Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Шежірелі Шалқарым!

02 сәуір 2013, Сейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы,
Бершүгір орта мектебінің аға тәлімгері Мұқашев Ғ. Н

Кеш тақырыбы: Шежірелі Шалқарым!
Мақсаты: Шалқар ауданының тарихын, кешегісін, бүгінгі өткендерін айту. Туған жерін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.

Кештің барысы:
І бөлім – Мағыналы Шалқар деген ат қандай! (Шалқар тарихына шолу)
ІІ бөлім – Шалқарым менің шарықта (Оқушылар шығармашылығы)
ІІІ бөлім – Әнімді саған арнаймын! (Оқушылардың ән арнауы)
Кештің барысы:
Фанфар

І бөлім – Мағыналы Шалқар деген ат қандай! (Шалқар тарихына шолу)
1 - жүргізуші:
Мағыналы Шалқар деген ат қандай,
Маңғаз дала мәңгі шалқып жатқандай
Күннің көзі шалқар жақтан шыққандай
Таңның өзі Шалқар жақтан атқандай

2 - жүргізуші:
Палуан тұлға ұлдар өскен шат қандай
Қыздары бар алма мойын ақ маңдай.
Жер жаннаты бәлкім Шалқар даласы
Жанарлардың жауын алған мақпалдай
Армысыздар, қонақтар, ұстаздар, оқушылар! «Шежірелі Шалқарым» атты Шалқар ауданының 80 жылдық мерейтойына арналған әдеби – танымдық кешімізге қош келіпсіздер!
Адамзат жаратылғалы бері қаншама дүние жаңарып, қаншама су ақты десеңізші. Ежелден малға да, жанға да, аң - құс атауларының баршасына құтты қоныс болып, сарқылмас несібе сыйлап келе жатқан - Шалқар көлі.
Бұл өлкенің ежелгі тарихынан мағлұмат беретін мағлұмат сиректе болса баршылық.

1 - жүргізуші.
Ендеше бұл өлкенің ежелгі тарихы жайындағы мәліметтерге құлақ түрейік.
Шалқар ауданы — Ақтөбе облысының оңтүстік - шығысында орналасқан әкімшілік - аумақтық бөлініс. Алғашында 1921 жылы аудан болып құрылған. 1922 жылы аумағында 6 болыс кіретін уезд, 1924 жылы 20 болысы бар аудан, 1932 жылы Ақтөбе облысы құрылғанда Шалқар ауданы болып құрылды. Жер аумағы 62, 2 мың км2. Орталығы – Шалқар қаласы. Тұрғыны 45, 8 мың адам (2006). Аудан 48 елді мекенді, 1 қалалық және 12 ауылдық округке біріктірілген.
2 - жүргізуші.
Климаты
Ауданның Қысы суық, қар жамылғысы жұқа, боранды. Жауын - шашының жылдық орташа мөлшері 150 — 200 мм. Аудан өте қуаң шөл және шөлейт белдемде орналасқандықтан оның топырақ жамылғысының құнары да төмен.

1 - жүргізуші.
Өсімдіктер мен жануарлар дүниесі.
Онда астық тұқымдас шөптесін аралас жусан, бұйырғын, күйреуік, шытыр, жантақ, жыңғыл, тобылғы, сексеуіл өседі. Жануарлардан қасқыр, түлкі, қарсақ, қоян, ақбөкен, қарақұйрық, жабайы шошқа, сарышұнақ, аламан, тағы басқа тіршілік етеді. Құстардан Қазақстан Қызыл кітабына енген бүркіт, дуадақ, жарғақ, жануарлардан шұбар күзен, өсімдіктерден қау, сүттіген кездеседі.

2 - жүргізуші.
Табиғаты
Аудан жерінің солтүстігінен Ырғыздың саласы — Шетырғыз (195 км) өзені ағып өтеді. Одан басқа Балғасын (73 км), Кәуілжір (142 км), Тебенсай (135 км) салалары ағады. Батысындағы Шағырай үстіртінің батыс бойымен Шаған өзені ағып өтеді. Жалпы, аудандағы өзендердің барлығы көктемгі жауын - шашын және қар суымен толығып, ағын түзейді де, жаз айларында құрғап, кеуіп қалады. Аудандағы көлдердің басым бөлігі тұзды және жаз айларында тартылып қалады. Ірілері: Шалқар, Қопасор, Тентексор, Лақалы, Берденсор, Мелдекөл, Тебез. Солтүстігінденде Мұғалжардан басталып, оңтүстігінде Үстірт, Арал теңізіне дейінгі аумақтың жер қойнауында Шалқар артезиан алабы орналасқан.

1 - жүргізуші.
Шаруашылығы
Аудан негізінен мал шаруашылығына маманданған. Шалқар ауданында 1995 жылға дейін негізінен биязы жүнді қой, сондай - ақ жылқы, сүтті, етті - сүтті ірі қара, түйе өсіруге маманданған 8 кеңшар, 1 мал бордақылау бірлестігі болған. Ауданда бұрынғы кеңшарлар, тағы басқа нысандар негізінде 460 шаруа қожалығы. Ауданда егін шаруашылығының үлесі шамалы.
Өнеркәсіп саласы бойынша ауданда “Көктас - Ақтөбе”, “Жаңа дәуір”, “Алай” минералды су құю цехтары, “Тау - кен”, “Ақтөбе — Жаңатас”, Бершоғыр қиыршық тас өңдеу зауытттары және вагон жөндеу шеберханасы жұмыс істейді. Әлеуметтік сала бойынша Шалқар ауданында жалпы білім беретін 44 мектеп, кәсіптік - техникалық мектеп, спорт мектебі, 3 балалар бақшасы бар. Мәдениет саласында 23 мекеме бар. Оның ішінде 1 аудандық, 3 ауылдық мәдениет үйі, 6 ауылдық клуб, 12 кітапхана, ауданы тарихи - өлкетану музейі бар. Бірнеше елді мекендері (Шалқар қаласы, Бозой, Айшуақ, Қауылжыр, Мөңке би) табиғи газбен қамтылған.
2 - жүргізуші:
Ән: Шалқар Вальсі
Орындайтын: Балауса Байбекова

1 - жүргізуші:
Шалқарды құм деп жерін қомсынбаңыз,
Құмы – құт, суы – байлық, осында аңыз.
Еңбекпен бағы жанған, шамы жанған
Батырлар, бақыттылар осындамыз
«Танытып туған жердің Шалқар атын
«Шықты ғой талай ғалым, талай ақын – деп ақындарымыз жырлағандай
Шалқар даңқын асырып, халқына қалтқысыз қызмет етіп қалаулысына айналған жерлестеріміздің есімдері өздеріңізге мәлім. Олай болса Шалқар тарихында Шалқар жеріндегі батырлар, ақындар, жазушылар, күйшілерді кейінгі ұрпаққа кеңінен таныстыруды мақсат еткеніміз дұрыс болар.

2 - жүргізуші:
Көтібар Бәсенұлы (1757 - 1893) Бәсен батырдың 6 баласының бірі болған. 1775 жылы шектіліктер мен түрікпендер арасындағы ұрыста батырлығымен көзге түскен. Патшалық Ресейдің Отарлық саясатына қарсы күрескен.
1 - жүргізуші:
Қарағұл Қонақбайұлы (1806 - 1890) әрі батыр, әрі би, әрі молда, әрі мырза Есет Көтібарұлының қол бастаған сенімді серіктерінің бірі.
2 - жүргізуші:
Есет батыр (1803 - 1889) Ұлы борсық бойында, шалқар ауданында ақши деген жерде дүниеге келген. 15 жасында жайық қазақтарына қарсы күресте көзге түсіп «Батыр бала» атанған. 1847 - 1848 жылдары Жанқожа батырмен бірге қоқан, хиуа хандығына қарсы шықты.

1 - жүргізуші:
Сары Батақұлы ақын, әнші, композитор. Қазіргі Ақтобе облысы шалқар ауданындағы 1863 жылы туған. Оның «Қыз Қосан», «Дүние», «Дариға», «Әридау», «Туған ел» әндері адамның жан дүниесін, ой – арманын, қиял - сезімін қозғайды.
1940 жылы академик Ахмет Жұбанов «Сары атты» музыкалық пьеса жазды. Сарының әні «Аманкелді» фильміне пайдаланылды.
2 - жүргізуші:
Аты жалпақ әлемге әйгілі жазушы, Әбдіжәміл Нұрпейісов Қызылорда облысы, Арал ауданында дүниеге келген. Оның балалық шағы Шалқарда өтті. Осында №1 қазақ орта мектебін бітіріп 1940 жылы армия қатарына алынды. 1946 жылы Әбекең Шалқарға қайта оралды. осында тырнақ алды туындысы Курляндия романын жазды.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
7 233
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Дүниежүзінің халқы
Дүниежүзінің халқы
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, «№1 мектеп - гимназиясы» КММ география пәні мұғалімі Досниязова Жанар Дүйсенбекқызы
Ұстаз портфолиосы
Ұстаз портфолиосы
Шалқар аудандық №12 балабақша тәрбиешісі Аманғожина Халима Әлжанқызының портфолиосы
He is from Kazakhstan
He is from Kazakhstan
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы №6 орта мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі Исмагулова Анар
Топырақтың ерекшелігі мен құрамы
Топырақтың ерекшелігі мен құрамы
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, №1орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі Ахетова Ақзира Төлеужанқызы Сабақтың тақырыбы: Топырақтың ерекшелігі мен құрамы.
Шалқарым – құт мекенім
Шалқарым – құт мекенім
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы №6 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Дарибаева Ақгүл Абилкасимовна
Туған жер
Туған жер
Тақырыбы: Туған жер Қ. Мырза Әли Мақсаты: «Отан», «сүйіспеншілік», «туған жер» құндылықтарының маңыздылығын түсіндіру. - Отан, сүйіспеншілік, туған жер туралы түсініктерін кеңейту;
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×