Бисерден бұйым жасау

Сабақ тақырыбы: Бисерден бұйым жасау

Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушылардың моншақпен тоқудағы білімін жүйелендіру,
күнделікті тұрмысқа қажетті сұраныс туғызатын, қазіргі заман талабына сай қолөнер бұйымын жасап шығару.
Дамытушылық: өз бетінше жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: қолөнерге деген қызығушылығын арттыру, ептілікке, талғампаздыққа, шыдамдылыққа баулу.
Сабақтың типі: аралас сабақ.
Сабақтың түрі: сарамандық, топтық.
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, сұрақ - жауап, баяндау.
Пәнаралық байланыс: математика, тарих.
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, суреттер, дайын бұйымдар.
Қажетті құрал - жабдықтар: бисер, бисер салатын ыдыс, қайшы.

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі.
1. Оқушыларды түгендеу.
2. Дайындықтарын тексеру.
ІІ Үй тапсырмасын сұрау
1. Бисер дегеніміз не?
2. Стеклярус дегеніміз не?
3. Бисерді ең көп шығаратын жерлерді ата?
4. Бисермен кестелеуге қандай талаптар қойылады?
5. Бисердің отаны?
6. «Бисер» сөзі қандай мағына береді?
7. Бисердің түрлері?
8. Бисерді қандай бұйымдарға қолдануға болады?

Қайталау сұрақтарының жауаптары:
1. Бисер - ол кішкентай ортасында тесігі бар шариктер. Түстері әртүрлі. Құрамына қарай бисер шыныдан және металдан жасалған болып бөлінеді.
2. Стеклярус - шыны түтікше ( 5 - 10) қырлы немесе цилиндр пішінді.
3. Бисерді ең көп шығаратын жер, Жапония.
4. Бисермен кестелеу ұзақ уақытты, шыдамдылықты талап етеді.
5. Бисердің отаны Ежелгі Египет, бұл жерде түрлі түсті шыныдан үлкен моншақтарда жасаған.
6. «Бисер» сөзі арабтың «буера» сөзінен шыққан. Ол «ортасы тесік моншақ» деген мағына береді.
7. Бисердің түрлері: қарапайым жай бисер, стеклярус, рубка, богем бисері, Шорлот деп бөледі.
8. Әйелдердің, қыз - келіншектердің киімдерінің алдын, өңірін кестелеуге, киімдерге, әртүрлі бұйымдар жасауға қолданады.

ІІІ Жаңа материалды меңгерту
1. Бисерден жасалған әшекейлер - түрлі түсті шыны моншақтар, өрнекті композиция құрайды. Бисердің декоративтік қасиеті баяғы, кезден - ақ шеберлерді қызықтырған.
Қазір бисер өру дәстүрі қайта сәнге кірді, өнер саласында бисердің қолдану аясы үлкеюде. Бисер және стеклярус әйел әшекейлерін, тұрмыстық және декоративтік ұсақ бұйымдар жасайтын материал ретінде қолданылады.
Қазіргі кезде бисерлерді негізінен, әшекей бұйымдар ретінде қолданады: моншақ, алқа,
сырға, белдік, кулон, білезік т. б.
2. Бисерден бұйым жасау технологиясы. Бәйшешек гүлін жасау.
Бәйшешек гүлі - Қазақстан оңтүстігінің алғашқы көктем гүлі, сондықтан оны халық «бәйшешек» деп атайды. Кей жылдары тіпті қаңтар айында гүлдейді. Енді осы гүлді бисерден жасаймыз.
Жұмыс орнын ұйымдастыру.
Бисермен тоқу жұмысы қызықты, әрі тез жүруі үшін тек құрал - саймандар түгел болуы ғана емес, жұмыс орнын ыңғайлап алу да маңызды.
ІҮ Сарамандық жұмыс.
Қажетті құрал - жабдықтар:
- бисер: ақ және жасыл түстер, бисер салатын ыдыс, сым темір, гипс, акрил бояуы

«Бәйшешек» гүлін жасаудың нұсқау картасы:

Ү Қорытындылау
«Бүгінгі сабақтан алған әсерім» тақырыбына эссе жазу.
ҮІ Бағалау
ҮІІ Үйге тапсырма.
«Бәйшешек» гүлін тоқып келу.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары
  • Оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдер

    Оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдер Егеменді еліміздің ертеңгі болашағы - бүгінгі жас ұрпақ. Бүгінгі таңда егеменді, тәуелсіз Қазақстанда өркениетке бастар жолдың бастауы – мектеп десек, мектептің басты ...
  • Компьютерлік техниканың даму үрдісі

    Сабақтың тақырыбы: Компьютерлік техниканың даму үрдісі Мақсаты: Білімділік: Компьютерлік техниканың даму туралы мағлұмат беру, ұлы тұлғалардың жаңалықтарымен таныстыру, тарихи деректер арқылы ақпарат ...
  • Кескіндеме жасау техникалары

    Қарағанды облысы, Шет ауданы, С. Сейфуллин кенті, Жарық орта мектебінің бейнелеу өнері, сызу, технология пәндерінің мұғалімі Тусупбеков Көмекбай Сейтжанұлы
  • Блум таксономиясы

    Қызылорда қаласы, №211 Ахмет Байтұрсынов атындағы орта мектептің қазақ тілі пәні мұғалімі Болатбаева Мирамкүл
  • Лексика тарауын қайталау

    Қызылорда қаласы, №211 Ахмет Байтұрсынов атындағы орта мектептің қазақ тілі пәні мұғалімі Болатбаева Мирамкүл
  • Кескіндермен жұмыс істеу

    Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушыларға PageMaker баспа жүйесінде кескіндермен жұмыс істеу тәсілдерін, кескіндер тобын ерекшелеу, кескіндерді топқа біріктіру, оларды көшіру және жылжыту тәсілдерін ...
  • Формулалар редакторы

    Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушылардың Microsoft Word құжаттарымен жұмыс жасау, оларды көшіру, сақтау, ашу және жабу, сызғышты пайдалану дағдыларын бекіту, формулалар редакторының атқаратын ...
  • "Шыныққан шымырлар"спорттық ойын

    Тассай аулы, Көкпекті ауданы, ШҚО «М. Әуезов атындағы орта мектебі» КММ Смагулов Нығметжан Жагпарович
Әкімшілікпен хабарласу
Эл.почта: kum2017@yandex.ru

Жеке хабарлама жіберу

Жарнама беру
Өз пікіріңді білдір
Қандай бәйге ұйымдастырғанын қалайсыз?
Үздік ашық сабақ
Үздік презентация
Үздік тәрбие сағаты
Үздік видеосабақ
Үздік ғылыми жұмыс
Сайтта кім бар
Барлығы: 45
Қолданушылар: 0
Қонақтар: 45
Роботтар: 2
Соңғы пікірлер
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика