Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Баланың тілін заманауи жаңа технологиялар арқылы дамыту

05 қаңтар 2019, Сенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Баланың тілін заманауи жаңа технологиялар арқылы дамыту

«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында»
Н. Ә. Назарбаев

Еліміздің білім саласында жүргізіліп жатқан реформаның басты мақсаты – ой - өрісі жаңашыл, шығармашылық деңгейде қызмет атқара алатын, дүниетанымы жоғары, жан - жақты қалыптасқан жеке тұлға тәрбиелеу. Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі қазіргі таңда мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып отыр.

Бала болашағымыз десек, сол балаға жүйелі білім беріп, ынта - ықыласын дұрыс бағыттауды, қабілет - қасиеттерін дамытуды балабақшадан бастауымыз керек. Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшелігі – баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуы.

Заманауи жаңа технологиялар – бұл білімнің басымды мақсаттарымен біріктірілген пәндер мен әдістемелердің: оқу - тәрбие процесін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамамен байланысқан міндеттерінің, мазмұнының, формалары мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелері, мұнда әр позиция басқаларына әсер етіп, ақыр аяғында баланың дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын құрайды.

Жаңа заман баласы ертеңгі еліміздің болашағы. Жаңа заман баласын қалыптастырып, дамыту үшін, тұлғаның ішкі дүниесі мен оның қыр сырын анықтап, мүмкіншіліктері мен қабілетінің дамуына жағдай туғызу қажет.

Әрине, ол үшін мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде балалардың жеке басының қалыптасуы мен дамуында педагогтардың педагогикалық технологияларды қолдана білу сауаттылығына да байланысты.

Яғни, педагогикалық технологияны қолдану негізінде келешек ұрпақтың еркін дамуына, жан - жақты білім алуына, белсенді, шығармашыл болуына жағдай жасау қазіргі таңдағы әрбір педагогтың міндеті. Қоғамдағы қазіргі даму кезеңінде мектепке дейінгі мекемелердегі білім беру жүйесінде оқыту, тәрбие беру үрдісін технологияландыру – басты мәселенің бірі. Осыған орай мектепке дейінгі мекемелердің тәжірибесіне оқыту мен тәрбиелеудің әр түрлі технологиялары жасалып енгізілуде.

Балабақшада жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты: оқыту мен тәрбиелеуде инновациялық ойын технологиясының элементтерін пайдалана отырып, жан - жақты, білімді, құзыретті тұлға тәрбиелеу.
Балабақшада қолдануға тиімді технологиялар:
1. Денсаулық сақтау технологиясы.
2. Дамыта оқыту технологиясы.
3. Ақпараттық – коммуникативтік технологиялар (АКТ).
4. 4. Ойын технологиясы.
5. Мнемотехника технологиясы.

ТРИЗ технологиясы..
Мақсаты: Балаларға күнделікті ҰОІӘ – де жаңа технологияны қолдану арқылы, балалардың сабаққа деген қызығушылықтарын ояту. Балалардың тілін дамытудағы жаңа технологияны қолдану арқылы, ой - өрісі дамыған, тәрбиелі, білімді, заман талабына сай белсенді ұрпақ тәрбиелеу.

Бала өмірінің алғашқы мектепке дейінгі кезеңі – оның өсіп жетілуіндегі ең жауапты кезең, бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Бұл кезде баланың ақыл - ойы, қабілеті, қасиеттері және эстетикалық сезімдері қызықты, мазмұнды ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті, еңбек, ойын үдерісінде жан - жақты қалыптасады.
Балабақшада ойынның маңызы ерекше. Ойын барысында білім мен біліктілігін арттырамын.

Тәрбиенің алдағы міндеттерінің бірі балалардың ойлау қабілеттерін қалыптастыру болса, ойын – осы мәселенің шешімі. Балада ойлау қабілеті мен сөйлеу қызметі бірге дамиды. Баланы ойната отырып сөйлетуде суретті әңгіме, дидактикалық ойынды сурет арқылы өткізу, шығарманы оқып таныту оң нәтиже береді. Мектеп жасына дейінгі балаларды тіл мәдениетіне тәрбиелеу, сөздік қорын дамыту, сурет қарау, заттарды сипаттау, жұмбақ шешу, құрастыру, тақпақтар, мақал - мәтелдер, жаңылтпаштармен қатар ертегі тыңдау әңгімелесу баланың тілдік құзіреттілігін, қызығушылығын арттырады.. Жаңадан шыққан әдіс - тәсіл қолдану арқылы балалардың жаттауға, есте сақтауға деген ынталарының дамуына, тілдерін машықтандырғанына көз жеткіземіз.

Күнделікті жаңа ҰОІӘ - де тәрбиелеу мен оқыту ісінің бір ерекшелігі көрнекіліксіз іске аспайды. Мен әр тақпақ пен жаңылтпаштарға сызба - сурет салып көрнекілік ретінде пайдаланамын.
Ойын түрінде өткен бұл әдіс бала тілінің дамуына ықпал тигізіп, таным, қатынас, шығармашылық, әлеумет, денсаулық салаларындағы белсенділіктерінің дамуына, қолдануына жол ашады. Ойын баланың ойлау, есте сақтау, салыстыру, қиялдау, еркін сезінуге, еркін сөйлеуге, жеке тұлға болып табылуына көмектеседі.

Сол сияқты өзімнің ашық сабағымда қолданған ТРИЗға тоқталып өтейін. Бұл ең жас, әрі кең тараған таныс педагогикалық инновациялық жүйе. Ол – тапқырлық тапсырмаларды шешу теориясына және шығармашылық тұлға дамыту теориясына негізделген. Оны Ресейлік ғалым және қиялшыл – жазушы Генрих Альтшуллер жасаған.
Баланың тілін заманауи жаңа технологиялар арқылы дамыту жүктеу
4 805
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жаңашыл ұстаз өмір талабы
Жаңашыл ұстаз өмір талабы
Жаһандану заманында жас ұрпақтың жаңаша ойлау қабілетін, белсенділігін арттыру, білімге деген құштарлығын ояту, өмірінде оны қолдана білу, отансүйгіштік қасиетін одан әрі дамытуға бағыттау – ұстаздың басты міндеті деп білемін.
Дарынды балалармен жұмыс жоспары
Дарынды балалармен жұмыс жоспары
Бұл білімді қоғамдық жағынан көрсетуді жүргізудің бір құралы. Ғылыми зерттеу дегеніміз - ғылым әдіс – тәсілдерді қолдана отырып, белгілі бір нысан жөнінде жаңа білім қалыптастырумен аяқталатын жүйелі және арнайы мақсатқа көзделген нысандармен танысу.
Білім сапасын жаңа педагогикалық технологиялар негізінде жүргізу
Білім сапасын жаңа педагогикалық технологиялар негізінде жүргізу
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №11 «Балапан» балабақшасының тәрбиешісі Кемалова Маржан
Инновациялық технологияларды пайдалана отырып, білім сапасын арттыру жолдары
Инновациялық технологияларды пайдалана отырып, білім сапасын арттыру жолдары
Ақтөбе облысы, Алға қаласы, «Алға мектеп - бақша» ММ бастауыш сынып мұғалімі Давлетова Шолпан Избасхановна
Сындарлы оқыту
Сындарлы оқыту
ШҚО, Семей «№13 ЖОББМ» КММ Траих пәні мұғалімі:Н. Кульджина
Ересек топтағы балалардың шығармашылық әлеуетін дамыту
Ересек топтағы балалардың шығармашылық әлеуетін дамыту
«Алақай» балабақшасы «Алақай» балабақша меңгерушісі Куаншалина Алма Аблайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×