Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Дос – егіз, дұшпан – сегіз

21 қаңтар 2019, Дүйсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Лидер сағатының жоспары
Тақырыбы: Дос – егіз, дұшпан – сегіз
Кәсіби даму мақсаты: Тәрбие сағаттарындағы тренингтер арқылы оқушыларда таратылған көшбасшылықты дамыту.
Концепт (тарих және мәдениет, жаһандық қоғам): Достық – алтыннан қымбат!
Сабақ мақсаттары: Достық ұғымы, нағыз, шынайы дос болудың тәртібімен, достықтың адам өмірінде алатын орынымен, өмірдегі қуанышты, мұңды кездерді досымен бөлісе білуге, жақсылық жасай білуге үйрету. Оқушыларды адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу, жаман әдеттерден аулақ болуға үйрету.
Жетістік критерийі: Оқушылар достық сезімі өмірде олардың бірін - бірі қажетсінуінен, құрмет тұтуынан, шынайы тілектестік пен өзіндей көріп сенуінен, медет болуынан, қиын - қыстау күндерде іркілместен қасынан табылудан, риясыз, есепсіз жомарттықтан көрінетінін ұғынады.

Құндылықтарды дарыту: Оқушылардың татулыққа, достыққа, ұжымшылдыққа тәрбиелеу, жақсылық жасай білуге үйрету, сыйластық, түсіністік, өзара көмек қарым – қатынастарын дамыту, өзін - өзі басқару қабілеттерін дамыту.
АКТ қолдану дағдылары: Бейнеролик, презентация
Пәнаралық байланыс: Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, мәдениет, өзін - өзі тану

Сабақтың басы
- Сәлеметсіздер ме көшбасшылар.
Дос - ақылшы, көмекші, сырлас, жақын, адал, шыншыл деген ұғымды береді. Достық әрбір адамның өміріндегі ең қызықты да, қимас та, қиын кезеңде қасыңда жүретін адамның саған деген адал мінезі. Адалдықсыз достық болмайды. Ал адалдық деген - рухани тазалық. Достық - адамдардың бір - бірін жаны қалап, жақын көріп, қалтқысыз сеніп, тілектес, мұраттас болуы.

1. «Жақсы дос пен жаман дос» бейнебаянын көру.
Ой шақыру
«Мен досыма сенемін, себебі мен.........» сөйлемді жалғастыру.
Әрбір адамға дос керек, өйткені....
Сыйластық бар жерде......
Жақсы дос..........
Жаман дос...........

2. «Ойлан, тап!» (Мақал - мәтелдерді жалғастыру)
1.«Кемшіліксіз... іздеген адам... қалады».
2. «Дұшпан... айтады, дос... айтады».
3. «Жаңылмайтын... жоқ, сүрінбейтін тұяқ...».
4. «... жаңасы жақсы,... көнесі жақсы».
5. «... теңгең болғанша, жүз... болсын».
6. «Досы көппен..., досы жоқпен...».
7. «Досы..., өзі де жақсы».
8. «... басқа қарайды,... аяққа қарайды».
9. «Ақылсыз..., ақылды дұшпан...».
10. «Досың мың болса да -...,... біреу болса да - көп».

Сабақтың ортасы
2. Ситуациялық жағдаяттар
Әр топқа белгілі бір ситуациялық жағдаяттар беріледі. Сол жағдаяттар бойынша талдау жасау ұсынылады.
І. Көптен күткен әншінің концертіне бара жатырсың, қалтаңда билеттің құнына жететін 2000 теңге бар, жолдан құрбың кездесіп, тығыз ақша керек болып тұрғанын айтып, қарызға 1000 теңге беруін сұрады. Бұл жағдайдан қалай шығасың?
ІІ. Сен математикадан есеп шығарып келдің, досың сенен көшіріп алды. Сенен кеткен қатені ол байқап, ол өзіне қатесіз жазды. Үй жұмысынан сен «4» деген баға, ал ол «5» деген баға алды. Сен бұл жағдайда досыңа не дейсің?
ІІІ. Сен асығып барасың, ешқандай кешігуге болмайтын кездесуің бар. Досың саған тез келіп
кетші, бір жағдаймен өте қатты қысылып тұрмын деді. Сенің әрекетің.
ІV. Анаң бақтан қайтқанда нан ала кел деп ақша берді. Сені үйдегілер күтіп отыр. Түскі тамаққа нан ала келеді деп. Досың да анасы нан ала кел деген ақшасын жоғалтып алып не істерін білмей тұр. Не істейсің?

Мектеп: Өскемен қаласы,
химия - биология бағытындағы НЗМ.
Тәрбиеші аты: Бердібекова Г. К.
Дос – егіз, дұшпан – сегіз жүктеу
3 178
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Дос және достық
Дос және достық
Оқушыларды адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу, өзімшілдіктен, менмендіктен тағы басқа жаман әдеттерден аулақ жүруге үйрету
Іздегенде табылатын қасыңнан атты тәрбие сағаты
Іздегенде табылатын қасыңнан атты тәрбие сағаты
Досым, саған сенемін, сеніп өтем, Жолы бөтен демеймін, жөні бөтен. Достық деген өмірдің көрігі екен, Достық деген өмірдің тірегі екен, - деп ақиық ақын Мұқағали Мақатаев жырлағандай бүгінгі тәрбие сағатымыз өмірге сән беретін адам бойындағы ғажайып
Доссыз өмір – тұзсыз ас (сайыс)
Доссыз өмір – тұзсыз ас (сайыс)
Оқушыларды шынайылыққа, адамгершілікке, әдемілікке, қарапайым болуға тәрбиелеу. Достық сезімі өмірде олардың бірін - бірі қажетсінуінен, құрмет тұтуынан, шынайы тілектестік пен өзіңдей көріп сенуінен, біріне - бірі тірек, медет болуынан, қам -
Дос болайық бәріміз
Дос болайық бәріміз
Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, № 2 Ақсуат орта мектебінің Ағылшын тілі мұғалімі Ахметалина Әсем Биғазықызы
Шын дос - таусылмас қазына
Шын дос - таусылмас қазына
"Сам орта мектебі " ММ Информатика пәнінің мұғалімі Масакова Самал Алипбайқызы
Доссыз өмір бос!
Доссыз өмір бос!
Маңғыстау обылысы, Қарақия ауданы, №3 Жетібай орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Атабаева Алмагүл Алдонгаровна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×