Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Құзыретті сабақ, ол қандай?

25 желтоқсан 2012, Сейсенбі
Категориясы: Әдістемелік көмек
Құзыретті сабақ, ол қандай? Қазіргі сабақта мұғалімнің және оқушының рөлдері қалай және қандай өзгереді
Біздің елімізде, орта білім реформасы объективті мәселелер кешені ретінде, мектепте сапа және білім үдерісінің тиімділігін көтермелеуімен толығуын талап етеді. Соның ішінде білім үрдісінде ең бір басты мәселе бұл қоғамның жылдам өзгеруі, оқушының білім алуға шектеулі мүмкіндіктері және инновациялық технологияның енгізулері. Мәселені жүзеге асыру үшін, жас маман дайындығы емес тәжірибелі мұғалімдердің жүйелі дайындығын талап етеді. Қазіргі кезде орта білімнің құзыретті қолдауға өту мәселесінде «құзыреттілік» және «құзырет» айқындамаларының теориялық сұрақтарының дұрыс шешімінің таба алмай жатыр.

«Құзыреттілік» және «құзырет» түсініктері ХХ ғасырдың 90-жылдары отандық педагогика лексиконына кіріктіре басталды да, ағылшын тілінен аударғанда түрлі мағына береді. Мамандардың зерттеуі бойынша құзыреттілік жүйесінде 112 қасиет түрі бар. Ал білім жүйесінде сапа және нәтижеге көзделген құзыреттің жеті қасиетін алуға болады. Осыдан, біз құзыретті оқыту барысында білім алудың білім, біліктілік және шеберліктердің маңызды кешені деп есептеймін. Құзыреттілік бұл тұлға бойындағы барлық қасиеттердің жинағы, оның құзырлығының негізінде пайда болған шеберлігі, бір жұмысты орындаудағы епшілдігі. «Құзыреттілік» түсінігі оқыту үрдісінің нәтижесін бейнелеуде қолданылады; «құзырет» түсінігі алдынғы педагогикада талап етілетін «қалай екенін білем» бағытынан, «қалай қолдануды білем» бағытына негізделеді.

Құзырлар
Оқу-тәрбие үрдісіндегі педагогика-психологиялық технологияларда негізделген кәсіби құзырлықтарға ие болу:
Ақпараттық құзыр. Тіл табысу құзыры, Оқу-танымдылық құзыр, Түсініп бағалау құзыры, Жалпы мәдени құзыр, Жеке тұлғалығын жетілдіру құзыры, Қоғамдық - еңбек құзыры, ақпараттық құзыр теледидар,магнитофон, телефон, факс, компьютер, принтер, модем, көбейткіш және ақпараттық технологиялар (аудио- бейнетаспа, электронды пошта, жалпы ақпарат құралдары, ғаламтор) көмегімен қажетті ақпаратты іздеп, зерттеп және таңдай алып, оны ұйымдастырып, қайта өңдеп жеткізе алады. Бұл құзыр оқушының айналамен танысудағы, оқулықтардағы, білім аумағындағы ақпараттарды нығайтуға бағытталған.

Тіл табысу құзыры Бұл құзыр оқушының тілді үйренуіне бағытталып, оны айналамен танысуда, уақиғалардан тыс қалмауда қолдана алуы. Сонымен қатар топта, ұжымда түрлі қоғамдық роль атқаруына көмек көрсетеді. Оқушы өзін өзі таныстыра білуі, хат жаза алуы, анкета толтыра алуы, өтініш және арыз жаза алуы, сұрақтар қоя білуі, тартысуларды ұйымдастыруы қажет.
Оқу-танымдылық құзыр
Оқушының логикалық, методологиялық, жалпы білім алу қызметінің аясында, шынайы объектілерді зерттеу , жеке танымдылық іс-әрекеті жинағының құзыры. Құзырға мақсатталған, жоспарланған, талданған, шартталған, өзін-өзі бағалай білу, оқу - танымдығының біліктілігі мен білімі енгізіледі. Оқушы нәтижелі креативті (шығармашылық) біліктілікпен айналысады;шындықпен байланысты біліммен құралданады
Түсініп бағалау құзырлығы. Бұл құзыр оқушының дүниетанымының аясында қалыптасып, шешім қабылдауда, өз іс-әрекетінің орынымен бағытын, мақсатымен міндеттерін қоя білуі. Бұл құзыр оқушының оқу немесе басқа да әрекеттерде өзін-өзі анықтау механизмі. Оқушының жалпы тұлғалық траекториясы және өмір сүру бағдарламасы осыған тікелей тәуелді.

Жалпы мәдени құзыр –оқушы қызметінің тәжірибесі және танымдылығынан хабардар болу сұрақтарының ауқымы. Бұл адам және адамзаттың өмірін, рухани-адамгершілік негіздерінің, жеке халықтардың, әлеуметтік көріністің және жөн-жоралғының мәдени негіздерін, отбасылық, қоғамдық, ғылымның және діннің рөлін, ұлттық және адамгершіліктік мәдениетінің өзгешеліктерін көрсетеді.Жоғарыда айтылғандардың барлығы айналаға, бүкіл әлемге, адам өміріне, соның ішінде мәдени демалысын ұйымдастыруға әсер етеді.

Жеке тұлғалығын жетілдіру құзыры. Оқушының рухани, зейінді жетілуіне, эмоциялық өзін-өзі бақылауы және қолдауына арналған құзыр. Бұнда оқушы шынайы объект ретінде көрсетеді. Ол үздіксіз іздену арқылы, қажетті заманауи тұлғалық қабілеттерді дамытуымен, өзінің қызығушылығы мен мүмкіншіліктерін жетілдіруге ынталанып, психологиялық біліктілігін қалыптастырып, шыңдауға кіріседі. Сонымен қатар, бұл өмір қауіпсіздігінің іс-әрекеттері мен қасиеттерінің кешені деп есептеуге болады.
Қоғамдық - еңбек құзыры. Бұл құзыр оқушының қоғами –азаматтық борыштарын (азамат ролінде: бақылаушы, сайлаушы, өкіл) білуге, әлеуметтік-еңбек аясын (тұтынушы ретінде, сатып алушы, клиент, өндіруші) білуге, отбасы қарым-қатынасы мен борыштарын білуге, экономика және құқықтық, кәсіби білімін жетілдіруге бағытталған

Ал тұлғаны бәсекеге қабілетті етіп тәрбиелеу процессі оқу тәрбие үрдісінде бастапқы мақсат етіп қойылса, ол, әрине, орта білім беру мектебінде құзыретті сабақ алуға немесе беруге тікелей байланысты.
Мұғалімнің құзыретті сабақтағы айқындамасы
Елімізде тәрбиеленушілердің адами-тұлғалық қасиеттерін айқындап, оны қалыптастыра алатын мұғалімдердің кәсіби біліктілігін және білімдерін көтеру, ең алдымен олардың психологиялық-педагогикалық құзыреттілігін асыру ең өзекті мәселелердің бірі болып саналады
Мұғалімнің кәсіби айқындамасы үш блоктан тұрады:
1. психологиялық-педагогиялық білімділігі – бұл жалпы кәсібі білімі.
2. психологиялық-педагогиялық біліктілігі – сабақ беру процессінде мұғалімнің өз білімін жеткізе алу қасиеті және қарым-қатынасты ұйымдастыра білуі.
3. Жеке тұлғалық кәсіби қасиеттерінің маңыздылығы, мұғалімнің мінез-құлқымен өсетін, педагогикалық қызмет процессінің ажыратылмас бір бөлігі ретінде қарастырылады. (Бұл жерде, жалпы мұғалімнің мінез сипаты, оқушыларға әсер ете отырып, өзінің біліктілігімен білімін шыңдалуы)

Жаңа талаптарға бағына отырып, мұғалімнің кәсіби құзыреттілігінің дамуының негізгі жолдарын анықтауға болады:
1. әдістемелік бірлестіктерде, шығармашылық топтардың жұмысы
2. зерттеу, эксперименталды жұмыстар жүргізу
3. инновациялық жұмыстар: жаңа педагогикалық технологияларды меңгеру
4. педагогикалық қолдау түрлерін үйрену
5. сайыстарға, мастер-класстар, форум және фестивальдарға белсенді түрде қатысу
6. педагогикалық тәжірибесін жинақтау
7. ИКТ пайдалана білуі

Мұғалімнің кәсіби құзыры, оның бастапқы тәжірибелі біліктілігі және шеберлігі, жас ерекшеліктеріне сәйкес адамның тұлғалық дамуына байланысты белсенді, үздіксіз үйренуінде қалыптасады. Жоғары құзырлы мұғаліммен төмен құзырлы мұғалімнің айырмашылығы, осы педагогикалық-психологиялық компоненттерді кәсіби шеберлігімен қолдана білуінде. Педагогикалық-психологиялық компоненттердің жоғары деңгейде қалыптасуы мұғалімге, оқушыларға алдын алынған білімдерді және жаңа білімді дифференциалды, әлеуметтік, аутопсихологиялық компоненттер ретінде ұғындырып, қалыптастыруда, яғни осы білімдер олардың қабілеттілігінің дамуында «кірпіш» болуына көмектеседі. Оқушылардың қол жеткізген жетістіктері, осы педагогикалық-психологиялық компоненттердің нәтижесі болып табылады. Педагогикалық-психологиялық компоненттердің мұғалімнің айқын-методологиялық ұстанымда қол жеткізген нәтижеге әділ баға беріп, талдауының негізі болып табылады

Егер мұғалім оқушылардың психологиялық ерекшеліктерін қарастыра отырып, оңай деңгейден күрделі деңгейге ауыстыра алып; ақпаратты төмен деңгейдегі оқушыларға түсінікті етіп, жоғары деңгейдегі оқушылар біліміне сай жасап; барлығын назардан тыс қалдырмай, пайдалы іс-әрекетті қолданып отырса, ол мұғалім өнімді сабақ бере алды деп есептеуге болады. Ал қазіргі заман білім жүйесінің талабы да осы. Ал қазіргі заман сабақ беру талабына сай, мұғалімнің оқушылармен тіл табысу құзырын төмендегідей біліктілігіне байланысты:

1. Кәсіби қатынас ретінде әлеуметтік-психологиялық механизмдерді шебер қолдану яғни қандайда бір мақсатқа жету үшін оқушымен тіл табыса білуі.
2. Өз бетімен педагогикалық мәселелерді оқушылардың дамуына өз көмегін тигізе алатын факторларға сүйене отырып, шешім қабылдай алуы.
Дегенмен, мұғалім біліктілігінің жан-жақтылығы мен тереңдігі үнемі өнімді бола бермейді. Осы біліммен біліктіліктің даму деңгейі, оқушылармен тіл табысуымен сәйкес келе бермейді. Мұғалімнің жоғары кәсіптілігі, осы кәсіпке қандайда тұлғалік қабілеттері мен қасиеттерінің табиғи болмысына негізделеді.

Егер мұғалімнің кәсіби құзырлығын дамытатын болсақ, ең алдымен оның маман ретінде қалыптасуға кәсіби маңыздылығы бар қабілеттерін ашу қажет.
Құзыретті сабақты талдау схемасы
Жаңа заман талабына сай мұғалім өз сабағын төмендегідей критерийлер арқылы талдау жасайды:
1. Сабақтың тараудағы, тақырыптағы орыны; өтілген тақырыппен байланысы;
2. Сабақ өтілген сыныпқа шынайы мінездеме беру; сабақты жоспарлауда оқушылардың қандай мүмкіндіктері ескерілді; жалпы және арнайы біліктілікті ескеріп, диагностика жасай алу;
3. Сабақта қандай міндеттерді атқарды:
А. Білімділік Б.Тәрбиелік С.Дамытушылық
Қандай мәселелер маңызды болып, сыныптың және топтың қандай ерекшеліктерін ескерілді секілді сұрақтарға жауап беру қажет.
4. Сабақ жүйесін жаңашалау. Сұрақ-жауап өткізуге, жаңа материалды енгізуде, пысықтауда, үй жұмысын талдауда уақыттан үнемдеп пайдалану. Сабақ кезеңдерінің логикалық байланысы.
5. Сабақтың маңыздылығы қалай шешілді және ол шешім не үшін қолданылды.
6. Негізгі материалды енгізуде, әдіс-тәсілдер мен сабақ түрлерінің қолданылуы.
7. Оқушылардың білімін, біліктілігін және оларды қолдана білуін, меңгергенін бақылау жұмыстарының ұйымдастырылуы.Бақылау жұмысының нақты әдіс-тәсілдер арқылы жүзеге асуы.
8. Сабақта оқу бөлмесінің мүмкіндіктерінен пайдалану.Техника құралдары және көргізбе құралдары не мақсатта қолданылды?
9. Оқушылардың жоғары деңгейде жұмыс жасауы немен сүйемелденді?
10. Сабақта оқушымен мұғалім арасындағы мәдени қарым –қатынасы: психологиялық атмосфераның қалыптасуы.
11. Уақыт үнемділігінің ұйымдастырылуы. Қандай жолдармен уақытты үнемдеп пайдаланды?
12. Сабақта келеңсіз жағдайларды ойластыруы. Сабақты басқа да әдістемелік нұсқалары қарастырылды ма?
13. Мұғалім қойған мақсатына қол жеткізуі. Мақсатқа жету үшін міндеттерді орындай алдыма? Егер орындалмаса, не үшін орындай алмады және қашан, қай уақытта орындайды сұрақтарына жауап іздеуі қажет.
Құзыретті шет тілі мұғалімінің сабақты сәтті өткізу үшін, сабақтың мазмұнымен әдістемелігіне аса назар аударуы қажет:
Сабақтың мазмұндылығы:
1. Сабақтың ғылымилығы
2. Сабақтың дамытушылық және тәрбиелік маңыздылығы
3. Алған білімді өмірде қолдана білуінің маңыздылығы: теорияны практикамен, өмірмен байланыстыру
4. Оқушылардың топтық және жеке жұмыстарының мазмұны
5. Оқушылардың белсенді танымдылығымен құштарлығын ұйымдастыру
6. Өзіндік жұмыстар арқылы жаңа біліммен біліктілікті практика жүзінде қолдана алуы
7. Мұғалім тарапынан сыныптың атқарған жұмысымен оқушылардың жеке жұмыстарын жан-жақты бақылау
Құзыретті сабақ беруде қолданылатын әдіс-тәсілдерге талап
1. Сабақта қолданылған әдіс-тәсілдердің, сабақты эмоционалды, оқушылардың қызығушылығын оятуда және білімге құштарлығын тәрбиелеумен сәйкестігі.
2. Сабақтың темпі мен ритмі оптималды болуы қажет, мұғалім және оқушының іс-әрекеті атқарылған болу керек
3. Мұғалім және оқушы арасында толық түсінушіліктің орнатылуы, яғни педагогикалық такттың сақталуы
4. Шығармашылықпен айналысуда, жеңіл психологиялық атмосфера жасау
5. Оқшылардың жұмысын түрлендіріп, әр түрлі әдіс-тәсілдерден қолдану
6. Сабақ процессі мұғалім арқылы бақыланып отырылады.
Оқушының шет тілі сабағында айқын қызметі, мұғалімнің өзін өзі көтерумен біліктілігін асыру мотивацияларының негізі деп санаймын. Мотивация негіздері етіп бірнеше құзырлардан пайдалануға болады:
• Мұғалімінің ақпаратты - технологиялық құзыры үлкен роль атқарады. Бұл құзырдың көріністері:компьютерлік білімі арқылы қажетті ақпаратты іздеп оны тез арада өңдеп, заманауи инновациялық технологиялардан кең пайдалана алуы.
• Жеке тұлғалығын жетілдіру құзыры: өздігімен бақылау жасау және даму; әлеуметтік, тұлғалық және қызметтік шарттар (рефлекстер)
• Ақпараттық құзыр: компьютерлік білімін нығайту, таңа технологияларды құзырлы пайдалану
Сабақ өтуді тартымды да қызықты ұйымдастыру үшін, оны қызықты формада өткізу қажет. Бұл мұғалімнің өзекті мәселелерді, оқытудың қызықты құралдарын пайдалана отырып, шешуге болады. Ол үшін методикалық әдебиеттерден алынған дидактикалық материалдар алу қажет. Дидактикалық материалдар сабақта уақытты үнемдеп пайдалану, оқушылардың танымдылығын белсендетуге әсер ететін ерекше құрал ретінде пайдаланылады.
8 634
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жаңашыл ұстаз өмір талабы
Жаңашыл ұстаз өмір талабы
Жаһандану заманында жас ұрпақтың жаңаша ойлау қабілетін, белсенділігін арттыру, білімге деген құштарлығын ояту, өмірінде оны қолдана білу, отансүйгіштік қасиетін одан әрі дамытуға бағыттау – ұстаздың басты міндеті деп білемін.
Қазақ әдебиетін оқытуда студенттердің құзыреттіліктерін арттыру
Қазақ әдебиетін оқытуда студенттердің құзыреттіліктерін арттыру
Сапалы білім алған, танымдылығы жоғары, құзыретті, бәсекелестіктің қайсыбір мықты тегеурініне төтеп бере алатын студенттер ғана болашақтың кілтін аша алады. Еліміздің жаһандық дүниеде даралануы білімді, жігерлі, ұлттық санасы рухани бай жас ұрпақ
Іскерлік ойындарының маңыздылығы
Іскерлік ойындарының маңыздылығы
«XXI ғасыр ұлттық бәсеке, ақпараттық сайыс, инновациялық технологиялар, күрделі экономикалық реформалар сияқты көріністерімен ерекшеленеді. Сол кезеңге сай интеллектуалды, дені сау, ой - өрісі жоғары дамыған, халықаралық деңгейге сәйкес білімі бар
Эссе. Ғылыми әдістемелік тұрғыдан педагогтардың кәсіби құзіреттілігін арттыру
Эссе. Ғылыми әдістемелік тұрғыдан педагогтардың кәсіби құзіреттілігін арттыру
Қызылорда облысы Қазалы ауданы. Музыка пәні мұғалімі Баян Алпысбай Игілікқызы
Құзыреттіліктерді қалыптастыру - жеке тұлғаны дамытудың басты кепілі
Құзыреттіліктерді қалыптастыру - жеке тұлғаны дамытудың басты кепілі
Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданы, «Абай атындағы орта мектебі» КММ бастаушы ауылы Байкубинова Роза Картаевна
Инновациялық технологиялардың тарихты оқытудағы қажеттілігі
Инновациялық технологиялардың тарихты оқытудағы қажеттілігі
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, №153 Ш. Есенов атындағы мектеп - лицейдің тарих пәні мұғалімі Битаева Салтанат Есенгелдіқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×