Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Атты, міне, азаттықтың ақ таңы!

05 мам 2013, Жексенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Сабақтың тақырыбы: Атты, міне, азаттықтың ақ таңы!
Сабақтың мақсаты:
а) Оқушыларды туған жерін, елін, отанын сүюге, қазақ елінің қаһармандарын ұмытпай, оларды үлгі тұтуға шақыру, Қазақстан туралы білімдерін кеңейту.
ә) Отаны үшін отқа түсетін елжанды азамат етіп тәрбиелеу. Оқушылардың патриоттық сезімін қалыптастыру.

І - жүргізуші:
Тәуелсіздік – елдігім мен ерлігім,
Соған сүйін, Сүйсіне алсаң сен бүгін!
Мақтан соған, Қуан соған баладай,
Соған арнап жер жаһанның тер гүлін!

ІІ - жүргізуші:
Тәуелсіздік – азаттығың мәңгілік,
Соны жырла, Соны шырқа ән қылып!
Соны ғана әспеттеуге арналсын,
Барша дәстүр, Барша өнеге, Бар ғұрып!

І - жүргізуші:
Армысыздар, Егеменді елдің азат халқы!
ІІ - жүргізуші:
Қайырлы күн, қымбатты қонақтар, ұстаздар, ата - аналар, Тәуелсіз Қазақстанның болашағы – жарқын ұл мен қызы! Бүгін сіздер 9 «ә» сынып оқушыларының «Атты, міне, азаттықтың ақ таңы» атты ашық тәрбие сағатын тамашалауға қош келдіңіздер!
І - жүргізуші:
Бабалар аманат еткен Қазақтың киелі, Ұлы даласының Ұлы тұлғаларының құрметіне арналған бүгінгі кеш табалдырығымызда тұрған Тәуелсіздіктің 20 жылдық мерекесіне арналмақшы.

1 - оқушы:
Жалғасып соғыс өрті сан ғасырға,
Біз көрдік хас дұшпанның балтасын да.
Еліме тәуелсіздік келіп жетті,
Мың жылдық күрестердің арқасында.

Жаңғырды халқымыздың мың өшкені,
Бар мұнда сан ұрпақтың үлестері.
Ел үшін мәңгілікке жалғасады,
Ақыл - ой, ар - намыстың күрестері.

2 - оқушы:
Тойланып мың мереке, ұлыс күні
Құйылған шаңырақтан ырыс нұры.
Халқымның бақыты үшін аз байлық па,
Тәуелсіз еліміздің тыныштығы.

Ішкі жау балағыңнан тартпасын кеп,
Сыртқы жау пәле - жала жаппасын тек.
Мен әр кез отырамын Тәуелсіздік,
Қадірін білмегеннен сақтасын деп!

3 - оқушы:
Шаттық нұры шашылып зеңбіректен
Шуағын күн төгеді енді көктен.
Шылбыр үзді даланың арғымағы,
Тәуелсіздік жалауын желбіреткен.

Дүбір қосып өзіңдей сәйгүлікке
Ақ боз аттың алдынан жанды үміт те.
Ту ғып ұстап аңсаған азаттықты,
Қазақстан бет алды мәңгілікке!

4 - оқушы:
Ел болдық ерік алдық Астаналы,
Енді кімнен қазағым жасқанады.
Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі,
Нұрсұлтанның атымен басталады.

Биік ұста тәуелсіздік жалауын,
Бірлік достық бейбітшілік қалауын
Мерейлі жыл 20 жылың құтты болсын
Бақ кетпесін әр үйіңнен қазағым.

І - жүргізуші:
Құрметті ұстаздар, оқушылар! Қазаққа тәуелсіздік оңайлықпен келген жоқ. Тарих беттеріне шолу жасасақ, талай батырларымыз Отанымызды ат үстінен түспей қорғап, қан кешкен болатын. Бір ғана ХІХ ғасырдың өзінде отаршылдыққа қарсы күрескен батырларымыз қаншама?! Кешегі Сырым Датұлы, Есет батырлар, Исатай Тайманұлы, Кенесары Қасымұлы, Желтоқсан оқиғасының ұл мен қыздары!..

ІІ - жүргізуші:
Тәуелсіздікті ту еткен Кенесары көтерілісі кешегі кеңес өкіметі кезінде «феодалдық монархиялық қозғалыс» деп, ал Кенесары туралы жазғандары бас бостандығынан айырған болатын. Алайда, қазақ халқының соңғы ханы – Кенесары Қасымұлы заманының кемеңгері, мемлекет қайраткері, көреген стратегі, батыр болған адам.
І - жүргізуші:
Ол 10 жыл бойы (1837 - 1847) басынан бақайшағына дейін қаруланған патша өкіметінің тұрақты әскеріне қарсы күрескен, соңынан үш жүздің батырларын ерте білген, өте ақылды адам болған. «Тарих қиянатты кешірмейді», олай болса, құрметті көрермендер бүгінгі кеште сіздер әділеттілік қашанда жеңіске жететіндігіне куә боласыздар.
І - көрініс: (көрініс: «Тәуелсіздік туы – хан Кене!»)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
5 940
0
  • 20
1 дауыс


Жаңалықтар
Ата - бабамыз аңсаған тәуелсіздіктің таңы
Ата - бабамыз аңсаған тәуелсіздіктің таңы
Қызылорда облысы, Арал ауданы №64 орта мектебінің математика пәні мұғалімі Махамбетова А.
Тәуелсіздік - тәу етер тұғырым (әдеби кеш)
Тәуелсіздік - тәу етер тұғырым (әдеби кеш)
Ақтөбе қаласы, №33 қазақ орта жалпы білім беру мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Бисенбай Ақмарал Жексенбайқызы
Тәуелсіздіктің ақ таңы
Тәуелсіздіктің ақ таңы
Астана қаласы, №59 мектеп - лицейінің орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қабылбекова Сәуле Жаңабайқызы
Елімнің еркіндігі - Тәуелсіздік
Елімнің еркіндігі - Тәуелсіздік
Астан қаласы, №63 балабақшасының ән күй жетекшісі Ізмаханова Құралай Еламанқызы
Желтоқсан жаңғырығы - егемендік
Желтоқсан жаңғырығы - егемендік
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №100 орта мектебінің химия пәні мұғалімі Файзуллаева Әсем Тұрақбайқызы
Тәуелсіздік таңы атты
Тәуелсіздік таңы атты
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №100 орта мектебінің 8- сынып оқушысы Бақтыбай Бақтияр Мұғалімі: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қамбарова Сағира Тәуелсіздік таңы атты.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×