Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Педагогтарға кеңес түрлері

18 желтоқсан 2020, Жұма
Категориясы: Әдістемелік көмек
Педагогтарға кеңес
1 кеңес
Өзіңнің сыртқы тұлғаңа үнемі қарап жүру өте маңызды. Тәрбиешінің әдемі болып жүруі, талғаммен киінуі, ұқыптылығы, қарапайымдылығын көру ата - аналар мен балаларға, айналадағы адамдарға ұнайды. Балалар сізге қызыға қарайды, сіздің сыртқы тұлғаңыз оларды қуанышқа бөлейді. Балалар бәрін аңғарады: әдемі түйреуіш, қалтадағы орамал, ашық түсті белбеуді, сонымен қатар тапталған аяқ киімді, таралмаған шашты да. Ал балалар байқамағанды, әрине үлкендер байқауы мүмкін. Балалар тәрбиешіні жақсы көріп және мақтаныш тұтуы қажет, ал сіз олардың мақтанышына тұрарлықтай болуыңыз керек. Осыған жетудің бірінші қадамы – ол сіздің сыртқы тұлғаңыз.
2 кеңес
Екінші тәрбиешімен келісім бойынша топтағы тәртіпті орнатыңыз және қолдап отырыңыз, педагогикалық құралдарды, ойын, ойыншық, құрал - жабдықтарды сақтау орнын сақтаңыз. Кіші топтарда тәртіпті өзіңіз жасаңыз, ал ортаңғы, ересек топтарда балаларды көмекке, жұмысқа тартыңыз. Олар сізге шын көңілмен көмектеседі.
Ересек топ балаларымен жұмыс істегенде мынадай әдістерді қолдануға болады: «Балалар, қараңдар не орнына қойылмаған?» немесе «Балалар, бізге серуенге бара беруімізге болады ма?». Балалар шашылған заттарды байқап, тәртіпке келтіреді. Олардың жұмысын бағалаңыз: «Жарайсың, Әділет, сен машинаның орнына тұрмағанын көріп, орнына қойдың». т. б.
Екі тәрбиешінің біркелкі және үнемі талап қойып отыруы балаларда тәртіпті, ұқыпты болуына тәрбиелейді, келешекте пайдаға асады.
3 кеңес
Тәрбиеші күн тәртібінің толық орындалуына толық жауапты. Күн келесілген кестеге сай жақсы өту үшін, барлық жұмыс кезеңдері ойластырылуы қажет, ҰОІӘ жақсы дайындалу қажет. Әсіресе көрнекі құралдарына байланысты (қағаз, қылқалам, бояу, желім, қайшы, кітаптар, суреттер және т. б.). ҰОІӘ толық дайындалмау күн тәртібін бұзудың себебі болып табылады.
4 кеңес
Бірінші күннен бастап өзіңізді алмастырушы тәрбиешімен тығыз байланыста болыңыз. Жұмыс жоспарын бірге құрыңыз. Егер сізді алмастыратын тәрбиеші – тәжірбиелі педагог болса, онда оның таңертеңгі жаттығуды, оқу іс - әрекетті, серуенді өткізуін, балаларды тамақтандыруын бақылаңыз.
Күн бойы күн тәртібін бақылау міндетті емес, сол күн тәртібінің бір керек деген бөліктерін қарау жеткілікті. Сұраңыз, ұялмаңыз кеңес сұраңыз. Жұмыс тәжірбиесі кімге болса да бірден келмейді.
Топтағы тәртіпті сақтау кезінде, ҰОІӘ беру кезінде талапты барлық балағы бірдей қоюға тырысыңыз. Жұмыста бірдей үздік әдістерді қолданыңыз. Бірақ бәрі бірдей болу керек емес. Тәрбиеші – шығармашыл адам, онда өзіне тән әдісі мен қызықты қабылдаулары болуы керек, бастысы оның жұмысы әріптестерінің жұмысынан бөлек болмауы керек.
Аусымды ауыстырғанда күннің қалай өткендігін айтыңыз, қандай қиынышылықтар кездесті, балалар өздерін қалай ұстады және топтың көңіл күйін айтып өтіңіз.
5 кеңес
Жұмыстағы ең үлкен көмекші күтуші болып табылады. Онымен де жақсы қатынаста болыңыз. Балалар оған деге сыйластықты білсін.
Күтуші мен тәрбиеші арасындағы келіспеушіліктер балалардың көз алдында болмауы керек. Келіспеушіліктен аулақ болыңыз.
Топтағы қолайлы жағдайды туғызу үшін достық пен келісім, сыйластық болуы керек.
6 кеңес
Өз дауысыңызды байқаңыз, артық сөйлемеңіз, сөйлегенде сөздеріңізге сақ болыңыз. Көп сөйлейтін тәрбиешінің балалары әдетте шулы болып келеді, айтқанға құлақ аспайды, өтініш пен бұйрықты түсінбейді.
7 кеңес
Топта іскер, қолайлы жағдай орнатуға тырысыңыз. Әрине балалармен де келіспеушіліктер болуы мүмкін. Егер ол туындаса әрине тәрбиеші оны ақырын, асықпай бастысы, әділ шешуі керек. Ұмытпаңыз, әділетсіздік баланың қатігез, бірбеткей болуына әкеп соқтырады. Мұндай оқиғаға жиі тап келетін бала «қиын бала» болуы мүмкін.
8 кеңес
Тәрбиеші ата - аналармен тығыз байланыста жұмыс істеуі керек. Әрине балабақшаға балаларды уақытында әкелмейтін әкелер мен аналар да баршылық, үйде баламен аз көңіл бөлетін, демалыс күндері күн тәртібін сақтамайтындар да бар.
Мұндай ата - аналарға кеңес беруге тура келеді. Бірақ тәрбиеші егер сыйлы, беделді болса, әділ жұмыс істесе ғана ата - аналар оның сөзіне құлақ асады.
Педагог беделін пайдаланыңыз, ата - аналармен сыпайы (қандай жағдай болмасын), баланың тәртібі туралы, жетістіктері жайлы, балабақшадағы қабылданған ережелер жайлы сөйлесе біліңіз.
9 кеңес
Кейбір тәрбиешілер, әсіресе жастар кешке ата - аналармен кездескенде балаларының үсінен шағымданады. Ұсақ, ойланбай айтылған шағым педагог беделін түсіреді, ата - ана мен баланың жүйкесіне тиеді, ешқандай пайда әкелмейді.
Ата - анаға жиі баланың жақсы жақтары мен кішкентай болса да жетістіктері жайлы, балалармен, үлкендермен қарым - қатынасы жайлы, балаға жолдастары көрсеткен көмек жайлы т. б. айтып беріңіз.
2 651
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тәрбиешілерге арналған тест сұрақтары
Тәрбиешілерге арналған тест сұрақтары
1. ІІ кіші топ балалары қандай дыбыстарды анық айта білуі қажет? А) «П - б, т - д, к - г, ф - в, с - з, ц» В) «Р - рі, қ - х, ж - з, р - л,» С) «Ю - я, н - ң, қ - х, ж - з, о - ө» Д) олар дыбыстарды анық айта алмайды.
Ата-аналарға арналған жадынама
Ата-аналарға арналған жадынама
Жазда балалардың жазғы лагерге шығуына, туыстарға баруға, өзенге шомылып, орманда қыдыруға тамаша мүмкіндіктер туады. Шақырайған күннің көзі, суық су, жәндіктер, тез бұзылатын тағамдар сияқты әр түрлі қауіп - қатерлер де жоқ емес.
Педагогтарға арналған психологиялық жаттығу
Педагогтарға арналған психологиялық жаттығу
Бұл тренинг педагогтардың, тәрбиешілердің педагогикалық ұжымдастықты қалыптастыру. Педагогтардың бір - біріне деген қарым-қатынасты жақсарту, коммуникативтік дағдылану, эмоционалды тұрақтылық, өз-өзіне деген сенімділікті нығайту.
Сіз қай ағашты таңдайсыз? (психологиялық тест)
Сіз қай ағашты таңдайсыз? (психологиялық тест)
Төменге түспей жатып мына ағаштардың бірін таңдап алыңыз. Әрине, қайсысы көзіңізге ерекше түсті, соның реттік нөміріне қараңыз.
Балаңызды мерекеге қалай дайындау қажет? /ата - анамен жұмыс/
Балаңызды мерекеге қалай дайындау қажет? /ата - анамен жұмыс/
Балабақшадағы ертеңгіліктер мен мерекелер ата - аналар мен балаларға мықты күйзеліс. Десек те, ертеңгілік бұл балаларға арналған шығармашылық кеш. Бұнда балалар осы күнге дейінгі үйренген білген, алған білімдерін еске тісіріп, еркін іс - әрекетте
Сіздің сезімталдық деңгейіңіз қандай?
Сіздің сезімталдық деңгейіңіз қандай?
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылы, М. Әбдіхалықов атындағы орта мектебінің Мектепалды даярлық сынып мұғалімі Өтегенова Әйгерім Жаналықызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×