Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сыныптан тыс шараларда оқушылардың ұлттық дүниетанымын халық тағылымдары арқылы қалыптастыру тәжірибемнен

21 мам 2012, Дүйсенбі
Категориясы: Әдістемелік көмек
Сыныптан тыс шараларда оқушылардың ұлттық дүниетанымын халық тағылымдары арқылы қалыптастыру тәжірибемнен.

Жоспары:
І. Кіріспе
Оқушылардың ұлттық дүниетанымын қалыптастыру өмір талабы.
ІІ. Негізгі бөлім
Оқушылардың ұлттық дүние танымын дамыту өлшемдері мен көрсеткіштері.

Сыныптан тыс шарада оқушылардың ұлттық дүниетанымын қалыптастыру тәжірибемнен.
ІІІ. Қорытынды бөлім
Нәтижелерге сараптама.

І. Кіріспе
Оқушылардың ұлттық дүниетанымын қалыптастыру өмір талабы.

- Зерттеудің көкейкестілігі. Жеке тұлғаның ішкі жан дүниесінің қалыптасуына да қоғамның рухани - мәдениетінің даму деңгейі мен салт-санасы ықпал етеді. Жеке тұлғаны жан-жақты қалыптасудағы ауқымды орын алатын компоненттердің бірі - дүниетаным. [1.2.]
- Профессор С.Қалиев өзінің ұсынған өз зерттеулерінде ұлттық ерекшеліктердің этностардың арасында әлеуметтік тұрғыда көрініс алуына өзіндік пайымдаулар жасайды.
- Профессор С.Қалиевтің тәрбиелеушілік – халық ауыз әдебиеті жанрларындағы тәлімдік ойлар, халық шығармашылығының озық үлгілерінен заман ағымына сай жаңғырып, тұрмыста қолдана білу бейімділігі. Тәрбиелік шараларды жоспарлауда халықтық педагогиканың ғылыми педагогикамен байланысы негізінде халық қағидаларының ғылыми педагогикалық талаптарды ұсынады.[3.2].

1. Жас мөлшерін есепке алу.
2. Болмыс ерекшелігін ескеру.
3. Бала тәрбиесінің ортаға, отбасына байланыстылығы.
4. Баланың жеке басын қадірлеу.
5. Жасына сай ақыл – ойын дамыту.
6. Тәрбие мазмұның бір тұтастылығы.
7. Тәрбиенің үзіліссіздігі.
8. Ұжымдық тәлім-тәрбие.

Міне, осы бағыттарды ұстана отырып өзімнің ізденіс үстіндегі іс-тәжірибелік жұмысымды пайдаға асыру мақсатында ұлттық тәрбиенің негізін басшылыққа ала отырып, жұмысымды ұсынамын. Менің, өткізген тәрбиелік шараларда жоғарыда айтылған талаптар оқушы дүниетанымын дамытудың негізі болды деп білемін.
- Адамның дүниетанымының мазмұны психологиялық болмысында.
- Дүниетаным тұтастығы мен көз жеткізу деңгейі қоғамдағы түрлі қызығушылықтардың қарама – қайшылықтарынан көрініс алады.
- Адамның қоғамдағы орнындағы саналық сапасы.
- Қажеттілікпен қызығушылық сипаты мен мазмұны.
- Жеке қасиеттердің түрліше көрініс алуы.
Зерттеудің болжамы: Аталған сипаттамалардың өмірде көрініс алуынан жеке тұлға қалыптасуының факторлары анықталады. Жеке тұлға қалыптасуының факторларын сызба түрінде бейнелесек. Оқушылардың дүниетанымын дамытуда олардың эмоционалдық өрісін ескеру қажет.

Жеке тұлға
Жеке тұқым қуалаушылық Тәрбиелік орта Болмыс Еңбек әрекеті Қарым - қатынас
Кемелденген жеке тұлға Әлеуметтік фактор Жоғары нерв жүйесінің физиологиясы
Кеңістік орта Анатомо - физиологиялық ерекшелік Іс – әрекет орта

ІІ. Негізгі бөлім
Оқушылардың дүниетанымын дамыту өлшемдері мен көрсеткіштер
Себебі эмоционалдық қарым – қатынас арқылы жоғарыда айтылған білім қоры оқушылардың идеялық көзқарастарын, адамгершілік сапалары халық қағидалары негізінде қалыптасады. Бұл сапаларды қалыптастыруға «Атадан қалған асыл сөз», «Ұлдан ұлағат, қыздан қылық», «Ата мен әже ісі бізге өнеге» тақырыбында іске асырылды. Аталған интеллектуалды және эмоционалды саналар оқушылардың дүниетанымын дамытуда іс – әрекет – тәжірибе арқылы көрініс береді. Б.Өтешова [2]
Оны біз оқушылардың қалыптасқан дүниетанымдық бағыты, оның азаматтық бейнесі арқылы бағдарлай аламыз. Әрине, іс – әрекетке – тәжірибелік сапалары.
қалыптасу үшін міндетті түрде оқушыларды іс – әрекетке, интергративтік түрде ұйымдастырылған шаралар арқылы жүзеге асырамыз. Мысалы , пікір алысу, іскерлік рөлдік ойындар өткізу, көзқарас сабақтары, педагогикалық жағдаяттар шешу, танымдық сайыстар өткізу
(қосымша схема) арқылы көрсетсем төмендегідей алуға болады.

Ұлттық дүниетаным құрылымы:
1. Ойлау
2. Сенім
3. Қатынас
4. Көзқарас
5. Білім
6. Әрекет
7. Парасат
8. Ұлттық сана
9. Ұлттық болмыс
10. Ұлттық мораль
11. Ұлттық ойлау

Себебі, тек қана іс – әрекет жүзінде баланың ішкі позициясы, дүниетанымдық бағыты айқын көрініс бере алады. Оларды мен арнайы ұйымдастырған сыныптан тыс шарамда байқадым. Олар «Тағылымы мол – Наурыз мейрамы», «Көргені жақсы көш бастайды» т.б. [1.6.]
Жоғарыда айтылған оқушылардың интеллектуалдық, эмоционалдық, іс – әрекет – тәжірибелік сапаларының қалыптасқандығы мен төменде көрсетілген бағалау өлшемдері арқылы айқындадым. Қосымша схема арқылы былай алуға болады.

Дүниетаным:
1. Экологиялық көзқарастар
2. Эстетикалық көзқарастар
3. Саяси көзқарас
4. Құқықтық көзқарас
5. Діни көзқарас
6. Педагогикалық
7. Этикалық
8. Әлеуметтік психологиялық
9. Философиялық

Сонымен бірге бағалау өлшемдері төмендегіше:
- Дүниеге философиялық, ғылыми көзқарастары.
- Мінез–құлығындағы көрініс, моральдық – этикалық талаптарды орындалуы, қабылдауы.
- Іс – әрекетінде пайдалануы.
Зерттеу барысында аталған өлшемдердің үш деңгейін есепке алдым. Олар: жоғары, орта, төмен.

Жоғары деңгей – халық тағылымдарын қызығушылықпен қабылдап, оның әлеуметтік түрлерін іс жүзінде пайдалану дағдылары біршама қалыптасқан және тәрбиелік мүмкіндіктерін түсініп бағалай алуы.

Орта деңгей – халық тағылымдарының танымдық, тәрбиелік мәнін түсінуге құлшынысы бар, бірақ тұрмыс – тіршілікте пайдалануы жүйелі қалыптаспаған.

Төмен деңгей – халық тағылымдарының танымдық мәніне көңіл бөлмейді, тұрмыс – тіршілікте пайдалану дағдылары қалыптаспаған.

Аталған деңгейлердің нәтижесін шығаруда 8 – сынып оқушыларының арасында сауалнама жүргізген болатынмын. Сауалнама мақсаты – оқушылардың дүниетанымын анықтау бағытында таратылды. Оған 83 оқушы қатынастырылды. Соның ішінде менің 8 В сыныбымда 26 оқушы тапсырған болатын. Соның нәтижесіне көрсетілгені.
Нәтижесінде оқушылар дүниетанымын халық тағылымдары негізінде қалыптасудың мынадай олқылықтары байқалды.
- Қоғамда, отбасындағы тіршілікте баладан сұраныс болмауы, әрі тұтынуға деген қажеттіліктің туындамауы.

Сауалнама сұрақтары төмендегіше берілді. [6]
1. Әр халықтың сәлемдесу мәнерін қалай түсіндірер едің?
2. Отбасы туралы түсінігің?
3. Әке мен анаға байланысты туыстық атауларды ата?
4. Тыйым сөздер не үшін қажет?
5. Ырымдарға сенесің бе, неліктен?
6. Бата түрлерін ата, бата алу неге қажет?
7. Отбасыдағы перзенттің орнын ескерудің мәні неде?
8. Қара шаңырақ, отау шығару ұғымдарын қалай түсінесің?
9. Ұлттық қол өнер түрлерін ата?
10. Санаға байланысты халықтың ұғымдарынан не білесің?
11. Халықтың қарапайымдылық, көмектерін атап бер?
12. Маусымдық мерекелерді ата?
13. Бір мүшел (13 жас) жасқа байланысты рәсім, жоралғыларды білесің бе?
14. Той түрлерін ата?
15. Наурыз мейрамының ерекше белгілерін атап бер?

Халықтың салт-дәстүр, әдет-ғұрпын, ырымдар мен тыйымдарды атап беруде, танымдық тәрбиелік мәндерін ашуда өзіндік пайымдаулары төмен көрінді. 26 оқушының 5 озаты ғана жауап берді. Нәтижесі сапа көрсеткіш пен көрсетсем 26 оқушыдан 19% пайыз болды.

Сыныптан тыс шарада оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру тәжірибемнен
Оқушылардың халық тағылымдарын қаншалықты меңгергені туралы сауалнама, тестік жұмыстар арқылы білім мен тәрбиенің бағытында деңгейі айқындалды. Кіріктіріле жоспарлаған халық тағылымдарының танымдық мәнін ұтымды пайдалануда теориялық және практикалық білім және тәрбие шаралары мазмұнды мағлұматтар сәйкес қосымша іс-шаралар жүргіздім.[3] Кіріктірле жоспарлаған шаралардың мазмұнды мағлұматтар оқушылар дүниетанымын қалыптастырудың маңызы да мүмкіндігі мол екенін дәлелдеді. Сол мақсатта мен 8-сыныптар арасында өткізген тәрбиелік шара тақырыбы «Атадан қалған асыл сөз» мақсатында – оқушылар бойына әдептілікпен алғырлық қасиеттерді қалыптастыру. Оқушылардың мәнерлеп оқу, ұлы ғұламалардың сөздерін жатқа айту қабілеттерін дамыту. Адам бойындағы ұнамды – ұнамсыз қылықтарды айыра отырып, аталы сөзден ғибрат алуға, әдептілікке, сыпайлыққа тәрбиелеу (қысқаша берілді, осы жерде тәрбие сағаты кетеді).

Тақырып: Атадан қалған асыл сөз

Мақсаты: Оқушылар бойына әдептілік пен алғырлық қасиеттерді қалыптастыру,ұлы ғұламалар сөздерін жатқа айту қабілетін дамыту, адам бойындағы ұнамды - ұнамсыз қылықтарды айыра отырып аталы сөзден ғибрат алуға, әдептілікке, сыпайлыққа тәрбиелеу.
Мазмұны: - ұлттық дүниетанымды дамыту;
- атадан қалған асыл сөз жұмыстарын ескерту.

Ұйымдастыру кезеңінде:
Кіріспе.
Мұғалім: балалар, асыл сөздерге қандай сөздерді жатқызар едіңдер?
Оқушылар осы уақытта былай жауап береді: Мақал-мәтелдер, шешендік сөздер, бата, аңыз-әңгімелер.
Ендеше бүгінгі біз шарамызда аталы сөздер мен балар өсиеттерімен толық танысатын боламыз.

І бөлім.
«Ескірмейтін есті сөз»деп аталады.
Оқушылар бұл бөлімде мақал-мәтелдер айтып шығады. Мақал-мәтелдер айтуға он оқушы қатыстырылады. Бұл бөлімнің негізгі міндеттері оқушылар халық тағылымдарын білім мазмұны арқылы адамзаттық тәрбиемен ұштастыру.
Нәтижесі: ұлттық рух, ұлттық намыс, ұлттық сана ұғымдарының мәнін ұғынып, өзіне жетекші идея ретінде ұсынады.

ІІ бөлім.
Көрініс қойылады
Абылай хан мен батыр арасындағы шешендік тұрғыдағы айтылған мағыналы сөздерді айтып өтеді.
Мазмұнында: оқушылар шешендік сөздерді еске сақтау қажет. Адамзат бойындағы жақсы қасиеттерді тұту.
Міндеттері: Дүниетанымдық пайымдауларын ой елігінен өткізіп, ұлттық рух, намыс ұғымдарын ақиқатын ұғыну болып табылады.
Нәтижесі: Туыстық қатынастардың танымдық, әлеуметтік, тағылымдық мәндерінің сабақтастығын ажыратады, «үш жұрт» ұғымының қалыптасу мәнін түсінеді.

ІІІ бөлім.
Ырым - тыйымдар білеміз бе? деп аталады.
Бұл бөлімде қазақ халқының ырым - тыйымдарын кезек-кезек атап көрсетеді.
Міндеттері: Бұрынғы кезеңде ұғым болып қалыптасқан ұғымдардың танымдық мәніне үңілуге ұмтылдыру, ой салу. Оқушылар ырым-тыйымдар туралы түсінік алады.
Нәтижесі: Қазақ халқына тән жауапкершілікті, парызды толық мойындайды, ескереді.

ІV бөлім.
Асылдың сөзі – ақылдың кені деп аталды.
Бұл кезеңде оқушылар Абыз ата, Қазбек би, Марғасқа жырау, Тәттіқара ақындарды сомдап бабалар өсиетіне тоқталады. Рөлді сомдап жүрген оқушылар бойынан қазақ халқына тән жақсы ұғымдарды ұйғарғанын көрдім.
Нәтижесі: Бұл кезеңде оқушылар бойынан ұлттық намыс пен жігер қалыптасқанын байқадым.

V бөлім.
Деген екен...деп аталады.
Бұл бөлімде Абай, Әл-Фараби сынды ұлы ақындар мен философтардың сөздерін қысқаша айтып өтеді. Оқушылар бұл бөлімде ғұламалардың сөздерін жатқа айтып көрсетеді, сонымен бірге оқушы бойынан үлкен бір халқына деген жанашырлық сезім байқалады.
Шара соңында мұғалім қорытындылап аяқтайды,
Жалпы шара кезінде оқушылар өздерін тану – бұл ұлттық рухты бойға дарыту мен заман ағымына байланысты ұлттық намыс пен халықтың санасына сынға түсіп отырғандығын ескереді. Ұлттық сана, сенім, намыс, мінез-құлықтарын өзгертіп қарапайымдылық тұлға болады. Оқушылардың ұлттық дүниетанымы бірыңғай қалыптасады.
5 547
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тәрбие жұмысының жоспары
Тәрбие жұмысының жоспары
Ұлттық рухы биік, адамгершілігі жоғары, салауатты өмір салтын ұстанатын, елінің өткенін құрмет тұтып, ертеңіне өз үлесін қосуды парызым деп білетін жан - жақты білімді, қабілетті, жаңашыл тұлға қалыптастыру.
Дипломдық жұмыс. Мектеп жасына дейінгі балаларға әдебиеттің ұсақ жанрларын үйрету арқылы дүниетанымын қалыптастыру
Дипломдық жұмыс. Мектеп жасына дейінгі балаларға әдебиеттің ұсақ жанрларын үйрету арқылы дүниетанымын қалыптастыру
Дипломдық жұмыс. Мектеп жасына дейінгі балаларға әдебиеттің ұсақ жанрларын үйрету арқылы дүниетанымын қалыптастыру. Ұлттық тәлім - тәрбие берудің нәтижелілігі балабақша тәрбиешісінен бастап, бастауыш мектеп мұғалімнің педагогикалық қызметінің
Оқушылардың әдебиет сабағына қызығушылығын арттыруда дәстүрлі емес сабақтардың маңызы
Оқушылардың әдебиет сабағына қызығушылығын арттыруда дәстүрлі емес сабақтардың маңызы
Ұлттық білім үлгісінің негізгі бағыты - адамды қоғамның ең негізгі құндылығы ретінде тану, оның ұлттық дүниетанымын қалыптастыру, сол арқылы оқушының жан дүниесінің баюына, шығармашылық еркіндігі мен белсенділігінің, кәсіби іскерлігінің қалыптасуына
Жеке тұлғаны тәрбиелеуде ұлттық құндылықтардың маңызы
Жеке тұлғаны тәрбиелеуде ұлттық құндылықтардың маңызы
Атырау қаласы №10 С. Мұқанов атындағы орта мектеп бастауыш сынып мұғалімі Қожахметова Марал Сарсеновна
Бастауыш сыныпта оқу – тәрбие үрдісі арқылы ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген жеке тұлғаны қалыптастыру
Бастауыш сыныпта оқу – тәрбие үрдісі арқылы ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген жеке тұлғаны қалыптастыру
Б. Нысанбаев орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Хамзина Нұргүл Жексенбайқызы
Бабадан қалған бар байлық
Бабадан қалған бар байлық
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Қандыағаш қалалық №2 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Улмагамбетова А. М.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×