Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мектепке дейінгі ұйымдарға арналған әдістемелік нұсқау хат 2023-2024

30 тамыз 2023, Сәрсенбі
Категориясы: Әдістемелік көмек
Кіріспе
Мектепке дейінгі білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі қағидаттары «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі -  Заң) айқындалған. 
Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту білім беру жүйесінің бірінші деңгейі ретінде отбасында немесе бір жастан бастап бірінші сыныпқа қабылданғанға дейін меншік нысанына қарамастан мектепке дейінгі ұйымдарда; бес жастан бастап балаларды мектепалды даярлау отбасында немесе меншік нысанына қарамастан мектепке дейінгі ұйымдарда, жалпы білім беретін мектептердің, лицейлер мен гимназиялардың мектепалды сыныптарында жүзеге асырылады. 
Елімізде балаларды мектепке дейінгі тәрбие мен оқытумен қамту бойынша кешенді шаралар жүзеге асырылды. Ұлттық білім беру дерекқорына сәйкес 2022 жылдың соңында республикада 11104 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істеді, бұл 2020 жылмен салыстырғанда 454 бірлікке артқанын көрсетіп отыр.  2022 жылдың соңында осы ұйымдарға 965204 бала, ал 2020 жылы 885033 бала барды.
Бүгінгі күні Елімізде балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеумен және оқытумен қамтумен бірге мектепке дейінгі ұйымдар ұсынатын қызметтің сапасын арттыру үшін кешенді шаралар қабылдануда. Осыған дейін практика көрсеткендей мектепке дейінгі ұйымдарда педагогтер кесте бойынша сабақ өткізе отырып, топтағы барлық баланың қалауын ескеруге мүмкіндік болмады, күнделікті көбінесе педагогтің жұмысы өзі ауызша түсіндірумен ғана шектелді немесе уақыт соған ғана жетті, топта белсенді 5-6 баламен ғана түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ал қалған балалардың айтатын ойы ескерілмеді немесе  кері байланыс орнатылмады сондықтан қалған балаларда жалығып кету немесе өзімен-өзі болып ойын білдере алмау жағы басым болды. Сондай-ақ көбінесе педагогтер тарапынан уақыттың шектеулі болуына байланысты тек түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ауызша түсіндірілген дағдыларды баланың қолмен жасап көруіне немесе дағдыларды іске асыруда шығармашылық танытуға, оны басқалармен талдауына мүмкіндік болмады. 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 15 наурыздағы №137 қаулысымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды дамыту моделі (бұдан әрі – Модель) бекітілді [1]. Аталған Модельді іске асыру мектепке дейінгі білім мазмұнын жаңғыртуға сондай-ақ балаларды дамыту мен тәрбиелеуде тәсілдерді өзгертуге мектеп жасына дейінгі балаларға тән жетекші «ойын әркетіне» көшуге, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнын трансформациялау арқылы икемді стандарт пен оқу жоспарларына, оқу бағдарламасына қол жеткізуге, педагогтердің тәрбиелеу-білім беру процесін әр баланың қызығушылықтарын, ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, құруға мүмкіндік берді. 
Моделді іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың  мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі – Стандарт) [2], Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 9 қыркүйектегі № 394 бұйрығымен Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарлары [3] және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы
 14 қазандағы №422 бұйрығымен  Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы (бұдан әрі – Үлгілік бағдарлама) [4] мазмұны  қайта қаралып бекітілді. 
Жаңартылған мазмұнды жүзеге асыру үшін Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасына әдістемелік нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) [5] әзірленді. Нұсқаулықта Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасын іске асыруда педагогтің атқаратын міндеттері, заттық-дамытушы ортаны құру оны қызығушылық орталықтарына бөлу, тәрбиелеу білім беру процесін, күн тәртібін, ата-аналармен жұмысты ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар мен педагогке қажетті материалдар (ұлттық, қимылды ойындар, ертегілер, мобильді кітапхананы құруға қажетті материалдар, балалардың түрлі әрекеттерін ұйымдастыру бойынша бейнероликтер сілтемелері, бейнероликтер және аудиоматериалдар сілтемелері және басқалар) берілген.

Әдістемелік нұсқау хат 2023-2024 жыл ворд версиясын жүктеп алу​​​
6 256
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Әдістемелік нұсқау хат 2021-2022 жыл
Әдістемелік нұсқау хат 2021-2022 жыл
Жинақта Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарының мектепалды және 1-11-сыныптарында 2021-2022 оқу жылындағы оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру жөніндегі материалдар берілген.
Әдістемелік нұсқау хат. 2019-2020 оқу жылы
Әдістемелік нұсқау хат. 2019-2020 оқу жылы
Әдістемелік нұсқау хат ǀ 2019 - 2020 оқу жылы
ГОСО мектепалды даярлық сыныбына
ГОСО мектепалды даярлық сыныбына
ГОСО мектепалды даярлық сыныбына Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты
Мектепке дейінгі білім беруде инновациялық технологияларды қолдану
Мектепке дейінгі білім беруде инновациялық технологияларды қолдану
Қызылорда қаласы, «Назым» балабақшасының тәрбиешісі Құлахметова Гаухар
Келісім шарт
Келісім шарт
Ақтөбе облысы, Хромтау қаласы №5 "Ақбота"МДҰ әдіскері Есжанова Света Ташкенбаевна
Ересек топтағы балалардың шығармашылық әлеуетін дамыту
Ересек топтағы балалардың шығармашылық әлеуетін дамыту
«Алақай» балабақшасы «Алақай» балабақша меңгерушісі Куаншалина Алма Аблайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×