Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тоpiq.kz плптформасын білесіз бе?

03 тамыз 2024, Сенбі
Категориясы: Әдістемелік көмек

Тоpiq. kz платформасын білесіз бе?
XXI ғасыр - ақпараттық дәуір! Ел мен ел, адам мен адам, ғылым - өнер арқылы бәсекелесетін сайыс дәуірі.
Ғылым - техниканың жедел дамуына сай адамзат қоғамы да сәйкесті түрде дамыды, адамдардың сана - сезімі оянып, идеясы да барған сайын жаңаланып, көнені тастап, жаңалыққа ойысу үшін көптеген адам ғылым, өнер ізденіп, жаңа даму кезеңіне қадам тастады.
Осындай ғылым - техникалық сайыс дәуірінде компьютерлік платформалар тұрмысымызда қолданылмаса болмайтынын тіпті де терең түсіне бастадық.
Дегенмен ел арасында бұл саладағы ғылымның кең таралуы әлі де баяу болып отыр, мұның басты себептерінің бірі үйлесімді үйрену ортасы мен оқыту материалдарының тапшылығы болса керек. Солай бола тұра кеңінен қолданылатын бірнеше тамаша сайттар мен платформалар бар.
Бүгінгі таңда оқу - білім саласында мұғалімдер мен оқушылардың, ата - аналардың талабын қанағаттандырып отырған Топ IQ. kz электронды платформасы. Неліктен ToпIQ - мен бірге оқу қызықты екенін немесе платформаны таңдаудағы және кеңінен қолданудағы ерекшеліктерін атап өтер болсам:
Оқушылар үшін:
✓ Оқу үшін уақыт пен кеңістік ыңғайлы
✓ Өз оқу жылдамдығыңды таңда
✓ Барлық құрылғы үшін ортақ веб - интерфейс
✓ Кез келген оқу жылына арналған оқу материалына қолжетімділік
✓ Цифрлы оқулық – жеңіл портфель
Мұғалімдер үшін:
TopIQ мұғалімдерге қалай көмектеседі?
✓ Оқу процесін шынайы қадағалау
✓ Сабақтың барлық кезеңінде қолдана алу
✓ Электронды журналдардың оңай жасалуы
✓ Мұғалім тәжірибесінде әдістер көлемін кеңейту
✓ Сапалы контент
Тоpiq. kz - 1 - 11 - сынып оқушыларына арналған электронды оқулықтар платформасы. Барлық оқулықтар ҚР БжҒМ барлық талаптарына сәйкес келеді. Цифрлы оқулық – баспа оқулықтың pdf нұсқасы емес, интерактивті тапсырмалары бар мультимедиялық оқу құралы екенін ескерсек, электронды оқулықтар өте жеңіл. Барлық оқулықтар смартфон немесе планшетке жинақталған, электронды оқулықтар оқу кеңістігін кеңейтеді. Онда көптеген аудио, бейне материалдар бар. Мұғалімдердің жұмыстарын жеңілдетіп оқушыларды нақты, шынайы бағалайтын барлық оқушыға дайын тапсырма тағайындай алады, қажет болған жағдайда қосымша материал тіркей алады, сол арқылы оқушыларға олқылықтардың орнын толтыруға мүмкіндік береді. Мұғалім үй тапсырмаларын тексере алады, орындалған тапсырмаларды бағалап және комментарий бере алатын болса, оқушылар берілген үй тапсырмасын орындап, жүйе арқылы тапсырманы жіберіп, бағасын алады. Жаңа тақырыпты қалай түсінгенін және оқу материалын бекітіп, өзін - өзі бағалай алады. Сонымен бірге оқулықтағы көптеген оқу тапсырмалары өзін тексеруге арналған тапсырмаларды орындап, оқу материалын табысты меңгереді.
Онлайн оқу кезінде ата - аналардың оқушылар үшін мектеп пен мұғалімнің қаншалықты қадірлі, керек екенін білсе керек, міне осындайда таптырмас құрал. Ата - аналар оқу процесінің айқындығын көре алады, тапсырмаларды толық және дұрыс орындалғанына көз жеткізіп, тақырыпты қаншалықты меңгергенін анықтай отырып жүйелі бақылай алады.
Менің алға қойған мақсатым topiq. kz платформасын үздіксіз қолдана отырып, оқушылардың тәрбиелі, білімді ұрпақ болуына үлес қосу. Тоpiq. kz негізгі міндеті Қазақстандық оқушының "цифрлы қоржыны" жасау. Демек әлемнің кез келген жерінен өзіне ыңғайлы уақытта өзіне қажетті оқулыққа «қол жеткізе» алатынына сенемін.


Абдраманхан Ербол
Жетісу облысы, Сарқан ауданы, Қойлық ауылы
«М. Жұмабаев атындағы орта мектебі» КММ
Биология пәні мұғалімі

1 263
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Білім сапасын ақпараттық – коммуникациялық технологиялар арқылы арттыру
Білім сапасын ақпараттық – коммуникациялық технологиялар арқылы арттыру
ХХІ ғасыр – жаңа технология мен ақпараттандыру ғасыры. Тәуелсіз Қазақстан да сол ғасырға нық қадам басты. Ел өмірінің барлық саласы компьютерлендіре бастады. Ендігі кезекте еліміздің ертеңі болар бүгінгі жас ұрпақ компьютердің қыр - сырын терең
Бастауыш сыныпта информатика пәнін оқытуда «Коллаж» технологиясын тиімді қолдану
Бастауыш сыныпта информатика пәнін оқытуда «Коллаж» технологиясын тиімді қолдану
Ақпараттану дәуірінде ғылыми - техникалық үрдістің қарқыны жедел даму үстінде. Осыған байланысты елімізде білім алудың жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Сондықтан да әрбір тұлға енгізілген жаңа технологияның
Білім беруде жаңа технологияларды қолданудың тиімділігі
Білім беруде жаңа технологияларды қолданудың тиімділігі
ХХІ ғасыр – ғылым мен техниканың дамыған кезеңі. Заман талабына сай қазіргі білім жүйесіндегі игі өзгерістер мен жаңалықтар соның нәтижесі. Бүгінгі білім беру үрдісінде жаңа ақпараттық технологияны пайдалану және оны мақсатты түрде жүзеге асыру –
Power Point ортасында презентация жасау
Power Point ортасында презентация жасау
Адамзат дамуының жаңа сатысы - ақпаратты қоғамға өтумен сипатталады. Қазіргі уақытта адам іс - әрекетінің барлық салаларына компьютерлік технология кеңінен қолданылатын болды
Интерактивті тақтаны сабақта пайдалану – білім сапасын арттыру жолы
Интерактивті тақтаны сабақта пайдалану – білім сапасын арттыру жолы
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы №3 мектеп – интернатының ағылшын тілі мұғалімі Абибуллаева Жазира
Электронды оқытудың құралдары мен технологиясы
Электронды оқытудың құралдары мен технологиясы
Астана қаласы, №53 мектеп – лицейінің 9 "А" сынып оқушысы: Кусаинова Айтолқын Ғылыми жетекшісі: Князова А. Қ Химия - биология пәндерінің мұғалімі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×