Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Пифагор теоремасы

26 сәуір 2013, Жұма
Категориясы: Бәйге
8 сынып
«Ең үздік презентация» номинациясы бойынша
Сабақтың тақырыбы: Пифагор теоремасы (презентация түрінде)

“Адамның ақыл - ойының кеңейе түсуіне математиканың тигізетін әсерін айтып жеткізу қиын. Математика ой, ақыл шегін кеңейтеді.”
(О. А. Жәутіков).

1. Қызығушылығын ояту.
1. Төртбұрыштың барлық қабырғаларының қосындысы.(периметр)
2. Бұрышты қақ жарып өтетін сәуле. (биссекртиса)
3. Б. з. д. 625 - 547 жылдары өмір сүрген ғалым. (Фалес)
4. Барлық қабырғалары тең тіктөртбұрыш.(квадрат)
5. Бұрыштың өлшем бірлігі. (градус)
6. Барлық қабырғалары тең параллелограмм.(ромб)
7. Екі қабырғасы ғана параллель болатын дөңес төртбұрыш. (трапеция)

2. Ой толғаныс.
Пифагорды кім білмейді
Даңқы шыққан әр елге!
Аты - шулы теоремасы
Тарап кетті әлемге.
Тарихи мәлімет:
Ұлы оқымысты Пифагор б. з. д. 570 жылдары Самос аралында дүниеге келген. Оның әкесі Мнесарх бағалы тастармен айналысқан. Пифагордың анасының есімі сақталмаған. Кейбір деректерге қарағанда оның анасы - Самос аралының негізін қалаушы Анкея тегінің қызы Пифаида. Пифагор ежелгі Грецияда 570 - 500 жж. өмір сүрген. Ол бала кезінен саяхат жасауды армандаған. Пифагор Үндістанда, Египетте, Вавилонда болған. Өзге елдердің ғылыми жетістіктері мен ежелгі мәдениетін зерттеген. Отанына оралғаннан кейін Пифагор аристократия уәкілдерімен жастар үйірмесін ұйымдастырған. Үйірмеге ұзақ сын емтихандардан кейін салтанатпен қабылдаған. Оған енуші әр адам өз мүлкінен безіп, бас тартқан және ілімнің негізін құраушының оқуын құпия сақтауға ант берген. Осылайша Оңтүстік Италияда атаулы ”Пифагор мектебі” пайда болды. Пифагоршылар математикалық, философиялық, жаратылыс ғылымдарымен айналысқан. Олармен көп жаңалық ашқан. Пифагор халық көтерілісі кезінде көше шайқасында өлген.

Пифагор теоремасы
Пифагор теоремасының бай тарихы бар. Пифагорға дейін көп уақыт бұрын ол мысырлықтарға, вавилондықтарға, үндістерге, қытай халқына белгілі болған. Үнді халқы “жіп ережесі” деп атап,
құрбандық шалатын орын құру үшін пайдаланған. Өзінің осы теореманы дәлелдеу салтанатының құрметіне Пифагор құрбандыққа бұқаны немесе өзгелер айтқандай 100 бұқа шалғаны туралы аңыз әңгімелер немесе өлеңдер жазуға себеп болды.
Ежелгі мысырлықтар жер өлшегенде осы”жіп ережесін”былайша қолданған: жіпті түйін салып тең 12 - ге бөлгенде, ұштарын біріктіріп байлаған. Содан кейін қабырғалары 3, 4, 5 бөлікке тең үшбұрыш шығатындай етіп жіпті жердің бетімен керіп тастаған. Сонда үшбұрыштың 5 бөлігі қабырғасына қарсы жатқан бұрышы тік болады.

Электрондық оқулыққа шолу
3. Мағынаны тану /оқулықпен жұмыс/
Оқулықты ашайық,
Қолға қалам алайық.
Кел, балалар дәптерге,
Есепті шешіп, жазайық.
№ 235
№ 262/1/
4. Тарихи есеп.
Ежелгі үнді есебі
/Бхаскара есебі/
Өзен жағасында өскен терек қатты желден діңінен сынып құлағанда, өзен ағысымен терек діңі тік бұрыш құрайды. Теректің құлаған басы өзеннің шетіне жетеді, ал қалған діңі 3 фут. Өзеннің ені 4 фут болса, теректің биіктігі қанша?
5. Ойлан, тап.
Төртбұрыштың қабырғалары 8 дм және 6 дм. Диагоналын табыңдар.
6. Тест тапсырмасы
1. АДЕ тік бұрышты үшбұрышында Д бұрышы тік. Мына теңдік дұрыс па?
А) дұрыс
в) дұрыс емес
2. АВС үшбұрышының С бұрышы тік. Теңдікті аяқта: sin A=
а) ВС) АВ;
в) АС) ВА;
с) ВС) АС;
д) АС) ВС
3. Тікбұрышты үшбұрыштың катеттері 24см, 7см. Оның гипотенузасын тап.
А) 625см
в) 5см
с) 25см
д) 527см
4. Тең бүйірлі үшбұрыштың бүйір қабырғасы 25см, табаны 30 см. Оның төбесінен түсірілген медианасын тап.
А) 10см
В) 15см
С) 20см
Д) 25см
5. Диагоналдары 16см, 12см ромбының периметрін тап.
А) 30см
в) 100см
с) 10см
д) 40см
6. Тең бүйірлі трапецияның бүйір қабырғасы 10см, табаны 17см, биіктігі 8 см. Кіші табанының ұзындығын тап.
а) 6см
в) 12см
с) 11см
д) 5см
7. Пифагор қай жерде дүниеге келді?
а) Франция
в) Вавилон
с) Греция /Самос аралы/
д) Италия
8. Пифагордың әкесі кім?
а) Карп
в) Мнесарх
с) Вернера
д) Пифаида
9. Атаулы «Пифагор мектебі» қайда пайда болды?
а) Оңтүстік Италияда
в) Солтүстік Италияда
с) Грецияда
д) Францияда
10. Пифагор қалай өлген?
а) жүрек ауруынан
в) жол апатынан
с) көше шайқасында
д) бас ауруынан

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
14 714
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Математикалық сөз жұмбақтар
Математикалық сөз жұмбақтар
Математикалық сөзжұмбақтар
Төртбұрыштар
Төртбұрыштар
Параллелограмм анықтамасы: Қарама - қарсы қабырғалары қос қостан параллель болатын төртбұрыш параллелограмм деп аталады.
Трапеция
Трапеция
Трапеция ұғымымен, оның түрлерімен және элементтерімен таныстыру. Трапецияның элементтерін табуға есептер шығаруды үйрету.
Пифагор теоремасына есептер шығару
Пифагор теоремасына есептер шығару
Қызылорда облысы, Жаңақорған поселкесі, №163 орта мектептің математика пәні мұғалімі Қосанова Бағила
Трапецияға есептер шығару
Трапецияға есептер шығару
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы № 30 орта мектебінің математика пәні мұғалімі Шепенова Ләззат
Пифагор теоремасы
Пифагор теоремасы
Қостанай облысы, Меңдіқара ауданы, Теңіз ауылы, Теңіз негізгі мектебінің, математика пәнінің мұғалімі Әмірбекова Гаухар
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×