Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Дарынды оқушыларды дамыту тұжырымдамасы

10 қаңтар 2014, Жұма
Категориясы: Әдістемелік көмек
Дарынды оқушыларды дамыту тұжырымдамасы

Мақсаты:
«Табиғи дарындылығы, қабілеті бар оқушыларды анықтау, бейімі мен қызығушылықтарына байланысты білім, білік, дағдыларын дамыту, шығармашылық қабілеттерін дамытып, шыңдау және ғылым жолына бағыт бағдар беру, потенциалды қабілеттерін жүзеге асыруға қолдау жасау»
Міндеті:
1. Дарынды балалармен жұмыста педагогтарды нормативтік – құқықтық құжаттармен қамтамасыз ету;
2. Мектеп оқушылары арасынан табиғи қабілетті оқушыларды анықтау және сол оқушылардың арасынан дарынды оқушыларды шығару;
3. Мектептің білім беру ортасында дарынды және қабілетті балалардың дамуына жағдай жасау;
4. Дарынды балаларды дамыту және оларға қолдау көрсету. Білімдерін көрсету үшін әртүрлі пән олимпиадаларына, ғылыми жоба қорғау сайыстарына, интеллектуалды, шығармашылық сайыстарға қатыстыру.
5. Дарынды, қабілетті оқушылардың өзіндік ойлауларын, шығармашылықтары мен белсенділіктерін дамыту және ынтасын арттыру мақсатында оқыту мен оқудағы жаңа әдіс - тәсілдерді, инновациялық технологияларды жүйелі қолдану.

Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстың негізгі қағидалары:
- Жеке тұлғаның дамуына әртүрлі мүмкіндіктер беру;
- Оза және дамыта оқыту;
- Жекелей және саралай оқыту принципін қолдану;
- Кез келген жағдайды өзін еркін және қолайлы сезінуіне жағдай жасау;
- Оқушылардың бірлесе отырып жұмыс жасауына жағдай жасау;
- Оқушылардың қызығушылықтары мен бейіміне қарай қосымша курсты таңдау құқығын беру;
- Сыныптан тыс әрекеттің рөлін арттыру;
- Төзімді болу;
- Оқушы мен мұғалім арасындағы ынтымақатастырылған жұмыстың нәтижелілігі.

Дарындылықтың бағыттары және дамыту жолдары:
1. Жалпы интеллектуалды дарындылық:
- пәндік олимпиадалар, жарыстарға қатыстыру;
- қашықтықтан оқыту олимпиадаларына қатыстыру;
- интеллектуалды, шығармашылық сайыстарға қатыстыру;
- мектепішілік оқушылардың ғылыми қоғамына мүше болу / «Дарын»- 8 - 11 сыныптар, «Зерде»- 1 - 7 сыныптар/;
2. Көркемдік – шығармашылық дарындылық:
- оқушылардың қызығушылықтарына қарай үйірмелер, әр түрлі конкурстар;
- концерттер, фестивальдар, көрмелерге қатысуы;
3. Спорттық дарындылық
- секциялар, жарыстар, жиындарға қатысу.

Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстың түрлері:
1. Дарынды оқушылармен жүргізілетін топтық және жеке жұмыс түрлері;
2. Мектеп компонентінен берілетін факультатив сабақтарды жүргізу;
3. Әртүрлі пәндер бойынша оқушы компонентінен берілетін таңдау курстарын жүргізу;
4. Қызығушылықтарына қарай үйірмелер мен спорт секцияларына қатысу;
5. Әр түрлі интеллектуалды, шығармашылық, спорттық сайыстар жүргізу (тақырыптық сурет көрмелері, мәнерлеп оқу сайыстары, «Жобалар апталығы», «Алтын оймақ») т. б.;
6. Ғылыми - практикалық конференция, зерттеу - шығармашылық сайыстар өткізу.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
21 642
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Талантты және дарынды балаларды анықтау және оқыту жолдары
Талантты және дарынды балаларды анықтау және оқыту жолдары
Дарынды және талантты оқушыларды анықтау жолдарын іздестіру, оларды оқыту әдістерін зерделеуге көмектесу
Дарынды балалармен жұмыстың жаңаша түрі
Дарынды балалармен жұмыстың жаңаша түрі
Дарынды балаларды айқындау мен дамытудың ерекшеліктері. Білім жүйесімен ғана қаруландырып қоймай, олардың назарын, білгендерін, жадында сақтай білу қабілетін, ойлауын, тіл шеберлігін, білімге құштарлығын, өмірге көзқарасының дұрыс қалыптасуына,
Талантты және дарынды баламен жұмыс
Талантты және дарынды баламен жұмыс
Дарынды баланы анықтау бойынша мұғалімдердің зерттеушілік жұмыстарды жүргізе білуіне көмектесу, бағыт - бағдар беру.
Дарынды балалармен жұмыс
Дарынды балалармен жұмыс
“Оқу тәрбие үрдісіне жаңа педагогикалық технологияларды енгізу арқылы балалардың білім сапасын арттыру, шығармашылық қабілетін дамыту” өзекті мәселелер енгізіп отырғаны белгілі. Сондықтан садигіміздің мақсаты: жеке тұлғаны жан - жақты дамытудың алғы
Талантты және дарынды балаларға білім беру
Талантты және дарынды балаларға білім беру
Түркістан қаласы, Мағжан Жұмабаев атындағы №15 мектеп гимназия математика пәнінің мұғалімі Есенкабулова Таттигуль Амангелдиевна
Дарындылықты анықтау мен қолдау технологиясы
Дарындылықты анықтау мен қолдау технологиясы
Ұстаз алдында отырған оқушыларды ерекше қабілетті, орташа деңгейдегі оқушы, үлгерімі нашар оқушы деп үш топқа бөлуге болады. Бұл қабілеттің әр түрлілігінен туындаған мәселе. Осы тұста «Ерекше қабілетті оқушы деген кім?» деген сұраққа жауап беретін
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×