Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Кілем туралы жалпы түсінік

18 қазан 2013, Жұма
Категориясы: Технология
11 сынып

Сабақтың тақырыбы: 6 тарау. Кілем бұйымдарының алғашқы нұсқасын дайындау мен салу. Кілем туралы жалпы түсінік.
Мақсаты: Қазақстан территориясында тоқылған кілемдердің сапасы жоғары болатындығы туралы түсінік беру. Кілемнің шығу тарихына тоқталу.
Білімділік мақсаты: Кілем түрлері: қолдан тоқылған кілем, машинамен тоқылған кілем, гобелен кілемдері туралы түсінік беру.
Дамытушылық мақсаты: Кілем тоқуға қолданылатын жіптердің түрлерімен таныстырып ой - өрістерін дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: ұлттық дәстүрді сақтай білуге, еңбекке қызығушылығын арттыру арқылы тәрбиелеу.

Жаңа сабақ:
Кілем сатушы (Джулио Росати)
Кілем[1] (Ковер) — әсемдік үшін, сондай - ақ үйдің жылылығын сақтау, дыбысты бәсеңдету үшін пайдаланылатын түрлі - түсті ою - өрнек салып тоқылған бұйым. Кілем бір немесе бірнеше қабатты, түкті немесе тықыр болып келеді. Түкті кілем бірнеше қабаттан тұрады. Мұндай кілемнің негізі және арқауы жекеленген жіптерден, бірақ бір - біріне тығыз орналасқан түйіндерден тұрады. Жіптердің ұшы біркелкі қырқылғаннан кейін пайда болатын қалың түк мұндай түйіндерді көрсетпей жауып тұрады. Түктің ұзындығы 3 мм - ден 18 мм - ге дейін болады. Ол кілемнің қалыңдығын, мықтылығын арттырумен бірге оны жеңіл (барқыт тәрізді үлпілдек) етіп көрсетеді. Тықыр кілем (кілем, палас, сумаха, шпалер, терме алаша және т. б.) бір өріс жібінен бір қабатты екі жақты тығыз етіп тоқылады. Түгі қырқылмаған (түз ақшалы), кейде түгінің жартысы қырқылып, жартысы қырқылмаған аралас кілемдер де шығарылады. Сонымен қатар тоқыма емес (түгі тігілмелі, шыбықшалы, желімді кілемдер), түскиіз, ою - өрнек салынған тері кестелі өрме кілемдер де болады. Дайындалу тәсіліне қарай кілемдердің қолдан және машинамен тоқылған түрлері болады.
1 Қолдан тоқылған кілем
2 Кілем түрлері
3 Машинамен тоқылатын кілемдер
4 Тағы қара
5 Пайдаланылған әдебиет

Қолдан тоқылған кілем
Қолдан тоқылған кілем тоқыма станоктарында өндіріледі. Өте берік келеді, күтіп ұстағанда ондаған жылдар бойы, кейде жүз жылдан астам уақыт пайдалануға болады. Қолдан тоқылған түкті кілемді тоқуға жүн (қой, ешкі, түйе жүні), мақта - мата, жібек, зығыр, кендір жіптері пайдаланылады. Қолмен тоқылатын кілемнің түгі ор түрлі бояулы жіптерді әрбір екі өріс жібіне шалу арқылы жасалады. Майда өрнек қажет болғанда бір ғана өріс жібіне түйіледі. Олар көбіне қос шалымды, кейде бір жарым шалымды тұзақша түрінде болады да, ұшы бетіне шығарылып, қырқылып тасталады. Бірыңғай қатар жатқан тұзақшалардан кейін арқау жібін жүргізіп, алдыңғыларына қарай тарақпен нығыздай қағып отырады. Түк үшін жүннен иірілген жіп (кейде жібек жіп), ал өріс және арқау үшін мақта жіп қолданылады. Көбіне ұсақ өрнек жасау үшін өрістік мақта жіп жіңішке жібек жіппен алмастырылады.

Кілем тоқу халықтың өте ертеден келе жатқан қол өнері. Қолдан тоқылған ең бағалы кілемдер СССР, Иран, Франция, Үндістан, Қытай, Болгария, Румыния, Венгрия, Чехословакия, Польша, Ауғанстан, Түркияда шығарылады, СССР - де қолдан тоқылған ең жақсы кілемдер негізінен РСФСР (Дағыстан АССР - і), Түркменстан, Азербайжан, Грузия, Армения және Қазақстанда шығарылады. Әр халықтың, әр елдің қалыптасқан дәстүр ерекшелігіне қарай кілемнің түр - түсті, ою - өрнегі, оны дайындау тәсілі әртүрлі болып келеді. Сондықтан да кілемдер тоқылған жердің немесе халықтың, тайпаның атымен аталады.

Кілем түрлері
Дүниедегі ең ескі кілем, пазырық кілемі, Алтайда табылған

Түрікмен кілемдері «ушан», «құла» кілемі, «пенди», «гауһар», «иомуд», «бешир» т. б. деп аталады. Негізінен түсі қызыл, геометриялық түзу сызықты өрнектермен әсемделеді.

Кавказ кілемдері «куба», «шируан», «хила», «қазақ», «карабах», «дербент», «микрах», «ахты» т. б. деп аталады. Түрі қызыл, көк, көгілдір, алқызыл, сары, ақшыл түсті болып келеді. Ою - өрнек ретінде гүл, жапырақ, құс, жан - жануарлар бейнесі қолданылады.

Қытай кілемдерінде әртүрлі түстегі балық, жан - жануарлар, мифтік құбыжықтар, айдаһарлар т. б. бейнеленеді. Сондай - ақ лотос, таушымылдық гүлдері өрнектелген кілемдер де кездеседі. Олардың ортасы ою - өрнексіз көбінесе сары, қошқыл көк, алқызыл түсті болып келеді. Тағы бір ерекшелігі — оның түгі кілемдегі ою - өрнекті аша түсетін ыңғаймен ұзынды - қысқалы болып қырқылады. Ою - өрнек түгінің қысқа қырқылуы кілем түрінің Әдемілігін арттыра түседі.

Түрік кілемдері «анатоль», «анкара», «смирна», «бергамо», «брусеа», «ушак» т. б. деп аталады. Гүлді (парсы көлемдеріне қарағанда бір жүйеге түсірілген) және ою - өрнекті болып келеді.

Француз кілемдері «савонарри», «обюссон» типіндегі кілемдерде гүл салынған ою - өрнекті суреттер басымдау болады.

Қазақ кілемдері тоқылу ерекшелігіне қарай — түкті және тықыр; материалына қарай — жібек, масаты, қалы; шығаратын жеріне қарай — Қызылорда, Алматы, Жамбыл; ру үлгілеріне қарай — Адай, Керей, Қоңырат, Үйсін; сондай - ақ қосалқы белгілеріне қарай — шашақты, оқалы кілемдер болып бөлінеді. Қазақ кілемдері түркі тектес халықтар көлемдерінің қазіргі үлгілеріне өте ұқсас.

Негізінен қызыл, қаракөк, сары, күлгін, аспанкөк түстерді қолдану арқылы түрлі ою - өрнектер табиғат көріністерімен ұштастыра бейнеленеді. Қазақстанның оңтүстігінде түкті және тықыр кілемдерді қолдан тоқу дамыған. Олардың негізгі өрнектері — «күмбез», ал жиектерінде текшелі өрнектері «қорған» деп аталып, оны бойлай күлгін түсті «су» өрнегі жүргізіледі. Бұл зәулім күмбезді, тас қамалды, қорғанын қуалай су жүргізілген қалайы елестетеді. Ою - өрнектерді белгілі мазмұнға құру текемет, сырмақ өрнектерінен де байқалады. Кейде ортаңғы гүл - күмбездердің орнына түлкі ілген бүркіт, жан - жануар немесе табиғат көрінісі т. б. бейнеленеді. Геометриялық өрнектер өте басым. Қазақ кілемдеріндегі айшықты ою - өрнек әсері басқа халықтар кілемдерінен де байқалады. Мәселен, кавказ көлемдерінің бірі «қазақ» деп аталады.

1936 жылдан бері ұлттық үлгілерге жаңа мазмұн беруді көздейтін Алматы кілем тоқу фабрикасы жұмыс істейді. Мұнда кілем қолмен де, машинамен де тоқылады. Фабрика әртүрлі мерекелерге арналған, сондай - ақ ұлы адамдардың, көрнекті жазушы, қоғам қайраткерлерінің, мүшелтой иелерінің суреті салынған кілемдер де шығарады. Ал төсеніш, дастарқан т. б. ретінде пайдаланылатын кілемдер республиканың кейбір облыс орталықтарына шығарылады. Машинамен тоқылатын кілемдер сыртқы түрі мен ою - өрнегі жағынан қолдан тоқылған кілемдерден көп өзгешелігі болмаса да беріктігі мен төзімділік жағынан олардан төмендеу. Қолдан тоқылған кілем ұлттық ою - өрнек пен колоритті ұштастыра пайдаланған өте сапалы бұйым болып саналады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
17 314
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Суретті кілем гобелен
Суретті кілем гобелен
Оқушылардың ой-қиялын дамыту арқылы гобелен тоқу өнерімен таныстырып, сурет салуға баулу
Экологиялық жұмбақтар
Экологиялық жұмбақтар
Тырсылдап түседі, Жерге түскен соң Ғайып боп кетеді. (бұршақ)
Балабақша
Балабақша
Өткен жылғы сөздерді еске түсіру, жаңа сөздер үйрету; қазақ тіліне тән дыбыстарды (і, ө) дұрыс айтуға жаттықтыру; тіл үйренуге деген қызығушылықтарын ояту.
Тұрғын үйдің интерьері. Үйді жиһаздау. Қазақ халқының киіз және тоқылған кілемдер. Жарнамалық уәде. Арзан баға.
Тұрғын үйдің интерьері. Үйді жиһаздау. Қазақ халқының киіз және тоқылған кілемдер. Жарнамалық уәде. Арзан баға.
Оқушыларға үй мәдениеті туралы түсінік беру. Оқушыларды үйдегі жиһаздарды орналастыру тәртібін және түс үйлесімділігін дұрыс сәйкестендіріп таңдауға үйрету. Жиһаздарды орынды орналастыру, түстерді дұрыс таңдай білу барысында оқушылардың ой - өрісін,
Кілем бұйымдарының алғашқы нұсқасын дайындау
Кілем бұйымдарының алғашқы нұсқасын дайындау
Атырау қаласы, И.Тайманов атындағы №27 орта мектептің технология пәні мұғалімі Күнімжан Қайырболатқызы Жұмағалиева
Кілем тоқу
Кілем тоқу
Қызылорда қаласы, №197 қазақ орта мектебінің технология пәнінің мұғалімі: Альжанова Роза Зейнуллаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×