Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Эссе жазу тәртібі

20 ақпан 2017, Дүйсенбі
Категориясы: Әдістемелік көмек
Эссе жазу тәртібі
1. Титул беті.
2. Кіріспе – берілген тақырыпты негіздеу, ол логикалық және және стилистикалық байланысқан компоненттер қатарынан тұрады. Бұл этапта өз зерттеу барысында ашқалы отырған тақырыпқа қойылатын сұрақты дұрыс қою керек.”Кіріспе жазу барысында аталған тақырыпқа анықтама беру керек пе?, ” Мен алған тақырып неліктен маңызды?”, “ Менің тұжырымдауымда қандай түсініктер қолданылуы мүмкін?”, “Мен тақырыпты кішкене тақырыпшаларға бөле аламын ба?, т. с. с. сұрақтарға жауап іздеген жөн.

3. Негізгі бөлім. Тақырыптың теориялық негізі мен сұрақтың мазмұнын жазу. Бұнда эссенің негізгі мазмұны жазылады және ол біраз қиындық тудырады. Сондықтан негізгі бөлімді шағын тақырыпшаларға бөлуге болады. Әр тақырыпшаларды аргументті түрде тұжырымдау негізгі сұраққа жауап беруге көмектеседі. Берілген тақырыптағы аргументтер мен талдаулар, позицияларды көрсету арқылы негізг бөлімді толық жазуға мүмкіндік туады.
Қойылған сұраққа байланысты талдау жүргізу үшін мынадай категориялар негізінде жазу керек:
Себеп - салдар, жалпы - айрықша, форма - мазмұн, бөлік - тұтас, тұрақты - өзгермелі. Тақырыпшаларды тиімді пайдалану тақырыпты ашудағы логикалық ойын байқауға көмектеседі.

4. Қорытынды – жалпыланған және аргументі бар, қолдану аймағы көрсетілген және т. б. түрде болуы мүмкін. Эссенің қорытынды бөлімінде негізгі бөлімде айтылған сұрақтың мәнін бекітеді және мазмұнының маңыздылығын ашады. Қорытынды бөлімінде қолданылатын әдістер: қайталау, иллюстрация, цитата, әсер беретін тұжырым.
Эссе жазу үшін қажет дәлелдеу аппаратының құрылымы

Дәлелдеу - белгілі бір тұжырымға негізделген және оған байланысты шын мәніндегі тұжырымды анықтау үшін қолданатын логикалық тәсілдер жиынтығы. Ол сенім - наныммен байланысты, бірақ онымен тең емес: аргументтеу немесе дәлелдеу ғылымға және қоғамдық - тарихи тәжірибеге сүйенеді. Сенім - жорамал, ол нақты дәлелденбеген білімге негізделеді.
Дәлелдеудің құрылымына 3 құраушы бөліктері енеді. Олар: тезис, аргумент, қорытынды.
Тезис - дәлелденуге тиісті жағдай.
Аргументтер - тезистің анық шын екендігін дәлелдеу үшін қолданылатын категория.
Қорытынды - фактілерді талдауға негізделген ой түйін. Бағалаушы тұжырым - біздің сенімімізге, нанымымызға және көзқарасымызға негізделген.

Аргументтер бірнеше топқа бөлінеді:
1. Тексерілген фактілер - нақты материал. Фактілер - тенденцияны анықтайтын қор, оның негізінде - әр білім бойынша заңдар мен берілген жағдайға заңның әсерін анықтаймыз.
2. Анықтамалар тезиспен байланысты түсініктің аргументі ретінде қолданылады.
3. Ғылым Заңдары және алдында қолданылған теоремалар дәлелдеу аргументі ретінде қолданылады.
Тезистер мен аргументтердің логикалық сабақтасып тұруы үшін олардың өзара байланысу тәсілдерін білу қажет. Аргумент пен тезистің байланыстары тура, қосымша, айрықша бөліп тұратын болуы мүмкін.
Тура аргументте тезистің шындығы аргументтен анық көрініп тұрады. Мысалы, біз сабаққа баруға тиісті емеспіз, себебі бүгін күн жексенбі.
Индукция, дедукция, аналогия, себеп - салдар байланыстары арқылы тура дәлелдеу әдістерін қолдануға болады.

Алматы облысы, Райымбек ауданы,
Жаланаш ауылы, Жамал Ермегияев атындағы орта мектебі
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Нұрсадықова Гүлан Нұрлыбайқызы
10 804
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Сусыз өмір жоқ
Сусыз өмір жоқ
Барлық оқушылар орындай алады: Тірек сөздерді түсінеді, тақырыпты болжайды. Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Тақырыпты тірек сөздер арқылы болжайды, сұраққа түсініп жауап береді.
Мектеп өмірі тақырыбында эссе жазу
Мектеп өмірі тақырыбында эссе жазу
Эссе құрылымын сақтай отырып, адамды, табиғатты, белгілі бір оқиғаны сипаттап жазу. Ойлау дағдыларының деңгейі Жоғары деңгей дағдылары
Бөлімді қайталау. Өзіңді тексер
Бөлімді қайталау. Өзіңді тексер
Тарау бойынша алған білімдерін қорытындылау. Ойын, есте сақтау қабілеттерін дамыта отырып, көктем мезгіліндегі табиғат ерекшеліктерін сүйе білуге тәрбиелеу.
Шу және оның тірі организмдерге әсері. Шумен күресу жолдары
Шу және оның тірі организмдерге әсері. Шумен күресу жолдары
Оқушыларды топтастыру арқылы олардың ойын жан-жақты талқылау. Сын тұрғысынан түрлі сұрақтар қою арқылы тақырыпты өмірмен байланыстыратын мысалдар арқылы тақырыптың мазмұнын ашу.
Жұмыс әлемі. «Дәрігер - жақсы мамандық»
Жұмыс әлемі. «Дәрігер - жақсы мамандық»
Мәнмәтіндерден (мақала, сұхбат, аудиовизуалды материал) үзінді тыңдайды, терминдердің мағынасын түсінеді, негізгі ақпаратты анықтайды.
Балалар елін бағындыру (Ертегі)
Балалар елін бағындыру (Ертегі)
Қызылорда қаласы, №11 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Ибраева Сәрсенкүл Әбдуайтқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×