Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Кіріктірілген сабақтарда жалпы адамзаттық құндылықтарды қалыптастыру

10 қаңтар 2020, Жұма
Категориясы: Ұстаздарға
Кіріктірілген сабақтарда жалпы адамзаттық құндылықтарды қалыптастыру
Еліміз өркениетті елдер қатарына қосыламыз деп қарыштап қадам басып жатқан тұста, білім жүйесіне де тың өзгерістер енуде. Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты мақсаты – ұлттық және жалпыадамзаттық мәдени құндылықтар негізінде жеке тұлғаның қалыптасуына қажетті жағдай жасау» делінген. Осы бағытта жұмыстану үшін білім сапасын арттыру ісіне ерекше мән беру қажеттілігі артады. Сапалы білім беру педагогтардың шеберлігі мен іскерлігіне байланысты. Ал педагогикалық шеберлік пен іскерлікті дамытуда жаңа технологияны қолданудың маңыздылығы зор.
Оқытудың жаңа технологиясы — оқытудың тиімді әдіс - тәсілдерін қолдануды, оқытудың әр түрлі әдістері мен формаларын біріктіруді, оқу материалын тиімді пайдалануды, оқудың сапасына білім мен біліктілікті жүйелеуді жүзеге асырады.
Кіріктірілген білім бағдарламасының алға қойған мақсаты айқын, бағдары жүйелі. Зиялы азаматты – сана әлеуеті жоғары дамыған, сын тұрғысынан және жаңашыл ойлай білетін, рухы мықты, өз білімін қоғамның алға басуына жұмсай алатын адамды тәрбиелеуге ұмтылады. Аталмыш білім беру бағдарламасында тәрбие мен оқыту ажырамас байланыста болады.
Кіріктірілу – бұл бір оқу мазмұнының әр түрлі саладағы жан - жақты білімдермен тоғысуы, бір - бірімен араласып кетуі. Кіріктірілген сабақтар оқушыға әлем туралы, заттар мен құбылыстардың өзара байланыстары туралы біртұтас мағлұмат береді, олар құрылысы бойынша белгілі қалыпқа сыймайды, сондай - ақ, оқу сағаттарын барынша үнемді пайдалануға мүмкіндік береді. Осы тектес сабақтарда оқушылардың бейнелі ой - өрісі дамып, пәннің жалпы мазмұнын өмірмен байланыстыру арқылы шығармашылық мүмкіндіктері ашылады. Кіріктірілген сабақтардың құрылымы нақтылығымен, сыйымдылығымен, орамдылығымен, сабақтың әр сатысындағы оқу материалының логикалық өзара келісімімен, материалдың зор ақпараттық мүмкіндігімен ерекшеленеді.
Оқу үрдісінде пәндерді кіріктіре оқыту:
- ерекше дарынды оқушыларға мәнді де саналы оқуға;
- сабақ құрылымында проблемалық жағдайлар үлесін ұлғайтуға;
- жеке тұлғаның зерттеушілік типін қалыптастыратын оқушының ойлау әрекетін белсендіруге;
- оқушыға бір мезгілде әрекетті орындауда барлық мақсат қоюдан нәтижеге дейінгі барлық процесіне бақылау жасауға;
- білім берушілік, дамытушылық және танымдық үшбірлікті ұстаздың шексіз шығармашылығы тұрғысынан жүзеге асыруға
- сабақтың ақпараттық сыйымдылығын арттыруға;
- оқушылардың уәждемесін арттыруға, олардың оқу - танымдық әрекетін белсендіруге, шаршағандары мен қажуларын азайтуға;
- сабақ үрдісінде өтілетін тақырыптың адам және қоғам өмірімен тікелей байланысына мән беруге;
- оқушылардың шығармашылық ойлауын дамытуға;
- олардың алған білімдерін өмірде қолдана білулеріне көмектеседі.
Әрбір пән оқушыға қажет білім, білік, дағды қалыптастырса да, оқушы жеке тұлға ретінде өзін - өзі танытуда. өз мақсатына жету жолында жалпы өмір тәжірибесінде жинақталған әмбебап білім, білік пен дағдыға сүйенеді. Бұл жалпы құзіреттілікке алып келеді.
Пәнаралық байланыс пен оқушы бойында жалпы құзіреттілікті қалыптастыруда тікелей байланыс бар. Оқу бағдарламаларында әр пәннің қалыптастыратын білім, білік, дағды мөлшері жеке анықталса да, тұлғаның өмір сүру аймағында олар өзара байланысты құзіреттілікке ие болады. Өйткені оқушы өмірлік мәселелермен кездескенде, әрбір пәннен алған білімін саралап жатпай, бойындағы интегративті білімнің кең, жалпы әлуеті мен дағдысын пайдаланады.
Ұлы Абайдың «Естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: әуелі – көкірегі байлаулы берік болуы керек; екінші сол нәрсені естігенде я көргенде ғибрәтләну (үлгі) керек, көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғу керек; төртінші ой - кеселді нәрселерден қашық болу керек» деген пікірінде оқушының жалпы құзіреттілігін қалыптастыру мәселесі жатыр.
Кіріктіру – ХХІ ғасыр талабы. Қазіргі сабақтарда ақпараттық технология мен кіріктірілген оқыту технологиясын байланыстыра өту өте тиімді нәтиже береді. Ақпараттық технологияда біз ұстазды ақпарат беруші, бағыт – бағдар көрсетуші деп түсінеміз. Белгілі бір тақырып бойынша мәлімет, әдебиеттер және т. б. беріледі. Ал кіріктірілген инновациялық технологияда тақырыпқа байланысты мәлімет, ақпараттың барлығының жан - жақты пән мұғалімдермен түсіндірілуі, дәлелденуі және жеткізілуі оның басты артықшылығы болып тұр. Ұстаз әркез ізденуші бола білсе, өзі үшін білім жинақтайды, оқушы үшін сабақты қызықты ете алады.
Оқытудың технологияларын біріктіру, оларды тиімді пайдалану жұмысы үшін көптеген ізденіс жұмыстарын жүргізу алынар асу, тағы бір белес екенін есте сақтағанымыз жөн. Ал, сол белестерді бағындыру жолында үлкен жұмыстар атқару - әрбір ұстаздың азаматтық парызы. Өйткені, білім негізі мектепте қаланады.
Пән аралық байланыстың басты міндеті - оқушылардың бір пәннен меңгерген білімін, дағдыларын екінші бір пәндерде орынды қолдана білуі.
Мысалы: 3 сыныпта математика пәнінде«Бағасы, саны, құны» тақырыбына арналған қайталау сабағы осының дәлелі бола алады.
Оқушылар біз бүгінгі сабағымызда есеп шығарумен қатар қазақ халқының рухани байлығынан айрықша маңызды орын алатын «Қазақстанның жеті кереметімен» танысамыз.
І. Оқу қызметін ұйымдастыру
1 сұрақ. «Әлемнің жеті кереметіне» нелер жататынын білесіңдер ме? ( Мысыр пирамидалары, Галикарнас кесенесі, Родос алыбы, Александрия маягі, Эфестегі Диана ғибадатханасы, Олимпиядағы Зевс мүсіні, Семирамиданың аспалы бағы)
(Оқушылардың пікірі тыңдалады)
«Қазақстанның жеті кереметі» осы заңдылықтардың жалғасы сияқты. Әр халық немесе мемлекет өз аумағында пайда болған адамзат мәдениетінің асыл құндылықтарына жататын ескерткіштерді қастерлеп, ардақтап отыруға тиісті.
Қазақ халқының дүние танымында жеті саны аса қасиетті, қастерлі сан. Сендер осыған қандай мысалдар келтіре аласыңдар? («жеті қат көк»,«жеті қазына», «жеті жарғы», «жеті шелпек», «жетісін беру» және т. б. ) Осы ретте бір топ ғалымдар арнайы зерттеу жүргізе отырып, қазақ халқының рухани байлығынан айрықша орын алатын «Қазақстанның жеті кереметін» таңдап алды. Біз сабақтың кезеңдерінде олардың әрқайсысына тоқталып өтетін боламыз.

Баяндаманың толық нұсқасын жүктеп алу​​​
94
0
  • 0
0 дауыс
Загрузка...
Оқи отырыңыз
Қазақ әдебиетін оқытуда студенттердің құзыреттіліктерін арттыру
Қазақ әдебиетін оқытуда студенттердің құзыреттіліктерін арттыру
Сапалы білім алған, танымдылығы жоғары, құзыретті, бәсекелестіктің қайсыбір мықты тегеурініне төтеп бере алатын студенттер ғана болашақтың кілтін аша алады. Еліміздің жаһандық дүниеде даралануы білімді, жігерлі, ұлттық санасы рухани бай жас ұрпақ
Бастауыш сыныптарда “Тәй - тәй”бағдарламасымен кіріктірілген сабақтар ұйымдастырудың ерекшеліктері
Бастауыш сыныптарда “Тәй - тәй”бағдарламасымен кіріктірілген сабақтар ұйымдастырудың ерекшеліктері
Бастауыш сыныптарда “Тәй - тәй”бағдарламасымен кіріктірілген сабақтар ұйымдастырудың ерекшеліктері. «Тәй - тәй» бағдарламасының ең басты мақсаты өзара сыйластықты, жауапкершілікті, үлкендер сияқты балалардан да шынайылықты, зейінділік, ынта - жігер
Білім беруде жаңа технологияларды қолданудың тиімділігі
Білім беруде жаңа технологияларды қолданудың тиімділігі
ХХІ ғасыр – ғылым мен техниканың дамыған кезеңі. Заман талабына сай қазіргі білім жүйесіндегі игі өзгерістер мен жаңалықтар соның нәтижесі. Бүгінгі білім беру үрдісінде жаңа ақпараттық технологияны пайдалану және оны мақсатты түрде жүзеге асыру –
Жаңа технология - білім сапасының кепілі
Жаңа технология - білім сапасының кепілі
Қызылорда облысы Қазалы ауданы Майдакөл ауылы, № 98 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Бакибаева Жансая
Білім беру үрдісінде ақпараттық - коммуникациялық технологияны қолдану
Білім беру үрдісінде ақпараттық - коммуникациялық технологияны қолдану
Жезқазған гуманитарлық колледжінің физика, информатика пәні оқытушысы Қалжанова Гүлфайруз Мұхтарқызы
Оқытудың озық технологиялары мен инновациялық әдістерді тиімді қолдану
Оқытудың озық технологиялары мен инновациялық әдістерді тиімді қолдану
[right]ШҚО, Ұлан ауданы, Мамай батыр ауылы, М. Ломоносов атындағы орта мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі Абраимова Еркежан Мураткановна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.