Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мәтінді графикалық бейнелеу тәсілдері

18 сәуір 2015, Сенбі
Категориясы: Әдістемелік көмек
Шығыс Қазақстан облысы, Бородулиха ауданы
«Зубаир орта мектебі» КММ тарих пәні мұғалімі
Кизатаева Гульнур Нурбековна

Мәтінді графикалық бейнелеу тәсілдері

Кіріспе:
Қоғамдық - гуманитарлық пәндерді оқып үйрену - оқушыларды дербес зерттеу қызметіне талаптандыратын, олардың өз тұжырымдары мен пайымдауларын талдауға ынталандыратын, өз ойын білдіру қабілетін дамытатын белсенді процесс. Адамдардың бұрынғы ұрпақтары жинақтаған тәжірибесін пайдалану тарихтың негізгі әлеуметтік міндеті болып табылады. Дүниемен қарым - қатынаста жинақталған білім тәжірибеде шығармашылық тұрғыда жүзеге асырылады. Тарихи білімнің мазмұнында жергілікті, ұлттық, ортаазиялық және әлемдік тарихтың элементтері үйлесім табуы қажет. Осы элементтердің дұрыс сәйкес келуіне қол жеткізу негізгі міндет болып табылады. Тарихқа тарихи және логикалық талдау элементтерін үйлестіретін ерекше таным тән. Мұғалім дүниетану материалына, қоғамның даму теориясына қатысты көзқарас алуандылығын бейнелейтін материалдарға:
- ғалымдар еңбегінің нәтижелерін сипаттауға;
- зерттелетін нысандардың қасиеттерін ашуға;
- әр түрлі модельдерді, ұғымдар мен теорияларды пайдалануға;
- экологиялық мәселелерді бейнелеуге;
- теориялардың, модельдердің, заңдардың қолдану шеңберін түсіндіруге көңіл аудару қажет.
Оқыту оқушының шынайы өмірді түсінуіне көмек беретін құбылыс ретінде қарастырылады. Бұндай заманауи көзқарас. Қазіргі уақытта заман талабына сай өздігінен білім ала алатын және өз білімін өмірде қолдана алатын азамат тәрбиелеу негізгі міндет ретінде қойылып отыр.
Тарих сабағының негізгі ақпараттық көзі - мәтін. Оқулық мәтіні болын, хрестоматиядан үзінді болсын - оқушының талдауын қажет етеді. Оқушылардың қабылдау ерекшеліктеріне байланысты кейбір оқушыларда есту арқылы қабылдау дамыса, кей оқушыларда бейнелі жады орын алғаны белгілі. Оқушылардың осындай жады ерекшеліктеріне байланысты, өзімнің жұмысымда бейнелі жадысы дамыған оқушылармен жұмыс жасауға бейімделген графикалық оқыту тәсілдеріне тоқталғым келеді.

Негізгі бөлім.
Қазіргі уақытта білім саласына қойылатын жоғары талаптар білім беру жүйесін түрлі әдіс - тәсілдермен толықтырылуын қажет етіп отыр. Солардың бірі – сын тұрғысынан ойлау технологиясының әдістері. Көптеген оқушылар үшін олардың ақпаратты қабылдау ерекшеліктеріне байланысты мәтінді графикалық түрде бейнелеу өте қажет.
Олардың арасындағы ең танымалы - кластер.
Кластер - ( ағылш.. cluster – үзім) белгілі бір мәтінге байланысты туындайтын ойлау үрдістерін көрнекі түрде бейнелейтін тәсіл. Кластер құру әрекеттерінің қатары қарапайым және логикалық:
1. Таза беттің (сынып тақтасының) ортасына мәтіннің «жүрегі» болып табылатын кілтті сөз немесе тезисті жазамыз.
2. Жан - жағынан тақырыпты білдіретін идеялар, фактілер мен сөйлемдерді жазамыз.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 980
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қысқа мерзімді жоспар (тарих 5 - сынып)
Қысқа мерзімді жоспар (тарих 5 - сынып)
Тарих пәні бойынша қысқа мерзімді жоспарлар
Гуманитарлық - қоғамдық бағыт (таңдау курсы)
Гуманитарлық - қоғамдық бағыт (таңдау курсы)
Курс мақсаты: Оқушылардың алгоритмдік - логикалық, ақпараттық ойлау қабілетін дамыту және ақпараттық құзырлығын қалыптастыру.
Графиктік функциялар мен процедуралар
Графиктік функциялар мен процедуралар
Паскаль тілінде графикалық объектілерді программалай алу іскерліктерін қалыптастыру
Мысалды оқытуда қолданатын тиімді әдіс - тәсілдер
Мысалды оқытуда қолданатын тиімді әдіс - тәсілдер
Мысалды оқытуда қолданатын тиімді әдіс - тәсілдер
Қазақстан тарихы сабағында сын тұрғысынан ойлау мен әртүрлі әдіс - тәсілдерді қолданудың тиімділігі
Қазақстан тарихы сабағында сын тұрғысынан ойлау мен әртүрлі әдіс - тәсілдерді қолданудың тиімділігі
Ақтасты селосы, Абай атындағы орта мектептің тарих пәні мұғалімі Султанова Асем Атабаевна
Ақтөбе облыстық мемлекеттік мұрағаты - тарихи дерек ретінде
Ақтөбе облыстық мемлекеттік мұрағаты - тарихи дерек ретінде
Ақтөбе қаласы, №33 Қазақ орта жалпы білім беру мектебі Әбдібекова Назкен 8 класс Жетекшісі: Жұрмағамбет Қобылан Қалтайұлы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×