Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жаяу-Мұса Байжанұлы

19 мам 2011, Бейсенбі
Категориясы: Ақын-жазушылар
Жаяу - Мұса Байжанұлы (1835 - 1929жж.)
Жаяу - Мұса туып өскен жері қазіргі Павлодар облысы, Баян ауданы. Әкесі Байжан кедей шаруа адам болған. Жаяу - Мұса жасынан өнерпаз, талапкер болып өседі. Дарынды баласының оқуға талпынған талабын әкесі қостамаса да, Мұса өз бетімен оқиды. Бұдан кейін Мұса Омбы қаласына барып орысша оқуға түседі. Сол қалада оқып жүрген кезінде жаз айларында еліне келіп - кетіп жүріп, шонжар Шорман тұқымдарының парақорлығын, бұқараға көрсеткен зорлық - зомбылығын әшкерелеп газетке жазады. Сол жылдарда дуанбасы болып сайланып, полковник шенін алған Шорманның Мұсасы Омбыдағы губернаторға Жаяудың үстінен шағым жасайды: патшаға қарсы адам деп жала жауып, Тобыл өзенінің бойындағы Тобыл қаласына 12 жылға жер аудартады. Бірақ Жаяудың өтініші бойынша жер аудару жазасы әскер қызметіне ауыстырылып, ол арбакеш болып жұмыс істейді. Генерал Черняев әскерінің қатарында Жаяу - Мұса Петербург қаласында, Польша, Литва, Латвия жерлерінде болады. Кейін Черняев әскерінің Орта Азия экспедициясына да қатысады, сол сапарда қазақ халқының тұңғыш ғалымы Шоқан Уәлихановпен кездеседі.
Жаяу - Мұса еліне қайта оралғаннан кейін де Шорман тұқымдары оған өтірік жала жауып, қудалауын тоқтатпайды. Тек Ұлы Октябрь революциясынан соң ғана Жаяудың қолы азаттыққа жетіп, теңдік алады.
Жаяу - Мұса, бір жағынан, Арқадағы Біржан сал мен Ақан сері бастаған әнші - ақындар тобының әріден келе жатқан дәстүрін дамыта түссе, екіншіден, қазақ музыкасының мазмұны мен түріне, орындаушылық өнеріне көптеген жаңалықтар енгізді. Бұл жөнінде ол қазақ халқының музыкасы көлемінде ғана қалып қоймай, көршілес туысқан халықтардың (орыс, татар т. б.) музыкалық мәдениетінен үйренді, зор әсер алды.
Жаяу Мұсаның тағы бір ерекшелігі: ол өз заманының әлеуметтік, қоғамдық мәселелеріне белсене қатынасып жүргендігінен өзінің ақындық шығармаларында немесе композиторлық өнерінде әрдайым халықтық - бұқарашылдық бағытты берік ұстайды, өмір бойы үстем тап өкілдерімен күресе отырып, сол замандағы қазақ ауылының шындығын батыл суреттейді.
Дарынды композитор, ақын Жаяу - Мұсаның өнері Ұлы Октябрьден кейін ғана гүлдене, қанаттана түседі. Ол бұл шақта қартайыңқырап қалса да, еңбекші халықпен бірге ел шаттығын, бостандыққа жеткен кедей шаруаның көңіл күйін шертеді. Жаяу - Мұса Байжанов 1929 жылы 94 жасында қайтыс болды.
Жаяу Мұса атақты халық композиторы, оның ел арасында мол жайылған, халық сүйіп айтатын көптеген тамаша әндері бар: Баянауыл, Гауһар қыз, Ақ сиса, Ақ шашақ, Хаулау т. б.
Жаяу Мұса ұзақ өмірінде түрліше себептермен көптеген елдерді аралаған адам. Біржан дәстүрін дамытқан өнер иелерінің бірі бола тұрса да, Жаяу - Мұса қазақ музыкасына мазмұн мен түр жағынан елеулі жаңалықтар әкелді. Алдымен, ол шығарған өлеңі мен әні, түгелдей дерлік, әлеуметтік мазмұнға құрылып, жаңа ырғақтар табады, қала мәдениетінің элементтерін батыл енгізіп, көңілді, жігерлі, ырғақты әуендер туғызады. Бұл ретте композитор орыс пен татар халықтарының музыкалық қазынасын еркін және шебер пайдаланып, би, марш үлгілеріне жақын ырғақты әуендер шығаратын болады.
Жаяу - Мұса Байжановтың қазақ музыкасына енгізген жаңалықтарының түп тамыры композитордың өз басынан кешкен күрес пен тартысқа толы бай өмір эпизодтарына тығыз байланысты. Жеке басының ізденуі мен асқан дарынының арқасында Жаяу - Мұса Байжанов қазақша, орысша сауатын ашады; 13 жыл бойы оқып, өз заманындағы болған саналуан, күрделі өзгерістерді түсінерлік білімі бар көрнекті қайраткер дәрежесіне көтеріледі. Ұзақ өмірінде сан рет бай - феодалдар тарапынан қуғын көріп, бірнеше мәрте жер аударылса да, Жаяу - Мұса мойымайды, жасымайды, қашан да бұқара шаруаның жоқшысы, қамқоршысы болады.
Рас, Жаяу - Мұса Байжановтың ақындығынан гөрі композиторлық өері басым екені мәлім. Жоғарыда айтқанымыздай, композитордың шет елдерді аралауынан болса керек, оның әндері өзге әнші - ақындар мен қазақтың ежелгі халық музыкасына стиль жағынан ұқсамайды, өзіне тән ерекшеліктері мол кездеседі. Бірақ мұндай айырмашылықтарды әншейін сырттай еліктеуден туды деп қарасақ, бұл жаңалықтар қазақ музыкасының табиғатына жат, қонымсыз құбылыс деп танысақ, онымыз, сөз жоқ, жаңсақ, қате түсінік болар еді. өйткені Жаяу - Мұса орыс, татар мәдениетінен үйренгенде, тек сырттай еліктеп қойған жоқ, туысқан елдердің бай музыкасын пайдалана отырып, қазақ әндеріне европалық сыр - сипат бере білді, сөйтіп, құлпырта, ажарландыра түсті; олардың (қазақ әндерінің) мелодиялық мүмкіншілігін кеңейтті; демек, бүкіл қазақ музыкасын жаңа сатыға көтерді.
16 357
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Абай салған сырлы әндер
Абай салған сырлы әндер
Оқушыларға ұлы сазгер Абайдың өмірі, қазақ музыкасындағы алатын орны, әндерінің ерекшелігі туралы білім беруді жалғастыру.
Жаяу Мұса – әнші-ақындар тобының көрнекті өкілі
Жаяу Мұса – әнші-ақындар тобының көрнекті өкілі
Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қайнар ауылындағы В.Маяковский атындағы №32 орта мектеп Жобаның авторы:10 «А» сынып оқушысы Ашықбаева Гүлсина Талғатқызы Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бейсенова Алиша Асылбекқызы
Штрихтармен жұмыс
Штрихтармен жұмыс
Қазанғап атындағы Саз мектебінің мұғалімі Кемалова Зина Баймырзақызы
Ән-күй шежіресі
Ән-күй шежіресі
Білім беру саласы: Шығармашылық, қатынас Ашық ұйымдастырылған оқу іс әрекеті: Музыка Тақырыбы: «Ән, күй, шежіре»
Дина
Дина
Қарағанды облысы, Осакаров ауданы, № 1 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Байхазан Алмагүл
Мұсабек Байзақұлы
Мұсабек Байзақұлы
Молда Мұса (шын аты Мұсабек) Байзақов қазіргі Шымкент облысының Түркістан ауданындағы Шоқтас деген жерде, 1849 жылы туған. Әкесі Байзақ сөзге шешен, елге беделді, ауқатты адам болған.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×