Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ғасырлар тоғысындағы Қазақстан Республикасының геосаяси жағдайы

10 мам 2013, Жұма
Категориясы: Бәйге
Тақырыбы: «Ғасырлар тоғысындағы Қазақстан Республикасының геосаяси жағдайы» (презентациясымен)
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға Қазақстан Республикасының қалыптасуы, оның әлемдік қауымдастықтың тең құқылы мүшесі болуы үшін түрлі халықаралық ұйымдармен байланысын, өзінің айналасындағы елдермен қауіпсіздігін, егемендігін, аумақтық тұтастығын сақтау қажеттігін түсіндіру.
Дамытушылық: Елдің қауіпсіздігі мен халықаралық беделін көтеру маңыздылығын білуге, қосымша материалдарды пайдалана отырып, оқушыларды ізденіске баулу, шығармашылық қабілеттерін арттыру, ой-өрістерін, саяси сауаттылықтарын дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларға саяси және халықаралық ұйымдардың қызметі туралы түсінік беру, кәсіби саладағы мамандықтарға қызығушылықтарын ояту, адамзатқа бейбіт өмір сыйлай алатын, саяси сауатты қоғам тұлғаларын тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі:
Дүние жүзінің саяси картасы, Қазақстан Республикасының саяси картасы, слайдтар, бейнероликтер, тірек-сызба, кесте, суреттер, ҚР-ның Президенті Н. Ә. Назарбаевтың еңбектері, халықаралық ұйымдардың эмблемаларының суреттері.
Сабақтың түрі: дөңгелек үстел
Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап әдісі, топпен жұмыс, интерактивтік әдістер
Пәнаралық байланыс: география, дүние жүзі тарихы, құқық

Сабақ барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
II. Жаңа сабақ.

Сабақ жоспары. Тақырыпқа ену
1. Қазақстан Республикасының әлем картасындағы орны және геосаяси жағдайы
2. Қазақстан және халықаралық ұйымдар

Бұл сабақта еліміз мүше болып отырған барлық халықаралық ұйымдармен жұмыс жүргізіп жатқан негізгі ұйымдарға тоқталамыз.
1. Дөңгелек үстел басына шақыру. Қатысушылар: қонақтар, оқушылар.

“Тәуелсіз елдің-тұғыры биік ”
“Азия мен Еуропаның түйіскен жерінде орналасқан геосаяси жағдайы, экономикалық және әскери-саяси мүдделері, сондай-ақ қол жеткен қуаты Қазақстанды қазіргі халықаралық қатынастарда өзінің айналасындағы елдермен қауіпсіздігін, егемендігін, аумақтық тұтастығын құрметтеу қағидаларына негізделген тату көршілік аймағын құруға мүдделі ірі аймақтық мемлекет ретінде танытты.” Бұрынғы идеологиялық қарама-қайшылық (социалистік жүйе мен – капиталистік жүйе) енді жекелей мемлекеттердің экономикалық және саяси беделіне ауысты.
Әлем картасында ұлан-байтақ жері бар, жер көлемінен тоғызыншы орын алатын жаңа мемлекет пайда болды. Геосаяси, геоэкологиялық жағы мен орналасуы біршама қолайлы болды. Еліміз Ресей мен Қытай сияқты екі алып мемлекеттің арасында орналасқан. Халқының саны жөнінен әлемде 71 орын алған, теңізге шығатын жолы жоқ қырық елдің бірі және әлемдік теңіз, мұхит жолдарынан ең алыс жатқан ел болып саналады. Теңізге қашықтық 3750 шақырымды құрайды. Халқы аз болғанымен, көп ұлтты болды: 130 – ға жуық ұлт пен ұлыстың өкілдерінен құралды.

«Тарихи ақпарат»
1. Қазақстан қай құрлықта орналасқан?
2. Жер көлемі жөнінен әлемде нешінші орында?
3. Қазақстан мен көршілес елдерді атаңдар.
4. Қазақстан қай жылы БҰҰ-ның мүшесі болды?
5. Қазақстанды әлемнің қанша елі таныды?

Ой қозғау стратегиясы
Бүгінгі тақырыпты мынандай сұрақтармен өрбіткім келіп отыр:
1. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының сыртқы саятында қандай алға жылжулар болуда?
2. Қазақстанның Азия аймағындағы елдермен қарым-қатынасы қандай?
3. ХХІ ғасырда кең өріс алып отырған басты қауіп – халықаралық лаңкестік, осыған қарсы қандай іс-шаралар жүргізілуде?
4. Шанхай Ынтымақтастық ұйымына қатысушы елдердің мақсаты не?

«Болашақ дипломат назарына»
Қазақстан Республикасының ішкі, сыртқы саясаты
Ішкі саясат
1. Ішкі саяси тұрақтылықты сақтау;
2. Ұлттар арасындағы келісім;
3. Мәдениетті, тілді өркендету;
4. Дінаралық келісімді орнату;
5. Қоғамды демократияландыру;
6. Басқару аппаратын жетілдіру;
7. Халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту;
8. Білім, денсаулық, экологияны жақсарту;
9. Құқықтық және зайырлы мемлекет орнықтыру;

Сыртқы саясат
1. Бейбіт қатар өмір сүру;
2. Көпвекторлы саясат;
3. Шетел капиталын тарту;
4. Ядролық қарудан бас тарту;
5. Көрші елдермен достық қатынас;
6. Түркі тілдес елдермен мәдени және саяси байланысты күшейту;
7. ТМД елдерімен кедендік және әскери одақ құру;
8. Әлемдік ұйымдарға мүше болу;

«ЦИФРЛАР СӨЙЛЕЙДІ»
1992 жылы 2 наурызда-Қазақстан БҰҰ – на мүше болды.
1993 жылы 13 желтоқсанда – Қазақстан “Ядролық қаруды таратпау жөніндегі Келісімге ”қосылды.
1993 жылы – Қазақстан елі Лиссабон хаттамасына қол қойып, ядролық қарудан бас тартып, әлемге үлгі көрсетті.
1994 жылы - Үш мемлекет Ұлыбритания, АҚШ және Ресей мемлекеттері Будапештте өткен Еуропадағы қауіпсіздік пен өзара достық қарым-қатынастар жөніндегі кеңесінде Қазақстанның қауіпсіздігін сақтауға өз кепілдіктерін берді.
1997 жылы қарашада - Қазақстан ЮНЕСКО-ның Атқару Кеңесінің мүшелігіне қабылданды.
2010 жылы - Қазақстан ЕЫҚҰ – на төрағалық етті.
2011 жылы - Қазақстан Ислам Конференциясы Ұйымына төрағалық етеді.

6.« БЕЙБІТШІЛІК-ЕЛ ТІРЕГІ»
ҚР-ның Президенті Н. Ә. Назарбаев – сыртқы және ішкі саясатта данышпан да алғыр саясатшы ретінде әлемге кеңінен танымал адам. Ұлттық қауіпсіздік, ішкі және сыртқы саяси тұрақтылық мемлекетіміздің және Елбасының ең басты саясаты болып отыр. Қазақстан сыртқы саясатта бірнеше елдермен көпвекторлы татулық саясат ұстанып отыр.
1. Ресей бастаған - ТМД елдері
2. Түркия, Иран, Араб елдері
3. АҚШ, Батыс Еуропа елдері
4. Қытай, Жапония, Корея бастаған Шығыс Азия елдері

7. «Топтастыру стратегиясы»
Қазақстан
1) БҰҰ, 2) ЕҚЫҰ. 3) ЮНЕСКО, 4) ЕО, 5) ШЫҰ, 6) ИКҰ, 7) ДДБ, 8) НАТО, 9) АОСШК

8. Саяси болжам
Жалпы, Қазақстанның болашақ ірі мемлекеттер қатарынан табылатын қайнарын ескере отырып, оның саяси айналасын былайша көз алдымызға елестеткеніміз жөн.

Қазақстан болашақта
Экономика жағынан еуроазиялық бөрі, бұған мол байлық пен халықтың аса икемділігі, жастығы кепіл;
географиялық жағынан - Дүниежүзілік саяси кіндік, оған батыс - шығыс, оңтүстік – солтүстік көпірлер торабы болу мүмкіндігі мен географиялық орны куә;
этнодемографиялық жағынан – түркілік қарашаңырақ, оған тарих та, обьективтік жағдай да, барлық түркілердің Қазақстанды айнала орналасуы да итермелейді;
діни сенімі жағынан – дүниежүзілік дін тартысының ешбіріне аса жақтаспайтын зайырлы мемлекет;

9. Блиц – турнир
1. Қазақстан БҰҰ – на қай жылы мүше болды?
2. Қазақстан ЮНЕСКО-ның Атқару Кеңесінің мүшелігіне қай жылы қабылданды?
3. Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына қандай елдер кіреді?
4. Бес елдің келісімі қай жылдан бастап Шанхай бестігі деп атала бастады?
5. Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына қатысушы елдердің мақсаты не?
6. Жалпы НАТО дегеніміз не?
7. Қазақстан Азия даму банкіне қашан мүше болды?
8. НАТО мен Қазақстан арасындағы байланыс жайлы не білесіңдер?

10. Дөңгелек үстел қорытындысы
Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізген жыл ішінде дамыған нарықтық экономикаға өтіп үлгерді, өзіндік даму жолын таңдап алды. Әлемдік бәсекеге төтеп берудің басты шарты күшті рух пен білім. Әрбір Қазақстан азаматы өз Отанын қорғай білу керек. Өзінің барлық күш – жігерін өз Отанының көркеюіне жұмсауы қажет

Үйге тапсырма.
Қосымша ізденіп, тақырыпқа сай рефераттар жазу:
1.“БҰҰ-ның әлемдегі рөлі ”
2.“Шанхай ынтымақтастық ұйымының тарихы ”
3.“Қазақстан және ЕЫҚҰ ”

Іздестіру көздері:
1. Кітаптар.
2. Интернет, сайттар.
3. Газет, журналдар.
4. Теледидар т. Б.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
21 878
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қазақстан Республикасының ұлттық мерекесі
Қазақстан Республикасының ұлттық мерекесі
Қазақстан Республикасының ұлттық мерекесі
Ұлыбритания
Ұлыбритания
Ұлыбританияның экономикалық - географиялық сипаты, табиғат жағдайлары мен ресурстары, халқы туралы білім беру. Ұлыбританияның ЭГЖ - ң басты ерекшеліктері, геосаяси жағдайының қолайлығы, табиғат ресурстарының түрлері, табиғи ортаны қорғау шаралары
Қазақстанның дүниежүзі картасындағы геосаяси орны. Халықаралық экономикалық қатынастары
Қазақстанның дүниежүзі картасындағы геосаяси орны. Халықаралық экономикалық қатынастары
Қарағанды облысы, Абай ауданы, Топар кенті, Абай атындағы мектеп - гимназияның география пәні мұғалімі Имашева Гуляим Хамзиновна
Дүние жүзінің саяси картасы
Дүние жүзінің саяси картасы
Семей қаласы, Т. Аманов атындағы №16 жалпы орта білім беретін мектеп география пәні мұғалімі Ожанова Құралай Болатқызы
Дүние жүзінің саяси картасындағы мемлекеттер. Қазақстан әлем картасында
Дүние жүзінің саяси картасындағы мемлекеттер. Қазақстан әлем картасында
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, «Бейнеу гимназиясы» география пәні мұғалімі Іңірғалиева Нұргүл Нұрқызы
Географиядан арнайы курстар мен факультативтердің күнтізбелік - тақырыптық жоспары және сабақ үлгілері
Географиядан арнайы курстар мен факультативтердің күнтізбелік - тақырыптық жоспары және сабақ үлгілері
Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, №19 ОМ тарих және география пәні мұғалімі Тохан Манаргуль
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×