Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Менің туған өлкем өлеңдер мен прозада

13 қаңтар 2019, Жексенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Сабақтың тақырыбы: «Менің туған өлкем» өлеңдер мен прозада
Мақсаты: Оқушыларға табиғат біздің алтын ұямыз, қоршаған ортамыз, тіршілік көзіміз екенін, оларды қорғау, аялау ардақтау біздің міндетіміз екенін түсіндіру. Табиғат байлығы адамзат өмірінің баға жетпес асыл қазынасы, өмірлік қоры, болашақ ұрпаққа да осы қалпында, таза күйінде жеткізер мұрасы екенін ұғындыру. Оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін, аяушылығын ояту.
Міндеті: - Туған өлке жайында өлеңдер және прозалар жазуға, өз білімдерін жетілдіруге тәрбиелеу.
- Туған өлкенің табиғатын аялауға баулу.
- Туған жердің сырын терең түсіне білуге үйрету
- Табиғат туралы ой - өрістерін дамыту.
Көрнекілігі: Ақын жазушылардың суреттері, өлеңдер жинағы, кітаптары. Сурет, гүлдер, шарлар.

Барысы:
Мұғалім:
Осынау кең – байтақ еліміздің шалқар көлдері мен асқар таулары, даласы мен алтын дәнді даласы, ақ күмістей қаласы, кенге толы өңірі мен малға толы өрісі бәрі болашақ ұрпақ, келешек азаматтары сендерге
өсиет болып қалады. Ал сол болашақ иегерлері, сендер қандай болуларың керек?
Бүгінгі тәрбие сағатындағы мақсатымыз:
табиғат біздің алтын ұямыз, қоршаған ортамыз, тіршілік көзіміз екенін, оларды қорғау, аялау ардақтау біздің міндетіміз екенін түсіндіру. Табиғат байлығы адамзат өмірінің баға жетпес асыл қазынасы, өмірлік қоры, болашақ ұрпаққа да осы қалпында, таза күйінде жеткізер мұрасы екенін ұғындыру.

Оқушы: 1. Қазақстан – туған өлкем,
Табиғатың қандай көркем.
Көрсін деп күллі әлемге,
Жалауыңды желге желпем.
Көз алдымда көгілдір тау мұнартып,
Аспанымда аққудың әні қалқып.

2. Құшақтап бір өзіңді, туған далам,
Жатамын көк шалғында жаным балқып.
Тасып жатқан өзендер жағасынан,
Тарайды дән жұпары бар әлемге,
Қазақтың қасиетті даласынан.

3. Адам мен табиғат әрқашанда егіз. Табиғатты асыраушың, қамқоршың десең де болады. Ата - бабамыз: «Жер - қазына, су - алтын, мал - байлық» деп өсиет үстіміздегі киіміміз, оқитын кітабымыз, жазатын қағазымыз, мінер көлігіміз, ауырғанда пайдаланатын дәріміз, тыныс алар ауамыз, ішер суымыз - осылардың бәрі жомарт табиғаттың тартқан сыйы.

4. Сондықтан, алдымен табиғатқа сәлем берейік.
Армысың, алтын күн!
Көгілдір көк аспан!
Бармысың, құстарым!
Қанатты достарым!
Суларым таза ма?
Талдарым аман ба?
Бас ием тауларға
Жамылған қарларға,
Жайқалған даланы,
Табиғат - Ананы
Көруге сағынып
Келген біз балаңыз!

Оқушы: Сұлу дала! Менің сүйген еркемсің,
Жаның жайсаң жаратылған өлкемсің.
Қандай жақсы қазақ болып туғаным,
О, туған жер, тамашасың, көркемсің!

Оқушы: Кең дала көркемсің сонау жатқан,
Өзен, су, бұлақтарың мөлдір аққан.
Асқар тау, айдын шалқар көл мен өзен,
Әне, сол анам еді мені тапқан.

Оқушы: Ойласақ табиғат пен адам егіз,
Жылдың сол мезгілінен өзге неміз?
Табиғатсыз қоғам жоқ, болған емес,
Ал қоғамсыз табиғатты өлі деңіз.

Мұғалім: Пай, Пай, Пай! Қазақстан ардағым - ай!
Өзіңде өмір сүрген қандай бақыт,
Өлмейтін махаббатым, ардағым - ай.
Туған елім - сен қандай ыстық едің!
Оқушы: Табиғаттың өзіндей,
Ерке нәзік сезімдей.
Үлбіреген гүл - ару
Күзетейік көз ілмей.

Оқушы: Нәзік гүлдер - әніміз,
Жайнап өссін бауымыз.
Еңсесі биіктеп барады,
Гүлдерге оранған тауымыз.

Оқушы: Гүлдер деген жыр – аңыз
Қолға ұстап шығамыз.
Сол гүлдерден сұлулық,
Тазалықты ұғамыз.

Оқушы: Кілемденіп құлпырып,
Жүздерінен нұр тұнып.
Өсе берсін, гүл - қыздар,
Биге қостық нұр қылып.

Күн: Қырмызы шапақтың жылуы молайды, бүріспе! Гүлдердің бәрі ұйқыдан оянды. Сен де көрсет көркіңді!
Қырмызы: Қазір, алтын Күн!
Гүлдер:
Күніміз ашық болсын!
Жеріміз кең болсын!
Ауамыз таза болсын!
Суымыз тұнық болсын!
Гүліміз жақсы өссін!

Мұғалім: Жердің көркі жасыл саялы,
Қамқоршы бол алақанмен аялы.
Табиғат жерге қандай көрік берсе, адам да өмірге сондай көрік береді. Сондай көрік пен сұлулықтан, жылылықтан тұратын табиғаттағы өсімдіктер мен суларды, жан - жануарлар мен құстарды сақтау, қасиетті жерімізді таза ұстау, аялау - біздің адами борышымыз.
Табиғатты қорғау - Жер ананы қорғау, табиғатты қорғау - өзіңді қорғау.

Оқушы: Тірі нәрсе шөп деген, көгал деген
Көкті жұлма, болады обал деген.
Ата - анамыз жыланға үйге келген,
Ақ сүт құйып басына жоғал деген...

Оқушы: «Ұя бұзба!» деймін мен балама,
Өсиетті қандай ғажап жан ана!
Тал - теректі тамырынан қиятын,
Тас жүректер әлі де көп арада

Оқушы: Қазақ халқы суды қадірлеумен қатар, «Жер - ырыстың кіндігі, Жер - байлықтың көзі» деп жерді өте жоғары бағалаған.
Мұғалім: Адамдар еңбектен нәр алған,
Үйреніп әр құстан, әр аңнан.
Жүруге, жүзуге, жүйткуге,
Және де самғауға жаралған.
Адам табиғат сұлулығынан әдемілікті, жарасымдылықты, кеңдікті, талғамды өз бойына сіңіреді. Көлдегі аққу тербелісінен би қимылдарын, бұлбұлдан ән салуды үйрене алады, жан - жануарлардан қамқорлық жасауды үйренеміз. Жалпы табиғаттың адамға сыйлар қуанышын үйренуге болады, сол үйренгенімізді өзіміздің басқа адамға қуаныш сыйлау әрекетімізден көре аламыз.

Қорытынды.
Мұғалім: Туған еліміздің әр тасы, әр бұтасы, ең аяғы құбылмалы аспаны мен көшпелі бұлты да ата - бабамыздың бізге тастап кеткен баға жетпес аманаты. Сондықтан шаңырағы күннің шуағына бөленген, іргесі інжу маржанға толы, керегесі кең жайлау, байтақ, бай әрі сұлу жерімізді аялап, елімізді ардақтап өтейік. Ата-мекенімізді, Отанымызды мақтан етейік!
Отанды біз атамекен
Деп аялап атаймыз.
Өйткені оны мекен еткен
Бабамыз бен атамыз.
Отанды жас, кәріміз де
Туған жер деп сүйеміз.
Өйткені онда бәріміз де
Туып, өмір сүреміз.
Отанды әркім анасындай
Қастерлейді, қолдайды.
Өйткені Отан баласындай
Бізді асырап, қорғайды. Отан деген - атамекен,
Отан деген – туған жер.
Отан – ана, Отан – үлкен
Қазақстандай туған ел!
Бақытты боп жүргенім
Сенің арқаң, Ұлы Отан.
Сенен бақыт тарайды,
Баршамызға Ұлы Отан.
Сарқылмайтын қуатым,
Тірегімсің сен, Отан.
Мәңгі соғып тұратын,
Жүрегімсің сен, Отан.
Ортақ бізге бір Отан
Ортақ жердің байлығы.
Бақытты елде туған соң
Бақытты өмір сүреміз.
Ризамыз саған біз
Ұлы Отан анамыз.
12 494
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Өтебай Тұрманжанов «Туған өлкем»
Өтебай Тұрманжанов «Туған өлкем»
Өтебай Тұрманжановтың өлеңін түсініп, мәнерлеп оқу, ұлттық құндылық туралы түсінікті кеңейту.
Біз - табиғат қорғаны (топ - серуен сабақ)
Біз - табиғат қорғаны (топ - серуен сабақ)
Табиғат біздің алтын ұямыз, қоршаған ортамыз, тіршілік көзіміз екенін, оларды қорғау, аялау, ардақтау біздің міндетіміз екенін түсіндіру. Таза ауамен демалу.
Туған өлкем Ө. Тұрманжанов
Туған өлкем Ө. Тұрманжанов
Ө. Тұрманжановтың «Туған өлкем» өлеңімен танысу. Көгінде күн нұрын төккен, Жерінде гүл жұпар сепкен. Неткен сұлу, неткен көркем! Осы менің туған өлкем!
Туған жер - тал бесігім
Туған жер - тал бесігім
Қарақұдық орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Түлікбайқызы Жанаргүл
Менің Қазақстаным  (өлеңдер)
Менің Қазақстаным (өлеңдер)
Қазақстан – бар қазақтың киелі туған жері, Қазақстан – қазағымның туған елі. Кен байтақ Қазақстандай жерде туған Қазақтың Тәңірі берген несібесі!
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×