Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бәсекелестікке қабілетті тұлғаны тәрбиелеудегі мектеп, қоғам және отбасының рөлі

25 сәуір 2013, Бейсенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Бәсекелестікке қабілетті тұлғаны тәрбиелеудегі мектеп, қоғам және отбасының рөлі

Бүгінгі таңда жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанға айналу, жаңарту үдерісі қоғамымыздың барлық саласында жүргізілуі әлемдік деңгейге сай дамуды талап етеді. ХХІ ғасырға лайық, әлемдік өркениет көшіне ұялмай тізе қостыратын, дамыған елдермен терезе теңестіретін, бәсекелестікке қабілетті елу елдің санатына қосылу үшін елімізге тәрбиелі, білімді ұрпақ керектігі айтпаса да түсінікті. Қазіргі қоғамның алдында тұрған күрделі мәселелердің бірі – әрбір жас ұрпақтың бойына бәсекеге қабілетті құндылық қасиеттерді қалыптастырып, дамыту мәселелеріне айрықша көңіл бөлу.
Бәсекеге қабілетті тұлғаны тәрбиелеу рухани құндылықтардың қайнар көздері негізінде және оны жеке тұлғаның қабылдауы арқылы жүзеге асады. (1 - ші сызба).

1 - сызба. Рухани құндылықтар.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында білім беру жүйесінің негізгі міндеті – баланың даралығын дамыту, тәрбиелеу және оқыту үшін жағдайлар жасау арқылы интеллектін байыту, бала тұлғасының рухани және дене мүмкіндіктерін ашу екендігі ерекше аталған. Жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуында мына негізгі факторлардың ықпалы зор. Олар: мектеп, қоғам және отбасы.

Бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру мектептен басталады. Мектеп – өскелең ұрпақты тәрбиелеу жүйесіндегі шешуші буын. Адам тәрбие негізінде жетіліп қалыптасады. Адам болашағын шешетін де тәрбие екендігі ежелден белгілі. Адам өмірінде тәрбие мәңгілік категория болса, оны ұйымдастыру, жүзеге асыру еш уақытта ескірмейтін, қайта күн озған сайын жаңарып, әрбір кезеңнің өз талабына сай жетіліп отыратын үздіксіз үрдіс деп түсінеміз. Білім беру жүйесі алдында оқушыны ойлауға, алдынан шығатын түрлі мәселелерді шешуге қажетті әрекет тәсілдерін үйрету міндеті тұр.

Жеке тұлғаға бағытталған тәрбие – бұл жеке тұлғаның адамгершілік сапаларын жалпы адамзат құндылықтарының негізінде дамыту және олардың дамуына қажетті педагогикалық жағдай жасау. Дәстүрлі тәсілдерден жеке тұлғаға бағытталған тәрбиенің айырмашылығы – онда мектеп балалардың дара қызығушылықтары мен жеке тәжірибе жинақтауы нәтижелі түрде іске асатын дамытушы ортаны ұйымдастырып, оқушылармен жүргізілетін оқудан тыс жұмыстар жүйесін құрады. (2 - сызба).
2 - сызба. Оқушылармен жүргізілетін оқудан тыс жұмыстардың жүйесі.

Оқушыларды белсенді іс - әрекетке ынталандыру, олардың танымдық қызығушылықтарын дамыту, сыныптан тыс іс - шараларды ұйымдастырудың жаңа формалары мен әдістерін тиімді қолдану арқылы балаларды шығармашылыққа баулу іс - әрекеті мұғалімді ізденіске, өзін - өзі дамытуға, кәсіби шеберлігін жетілдіруге үнемі жетелеп, ынталандыруға тиісті. Өйткені белсенді ұстанымға ие, ізденімпаз, шығармашыл педагог ғана оқушыларды жетістіктерге жетелеуге қабілетті болады.

Жеке тұлға мен қоғамдық ортаның қарым - қатынасы философия, психология, педагогика, т. б. қоғамдық ғылымдардың көптен айналысып жүрген көкейкесті мәселелері. Адам баласы материалдық және рухани өмірдің ортасында тіршілік етеді де, өзі өмір сүріп отырған қоғамның, ұжымның, ұлттың, рудың мүшесі ретінде өзіндік ақыл - парасатымен, жеке бастың өзіне тән ақыл - ой, ерік - жігер, мінез - құлық ерекшелігімен көрінуге тырысады. Адам дамуына қоғамдық орта айтарлықтай ықпал жасайды.

Қоғамның белсенді мүшелерін дайындау мақсатында оқушылардың өзін - өзі тәрбиелеу ісін жетілдіру үшін олардың жас және дербес ерекшеліктерін еске алып, оқу - тәрбие жұмысының барысында сана - сезімін ояту, өз бетінше жұмыс істей білуге үйрету – мектептің басты міндеті. Баланың өзін - өзі тәрбиелеу белсенділігін қоғамдық жұмыстарға араластыру арқылы дамытуға болады. Оқушылардың жас ерекшеліктері мен жеке қабілеттерін ескере отырып, түрлі қоғамдық іс - әрекеттермен қамтамасыз ету керек. Соның бір мысалы – оқушылардың өзін - өзі басқару ұйымы.

Оқушылардың өзін - өзі басқару ұйымы мектептің ажырамас, қажетті атрибуты болып табылады және оқушылардың өзін де, қоғамды да жетілдіруге қабілетті, өздігінше дамитын тұлғаның қалыптасуына мүмкіндік туғызады.
Отбасы - оқыту мен тәрбие жұмысындағы мектептің одақтасы. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралардың сақтаушысы. Сондықтан ол адам үшін ең жақын әлеуметтік орта.

Отбасындағы басты мәселелердің бірі – баланың тіршілік әрекетін ұйымдастыру: баланың тәртібі, міндеттері, қойылатын талаптар, оның үй еңбегіне қатысуы, оқу - әрекеті, бос уақытын ұйымдастыру. (4 - сызба).

4 - сызба. Отбасында балалардың тәрбие процесіне ықпал жасайтын жағдайлар.
Отбасының осы ерекше белгілерінің тәрбиелік ықпалы өте күшті, оларды тәрбие барысында ескеру қажет. Отбасының өзіне тән ерекше қызметтері бар. Олар халықтың өсуі, адамзат ұрпағын әрі қарай жалғастыру, қажеттілік, шаруашылық қызметі, отбасы мүшелерінің өзара және туған - туысқандарымен қатынас жасау қызметі.
Ата - ана абыройы дегеніміз – бала көзімен көріп тұрған, жасы үлкен кісінің күдіксіз қасиеті, күші, ішкі қуаты, берік логикаға негізделген ісі мен қасиеті. Осы қасиеттерді баланың бойына сіңіре білу – отбасы тәрбиесінің мақсаты, борышы, міндеті.
Мектеп оқу - тәрбие жұмысының мазмұнын жақсартуға, ата - аналармен ынтымақтастық пен өзара іс - әрекет түрлерін ұйымдастыруға қам жасап, ата - аналарды, жұртшылықты мектептің іс - шараларына кеңінен қатыстырады. (5 -сызба)

5 - сызба. Ата - аналармен ынтымақтастық және өзара іс - әрекет жасау жүйесі.
Ата - аналармен ынтымақтастыққа бағытталған жүйелі түрде ойластырылған жұмыстар ата - аналар қауымдастығы мен мектептің ортақ міндеттерін іске асыруды көздейді. Мектеп ата - аналар қауымының проблемалары мен сұраныстарын талқылау үшін әрқашан ашық екендігіне оларды сендіріп, өзара ынтымақтастық пен серіктестік жүйесін жетілдіріп отыруы қажет.
Тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңі қазіргі ұрпақтың рухани байлығы, мәдениеті, саналы ұлттық ойлау қабілеті мен біліміне байланысты. Кез келген халық ұрпағының тәрбиесіне терең мән беріп, болашағына үнемі алаңдаушылықпен қараған.

Еліміздің әлемдегі бәсекелестікке қабілетті елу елдің санатына қосылу үшін білім беру жүйесінде де күрделі өзгерістердің туындайтыны белгілі. Сондықтан да қазіргі оқу - тәрбие ісінде сараптай және дұрыс шешім қабылдай алатын және оларға жауапты болатын тұлғаның тәрбиесі қажет. Ал мектеп, қоғам және отбасының басты мақсаты – жас ұрпақты азамат ретінде сезінуіне ықпал етіп, өзін толық іске асыруына, өзінің әлеуметтік рөлі мен өмірлік мұратының мәнін ұғынуына, интеллектуалдық әлеуетін көтеруге және әрбір жеке тұлғаның өзіндік ішкі мүмкіндіктерін толық пайдалана білуге үйрету болып табылады. Еліміздің әрбір жеткіншегін дара тұлға ретінде жетілдіру, оның шығармашылық қабілеттерін құзыреттілік тұрғыда дамыта отырып нағыз ел азаматы етіп тәрбиелеу – бүгінгі күннің кезек күттірмес мәселесі.
13 706
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Білімді жастар - еліміздің болашағы
Білімді жастар - еліміздің болашағы
Адамзат алдында тұратын ұлы мұрат – міндеттердің ең бастысы – өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы, рухани бай және ақыл - парасаты мол, мәдени - ғылыми өресі озық азамат тәрбиелеу.
Физика пәні педагогтарының кәсіби құзырлылығын арттыру
Физика пәні педагогтарының кәсіби құзырлылығын арттыру
Физика пәнінің мұғалімі Жанұзақова Сауле Айғалиқызы
Эссе
Эссе
Қарағанды облысы, Приозерск қаласы, №1ЖББ ОМ қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімі Хизирова Маржанкул Хожабекқызы
Ағылшын тілін оқытудағы тілдік ойын және оның элементтері
Ағылшын тілін оқытудағы тілдік ойын және оның элементтері
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Басықара ауылындағы №182 орта мектептің ағылшын тілі пәні мұғалімі Нұрмағанбетова Жанар Мейрімжанқызы
Сабақта жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану - білім сапасының кепілі
Сабақта жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану - білім сапасының кепілі
Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Жаңа өмір ауылы Шаған жалпы орта білім беретін мектебі коррекциялық /түзете-дамыта оқыту/ сыныбы мұғалімі Белхаирова Асемгул Мустахимовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×