Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Ішкі қызмет жарғысы

30 сәуір 2014, Сәрсенбі
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Ішкі қызмет жарғысы. Әскери қызметшілердің жалпы міндеттері. Әскери атақтар және айыру белгілері.
Мақсаты:
1. Оқушылардың білімін жетілдіру.
2. Әрбір баланың бойындағы ұлтжандылық қасиетін дамыту және рухын жоғары, берік ұстау сезімін жетілдіру.
3. Әскери қызметшілердің жалпы міндеттері туралы түсінік беру.
Оқу сұрағы:
1. Әскери қызметшілердің жалпы міндеттері. Әскери атақтар және айыру белгілері.
2. Әскери қызметшілердің әскери әдептілігі мен мінез – құлқы.
3. Командирлер (бастықтар) мен бағыныштылар. Аға және кіші шенділер.
Уақыт – 45 минут.
Сабақ өтетін орын – АӘД кабинеті.
Әдіс - Әңгіме.
Көрнекті құралдар – АӘД оқулығы.
Сабақтың жүргізу тәртібі
Кіріспе – 5 мин.
Оқу сұрағы – 35 мин.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшісі қызметтік іс - әрекетінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, әскери жарғылардың талаптарын басшылыққа алуы және саяси мақсаттарды көздейтін қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктердің қызметіне қатысы болмауы тиіс.
Ол:
 Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын қатаң сақтауға және әскери жарғылардың талаптарын орындауға;
 әскери антқа адал болуға, өз халқына жанқиярлықпен қызмет етуге, ерлікпен, Қазақстан Республикасын қырағылықпен, қасық қаны қалғанша аянбай қорғауға, әскери борышын адал орындауға, әскери қызметтің қиындықтарын табандылықпен өткеруге;
 өз Отанының патриоты болуға, түрлі ұлттардың әскери қызметшілерінің арасындағы достықты нығайтуға;
 адал, тәртіпті, ержүрек болуға, әскери борышын орындау кезінде байыпты бастама жасауға;
 командирлерге (бастықтарға) сөзсіз бағынуға және оларды ұрыста қорғауға, әскери бөлімнің жауынгерлік туын сақтауға;
 әскери кәсіптік білікті ұдайы меңгеруге, өзінің машықтануы мен әскери шеберлігін жетілдіруге;
 өзіне сеніп берілген қару мен әскери техниканы білуге және оларды ұдайы әзірлікте ұстауға, әскери мүлікті және басқа да материалдық құндылықтарды сақтауға;
 әскери бауырластықты бағалауға, жолдастарын қауіптен құтқаруға көмектесуге, оларға сөзімен де, ісімен де көмектесуге, әрқайсысының ар - намысы мен абыройын құрметтеуге, өзіне және басқа да әскери қызметшілерге қатысты тұрпайылық пен қорлауға жол бермеуге, оларды лайықсыз іс - қылықтардан тежеуге;
 әскери әдептілік, мінез - құлық пен әскери сәлесдесу қағидаларын сақтауға, әрдайым және барлық жерде өз қадір - қасиеті мен абыройын биік тұтуға, нысанды киімін таза, ұқыпты киюге;
 қырағы болуға, әскери және мемлекеттік құпияны қатаң сақтауға міндетті.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери
қызметшілерінің әскери атақтарының тізбесі

Құрамы Әскери атақтар
әскерлік кемелік
Жауынгер мен матростар Қатардағы жауынгер
Ефрейтор Матрос
Аға матрос
Сержанттар (старшиналар) Кіші сержант
Сержант
Аға сержант
Үшінші дәрежелі сержант
Екінші дәрежелі сержант
Бірінші дәрежелі сержант
Штаб - сержант
Шебер – сержант
Екінші дәрежелі старшина
Бірінші дәрежелі старшина
Бас старшина
Үшінші дәрежелі старшина
Екінші дәрежелі старшина
Бірінші дәрежелі старшина
Штаб - старшина
Шебер - старшина
Кіші офицерлер
Лейтенант
Аға лейтенант
Капитан Лейтенант
Аға лейтенант
Капитан - лейтенант
Аға офицерлер
Майор
Подполковник
Полковник 3 - дәрежелі капитан
2 - дәрежелі капитан
1 - дәрежелі капитан
Жоғары офицерлер Генерал - майор
Генерал - лейтенант
Генерал - полковник
Армия генералы Контр - адмирал
Вице - адмирал
Адмирал

Медициналық немесе әділет, әскери - есептік мамандықтары бар офицерлердің әскери атақтарына тиісінше «медицина қызметінің», «әділет», т. б. сөздер қосылып айтылады.
Авиацияның жоғарғы құрамдағы офицерлерінің әскери атақтарына (ұшқыштық, инженерлік, инженерлік-авиациялық дайындығы бар) «авиациялық» деген сөз қосылып айтылады.
Қосалқы құрамға шыққан әскери шенділерге «қосалқы құрамдағы», демалыстарға «демалыстағы» деген сөздер қосылып айтылады.

Әскери қызметшілердің әскери әдептілігі мен мінез - құлқы

Әскери қызметшілер әрдайым жоғары мәдениеттің, қарапайымдылық пен ұстамдылықтың үлгісі болуға, өзінің қадір - қасиетін қорғауға және басқалардың қадір - қасиетін құрметтеуге тиіс. Олар өз мінез - құлқына қарап, тек өздері туралы ғана емес, тұтас алғанда, Қарулы Күштердің ар - абыройы туралы пікір түйілетінін есте ұстауы тиіс.
Әскери қызметшілердің арасындағы өзара қарым - қатынастар өзара сыйластық негізінде құрылады. Қызмет мәселелері бойынша олар бір - біріне: «сіз» деп тіл қатуға тиіс. Өзара жеке қатысу кезінде әскери атақ әскерлердің түрі немесе қызметі көрсетілмей аталады.
Бастықтар мен аға шенділер қызмет бойынша бағыныштылар мен кіші шенділерге тіл қатқанда, оларды әскери атағы мен әскер түрі бойынша немесе атағы бойынша ғана, соңғы жағдайда атақтың соңына «мырза» деген сөзді қоса отырып айтады. Мысалы: «Қатардағы Омаров (Омарова)», «Қатардағы сарбаз мырза», «Сержант Егізбаев (Егізбаева)», «Сержант мырза», т. б.
Әскери оқу орындарының әскери атақтары жоқ сержанттық құрамын, курсанттарын (тыңдаушыларының), сондай - ақ оқу - әскери бөлімдерінің (бөлімшелерінің) курсанттарын, оларға тіл қатқан кезде, тегін қосып «курсант» деп немесе «Курсант мырза» деп атау керек.
Өздеріне бастық немесе аға шенді тіл қатқан кезде, әскери қызметшілер, сырқаттарды қоспағанда, саптағыдай тіктеліп, өздерін таныстырады: лауазымын, әскери атағы мен тегін атайды. Қол алысқан кезде, аға шендегісі қолын бірінші болып береді. Егер аға шенді қолғапсыз болса, кіші шенді қол алысу алдында оң қолынан қолғабын шешеді. Бас киімсіз әскери қызметшілер қол алысуымен қоса басын жеңіл иеді.
Бағыныштылар мен кіші шендегілер қызмет бабымен бастықтар мен аға шендіге тіл қатқан кезде, оларды атағының соңына «мырза» деген сөзді қосып, әскери атағы бойынша атайды. Мысалы: «Лейтенант мырза», «Генерал - майор мырза».
Әскери қызметшілер саптан тыс бір - біріне тек әскери атағы бойынша ғана емес, аты мен әкесінің аты бойынша да тіл қатыса алады. Күнделікті өмірде офицерлерге «офицер сөзі» деген сендіруші тіркесті қолдануға рұқсат беріледі және бір - бірімен қоштасқан кезде: «Қош болыңыз!» деген сөздің орнына: «Құзырыңызға құлдық!» деп айтуға жол беріледі.
Қарулы Күштердің азаматтық қызметкерлеріне тіл қатқан кезде, әскери қызметшілер оларды лауазымының соңына «мырза» деген сөзді қоса отырып, лауазымы немесе тегі бойынша атайды.
Әскери атақтарды бұрмалау, әдепсіз сөздерді, лақап және мазақ аттарды қолдану, дөрекі және жүрдім - бардым сөйлесу әскери ар - намыс пен әскери қызметшілердің қадір - қасиеті ұғымына сыйыспайды.

Командирлер (бастықтар) мен бағыныштылар.
Аға және кіші шенділер


Өзінің қызмет жағдайы мен әскери атағы бойынша бір әскери қызметші бір - біріне қатысты бастық немесе бағынышты болуы мүмкін.
Бастықтың бағыныштыға бұйрықтар беру құқығы бар және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыруға міндетті. Бастық бағынышты үшін әдептілік пен ұстамдылықтың үлгісі болуға тиіс. Бағыныштының адамдық қадір - қасиетін қорлайтын іс - әрекеті үшін бастық жауапкершілікте болады.
Бағынышты бастықтың бұйрықтарын сөзсіз орындауға міндетті.
Атқаратын штаттық лауазымы бойынша қызметтік міндеттеріне сәйкес бағыныштыларға басшылықты жүзеге асырушы әскери қызметшілер өзінің қызмет жағдайы бойынша бастықтар болып табылады.
Командир қызметі жөнінен өзіне бағынышты әскери қызметшілер үшін бастық болып табылады.
Қызметі жөнінен уақытша болса да әскери қызметшілер бағынатын бастықтар тікелей бастықтар болып табылады.
Бағыныштыға ең жақын төте бастық тікелей бастық деп аталады.
Қызмет жөнінен бағыныштылық тәртібіне байланыссыз мынадай әскери қызметшілер әскери атағы бойынша бастықтар болып табылады:
• Армия генералдары, адмиралдар – аға және кіші офицерлер, старшиналар, сержанттар, жауынгерлер мен матростар үшін;
• Генералдар, адмиралдар, полковниктер мен 1 - дәрежелі капитандар – кіші офицерлер, старшиналар, сержанттар, жауынгерлер мен матростар үшін;
• Подполковник шеніндегі аға офицерлер, 2 - дәрежелі капитандар, майорлар, 3 - дәрежелі капитандар – старшиналар, сержанттар, жауынгерлер мен матростар үшін;
• Кіші офицерлер – старшиналар, сержанттар, жауынгерлер мен матростар үшін;
• Старшиналар мен сержанттар – олармен бір әскери бөлімдегі жауынгерлер мен матростар үшін.
Өзінің қызмет жағдайы мен әскери атағы бойынша басқа әскери қызметшілерге қатысты олардың бастықтары немесе бағыныштылары болып табылмайтын әскери қызметшілер аға немесе кіші шенділер болып табылады.
Аға шенділік әскери қызметшілердің әскери атақтылармен айқындалады. Әскери атағы бойынша аға шенділердің кіші шенділерден әскери тәртіпті, қоғамдық реттілікті, мінез - құлық қағидаларын, әскери киім нысанын киіп жүруді және әскери сәлемдесу рәсімін орындауды бұзғаны үшін олардан осы жолсыздықтарды жоюға талап етуі тиіс. Атағы бойынша кіші шенділер аға шенділердің осы талаптарын сөзсіз орындауға міндетті.
Бір - біріне бағынышсыз әскери қызметшілер міндеттерін бірлесе орындаған ретте, олардың қызметтік өзара қарым - қатынасын командир (бастық) айқындамаған болса, олардың лауазымы бойынша жоғары тұрғаны, ал лауазымдары бірдей болған ретте әскери атағы бойынша аға шендісі бастық болып табылады.

Қорытынды – 5 минут.
Оқушыларды бағалау, үйге тапсырма беру
25 555
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
7 мамыр - Отан қорғаушылар күні!
7 мамыр - Отан қорғаушылар күні!
Бұл күн Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің құрылған күні болып құрылғандықтан «7 мамыр Отан қорғаушылар күні» деп жарияланды.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің тәртіптік жарғысы
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің тәртіптік жарғысы
Қазақстанды мақтан тұтатын, оның халқына адал болатын, жері мен табиғатын құрметтейтін, Қазақстандық патриот бола алатын, Отан қорғау міндетіне дайын азаматты қалыптастыру.
Сап және оларды басқару
Сап және оларды басқару
Оқушыларға сап және оның элементтерін, сапқа тұру алдындағы және саптағы әскери қызметшінің міндеттерімен таныстыру. Әскери қызметшілердің сап алдындағы міндеттеріне жататын алғашқы баспалдақтарын оқушылар бойына дамыту. Әскери сымбаттылыққа, әскери
Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің жауынгерлік дәстүрлері
Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің жауынгерлік дәстүрлері
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, “№1 мектеп – гимназиясы”КММ АӘД пәні оқытушы – ұйымдастырушысы Қанатбай Мақсат Қанатбайұлы
Әскери бөлімдер мен бөлімшелерді елді мекендерде орналастыру
Әскери бөлімдер мен бөлімшелерді елді мекендерде орналастыру
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, “№1 мектеп – гимназиясы”КММ АӘД пәні оқытушы – ұйымдастырушысы Қанатбай Мақсат Қанатбайұлы
Әскери қызметшілердің жалпы міндеттері. Әскери атақтар және айыру белгілері.
Әскери қызметшілердің жалпы міндеттері. Әскери атақтар және айыру белгілері.
ШҚО, Тарбағатай ауданы, Тана мырза орта мектебінің Алғашқы әскери дайындық пәнінің ұйымдастырушы - оқытушысы Байназаров Айдын Айтқалиұлы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×