Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жоспары

17 маусым 2018, Жексенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс
Жоспар
1. Үлгермеушіліктің негізгі себептері
2. Үлгермеушілікті болдырмаудың әдістері мен түрлері
3. Оқушының оқу үлгеріміне әсер етуші жағдайлар
4. Оқушылармен жұмысты ұйымдастырудың технологиялық картасы

Еліміздің білім беру саласында соңғы жылдары ірі реформалар мен өзгерістер орын алып отыр. Білім сапасына қойылатын талап күшейіп, оқытудың жаңа технологияларына бет бұрған кезде, оқушының оқу үлгерімін жақсарту, оның оқуға қызығушылығын арттыру мәселесі туындайды.
Көптеген ғалымдар өз еңбектерінде сабақ үлгермеушілік себептерін талдауға көп орын бөліп келеді. Арнайы педагогикалық қазіргі күндегі жетекші парадигмаларының бірі – гуманизация. Ал ХХ ғасырда еңбек еткен Ы. Алтынсарин шығармаларында педагогикалық, гуманистік көзқарас, яғни шәкіртке мейірімді болу, мұғалім мен оқушы арасындағы ынтымақты принциптерінің көрініс тапқанын байқауға болады. Ғалымның атақты Хрестоматиясында жасөспірімдердің жан дүниесін, ақыл - ойын қалыптастыруға ұдайы көңіл бөлу мектеп пен ата - ананың ортақ міндеті деп есептеген.
Дегенмен жан - жақты тұрғыдан алып қарағанда сабақ үлгермеушілік проблемасы әлі жеткілікті зерттелген жоқ. Бұл проблеманы зерттеу мұның себебі мен нашар оқитын оқушылардың жекелеген типтерін анықтауға мүмкіндік береді. Үлгерімі нашар оқушыларды зерттеу барысында үлгермеушіліктің мынадай үш категориясын қарастыруға болады:
1 - категорияға оқушының барлық пәннен бірдей ұзақ уақыт үлгермей оқудан жалпы және кенжелеп қалып қоюын жатқызамыз.
2 - категорияға сабақты ішінара негізгі пәндерден үлгермейтін оқушылар жатады.
3 - категориядағы оқушылар сабаққа анда - санда ғана үлгермейді.
Бұл мәселені психологиялық жағынан қарастырсақ, сабақ үлгерімі төмен оқушыларды мынадай 5 топқа бөлуге болады:
1. Оқуға деген көзқарасы дұрыс емес балалар.
2. Материалды қиналып ұғатындар.
3. Сабаққа дайындалу әдеті қалыптаспаған оқушылар.
4. Еңбектене білмейтіндер.
5. Білуге және оқуға құштарлығы жоқ оқушылар.

Сабаққа үлгермеудің себебі көп. Үлгермеушілік сабақ барысында қалыптасады. Оның алдын алуға болады. Оқушы үлгермеушілігінің себептері оқу - тәрбие жұмысын дұрыс ұйымдастырмауда, санитарлық – гигиеналық нормалардың бұзылуында. Үлгемеушіліктің негізгі себептері мыналар:
- жекелеген мұғалімдердің сабақтарының сапасыздығы, жаңа материалды толық түсіндіре алмауы, бекіту жұмысының әлсіз жүруі, оқушы білімін есепке алудың болмауы, мұғалімнің тиісі дәрежеде талап етпеуі;
- үй тапсырмасын орындау жұмысын дұрыс ойластырмау және тыңғылықты тексерудің болмауы, жеке жұмыстың болмауы, танымдық қызығуын дамыта алмау;
- мектепте үлгермеушіліктің алдын алу жөнінде жүйелі жұмыстың болмауы;
- тәрбие жұмысындағы олқылықтар, оқушылардың тәртібінің төмендігі, өз міндеттерін саналы түрде түсінбеуі, мектеп әкімшілігі тарапынан тәртіп бұзушыларға уақытылы және тиісті шара қолданбауы;
- бағалаудағы біржақтылық;
- оқыту мен тәрбие үрдісіндегі сабақтастықтың болмауы;
- сабақ босату, оқушының ауырып қалуы, т. б.

Отбасы жағдайында психологтың ойынша оқушының үлгермеу себетері мыналар:
- ата - ана мәдениетілігінің аздығы, педагогпен байланыстың жоқтығы;
- отбасындағы сәтсіздік;
- балаға талап қою бірлігінің жоқтығы;
- отбасында бала тәрбиесінің дұрыс жолға қойылмауы;
- Балаға дұрыс қарым - қатынас жасамау;
- білім алуға баланың дайындығының жоқтығы;
- баланың жалпы дамуының жетілмеуінен, аурушаңдығынан.

Үлгерімін жақсарту бағытындағы жұмыстарға мыналар жатады:
1. Отбасында бала тәрбиесіндегі жағдайдың жақсы жолға өзгеруі.
2. Ата - ананың психологиялық - педагогикалық сауаттылығын жоғарылату.
3. Оқу - тәрбие үрдісіне ата - аналарды белсенді түрде араластыру.
4. Баланың дұрыс күн тәртібін ұйымдастыруын бақылау.
5. Баланың жағымды және жағымсыз қасиеттерін тәрбиелеуде ата - анаға жеке кеңес және көмек беру.
6. Сыныптағы оқу тәрбие жұмыстарын жоғары сатыға көтеру.
7. Сыныпта ізгілендіру қарым - қатынасын алға қоя отырып, шағын топтарда қолайлы жағдай жасау.
8. Балаға жеке тұлға болып қалыптасуына көмектесу.
9. Балаға психологиялық зерттеу жасау және қажетті психологиялық көмек көрсету.
10. Жеке жұмыс барысында интеллектуалдық, адамгершілік, еркіндік, көңіл күй сезімдерін қалыптастыру.
11. Оқудағы жағымсыз ынталарының туу себептерін анықтау.
12. Оқушының қызығуын, бейімділігін негізге ала отырып дамыту.

Мұндай жұмыс түрлері оқушыға үлгерімін жақсартуға көмектеседі. Оқушыны жақсы, орта, төмен деп бөлмей, оларды тұлға ретінде қалыптастыруға психологпен, әлеуметтанушымен, медбикемен жұмыс ұйымдастыру керек.
Әлеуметтік педагогтың ойынша, үлгерімі жақсы оқушының әлеумет жағдайын тексере отырып, үлгерімі төмендеп кетпеуі үшін мынадай жұмыс түрлерін жүргізу керек: 1) жеке әңгімелесу; 2) ата - анамен сұхбаттасу; 3) мадақтау арқылы баланың ынтасын арттыру.
Үлгерімі және әлеуметтік жағдайы төмен оқушылармен жұмыс барысында психолог, әлеуметтанушы, сынып жетекшісі мына мәселелерге көңіл бөлгені жөн. Яғни, баланың жеке басын мадақтау арқылы ортада өзін еркін сезінетіндей нәтижеге жеткізу керек.
Ата - ананың ойынша, мұғалім мамандығы өте қиын. Сондықтан баланың біліміне, тәрбиесіне басты жауапкершілік ата - ананың мойынында екенін сезінуі керек. Ең бастысы, баласының үлгерімін жақсарту үшін ата - ана мектеппен тығыз байланыс жасауы тиіс.

Әйтеке би атындағы орта мектеп
Бастауыш сынып мұғалімі А. Б Теңсоветва

Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жоспары. жүктеу
19 107
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс папкасы
Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс папкасы
Үлгерімі төмен оқушылармен жыл бойы жұмыс жүргізе отырып, қабілеті төмен оқушылардың жеке тұлғалық мүмкіндіктерін ашуға көмектесу, пәнге деген қызығушылығын арттыру, мемлекеттік білім стандартын меңгерту.
Lesson Study тәсілі арқылы «Диалогтік оқыту арқылы оқушылардың белсенділігін қалай арттыруға болады?»
Lesson Study тәсілі арқылы «Диалогтік оқыту арқылы оқушылардың белсенділігін қалай арттыруға болады?»
Оқушылардың білім аймағын кеңейту; жұмысқа деген жауапкершілікті арттыру; оқушыларды біріге отырып жұмыс жасауға, ынтымақтастыққа баулу; үлгермеуші оқушыларды қызықтыру, өзін - өзі бағалауды, бір - бірін бағалауды үйрету.
Үлгерімі төмен оқушымен жұмыс жүргізу әдістемесі
Үлгерімі төмен оқушымен жұмыс жүргізу әдістемесі
Үлгерімі төмен оқушыларда дамудың жеке варианттарының көп түрлілігі бар. Олар таным компоненттерінің қалыптасуының әр түрлі деңгейіне байланысты, яғни бұл артта қалудың әр түрлі себептері бар екенін көрсетеді
Модерация - топтық жұмысты белсендендірудің тәсілі
Модерация - топтық жұмысты белсендендірудің тәсілі
Топтық жұмыстың жаңа әдісімен танысу, ерекшелігі мен идеясын түсіну, осы әдісті тәжірибеде пайдалану жолдарын қарастыру
Үлгерімі төмен оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге баулу жолдары
Үлгерімі төмен оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге баулу жолдары
Астана қаласы, Генерал Нұрмағамбетов атындағы «Жас Ұлан» Республикалық мектебінің Математика пәнінің мұғалімі Алдажұманова Жұматай Арыстанқызы
Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жоспары
Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жоспары
Атырау қаласы, №6 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Жалмуханова Балауса Хоныспаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×