Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ойын арқылы студенттерге ағылшын тілін сөйлеуге үйрету

22 қыркүйек 2014, Дүйсенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Ойын арқылы студенттерге ағылшын тілін сөйлеуге үйрету

Қазіргі заман жаңа өзгерістер мен жаңалықтарға толы. Инновациялар мен технологиялардың енуіне байланысты заман өте қарқынды дамуда. Ағылшын тілі халықаралық қарым - қатынас тілі болғандықтан, еліміздің ғылыми, мәдени және ақпараттық құралдардың дамуына, жаңа жетістіктерге жетелеуге мүмкіндік беріп отыр. Осыған орай, қазіргі таңда әр тұлғаның ағылшын тілін білуі заман талабы. Бұл ағылшын тілін жоғары деңгейде оқытып, жақсартуды талап етеді. Оқытуды жақсартуға студенттердің пәнге деген қызығушылығын арттыру жатады.

Тілді үйретудің негізгі міндеті – оқушыларды тілде емін - еркін ойлап - сөйлеуге, қарым - қатынас жасауға үйрету. Ал мақсаты – оқушылардың сөйлеу қабілетін жаңа технологияларды пайдалана отырып, дамыту және өзге ұлттың мәдениетімен таныстыра отырып, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.

Китайгородская Г. А. өзінің «Интенсивный курс» деген еңбегінде студенттердің сабақтағы белсенді іс - әрекеттерін ұйымдастыру, ойлау, шығармашылық, ізденіс қабілетттерін дамыту арқылы, білім сапасын көтеруде ойын технологиясын пайдаланудың маңызы зор. Ойын технологиясын сабақта дұрыс қолдана білу керек. Санына емес сапасына назар аударған жөн - деп атап көрсеткен.
Жалпы ойын әрекеті күрделі құбылысқа жатады. Әдістемеде ойын түрлерін белгілі бір білімді, іс - әрекетті үйрету құралы ретінде қолданады. Ойынның тек сыртқы бөлігі ғана - ойын, ал бейнесі, мазмұны және оның бағыты оқыту болып есептелсе, біздің жағдайымызда – тілді қарым – қатынас құралы ретінде меңгерту. Ойынды сабақ барысында қолданудың маңызы жайлы көптеген ғалымдар атап өткен. Соның бірі Д. Б. Эльконин ойын туралы қазіргі көзқарастарды және оның көптеген қызметін анықтап отыр. Ол баланың қажеттіліктерін, қызығушылықтарын қанағаттандырып, оның өмірге бейімделуін жеңілдетеді, болмысты тануға көмектеседі. Ойын арқылы бала білім алады, тәрбиеленеді, қоғамды құрметтеуге үйренеді, ынтымақтасып жұмыс істеуге дағдыланып, ұтылуға емес, ұтуға тырысады. Соның ішінде Д. Б. Эльконин ойынның адамға қажетті маңызды төрт функциясын бөліп көрсеткен. Олар: оқушының сабаққа деген ынта – жігерін дамыту; дүниетанымын кеңейту; ақыл – ойын дамыту; және еркін – мінез құлқын өрістету.
Ғалымдардың пікірінше ойын мақсатына қарай мынадай түрлерге бөлінеді:
1. Сөз формаларын бекітетін ойын түрлері.
2. Қимылдық ойындар.
3. Сөйлесу, әңгімелесу арқылы ұйымдастырылатын ойындар.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
6 686
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Focus on Britain (Ағылшын тілі пәнінен 10 - сынып факультатив сабағының бағдарламасы)
Focus on Britain (Ағылшын тілі пәнінен 10 - сынып факультатив сабағының бағдарламасы)
Ағылшын тілі пәнінен 10 - сынып факультатив сабағының бағдарламасы, тақырыптық-күнтізбелік жоспары.
Қазақстандағы тілдердің үштұғырлығы
Қазақстандағы тілдердің үштұғырлығы
Қазіргі таңда шетел тілі ретінде ағылшын тілін оқытуды жаңа сатыға көтеру – педагогикадағы іргелі міндеттердің бірі.
Ағылшын тілі пәнін оқытуда жаңа инновациялық технологиялардың қолданылуы
Ағылшын тілі пәнін оқытуда жаңа инновациялық технологиялардың қолданылуы
Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Осы орайда, ақпараттық – коммуникативтік технологияны қолдану заман талабына сай мұғалімдерге педагогикалық тәжірибе жинақтауға,
Үштілділік - заман талабы
Үштілділік - заман талабы
Шығыс Қазақстан облысы, Аякөз ауданы, Ақтоғай станциясы «Ақтоғай жалпы білім беретін орта мектеп» КММ Кітапхана меңгерушісі: Садыкова Гүлбаршын Әбділқызы
Ағылшын тілі пәнінен факультатив сабағының күнтізбелік - тақырыптық жоспары
Ағылшын тілі пәнінен факультатив сабағының күнтізбелік - тақырыптық жоспары
ШҚО, Ұлан ауданы, Мамай батыр ауылы, М. Ломоносов атындағы орта мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Абраимова Еркежан Мураткановна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×