Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жан қазынасы - адамгершілік негізі

13 мам 2020, Сәрсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Мақсаты: 1. Білімдік-танымдық: Оқушылардың білімдік дағдысын қалыптастыра отырып, діни бағыттағы сауаттылығын жетілдіру арқылы сөйлеу тілін дамыту, адамгершілік қасиеттерін шыңдау.
Әр ортада өздерінің жан-жақтылығын жетілдіру, таныту, толеранттылыққа баулу.
2. Тәрбиелігі: Жасөспірімдердің ой-санасын оята отырып, өзін-өзі тануға және бағалауға, адамгершілікке, бауырмалдыққа тәрбиелеу.
Жүрісі: І. Ұйымдастыру бөлімі
Оқушыларға Балам, анау не? атты жағдаят сұрақтарына ой жүгірту.
Ата - ананың ақысы дегенді қалай түсінесіңдер? деген сұрақ беріледі. Сұраққа оқушылар топтасып жауап береді. Бүгінгі шарамыздың негізін аша отырып шара жалғасады.

ІІ. Шараның бағдарламасымен таныстыру.
Шындық пен сұмдық атты бейнетаспаға назар аударылады.
Адамның жан қазынасын қалай түсінеміз? (көрермендерге сұрақ беріліп, пікірлесуге мүмкіндік жасалады).
Ата - ананың қадірін, адам қасиетін, жан қазынасын түсіну.(халық, заңгер, ғалым пікірлері).
Рухани бастауымыз Ислам дінінде емес пе?
5. Алтынбек Қоразбаевтың Әке мұңы термесін тыңдау.
6. Шағын логикалық сұрақтарға жауап.
ІІІ. Қорытынды бөлімі.
Тренинг ойыны Білгенге маржан (әр оқушының бір сөзбен өз ойын қорытуы ).
Мен топтастыру рефлекциясы, Не білдік?
Шараның барысы.
Сынып жетекшісінің сөзі: Қайырлы күн құрметті ұстаздар, оқушылар және бүгінгі шарамыздың арнайы қонақтары!
(Шараның мақсаты мен міндеттері, жүрісі, мазмұны және өту барысы таныстырылады.)
Сынып жетекшісі сөзінен кейін Балам, анау не? атты жағдаятты шешуге уақыт беріледі.
Жағдаят: Балам, анау не?
... Ертеде бір үлкейген қарт қатты сырқаттанып жатса, жалғыз ұлы келіп:
Әке, мен сені айшылық жерде аты шыққан тәуіпке апарып емдетемін,- депті. Сөйтіп әкесін арқасына салып, жолға шығыпты. Олар ұзақ жүріпті, қас қарайған кезде алдан қарауытқан сұлбаны көрсетіп әкесі:
Балам, анау не? деп сұрапты.
Ол - түйе - деп жауап беріпті. Сәлден кейін әкесі әлгі қарайған нәрсенің не екенін тағы сұрапты. Бала әуелгі жауабын қайталапты. Әкесі осы сауалын үшінші рет қайталап сұрағанда баласы:
Ол - түйе, түйе! Өзім шаршап келе жатқанда, неге сұрай бересің?- деп ренжіпті. Сонда әкесі:
Балам, кішкене кезіңде мен ауыр тірліктен шаршап келіп отырсамда, сенің Анау не, мынау не? деп күніне жүз рет сұрайтын сұрағыңа беті қайтпасын, жігері жасымасын деп үнемі жауап беретінмін. Бұл аурудан емделейін деген ойым жоқ еді, тек бетіңді қайтармайын деп көнгенмін, енді сенен сөз естігенше, үйіме барып, ажалға мойын ұсынғаным артық, мені жерге түсір депті.
(Оқушылардан осы жағдаятқа орай ата - ананың ақысы дегенді қалай түсінетідіктері сұралады.)
- Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен - демей ме халқымыз. Сіздердің қысқаша ойларыңызды білдік, олай болса ендеше бағдарламамызды жалғастыра отырып орнымызға жайғасайық.
Мұғалім сөзі:
Өздеріңізге белгілі қазіргі жаһандану үрдісінде елімізде бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу басты назарда болып отыр. Ал адамның жан қазынасын, адамгершілік болмысын қалыптастыру да, кей адамдардың түрлі жағдайлармен бір - бірін түсінбеуі де сіз бен бізді толғадырады. Өйткені біз сол қоғамның ішіндеміз, яғни оның мүшесіміз. Иә, бұның бәрі шындық десек артық болмас. Басекеге қабілетті ұрпақты жан - жақты қылып тәрбиелеу үшін алдымен жан қазынасының негіздерінің бірі, сенімділік пен шындықтың бастауына үңілу керек шығар. Мен бұл шараны, яғни Жан қазынасы – адамгершілік негізі атты тақырыпта өткізе отырып негізінен бала мен ата - ананың арасындағы қарым - қатынасқа арнаймын. Өйкені қазіргі таңда бұл мәселе де күн тәртібіндегі маңызды мәселелердің бірі болып отыр.

Шарамызды әрі қарай жалғастыра отырып арнайы дайындалған ата – ана мен бала қарым – қатынас туралы Шындық пен сұмдық атты бейнетаспаға зер салайық. Кейіннен өз пікірлерімізді әрі жалғастырармыз. (Бейнетаспа көрсетіледі)
Осы жерде пікіралыс сұрақтар арқылы жалғасады.
Көргені жақсы көш бастар, - демей ме, халық айтса - қалып айтпас
- деген тағы бар, олай болса адамнаң жан қазынасын қалай түсінеміз? Бұл жөнінде енді пікір білдіруді көрермедерге де берсек, бағдарламамыздың арнайы қонағымыздың пікірін білсек.
- Кейін оқушылар да пікір білдіреді.
Жүректің түріп құлағын,
Ойланып тағы қарашы,
Кімсің сен? Қайда тұрағың?
- Енді қайда барасың? - деп Омар Һаям жырлап өткендей ата - ананың қадірін, адам қасиетін, жан қазынасын түсінуде ойларын айтқан халық пікірі мен заңгер, ғалым ағаларымыздың ой - пікірлеріне назар аударалық. (Арнайы дайындалған бейнетаспа көрсетіледі).
Осы жерде пікіралыс сұрақтар арқылы тағы да жалғасады.
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол - деп Абай атамыз жырлағандай жан қазынасын ұғудың жолдарының бірі және рухани бастауымыз Ислам дінінде емес пе?
Яғни, адами, рухани тәрбиенің бастауы жан қазынасынан басталады демей ме? Олай болса кезекті тағы да бейнетүсірілімге берейік.
Осы жерде оқушылар мен көрермендер арасында ортақ пікіралыс жүреді.
Өткенім бүгінгінің баспалдағы,
Бүгінгім ертеңіме бастар тағы - дегендей кезекті Алтынбек Қоразбаевтың Әке мұңы термесі тыңдалады.
Осыдан кейін оқушыларға логикалық сұрақтар беріледі:
Бүгінгі таңда әлемде күрделі мәселе болып отырған діни экстремизм Қазақстан үшін қаншалықты қауіпті?
Адамның жан қазынасына сырттан келген әр - түрлі діндердің әсері қандай? Жан қазынамызды қалай қорғаймыз?
Діни сауаттылықты қалай жетілдіреміз және толеранттылықты қалай сақтаймыз?
Қазіргі таңда жастардың жан қазынасынан, адамгершілігінен шатастырып жүрген түрлі ағымдар туралы не айтуға болады?

Тағы да басқа түрлі пікірлерге байлансты сұрақтар қойылып талқыланады.

ҚОРЫТЫНДЫ:
Бүгінгі біздің пікіралысымызда еліміздің кез - келген адамының ойына ой салардай мәселелер қозғалды. Біз ешкімге кінә артпаймыз, мін тақпаймыз, тек бәсекеге қабілетті ұрпақты қалыптастыра отырып, олардың ой - пікірлерін ашық айтқызу арқылы өзін - өзі тануын, өз жан қазынасына үңілуін таразыладық.
Білгенге маржан
Оқушыларға ойларын қорытып, шағын тұжырым жасау үшін арнайы сөздер беріледі. Оқушылар сол сөзге орай өз ойларын қысқаша білдіреді:
Берілетін сөздер:
Ақиқат
Мәдениет
Руханият
Ақыл
Парасат
Жүрек тәрбиесі
Имани сезім
Жан дүние
Қасиет
Халық көзқарасы
 Оқушылар осы шарада нені бойына сіңірді?
2 250
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Шипалы түн сахналық көрініс
Шипалы түн сахналық көрініс
Адамзат қоғамының ұлы құндылығының бірегейі – адамгершілік екендігін, сол адамгершілік атаулының тамырына нәр берген құтты құнар – қайырымдылық, мейірімділік және ізгілік болмаса, өмірдегі жамандық атаулының тоңы жібімейтіндігін ұғындыру;
Жалпыадамзаттық құндылықтар – отбасы тәрбиесінің негізі.
Жалпыадамзаттық құндылықтар – отбасы тәрбиесінің негізі.
«Өзін - өзі тану» курсы адамның өзін - өзі табуына, ең жақсы қасиеттерін ашуға, өзінің кейпін өзгертпеуге, адамгершілігін және әрқашан адам қалпын сақтауға көмектеседі. Негізінде, адамзат тарихының өзі адамгершілік тұрғысынан өзін - өзі жетілдірудің
Әдептілік- адамгершілік әліппесі
Әдептілік- адамгершілік әліппесі
Қызылорда қаласы, №267 орта мектеп химия және биология пәнінің мұғалімі Г. Т. Каниева
Жан қазынасы - адамгершілік негізі
Жан қазынасы - адамгершілік негізі
Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы, КМҚК "Құрылыс колледжі", физика және информатика пәні оқытушысы Серікова Назерке Рымбекқызы "Үздік тәрбие сағаты" номинациясы бойынша
Рухани жұтаңдық қалай пайда болады?
Рухани жұтаңдық қалай пайда болады?
Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Шетпе селосы Б. Жұмалиев орта мектебінің математика пәнінің ІІ санатты мұғалімі Тажмаганбетова Агилен Бишеқызы
Жан қазынасы - адамгершілік негізі
Жан қазынасы - адамгершілік негізі
Бекбауов Нұрбек Сембайұлы Атырау облысы Қызылқоға ауданы Сағыз селосы №9 орта мектеп мұғалімі. «Жас ұрпаққа тәрбие берудегі жаңа инновациялық әдіс-тәсілдер» атты әдістемелік-көмекші құралдың авторы.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×