Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Балаңызды мерекеге қалай дайындау қажет? /ата - анамен жұмыс/

10 тамыз 2017, Бейсенбі
Категориясы: Музыка
"Балаңызды мерекеге қалай дайындау қажет?" /ата - анамен жұмыс/

Балалар ертеңгіліктеріне ата - аналар мен балалар қалай дайындалуы қажет?
Балабақшадағы ертеңгіліктер мен мерекелер ата - аналар мен балаларға мықты күйзеліс. Десек те, ертеңгілік бұл балаларға арналған шығармашылық кеш. Бұнда балалар осы күнге дейінгі үйренген білген, алған білімдерін еске тісіріп, еркін іс - әрекетте болады, яғни айтқанда тәрбиешілер мен музыка жетекшілерінің жұмыс көрсеткішінің айнасы.
Ертеңгілік – балаңыздың өміріндегі маңызды оқиға, себебі балаңыз өз еркімен іс - қимылда болып, сіздермен, достарымен бірге қуанып, өзіндік шығармашылық қабілеттерін көрсетеді.

Ата - анаға ертеңгілікке қалай дайындалуы қажет?
Алдымен сіздің өзіңізде толқулар болуы мүмкін.
 Ол үшін сіз қалай өтіп, не болатынын алдын - ала тәрбиешімен
кездесіп білуіңізге болады. Онда балаңыздың қандай тапсырмалар алып, оған қандай көмек бере алатыныңызды, және сізге тәрбиеші де қай жағынан көмек көрсететініңізді, қандай жағдайда қажет екеніңізді айтуы да мүмкін.
 Балаңызбен сөйлесіңіз: ертеңгілікке не киім киетіні туралы, оның қалай өнер көрсететіні туралы және де ертеңгілікке тағы кімді шақырғысы келетіні туралы әңгіме жүргізіңіз.
 Мерекеге дайындықтарыңыздың міндетті түрде сыннан өту емес, қуанышты сәтті өткізетіндей болуыңыз керектігін жеткізіңіз.

Балаға ертеңгілікке дайындалу үшін қалай көмектесу керек?
Сіздің көмегіңіз, қолдауыңыз балаңызға міндетті түрде қажет. Ең алдымен балаңызды қалыпты ұстауға және жақсы қарым - қатынаста болуға дайындаңыз. Оны қобалжытып ертеңгілікте өте жауапкершілікте болуды ұсынудың қажеті жоқ өйткені бала одан өзін жоғалтып алуы мүмкін, қатты қиналып қалуы да әбден мүмкін.
1. Мерекенің жағымды сәттерін талқылау: залдың әдемі безендірілуін, қандай ерекше киімдерді дайындап беретініңізді айтыңыз. Және де мереке сіздің балаңыздың қалай шығатынын көру ішін емес, онда мереке сізге қатты ұнағандықтан келетініңізді айтып жеткізіңіз. Бұл балаңызды толқып, қобалжу әрекеттерінен сейілтеді.
2. Күнделікті дайындық жасаудың және де еркінен тыс қинаудың қажеті жоқ. /әсіресе серуендегенде, өзіне қызықты бағдарламалар көру үстінде/. Сонымен бірге қолдауыңыз оның дайындық үстінде қажет. Өйткені ол тақпақ жаттағанда қиналуы мүмкін, сондықтан оған азғана уақыт бөліп, шыдамдылық танытқаныңыз жөн.
3. Мектеп жасына дейінгі балалар естеріне әдемі жарқын дүниелерді
тез сақтайды. Сондықтан олардың қызығушылығын шақыратындай кішкене қызықты сәт ойластырыңыз. Мысалы: оның сүйікті кейіпкерлерін суреттеп, оны есте қаларлықтай жерде пайдаланыңыз, не болмаса ойын ойластырыңыз. Мысалы: допты лақтырып тақпағының алғаш қатарын айтсаңыз, ол сізге лақтырарды келесі қатарын жалғастыруды ұсыныңыз.
4. Есіңізде болсын, балаңыз жаттығу үшін ұзақ дайындалуды қажет
етеді. Ол үшін жалықтырмастай етіп 10 минуттық үзіліс қою арқылы 2 сағаттай дайындық жүргізу қажет.
5. Сын айтудан сақ болыңыз! Барлығы балабақшада өтілуі керек, барлығын балабақшада үйреніп, жаттауы керек – деген сындарды айтудың қажеті жоқ. Оданда өзіңіздіңде сол балабақшада осындай ертеңгілікте болып, осылай тырысқаныңызды айтыңыз. Оны қорқытып, не болмаса сәтсіз шыққаны үшін оны төмендетудің еш қажеті жоқ.
6. Балаңыздың үйренген қимылдарын бірге жасап қайталауға, оны ырғаққа іселе жеткізе алуға тырысыңыз. Алдын - ала жетекшілеріне жолығып музыкасын алуыңызға да болады.
7. Балаңыздың көңіл - күйіне мән беріңіз, егерде ол ертеңгілікке еш қатысқысы келмесе, онда ол бұл жолы жәй көрермен болсын.

Мерекеде.
Ертеңгілік ата – анаға да, балаға да қобалжу, толқу күні болмақ. Сол үшін мерекеге қалай дайындалу қажет?
Алдымен киімдерін, бетперделерін, барлық керек қажеттінің барлығын ертерек ұмытпас үшін дайындау керек. Жәнеде балаңызға шығар алдында оның жақсы шығатынына сенім артатыныңызды айтыңыз. Егерде ертеңгілік үстінде балаңыз сөздерін ұмытып, не болмаса өнер көрсетуге қарсылық білдірген жағдайда оған ренжіп, кейіп, не болмаса сілкілеп алып қайтудың қажеті жоқ. Оданда оны өзіңізбен бірге көріп тамашалауға жаныңызға алып отырғызыңыз. Мүмкін ол өзінің достарының өнерін көріп, қайта талпынар. Қалай болғанда да балаңызды мақтап және тағы келесі ертеңгіліктерде өз өнерін көрсете алатынына сенім білдіріңіз.

Қорыта келе: Құрметті Ата - аналар! Сіздердің қолдауларыңыз балаңызға да біздерге өте қажет дегім келеді. Сіздер мен біздер болып балаға демеу жасап олардың шығармашылық жолына қанат бітірсек, балаларымыз болашақта нақты сеніммен, батылдық танытып болашақта мықты азамат болып өсетініне кәміл сенемін. Естеріңізде болсын! Балаңыздың көзі сізде. Сіз жақсы деп есептеген нәрсе, ол үшінде жақсы. Сондықтан жақсы көзқараста болайық.

Қызылорда облысы, Әйтеке би кенті
№7 "Балдырған" санаториялық бөбекжай балалар бақшасы
Музыка жетекшісі: Марат Роза
3 000
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ата - анаға арналған сауалнама
Ата - анаға арналған сауалнама
Сіздің өміріңізде бала қандай орынға ие?
Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық белсенділігін қалай арттыруға болады?
Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық белсенділігін қалай арттыруға болады?
Балаларға айнала қоршаған ортаны тануға, әр баланың жеке тұлғасын сақтап қалуды қамтамасыз ету туралы ата - анаға толық мағлұмат беру. Отбасындағы қарым – қатынасты қалыптастыру жүйесі.
Мен өз баламды түсенемін бе?
Мен өз баламды түсенемін бе?
Мен өз баламды түсенемін бе?
Сіз қандай ата -анасыз?
Сіз қандай ата -анасыз?
Қармақшы ауданы, №30 орта мектебі Шепенова Ләззат
Жастай берген тәрбие, жас шыбықты игендей.
Жастай берген тәрбие, жас шыбықты игендей.
Қызылорда облысы,Қазалы ауданы, Ақтан батыр ауылындағы №190 қазақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Демеубай Рая Әлқуатқызы
Сіз қандай ата-анасыз?
Сіз қандай ата-анасыз?
БҚО, Теректі ауданы, Приречный ЖОББМ, ІІ санатты математика-информатика пәндері мұғалімі Айшуаков Мерлан Адилович
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×