Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Физика және астрономия пәнін ұлттық педагогика тағылымдарымен байланыстыра отырып оқыту

02 желтоқсан 2013, Дүйсенбі
Категориясы: Әдістемелік көмек
«Физика және астрономия» пәнін ұлттық педагогика тағылымдарымен байланыстыра отырып оқыту

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін жетілдірудің негізгі мәселесі – заман талабына сай білім сапасын жақсарту және қоғам мен мемлекеттің, тұлғаның келешекте маңызды қажеттіліктеріне сай білім жүйесінің барлық компоненттерімен қамтамасыз ету.

Жаһандану заманында интеллектуалды азамат қалыптастыру, қойылған міндеттер бойынша жастардың дүниетанымын өзгертіп, олардың жаңаша ойлау қабілетін арттыруға, білімге деген құштарлығын оятуға, отансүйгіштік қасиетін одан әрі дамытуға бағытталып отыр, бәсекеге қабілетті азаматтарды даярлауға ғана емес, олардың ел экономикасын, мәдениетін алға тартатын күш ретінде орнықтыруға да байланысты. Білім жүйесін әлемдік дамыған инновациялық технологиялармен жабдықтау, білім мен ғылымның халықаралық стандартын меңгеру, сапалы білім беруге қол жеткізу, қоғам сұранысына жауап беретін білікті маман даярлау.

«Физика және астрономия» пәнін ұлттық педагогика тағылымдарымен байланыстыра отырып оқыту мен білім беру жүйелерінің дамуы және интеграциялануының мақсаты:
Әлемдік білім беру жағдайында ұлттық білім беру жүйесінің дамуы және интеграциялануының кезеңінде жастарға берілер білімінің мазмұнын ұлттық құндылықтармен, мәдениетаралық түсініктермен, ақпараттық жетістіктермен, тілдік байлықпен толықтыру.
Жастардың бойына қоғамның ұлттық экономикалық және әлеуметтік саласына деген ұлттық таным негізін қалыптастырып, өзінің отбасының, достарының, айналасының, жалпы қоғамның әл - ауқатын ойлайтын жауапкершілігін сезіндіру.

Ұлттық білім – еркіндік пен таңдаудың көзі әрі дем берушісі. Білімге әлеуметтік тапсырыс беруші – жалғыз мемлекет емес, мүдделі мекемелер, ойлы да іскер адамдар болуы тиіс.
Алдағы уақытта да, заман талабына сай, білімді әлемдік деңгейге жеткізудің бірден - бір жолы, бұл – инновациялық қызмет. Сол үшін әр ұстаздың алдына «Физика және астрономия» пәнін ұлттық жаңа педагогика тағылымдарымен байланыстыра отырып оқытудың мазмұнын жаңарту, өзінің шығармашылығын дамыту мен шеберлігін шыңдап озық технологияны жетік меңгеріп, әр күнгі сабағына тиімді әдіс - тәсілді пайдалану, тәуелсіз еліміздің ертеңі саналатын – білімді ұлттық ұрпақ тәрбиелеу міндеті болып табылады.

Ұлттық педагогика мен ұлттық психология тағылымдарын пайдалану, «Физика және астрономия» пәнінің әр тарауларынан сабақ түрлері оқушыларының пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттырып, тарауды пысықтау кезеңін сапалы өткізуге, материалды толық меңгеруге көмектеседі. Сонымен бірге, оқушы ойын дамытып, өзіндік пікір айтуға үйретеді. Оқушыларды құрғақ жаттандылықтан аулақтатып дербес ойлап, әрекет етуге жетелейді. Жекелеген тақырыптарда ұлттық бұйым, ұлттық ұғымдарды пайдалануға болады. Мысалы, білезік – физикалық дене, күміс – зат; келі - келсап - физикалық дене, ағаш – зат; торсық - физикалық дене, былғары – зат. Заттың үш күйіне, шошыған балаға қорғасыннан қорықтық құю, қорғасынның қатты, сұйық күйлерін түсіндіре отырып айтуға болады.

Жыл мезгілдері туралы: физикалық шама уақытты үйрету барысында көшпелі қазақтар уақытты кеңістікке барынша кіріптар болуы бір жылды төрт маусымға бөліп, әр маусымды үшке жіктеген. Бес саусақты әр түрлі есептеулерге пайдаланған. Мәселен, әр саусақты буын саны үштен, төрт саусақ жылдың мезгіліне сәйкес келеді. Саусақтың салыстырмалы ұзындығы жыл мезгіліндей күннің ұзақтығын көрсетіп тұрады.
«Балаң үйрек» - наурыз, көкек, мамыр (көктем)
«Ортан терек» - маусым, шілде, тамыз (жаз)
«Шылдыр шүмек» - қыркүйек, қазан, қараша (күз)
«Кішкене бөбек» - желтоқсан, қаңтар, ақпан (қыс)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
5 672
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында критериалды бағалау жүйесін информатика пәнін оқытуда қолдану
Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында критериалды бағалау жүйесін информатика пәнін оқытуда қолдану
Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы — заман талабына сай тың бағдарлама
Жаңа технологияларды қолдану арқылы оқушылардың білім деңгейін арттыру
Жаңа технологияларды қолдану арқылы оқушылардың білім деңгейін арттыру
Шығармашылықпен жұмыс істей отырып, заман талабына сай іскер, жан - жақты, терең білімді, интеллектуалдық деңгейі жоғары дамыған шәкірт тәрбиелеу.
Физика пәні педагогтарының кәсіби құзырлылығын арттыру
Физика пәні педагогтарының кәсіби құзырлылығын арттыру
Физика пәнінің мұғалімі Жанұзақова Сауле Айғалиқызы
Білім сапасын арттырудағы құзіреттілік
Білім сапасын арттырудағы құзіреттілік
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Ақтөбе ауылы, №109 орта мектептің информатика пәні мұғалімі: Жанар Аяпова
Жаңа технология - білім сапасының кепілі
Жаңа технология - білім сапасының кепілі
Қызылорда облысы Қазалы ауданы Майдакөл ауылы, № 98 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Бакибаева Жансая
Жұмыстық оқу бағдарламаларын, оқу жоспарларын әзірлеуде оқу орындары мен мемлекеттік, жеке меншік, әріптестік қатынастардың ықпалдастығы
Жұмыстық оқу бағдарламаларын, оқу жоспарларын әзірлеуде оқу орындары мен мемлекеттік, жеке меншік, әріптестік қатынастардың ықпалдастығы
Қазақстанның әлеуметтік саясатында білімді дамыту мәселесі ерекше орын алып отыр. Білім берудегі мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері мен бағыттары Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында айқындалған.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×