Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ұрпақ тәрбиесі - ел мұраты

05 желтоқсан 2013, Бейсенбі
Категориясы: Әдістемелік көмек
Ұрпақ тәрбиесі - ел мұраты
Бүгінгі таңда еліміздің өсіп - өркендеуіне, дамуына жастардың үлесі мол екені дәлелденіп отыр. Мемлекетіміз елдің ертеңі - жас балғындарға барлық жақсылықты жасап, оларға бағыт – бағдар беріп, болашаққа деген сенімдерін арттыруда.
Бала – Ұрпақ - Өркен деген ұғымдар ерекше ескеріліп, бүгінгі күнде баланың таза, дұрыс сөйлеуінің дамуы үшін де үлкен маңызы бар. Жан – жақты жетілген білімді азамат дайындау қоғам алдындағы міндет болғандықтан мектепке дейінгі ұйымның да негізгі мақсаты баланың жеке басының алғашқы қалыптасуын қамтамасыз ету, адамгершілікке баулып, білімге деген ықыласын, іскерлігін қалыптастыру және таза, мәнерлеп, сөйлеуге дағдыландыру. Себебі, қазіргі өмір талабына сай, ойшыл азаматтар өте қажет.
Таза әдеби тілде сөйлеуге үйрету жұмысы мектеп жасына дейінгі балаға берілетін эстетикалық тәрбиенің ең маңызды саласы.

Әйтсе де бұл күндері балалар арасында түрлі дертке ұшырап, туа пайда болған кемістіктерімен, мүмкіндіктері шектеулі балалар да кездеседі.
Қаламызда мүмкіндіктері шектеулі, қабілет – қарымы аз, жүріс – тұрысында қиындықтары бар, тірек қозғалысында бұзылыстары бар балалар да көп. Олар да басқа толыққанды балалар сияқты білім ордаларында дәріс алып, жетілуі тиіс. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін қала мектептерінде түзету және дамыту сыныптары ашылып, мектеп жасына дейінгі балалардың тіл байлығын кеңейтуге арналған логокабинеттер мен логопункттер жұмыс жасай бастады. №5 орта мектеп аясында құрылған мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған «Диагностикалық дамытa - оқыту орталығы» жұмыс істейді. Жыл басынан бұл орталыққа әр түрлі диагноздары бар 25 бала қабылданды. Олар топқа белгіленген уақытта келіп дәріс алып жүреді. Бұл топта ақыл – есі кем балалар, дамуында тежелуі бар балалар, құлақтары ауыр еститін балалар, тілдері дұрыс дамымаған, тілдерінің дыбыстау жағы бұзылған балалар, тұтықпа, дауна диагноздары бар балалар келеді.

Осындай балаларға әр сабақ сайын сергіту сәті, жаңылтпаш, тақпақтар жаттатып, оны қимылмен көрсетіп, саналарына сәуле ұялатқан да ұстаздар болды.
Балаларды оқыту түрінің дұрыс жолын таңдап алу жұмыс өнімділігін арттыруға ғана емес, онда кездесетін қиындықтарды жеңілдетуге де мүмкіндік береді. Сондықтан біз балалардың жасына қарай жұмыс істеуде әр түрлі оқыту формаларын пайдаланамыз.

Жұмыс барсында мынадай түрлері қолданылады.
- балалардың ой - өрісін дамытатын ортада өз бетінше әрекет етуі
- сюжетті суреттерге әңгімелер құрай білуі
- сенсорлық мүмкіндіктерді дамыту( кіші жастағы балалар үшін)
- балалардың танымдық іс - әрекеттерді, ақпаратпен жұмыс
дағдыларын игеру жағдайын туғызу
- ақыл – ой операцияларын қалыптастыру.
- логикалық ойлауды дамыту, түрлі операцияларды жіктеу мен топтау түсініктерін қалыптастыру.
- мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру стандартын орындау.
Орта буын оқушыларына ұсақ қол моторикасын дамытуға арналған жаттығулар, артикуляциялық жаттығулар орындатып, ауа ағымы жаттығуларын жасатып, қағаздан қималар қиып, өрнектер салып үйренді.
Баланың тілін дамыту мен бірге біз оның ойын да дамытамыз

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
6 390
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мектеп жасына дейінгі балалардың эстетикалық тәрбиесі
Мектеп жасына дейінгі балалардың эстетикалық тәрбиесі
Баланың қоғамдық өмірде, еңбекте, табиғатта көркем өнерде бар әсемдікті сезіне білуге үйрету, тәрбиелеу деген сөз. Эстетикалық тәрбие балаға қоршаған ортаның көркемдігін, адамның рухани сұлулығын терең түсіндіре білу, сөйтіп оларды ойлау, қиялдау,
Баланың тілін заманауи жаңа технологиялар арқылы дамыту
Баланың тілін заманауи жаңа технологиялар арқылы дамыту
Еліміздің білім саласында жүргізіліп жатқан реформаның басты мақсаты – ой - өрісі жаңашыл, шығармашылық деңгейде қызмет атқара алатын, дүниетанымы жоғары, жан - жақты қалыптасқан жеке тұлға тәрбиелеу.
Патриоттық тәрбиенің маңызы
Патриоттық тәрбиенің маңызы
Ембі қаласы, «Достық» балабақшасы МКҚК тәрбиешілері Қожамұратова Гүлбақыт Нұрғалиқызы
Мектеп жасына дейінгі балаларды ақыл-ой тәрбиесі арқылы дербестікке тәрбиелеу
Мектеп жасына дейінгі балаларды ақыл-ой тәрбиесі арқылы дербестікке тәрбиелеу
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №7 "Балдырған" балабақшасы тәрбиешісі Садыкова Жадыра
Ересек топтағы балалардың шығармашылық әлеуетін дамыту
Ересек топтағы балалардың шығармашылық әлеуетін дамыту
«Алақай» балабақшасы «Алақай» балабақша меңгерушісі Куаншалина Алма Аблайқызы
География пәнінен ҰБТ - ге дайындау тәжірибемнен
География пәнінен ҰБТ - ге дайындау тәжірибемнен
Атырау облыс, Қызылқоға ауданы, Қоныстану селосы, Жаңашаруа қазақ орта мектебі география пәнінің мұғалімі Қабдол Гулшарида Аманғалиқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×