Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ағылшын және қазақ тіліндегі идиомалардың ұқсастықтары мен айырмашылықтары

08 қаңтар 2019, Сейсенбі
Категориясы: Ағылшын тілі
Ғылыми жоба
Тақырыбы: Ағылшын және қазақ тіліндегі идиомалардың ұқсастықтары мен айырмашылықтары

Бағыты: Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар саяхат маршруттары
Секциясы: Тіл білімі

Аннотация
Бұл ғылыми жобада, идиомалардың қазақ және ағылшын тілінде қолданудағы ұқсастықтары мен айырмашылықтарына жан - жақты талдау жасалған. Оқушы көркем шығармалардан үзінді келтіре отырып, нақты дәлелдермен дәйектер арқылы тақырып өзектілігін аша білген.
Тақырыпты зерттеудегі оқушының ізденімпаздығы, қызығушылығы аңғарылады.
Бұл ғылыми жобаны жазу барысында салыстыру, анализдеу, талдау, қорыту, жинақтау, тұжырымдау сынды әдіс - тәсілдер кеңінен қолданған.
Тақырып аудару үрдісі аясындағы ерекшелігі оның маңыздылығы мен мазмұны, эмоционалдық - экспрессивті тұрғысынан қолданылудағы практикалық құндылығы, стильдік вариациялары жағынан толықтай дәлелденген.

Жоспар.
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Ағылшын және қазақ тіліндегі идиомалардың
этнолингвистикалық сипаты
1. 1. Идиоманың этнолингвистикалық сипаты
1. 2. Идиоманың лексика – семантикалық ерекшеліктері

2. Ағылшын идиомасын аударудағы тілдік ерекшеліктері
2. 1. Идиоманы аудару үрдісі
2. 2. Идиомалар мен фразеологизмдердің маңыздылығы
2. 3. Идиоманың стильдік вариациялары

3. Идиомалардың қолдану аясы
3. 1. Эмоционалдық - экспрессивті тұрғыда қолданылуы
3. 2. Көркем әдебиет аясында қолданылуы

ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

І. Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі
Шет тілін үйренудің бір мақсаты сол елдің сөйлеу мәнерін оқып үйрену. Яғни, әдеби мәдениеті жағынан фразеологизмдерді және идиомаларды үйрену арқылы сол елдің ерекшелігін білеміз. Н. Ә. Назарбаев: «Біз алдағы уақытта осы алған бағытымыздан таймай, әлемдік биіктерді бағындыра береміз. Ол мақсатқа жету үшін, ең алдымен, әрбір қазақстандық бәсекеге қабілетті болуы керек» деген болатын. Тіл мәселесінде сөзге тиек ете отырып, елбасымыз қазақстандықтардың жаңа ұрпағы 3 тілді меңгеру қажет, сонымен қатар ағылшын тілін кеңінен білмейінше ұлттық бәсекеге қабілеттілігі туралы айту қиын болатындығын ескерте отырып, барлық ата - аналарды, балаларды тілді үйренуге шақырады.
Тақырыптың зерттелу деңгейі
Бұл жұмыста ағылшын тіліндегі идиомалардың мағыналарын, қолданылуын және лексикалық құрамын талқыладым. Идиомаларды аударуға Oxford түсіндірме сөздігін пайдаландым. Бұл сөздікті пайланған себебім, бұл кітап осындай кітаптардың арасындағы ең беделдісі болып саналады. Oxford сөздігі Oxford университетінен 1948 жылдан бастап шығарылады.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері
Тақырыптың мақсаты анықталған өзектілігі негізінде құрылады. Менің осы ғылыми зерттеу жұмысын жазудағы алдыма қойған мақсатым ағылшын тіліндегі, қазақ тіліндегі идиомалардың құрылымдық және мағыналық ерекшеліктері мен ұқсастықтарын анықтау, оларды топтастыру. Идиомаларды аударудағы қиыншылықтар туғызатын себептерді іздеу, сонымен қатар оларды жеңудегі жолдарды іздестіру.
Зерттеу жұмысының құрылымы
Зерттеу жұмысының құрылымы кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Зерттеу жұмысының әдістемесі
Тақырыпты жазу барысында жинақтау, салыстыру, анализдеу, талдау, тұжырымдау, қорытындылау сынды әдіс - тәсілдерді қолдандым.
Зерттеу жұмысының практикалық маңызы
Бұл жұмыс тек қана ағылшын тілі сабағында емес, қазақ тілі сабақтарында идиомаларды үйренуде көмекші құрал ретінде пайдалану ұсынылады.
Зерттеу жұмысының жаңалығы
Ағылшын тіліндегі және қазақ тіліндегі идиомалардың ұқсастықтары. Идиомаларды ағылшын тілінен қазақ тіліне аударғанда сөзбе - сөз дәл аударылмауы. Қазақ тілінде тұрақты сөз тіркестері фразеологизмдер деп аталса, ағылшын елдерінде идиома деп аталады.
Идиома – толық мағыналы сөздердің мазмұнына ортақтасып, экспрессивті, эмоциялы бояулармен сөйлеу тілінде де, әдеби тілде де жиі қолданылады. Бұл тәсілді көбіне ақын - жазушылар көркем әдебиетте, әсіресе, поэзияда оларға ерекше стильдік өң беру үшін, ұйқас, ырғақ талаптарына лайық олардың орны ауысып та, арасында басқа сөздер еніп те, тұлғасы өзгертіліп те жұмсала береді. Халқымыздың ұлы ойшылы, поэзияны қанаттандырған ақын Абай Құнанбаевта сөз тіркестерін қолданғаны мен үшін жаңалық болып табылады.
Халық арасында да, көгілдір экранда да көрсетілетін жарнамаларда, сатылымдағы тауарларда идиомаларды көптеп қолданылғаны мен үшін өзекті жаңалық.
ІІ. Негізгі бөлім
Ағылшын тілінің қолданылу аясы күннен - күнге артқан сайын оған деген ғылыми қажеттілік те өсіп келеді. Ағылшын тілін қоғамдық және ғылыми салада қолдану мен өркендетуге барынша жағдай жасалып, оның жан - жақты әлеуметтік - коммуникативтік рөлін арттыру өмір талабына айналып отыр. Қазіргі кезеңде ағылшын тілін дамытуда ғылыми - лингвистикалық зерттеулер жүргізу мен олардың нәтижелерін нақты іске асыру арқылы қазіргі ағылшын әдеби, ғылыми, салалық тілінің нормаларын бірыңғайлауды қамтамасыз ету де негізгі міндеттер болып табылады. Ағылшын тілінің әдеби, лексика - фразеологиялық, терминдік, синонимдік, аймақтық тілдік нормалары жан - жақты әрі бай. Сондықтан да оны қолдануда көп жағдайда дұрыс мағынасын түсінбей үстірт кетіп жататын жағдайлар аз болмай жатады. Идиома тілдің барлық деңгейлермен тығыз қарым - қатынаста өмр сүретін, өзінің компаративтік мағынасы мен компаративтік функциясын сол деңгейлердің көмегімен жүзеге асыратын көпдеңгейлі, күрделі тілдік құбылыс болып табылады. Идиома – бұл сөз тәртібін қатаң сақтайтын бүтін ретінде болатын сөз тіркесі. Мысалы, көздің қарашығы – тура мағынада «көздің қарашығы» емес, ауыспалы мағынада өте қадірлейтін, құрметтейтін затты не адамды айтады. Әр тілде өз идиомалары бар. Сондықтан да солардың мағыналарын білуіміз қажет. Себебі, оларды сөзбе - сөз аударғанда түсініспеушілікке әкеп соқтырады. Мысалы, ағылшын тілінде де көп мөлшерде қызықты идиомалар көптеп кездеседі. Сөздік қорды дамытуда тұрақты сөз тіркестерінің яғни, идиомалардың алатын орны ерекше. Сіздерге көп қолданылатын ағылшын тіліндегі тұрақты сөз тіркестерін ұсынамын.
Idioms: 1) To live high on the hog – мұқтаж көрмей өмір сүру, рахатта өмір сүру. Example: When he gets his fortune from his uncle, we will live high on the hog. (Ол атасының мұрасын алғаннан кейін, біз мұқтаж көрмей өмір сүреміз.) Example Dialogue: A: He’s got a new house and a new car, and he just joined the golf club. (Ол жақында жаңа үй, жаңак көлік және де гольф алаңын сатып алды.) B: He’s really living high on the hog, isn’t he? (Иә, ол шыныменде рахат өмір сүруде, солай емес пе?) 2) Sitting pretty - олжалы болу, жолы болғыш болу. Example: Sam got the raise last week, now he sure is sitting pretty. (Сэм өткен аптада жұмысынан жоғарылады, олжалы болды.) Example Dialogue: A: Have you talked to Randy lately? He just got a new job and a raise. (Сен жақында Рэндимен сөйлестің бе? Ол біразда ғана жұмысынан олжалы болды.) B: Yes, I've heard. He sure is sitting pretty. (Иә, мен естідім. Оның көңіл - күйі тамаша болар).

Жобаның авторы: Оралхан Мөлдір
Ғылыми жетекші: Түсіпова Гауһар Жетпісбекқызы
Қарауыл гимназиясының ағылшын тілі пәнінің мұғалімі
Ағылшын және қазақ тіліндегі идиомалардың ұқсастықтары мен айырмашылықтары жүктеу
7 139
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Food and drink (Тамақтар мен сусындар)
Food and drink (Тамақтар мен сусындар)
Food and drink (Тамақтар мен сусындар). Тақырып бойынша жаңа сөздерді қайталап, ағылшын тіліндегі саналатын және саналмайтын зат есімдерді меңгеру.
Лингвомәдениеттаным – тіл біліміндегі жаңа ғылыми бағыт
Лингвомәдениеттаным – тіл біліміндегі жаңа ғылыми бағыт
Лингвомәдениеттаным – тіл біліміндегі жаңа ғылыми бағыт
Физиканы ағылшын тілінде оқыту бағдарламасы
Физиканы ағылшын тілінде оқыту бағдарламасы
ШҚО, Аягөз қаласы, «Қалалық көпсалалы қазақ мектеп-гимназиясы» КММ физика және информатика пәнінің мұғалімі Кунусова М.О. ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Алдабергенова А.Қ.
Қазақ тілі сөздерінде «ң» дыбысының қолданысы
Қазақ тілі сөздерінде «ң» дыбысының қолданысы
Негізгі бөлім екі тараудан тұрады: «Қазақ тілі фонетикасы туралы жалпы түсінік» деп аталатын бірінші тарау және ««ң» дыбысының қолданысы» деп аталатын екінші тарау.
Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» романындағы фразеологизмдер
Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» романындағы фразеологизмдер
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, «№5 жалпы орта білім беру мектебі» Жоба авторы: 10 - сынып оқушысы b]Жұбатханова Камшат[/b]
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×