Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жан қазынасы - адамгершілік негізі

09 мам 2013, Бейсенбі
Категориясы: Бәйге
Ашық тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Жан қазынасы - адамгершілік негізі» (презентация, флипчарт)

Мақсаты: Білімдік - танымдық: Оқушылардың білімдік дағдысын қалыптастыра отырып, діни бағыттағы сауаттылығын жетілдіру арқылы сөйлеу тілін дамыту, адамгершілік қасиеттерін шыңдау. Әр ортада өздерінің жан-жақтылығын жетілдіру, таныту, толеранттылыққа баулу.
Тәрбиелік: Жасөспірімдердің ой - санасын оята отырып, өзін - өзі тануға және бағалауға, адамгершілікке, бауырмалдыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, рухани дүниесін жетілдіру.

Міндеті: 1. Бәсекеге қабілетті дені сау, жан - жақты, білімді, сауаттылығы жетілген тұлға даярлау.
2. Оқушылардың өз ойларын ортаға салып, ашып айта білуге дағдыландыру.
Түрі: Пікір алысу
Әдісі: Парламенттік шоу бағдарламасы желісінде (миға шабуыл жасау, сыни тұрғыда ойлауға үйрету әдісі)
Көрнекілік: Мультимедиялық тақта, бейнетаспа, нақыл сөздер, мақал - мәтелдер т. б. с
Тәрбиелік бағыты: Ақыл - ой. Рух. Адамгершілік, Ұлтжандылық.

Жүрісі: І. Ұйымдастыру бөлімі
Кіріспе ретінде Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан Халқына Жолдауы жайлы «Тәрбие тал бесіктен басталады» - бейне көрсетілімімен бастау.
Оқушыларға «Балам, анау не?» атты жағдаятты көрсету арқылы, саналарына ой жүгірту.
«Ата - ананың ақысы дегенді қалай түсінесіңдер?» деген сұрақ беріледі. Сұраққа оқушылар топтасып жауап береді. Бүгінгі шарамыздың негізін аша отырып шара жалғасады.

ІІ. Шараның бағдарламасымен таныстыру.
1. «Әке мен бала» атты бейнетаспа көрсетіліп, қоғамдағы жағдайларға назар аударылады.
2. Адамның жан қазынасын қалай түсінеміз? (көрермендерге сұрақ беріліп, пікірлесуге мүмкіндік жасалады).
3. Ата - ананың қадірін, адам қасиетін, жан қазынасын түсіну. Оқушылардың пікірі тыңдала отырып, келесі «Рахмет, Анашым!» атты бейне таспа көрсетіледі.
4. Рухани бастауымыз Ислам дінінде емес пе? (Ислам діні мен Қазақ халқы бейнетаспасы)
5. Шағын логикалық сұрақтарға жауап.

ІІІ. Қорытынды бөлімі.
1. Тренинг ойыны «Білгенге маржан» (әр оқушының бір сөзбен өз ойын қорытуы).
2. «Сен қазақсың!» бейнетаспасын тамашалай отырып, оқушыларды ұлтжандылыққа бағыттау.

Шараның барысы.
Жүргізуші сөзі: Қайырлы күн құрметті ұстаздар, оқушылар және бүгінгі тәрбие сағатымыздың қонақтары!
(Шараның мақсаты мен міндеттері, жүрісі, мазмұны және өту барысы таныстырылады.)
Жүргізуші сөзінен кейін «Тәрбие талбесіктен басталады» атты бейнетаспа көрсетіледі. Бейнетаспаның көрсетілу мақсаты – ұрпақ тәрбиесі мемлекеттің басты назарында екенін еске салу.

Жүргізуші сөзі: Өздеріңізге белгілі қазіргі жаһандану үрдісінде елімізде бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу басты назарда болып отыр. Ал адамның жан қазынасын, адамгершілік болмысын қалыптастыру да, кей адамдардың түрлі жағдайлармен бір - бірін түсінбеуі де сіз бен бізді толғандырады. Өйткені біз сол қоғамның ішіндеміз, яғни оның мүшесіміз. Иә, бұның бәрі шындық десек артық болмас. Басекеге қабілетті ұрпақты жан - жақты қылып тәрбиелеу үшін алдымен жан қазынасының негіздерінің бірі, сенімділік пен шындықтың бастауына үңілу керек шығар. Мен бұл шараны, яғни «Жан қазынасы – адамгершілік негізі» атты тақырыпта өткізе отырып негізінен бала мен ата - ананың арасындағы қарым - қатынасқа арнаймын. Өйткені қазіргі таңда бұл мәселе де күн тәртібіндегі маңызды мәселелердің бірі болып отыр.
Назарларыңызға қысқаша қойылымды ұсынамын. Осы қойылым тұрғысында ойлана отырып, өз пікірлеріңізді білдіруге дайын болыңыздар! («Балам, анау не?» атты жағдаят. Ойнаушылар: 31МВС тобы студенттері).
... Ертеде бір үлкейген қарт қатты сырқаттанып жатса, жалғыз ұлы келіп:
- Әке, мен сені айшылық жерде аты шыққан тәуіпке апарып емдетемін,- депті. Сөйтіп әкесін арқасына салып, жолға шығыпты. Олар ұзақ жүріпті, қас қарайған кезде алдыдан қарауытқан сұлбаны көрсетіп әкесі:
- «Балам, анау не?» деп сұрапты.
- «Ол - түйе»- деп жауап беріпті. Сәлден кейін әкесі әлгі қарайған нәрсенің не екенін тағы сұрапты. Бала әуелгі жауабын қайталапты. Әкесі осы сауалын үшінші рет қайталап сұрағанда баласы:
- «Ол - түйе, түйе!». Өзім шаршап келе жатқанда, неге сұрай бересің?- деп ренжіпті. Сонда әкесі:
- «Балам, кішкене кезіңде мен ауыр тірліктен шаршап келіп отырсам да, сенің «Анау не, мынау не?» деп күніне жүз рет сұрайтын сұрағыңа беті қайтпасын, жігері жасымасын деп үнемі жауап беретінмін. Бұл аурудан емделейін деген ойым жоқ еді, тек бетіңді қайтармайын деп көнгенмін, енді сенен сөз естігенше, үйіме барып, ажалға мойын ұсынғаным артық, мені жерге түсір» депті.
(Оқушылардан осы жағдаятқа орай ата - ананың ақысы дегенді қалай түсінетіндіктері сұралады.)
-«Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» - демей ме халқымыз. Сіздердің қысқаша ойларыңызды білдік, олай болса сабағымызды жалғастыра отырып, арнайы дайындалған ата – ана мен бала қарым – қатынасы туралы келесі бейнетаспаға зер салайық. Кейіннен өз пікірлерімізді әрі жалғастырармыз. (Бейнетаспа көрсетіледі)
- Осы жерде пікірталас сұрақтар арқылы жалғасады.
1. Осы тәрізді жағдайларға алып келетін басты себеп не?
2. Өз ата - анасынан жерініп, қарттар үйіне өткізіп жатқан тірлік – шарасыздық па, қатыгездік пе? Әлде ішкі жан қазынамыз азайып, иманымыз әлсіреп, адамгершіліктен айырылуымыз ба?
3. Ішкі жан қазынамыз азайып, иманымыз әлсіреп, адамгершіліктен айырылуымызға не себеп? Болашаққа сеніміміз жоқ па?
4. «Көргені жақсы көш бастар», - демей ме, «халық айтса - қалып айтпас» - деген тағы бар, олай болса адамның жан қазынасын қалай түсінеміз?
Бұл жөнінде енді пікір білдіруді көрермендерге де берсек, тәрбие сабағымыздың қонақтары мен оқушылар пікірін білсек.
«Жүректің түріп құлағын,
Ойланып тағы қарашы,
Кімсің сен? Қайда тұрағың?
- Енді қайда барасың?» - деп Омар Һаям жырлап өткендей ата - ананың қадірін, адам қасиетін, жан қазынасын түсіну үшін, болашаққа сеніммен қарауды, санамызға сенім кілтін ұялату үшін назарларыңызды келесі бейнетаспаға аударамыз. (Арнайы дайындалған «Рахмет, Анашым!» атты бейнетаспа көрсетіледі).
- Осы жерде пікірталас сұрақтар арқылы тағы да жалғасады.
«Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол» - деп Абай атамыз жырлағандай жан қазынасын ұғудың жолдарының бірі және рухани бастауымыз Ислам дінінде емес пе?
Яғни, адами, рухани тәрбиенің бастауы жан қазынасынан басталады демей ме? Олай болса кезекті тағы да бейне түсірілімге берейік («Ислам діні мен қазақ халқы» атты бейнетаспа).
- Осы жерде оқушылар мен көрермендер арасында ортақ пікірталас жүреді.
Оқушыларға логикалық бағыттау сұрақтары беріледі:
1. Бүгінгі таңда әлемде күрделі мәселе болып отырған діни экстремизм Қазақстан үшін қаншалықты қауіпті?
2. Адамның жан қазынасына сырттан келген әр - түрлі діндердің әсері қандай? Жан қазынамызды қалай қорғаймыз?
3. Діни сауаттылықты қалай жетілдіреміз және толеранттылықты қалай сақтаймыз?
4. Қазіргі таңда жастардың жан қазынасынан, адамгершілігінен шатастырып жүрген түрлі ағымдар туралы не айтуға болады?
Тағы да басқа түрлі пікірлерге байланысты сұрақтар қойылып талқыланады.

ҚОРЫТЫНДЫ:
Бүгінгі біздің пікірталасымызда еліміздің кез - келген адамының ойына ой салардай мәселелер қозғалды. Біз ешкімге кінә артпаймыз, мін тақпаймыз, тек бәсекеге қабілетті ұрпақты қалыптастыра отырып, олардың ой - пікірлерін ашық айтқызу арқылы өзін - өзі тануын, өз жан қазынасына үңілуін таразыладық.
«Білгенге маржан»
Оқушыларға ойларын қорытып, шағын тұжырым жасау үшін арнайы сөздер беріледі. Оқушылар сол сөзге орай өз ойларын қысқаша білдіреді:
Берілетін сөздер:
- Ақиқат
- Мәдениет
- Руханият
- Ақыл
- Парасат
- Жүрек тәрбиесі
- Имани сезім
- Жан дүние
- Қасиет
- Халық көзқарасы
Оқушылар осы сабақтан нені бойына сіңірді?
«Сен қазақсың!» атты бейнетаспаны тамашалау арқылы тәрбие сағатын қорытындылап, ой жинақтау.
Соңы.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
5 341
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жан қазынасы - адамгершілік негізі
Жан қазынасы - адамгершілік негізі
Мақсаты: 1. Білімдік-танымдық: Оқушылардың білімдік дағдысын қалыптастыра отырып, діни бағыттағы сауаттылығын жетілдіру арқылы сөйлеу тілін дамыту, адамгершілік қасиеттерін шыңдау.
Жалпыадамзаттық құндылықтар – отбасы тәрбиесінің негізі.
Жалпыадамзаттық құндылықтар – отбасы тәрбиесінің негізі.
«Өзін - өзі тану» курсы адамның өзін - өзі табуына, ең жақсы қасиеттерін ашуға, өзінің кейпін өзгертпеуге, адамгершілігін және әрқашан адам қалпын сақтауға көмектеседі. Негізінде, адамзат тарихының өзі адамгершілік тұрғысынан өзін - өзі жетілдірудің
Балалардың ойлау қабілетін логикалық ойын арқылы дамыту.
Балалардың ойлау қабілетін логикалық ойын арқылы дамыту.
Тәуелсіз елімізге тұлға болар, талабы таудай, қабілет – қарымы мол, өз ойын жүзеге асыра алатын, еркін және жан - жақты жетілген тұлға тәрбиелеу.
Әдептілік- адамгершілік әліппесі
Әдептілік- адамгершілік әліппесі
Қызылорда қаласы, №267 орта мектеп химия және биология пәнінің мұғалімі Г. Т. Каниева
Рухани жұтаңдық қалай пайда болады?
Рухани жұтаңдық қалай пайда болады?
Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Шетпе селосы Б. Жұмалиев орта мектебінің математика пәнінің ІІ санатты мұғалімі Тажмаганбетова Агилен Бишеқызы
Жан қазынасы - адамгершілік негізі
Жан қазынасы - адамгершілік негізі
Бекбауов Нұрбек Сембайұлы Атырау облысы Қызылқоға ауданы Сағыз селосы №9 орта мектеп мұғалімі. «Жас ұрпаққа тәрбие берудегі жаңа инновациялық әдіс-тәсілдер» атты әдістемелік-көмекші құралдың авторы.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×