Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Поста өрт шыққан кездегі немесе күзетілетін объектіге шабуыл жасалған кездегі сақшының іс-қимылы.

10 наурыз 2013, Жексенбі
Сабақтың тақырыбы: Постта өрт шыққан кездегі немесе күзетілетін объектіге шабуыл жасалған кездегі сақшының іс - қимылы.
Сабақтың мақсаты:Оқушыларға посттағы сақшының өрт кезіндегі немесе объектіге шабуыл жасалған кездегі іс - қимылын түсіндіре және іс - жүзінде көрсете отырып түсіндіру.
Тәрбиелік мәні: Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыра отырып, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне деген құрмет сезімін ояту, қырағылыққа, батылдыққа тәрбиелеу.
Методикалық мақсаты: Посттағы сақшының өрт және объектіге шабуыл жасалған кездегі іс - қимылы жөнінде толық мағлұмат беру, меңгерту.
Материалдың қамтылуы: АӘД оқулығы, планшеттер және плакаттар. АК - 74 макеттері.
Өткізілетін жері: Қарауылдық қызметті үйретіп, пысықтау алаңы.
Бөлінген уақыты: 45 минут

Сабақтың барысы:
І. Кіріспе бөлім
1. Взвод (бөлімше) командирлерінің мәліметін тыңдау. Оқушылармен сәлемдесу.
2. Оқушылардың сыртқы пішіндерін, сабаққа дайындықтарын тексеру.
3. Сабақтың тақырыбын, мақсатын жариялау.

ІІ. Негізгі бөлім
Өткен тақырыпқа байланысты сабақтардан оқушылардың білімін тексеру мақсатында сұрақ қою.
А) Посттағы сақшының қаруы қандай жағдайда болу керек?
Ә) Сақшының міндеттерін айт.
Сақшы дегеніміз - өзіне тапсырылған постты күзету мен қорғау жөніндегі жауынгерлік міндеттерді орындаушы, қаруланған қарауыл екені туралы сақшы қол сұғылмайтын адам екені жөнінде айтып өтемін.
Сақшыға қол сұғылмайтыны – оның құқығы қорғалатындығы, оның қатаң айқындалған адамдарға – қарауыл бастығына, қарауыл бастығының көмекшісіне және өзінің жұмысқа тартушысына бағынатындығы, барлық адамдардың сақшының қызметімен айқындалған талаптарын сөзсіз орындауға міндеттілігі, осы Жарғыда көрсетілген жағдайларда оған қару қолдану құқығы берілетіндігін айтып өту.
Сонымен қатар өзіне немесе өзі күзететін объектіге тұтқиылдан шабуыл жасалған жағдайда, қаруды ескертусіз қолдануға міндетті екендігін айтып түсіндіру.
Сақшы қарауыл бастығынан, өзінің жұмысқа тартушысынан, оларға ертіп келген адамдардан басқа постқа немесе тыйым салынған шекараға жақындаған барлық адамдарды «Тоқта, кейін» немесе «Тоқта оң, (сол) жағынан айналып өт» деп дауыстау арқылы тоқтатады.
Талапты орындамаған жағдайда «Тоқта, атамын» деп ескертеді және дереу қарауыл бастығын немесе жұмысқа тартушыны шақырады.
Мысалы: Пост №2 – ге шабуыл жасалды деп. Айтылған талаптар орындалмаса, оқшантайға патрон салып, аспанға ату арқылы ескерту жасайды. Егер бұл талаптар орындалмаса тәртіп бұзушыға қарсы оқ атады.
Пост табелінде көрсетілген қашықтықтан постқа немесе тыйым салынған шекараға жақындаушыны көру мүмкіндігі нашар жағдайда, «Тоқта, кім келе жатыр?» деп дауыстап тоқтатады. Егер жауап қайтарылмаса, сақшы, «Тоқта, атамын» деп тәртіп бұзушыны кідіртеді. Белгіленген дабылмен қарауыл үй - жайына хабарлап объектіні күзетуін жалғастыра отырып, тәртіп бұзушының іс - қимылын бақылап тұрады. Тәртіп бұзушы сақшының талаптарын орындамаған жағдайда сақшы аспанға ату арқылы ескерту жасап, оған оқ атады.
Сақшының дауыстауына «Қараулы бастығы ( көмекшісі, жұмысқа тартушы) келеді» деген жауап естілсе, онда сақшы: «Қарауыл бастығы маған кел, қалғандарың орындарыңда қалыңдар» деп бұйырады. Қажет болған жағдайда жақындаған адамның бет - жүзіне жарық түсіруін талап етеді. Өз адамдары екендігіне көз жеткізген соң сақшы келген адамдардың бәрін өзіне қарай жібереді.
Егер қарауыл бастығы деп аталған бейтаныс болып шықса немесе айтылған талаптарын орындамаса сақшы «Тоқта, атамын» деп ескертеді. Талап орындалмаса, сақшы оларға оқ атады. Сақшы сонымен қатар қоян - қолтық шайқасқа түсу кезінде қарудың сүңгісімен немесе дүмімен батыл әрекет ете білуі тиіс екендігі айтылып көрсетіледі.
Постта өрт пайда болған жағдайда сақшы бұл туралы қарауыл үй - жайына дереу хабарлап және күзететін объектісін назарға ала отырып, өрт сөндіру шараларын қолданады. (қару «арқада» күйінде болады )
Күзетілетін объектінің сыртқа және ішкі қоршаулары бар, техникалық аумағы, сондай - ақ пост маңы өртенген кезде, ол бұл туралы үй - жайына хабарлап, қарауыл бастығының нұсқауы бойынша әрекет етеді.
Аяқ астынан ауырған жағдайда (жараланғанда), сақшы қызметін тоқтатпастан, таратушыны немесе қарауыл бастығын шақырады.
Жоғарыда айтылып өтілген сақшының қару қолдануы немесе өрт кезіндегі іс - қимылы оқушылармен іс - жүзінде көрсетіле отырып, пысықтап меңгертіледі.

Қорытынды бөлім:
а) Өтілген сабақ қорытындысы, үйретілген мәселелер туралы айту;
ә) Сыныптың сабаққа дайындығы, белсенділігі;
б) Бағаларын айту;
в) Үйге тапсырма беру;
г) Оқушылармен қоштасу
8 331
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ең үлкен ортақ бөлгіш пен ең кіші ортақ еселікті табуға есептер шығару
Ең үлкен ортақ бөлгіш пен ең кіші ортақ еселікті табуға есептер шығару
Ең үлкен ортақ бөлгіш пен ең кіші ортақ еселікті табуға есептер шығару кездегі білімдерін міндетті және мүмкін деңгейде тексеру, ойда сақтау қаблетін дамыту.
Діннің пайда болуы
Діннің пайда болуы
Қазақ халқының бұрынғы кездегі наным - сенімдерімен, дінімен, жалпы рухани мәдениетімен және ерте кездегі наным - сенім түрлерінің пайда болу тарихымен таныстыру.
Жаратылыстанушы ғалымдар
Жаратылыстанушы ғалымдар
Алғашқы жаратылыстанушы ғалымдардың еңбектері мен олардың ғылымға енгізген жаңалықтарымен, ол жаңалықтардың қазіргі кездегі рөлін түсіндіру.
Электр өрісінің энергиясына есептер шығару
Электр өрісінің энергиясына есептер шығару
Оқушылардың теориялық алған білімдерін тест есептерін шығарта отырып жетілдіру. Пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Токтың жұмысы мен қуаты. Джоуль – Ленц заңы
Токтың жұмысы мен қуаты. Джоуль – Ленц заңы
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, №1 ЖББ орта мектебінің физика пәнінің мұғалімі Құрманбаева Клара Ізтілеуовна
Информатикадан қысқы және орта мерзімді жоспар
Информатикадан қысқы және орта мерзімді жоспар
Астана қаласы, №48 мектеп - лицейдің информатика пәнінің мұғалімі Өмірзақов Нұржан Тұтқабайұлы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×