Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жаңа ізденіс- жаңа бағыт

11 наурыз 2013, Дүйсенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Жаңа ізденіс-жаңа бағыт
Ұстаз – жүректің жылылығын, мейірімнің шуағын, адамгершіліктің ұлылығын біліммен қоса бала бойына дарыта алатын тұлға. Ұстаз қандай болу керек?- деген сұраққа өзімнің тәжірибеме сүйене отырып, ұстаз-білімді, бала жанын түсіне алатын, әділ, еңбекқор және үздіксіз ізденіс үстінде бола алатын жан деп ойлаймын. Олай болса, ұстаз мамандығын таңдағандықтан, ең алдымен өзіңді-өзің танып, үздіксіз ізденіп, аяусыз еңбектенуің керек. Заман ағымына сай өз білімімді үздіксіз жетілдіріп отырған жағдайда ғана, ХХІ ғасырдың талабына сәйкес жаңа форматтағы ұстаз бола алатыныма көзім анық жетті. Әлемдік білім саласында болып жатқан өзгерістерден жырақта қалмай, жаңғыртып отыру үшін ұстаздар қауымына арнайы ұйымдастырылған «ІІІ базалық біліктілікті арттыру» курсынан жақын арада мен де өттім.

Курс барысында 7 модульге негізделген жаңа әдіc-тәсілдермен таныстық, талқыладық және курстың ІІ кезеңінде өз тәжірибемізде қолданысқа енгізіп, оның тиімді жақтарын, жемістерін көрдік. Жалпы курстан өзіме көптеген тың, жаңа дүниелерді оқып-үйрендім. Солардың ішінен Білім беру үшін бағалау және оқытуды бағалау модулі, сабақ жоспары, Блум таксономиясы өте ұнады.

Еліміздің мектептеріндегі шешімін таппаған мәселелердің бірі – бағалау процесі. Мұғалім үшін де, бала үшін де, ата-ана үшін де қиын, негесі көп мәселе болатын.... Ал курстан бұл мәселе өз шешімін таба алатынына көзім толық жетеді. Білім беру үшін бағалау және оқытуды бағалау модулі біз үшін жаңалық болмаса да, осы курс нәтижесінде бағалауға деген мүлдем жаңа көзқарас қалыптасты десем, қателеспеймін. Балаларды ынталандыруда тәуекелге барып, оқушылардың жауаптарын жоққа шығармай, сол қателерін өзіне түзету арқылы оқыту қажеттігін, бағалау критерийлері арқылы әділ бағалауға қол жеткізудің мұғалім үшін де, оқушы үшін де тиімділігін ұғынып, аз уақыт ішінде болса да бағалау түрлерін өз тәжірибемде пайдаланып, оң нәтижелерге қол жеткізе алдым. Себебі оқушыны өзін-өзі бағалауға үйрете алсақ, ол үшін бағалау кретериилерін өзіміз дұрыс құра алсақ болғаны. Әрине алғашында балалар өздерін жоғары бағаласа, уақыт өте келе өз қателіктерін түсінетін болады. Оған сыныптастарының да бағалауы да әсерін тигізеді. Бағалау процесі арқылы баланы әділдікке үйрете отырып, адалдыққа тәрбиелейміз, ал қазіргі заманда біз үшін әділдіктің орны ерекше болып тұр. Сонымен қатар ата-ана тарапынан, оқушы тарапынан болатын неге?- деген сұрақтардан құтыламыз.

Екінші сабақ жоспарының құрылымы маған ұнады. Ол жерден сабақтың мақсатын оқушыға бағыттай отырып, міндетті түрде күтілетін нәтижені көрсетеміз. Жоспарды құру үшін қандай нәтижеге қол жеткізу керектігінен бастайсың. Берілетін тапсырмаларды сол бағытта реттей отырып бересің, өзің тек бағыттаушының қызметін атқарасың. Тапсырмаларды өмірмен байланыстыра отырып алған жағдайда баланың есінде қалады және алдағы өмірінде пайдалана алатын болады. Логикалық тапсырмалар болғаны баланың сыни тұрғыдан ойлана білуіне көмектеседі.

Менің шығармашылық тақырыбым деңгейлеп оқытумен байланысты болатын. Курсты аяқтап келгеннен кейін деңгейлік тапсырмаларды Блум таксаномиясына сәйкестендіріп сабақ өтіп жүрмін. Блум таксономиясының 6 сатысын 4 деңгейге бөліп, мемлекеттік білім стандартынан бастап шығармашылық эверестикалық деңгейге дейін алдым.
1-деңгейдегі тапсырмаларын орындау барысында «танып білу», яғни жаңа сабақ бойынша берілген тапсырмалармен жұмыс жүргізілді. Бұл тапсырмалар білімнің минималдық шегі, мемлекеттік стандарт талабына сәйкес бағдарлама мөлшерінен аспайтын, оқушының жас ерекшеліктеріне сай таңдалып берілді.

2-деңгей тапсырмалары «қолдану», «талдау» арқылы орындалды түрленіп, күрделене түседі. Оқушы өз бетімен жұмыс жасайды, өзін тексереді.. Оқушының қабылдауы, жазба жұмыстарын орындау көрсеткіштері міндетті деңгейден әлдеқайда жоғары болды.
3-деңгей тапсырмаларына «жинақтау», «қорыту» арқылы жасалды.

4-деңгей тапсырмалары «пайымдау»негізінен дарынды, ізденімпаз, қабілеті жоғары, талапты балаларға арналды. Ондай оқушыларға тек тақырыбын ғана беремін, оқушының өзі мақсатын қояды, нәтижесіне жетеді, жазба жұмыстарын өз бетінше орындайды. Мысалы бір сабағымда дарынды оқушыларды бір топқа топтастырып, Блум өлшемдері сұрақтарымен жұмыс жасау барысында оқушылар мұғалімнің көмегінсіз, өздерінің біліктілігі, ой ұшқырлығы арқасында діттеген нәтижелерге қол жеткізе алды. Берілген дайын сұрақтарды Блум өлшемдері бойынша пирамидаларға орналастырып, сұрақтарға сәйкесті жауаптарын беру арқылы жоғары деңгейлі тапсырмаларды өз беттерімен орындап шықты.
Мұғалімдік тәжірибемдегі ендігі мақсат – заман талабына сай құзіретті тұлға қалыптастыруда осы жеті тәсілді жүйелі қолдана отырып, өз тәжірибемді толықтыру, жетілдіру болмақ. Бойымдағы бар білімді, асыл қасиеттерімді шәкірттеріме арнай білсем, олардың жүрегіне жол тауып,, адамзатты сүюге тәрбиелесем менің мақсатымның орындалғаны, еңбегімнің ақталғаны деп білемін.
12 452
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Эссе: Менің қызығушылықтарым
Эссе: Менің қызығушылықтарым
қазіргі кезде мектепте жас ұрпақ тәрбиесі, оның жеке тұлғасының жаңаша қалыптасуы, әлеуметтік дүниеге көзқарасы алдымен мұғалімге байланысты
Сындарлы оқыту - заман талабы
Сындарлы оқыту - заман талабы
Жаңа технологияның әдіс - тәсілдері оқушылардың білімін толықтыруға көмектеседі. Осыған орай озық тәжірибе, жаңа технологияның тиімді әдістерін таңдап алып, оларды үйлесімді, тиімді және шығармашылықпен пайдалану – ұстаз шеберлігінің белгісі деп
Эссе. Ғылыми әдістемелік тұрғыдан педагогтардың кәсіби құзіреттілігін арттыру
Эссе. Ғылыми әдістемелік тұрғыдан педагогтардың кәсіби құзіреттілігін арттыру
Қызылорда облысы Қазалы ауданы. Музыка пәні мұғалімі Баян Алпысбай Игілікқызы
Әдебиет пәні бойынша өткізген бір сабағыма рефлексивті есеп
Әдебиет пәні бойынша өткізген бір сабағыма рефлексивті есеп
Жамбыл облысы, Т. Рысқұлов ауданы, Луговой ауылы, Т. Рысқұлов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Ержанова Атира Жолдасовна
Жаңаша мектепке - қазіргі заманғы ұстаз (эссе)
Жаңаша мектепке - қазіргі заманғы ұстаз (эссе)
Мұғалім: Кажгалиева Набира Талгатовна
Ұстаз портфолиосы
Ұстаз портфолиосы
Тарих пәнінің мұғалімі Абдуллина Динара Ысқаққызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×