Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Баубек Бұлқышев «Ана»

20 ақпан 2019, Сәрсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Сабақтың тақырыбы: Б. Бұлқышев «Ана»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға ананың балаға деген махаббатының шексіздігін, ана деген есімнің ұлылығын, ананың адам өміріндегі орнының ерекше екендігін түсіндіру.
Дамытушылық: Оқушылардың сын тұрғыннан ойлау қабілеттерін дамыту, шығармашылықпен, топпен жұмыс істеуге, өз ойларын дәлелді тұжырымдап жетілдіруге үйрету.
Тәрбиелік: Оқушылардың анаға деген сүйіспеншілігін сезімдерін ояту, ананы құрметтеуге, қадірлеуге, сыйлауға тәрбиелеу. Сабақтың типі: Дәстүрлі ашық сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілдері: Сын тұрғысынан ойлауын дамыту технологиясы. Топпен жұмыс жасау, түртіп алу әдісі (инсерт әдісі), бес жолды өлең құрастыру, тірек – сызба, топтастыру, ойын
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, Баубек Бұлқышевтың портреті, шығармалары, ананың, апаның суреті.
Пәнаралық байланыс: ана тілі, қазақ тілі, әдебиет, сурет

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды түгендеу, сабаққа зейіндерін аудару.
«Шаттық шеңбері» арқылы сабағымызды бастау. Оқушыларды топтарға бөлу.
Оқушылардың барлығы: Сыныптас біз ұл – қыздар
Тату – тәтті ойнаймыз
Сыйластықпен өмір сүріп,
Тек жақсылық ойлаймыз,
Амансың ба, алтын күн
Амансың ба, көк аспан!
Амансың ба достарым,
Амансыз ба қонақтар!
Амансыз ба ұстазым!
Сіздерді көріп қуанам.
Өте жақсы отыра қойыңдар. Сендерді көргенімізге бізде қуанамыз, балалар, көңіл - күйлерің қалай? – Жақсы.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
- Балалар үйге қандай тапсырма берілді? (үй тапсырмасын 3 – 4 оқушыдан сұрау)
- Оралхан Бөкейдің «Апамның астауы» мәтіні берілді және әжемізге хат жазып келу тапсырылды.
- Әжемізге жазып келген хаттарын оқыту (3 - 4 оқушыдан сұрау)
Үй тапсырмасын пысықтау мақсатында сұрақтар қою.
- Оралхан Бөкеев кім?- Ол қайда дүниеге келген?
- Оралхан Бөкеевтің қандай шығармаларын білесің?
- Оның қандай оқулықтары бар?

ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту. Әр топтан оқушылар шығып жазады.
- Автордың апасына берілген мінездемесі.
- Ең алдымен мінездеу дегеніміз не?
- Мінездеу дегеніміз – адамның сыртқы келбеті, жүріс - тұрысымен бірге ішкі жан дүниесін, мінезін, жақсы – жаман қылықтарын суреттеу.

ІV. Жаңа сабаққа кіріспе Мұғалім сөзі: Зейнолла Қабдоловтың «Жалын» романынан үзінді.
Ана!
О дариға, аспан астында ананың барын, жер басып жүретінін сезінуден асқан бақыт бар ма? Күн нұры, таң самалы, гүл иісі..... Жер үстінен анаң кетті дегенше осынау жарық дүниеге деген жан жылылығының жарымы қараң қалды десейші.... Ана....! Сен дүниеге келдің, айғай сала жылап бұлданып келдің, кімге жылап, кімге бұлдандың? Әрине, анаңа жылап, анаңа бұлдандың. Ана...! Саған жарық дүние сыйлап, өмір берген құдірет қой ана дегендей бүгін біз Баубек Бұлқышевтың өз анасына деген сезімін, сүйіспеншілігін, сағынышын көрсететін «Ана» деген әңгімесімен танысамыз.

Манолог дегеніміз – (гр. monos - дара, гр. logos - сөйлеу) кейіпкердің көпшілікке қарата немесе өзіне арнап айтқан сөзі, толғанысы, өсиет - уағызы. Монолог – сөйлеуші өз ойын, ішкі жай - күйін, толғаныс - тебіренісін бір, бірнеше, көп адамдарға арнап айтатын ауызша сөйлеу әрекеті.

Баубек Бұлқышев «Ана» жүктеу
Баубек Бұлқышев Ана слайд жүктеу
3 524
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Б. Бұлқышев «Ана»
Б. Бұлқышев «Ана»
Сабақтың мақсаты: Мәтін мазмұнын таныстыра отырып, ананың балаға деген махаббатының шексіздігін, оның адам өміріндегі орны ерекше екендігін түсіндіру, мәтінді дұрыс түсініп, оқи білуге, өз ойларын ортаға салып, айта білуге үйрету.
Баубек Бұлқышев «Ана»
Баубек Бұлқышев «Ана»
Ананы жақсы көріп сыйлауға, құрметтеп аялауға тәрбиелеу. Ата - ананы, үлкенді сыйлауға, жақсы көруге баулу.
Б. Бұлқышев «Ана»
Б. Бұлқышев «Ана»
Оқушыларға ананың балаға деген махаббатының шексіздігін, ана деген есімнің ұлылығын, ананың адам өміріндегі орнының ерекше екендігін түсіндіру.
Баубек Бұлқышев «Ана»
Баубек Бұлқышев «Ана»
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, №21 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Қуатбаева Айман Мамытовна
Фариза Оңғарсынова. Әже
Фариза Оңғарсынова. Әже
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Сарыбұлақ ауылы №78 мектептің бастауыш сынып мұғалімі Жолдасбаева Ажаркүл
Баубек Бұлқышев «Ана»
Баубек Бұлқышев «Ана»
ШҚО, Семей қаласы «№ 16 ЖОББМ» КММ Бастауыш сынып мұғалімі Оразаева Раушан Турсыновна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×