырақ,
Орын алған ол төрден.
Қанатты қос арғымақ,
Екі жақтан көмкерген.
Еламан:
Бізбен бірге бар әлем,
Қуанады балаша,
Қуанышқа бөленген,
Өмір қандай тамаша.
Жаннұр:
Ақ ниеті – алтын күн,
Асқақ арман қыраны.
Жалауы бұл халқымның,
Мәртебесі, мақтаны.
Жүргізуші:- Желтоқсанның қанды суық ызғары,
Қалың әскер қазағымды қорлады.
Тәуелсіздікті қолдаған жастардың,
Отан үшін табандары тозбады.
- Міне, биыл тәуелсіз ел – мемлекет болғанымызға 24 жыл болды. Осы Тәуелсіздік Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатайұлы, Ляззат Асанова сынды қазақтың батыр, қаһарман ұл - қыздарының арқасында келді. Олардың Тәуелсіздік жолындағы ерлігі, қайсарлығы біз үшін өнеге болмақ. Желтоқсан құрбандарына тағзым етіп 1минут үнсіздікпен еске алайық.
Балалардың тақпақтары:
Сымбат:
Қайраттай қайсар ұлдардың,
Жанымен келген еркіндік.
Жазира мен Ляззаттың,
Арымен келген еркіндік.
Қасірет пен қайғының,
Бәрімен келген еркіндік.
Фариза:
Он алтыншы желтоқсан,
Ел мерейі тасыған.
Қазақ деген қалың жұрт,
Бәрін кешті басынан.
Айбол:
Он алтыншы желтоқсан,
Тәуелсіздік алған күн.
Ерекше боп мәңгілік,
Ел жадында қалған күн.
Расул:
Әділеттің ұраны,
Ақиқаттың шырағы.
Тыныштықтың туы боп,
Зор салтанат құрады.

16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік – бақыт жолы» ертеңгілік сценарииі. жүктеу
1 116
0
  • 0
0 дауыс
Оқи отырыңыз
Тәуелсіз елім – Қазақстаным!
Тәуелсіз елім – Қазақстаным!
Тәуелсіздік күні туралы терең мағлұмат беру. Тәуелсіздік үшін күрескен, желтоқсан құрбандарын еске түсіріп, желтоқсан құрбандарының ерлігі жайында түсіндіру.
Тәуелсіздік – бақыт жолы ертеңгілік сценарииі
Тәуелсіздік – бақыт жолы ертеңгілік сценарииі
Қазақстанның даму тарихы туралы танымдарын қалыптастыру. Ұлттық сана - сезімін ояту. Тәуелсіздік күні туралы терең мағлұмат беру. Тәуелсіздік үшін күрескен желтоқсан құрбандарының ерлігі жайында түсіндіру.
Елімнің бақытын тербеткен – Тәуелсіздік
Елімнің бақытын тербеткен – Тәуелсіздік
Тәуелсіздігіміз туралы әңгімелеп, жалпы түсінік беру. Отан, туған жер, Ата-мекенімізді құрметтеп, сүюге, патриоттық тәрбие беру. Туған елінің болашағына үлес қосып, елі, жері үшін қызмет етуге тәрбиелеу.
Елімнің еркіндігі - тәуелсіздік
Елімнің еркіндігі - тәуелсіздік
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Сайын Шапағатов елді мекені, №1 мектеп - лицей жанындағы "Балдәурен" шағын орталығы тәрбиешісі: Төребаева Гүлзада Тұрлыбайқызы
Көк тудың желбірегені
Көк тудың желбірегені
Ақмола облысы, Степногорск қаласы, №9 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Абдуажитова Кулайм Мағауияқызы
Тәуелсіз Қазақстан
Тәуелсіз Қазақстан
Астана қаласы, №63 «Әсем - Ай» балабақшасының «Алпамыс» шағын орталығының тәрбиешісі Нұрманова Гүлжан Орынбайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.