Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мамандықтар. Жалғаудың түрлері

13 мам 2013, Дүйсенбі
Категориясы: Бәйге
Қазақ тілі сабағы 7 сынып
Сабақтың тақырыбы: Мамандықтар. Жалғаудың түрлері (презентациясымен)
Сабақтың мақсаты:
«Мамандықтар» модулі бойынша өткенді қайталау арқылы лексикалық және грамматикалық тақырыптарды бекіту, меңгерту.
Оқыту мен тәрбиенің міндеттері:
Білімділік: «Мамандықтар» тақырыбы бойынша оқушылардың білімділігін қалыптастыру, жалғаулардың түрлерін ажырата білуін меңгерту;
Дамытушылық: ойлау қабілеті мен танымдық қызығушылығын дамыту, сауатты жазу мен айтуға және өз ойын еркін жеткізе білуге үйрету, белсенділігін арттыру;
Тәрбиелік: осы тақырып арқылы мамандық түрлерін тани отырып, дұрыс таңдау жасауына көмектесу, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Қорытынды қайталау сабағы.
Сабақта қолданылатын әдіс - тәсілдер: сұрақ - жауап, суретпен жұмыс, тіл дамыту жұмыстары, тест.
Көрнекілігі: Power Point презентациясы, грамматикалық кестелер, тақырыптық суреттер, үлестірмелі материал.

Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
1. Сәлемдесу.
2. Шаттық шеңбері.

II. Сабақтың мақсатымен, барысымен таныстыру.
- Балалар, біз сіздермен «Мамандықтар» модулінен өткенді қайталап, алған білімімізді бекітіп, іс - жүзінде қолдана білуге үйренеміз, жаттығамыз.
1. Сұрақ - жауап (жалғаудың түрлері бойынша)
2. «Мамандықтар» тақырыбына байланысты сөздерді білу.

III. Өткенді қайталау. (XIV модуль бойынша жұмыс)
1. «Жалғасын тап» ойыны. (Еңбек туралы мақал - мәтелдер).
- Сөздің көркі – мақал. «Мақалдың жалғасын тап» ойыны. Қазақ халқы - сөзге шешен, дана халық. Қазақ тілінде жақсы, әсем сөйлеп, өз ойларымызды жеткізуде мақал - мәтелдердің пайдасы зор екенін білеміз. Сондықтан қазір еңбек туралы мақал - мәтелдердің жалғасын тауып көрейік.
1. Еріншектің ертеңі...
2. Күшіңе сенбе,...
3. Ердің атын...
4. Құтты қонаққа -...
5. Еңбек қылсаң ерінбей,
Тояды....
6. Байлықтың атасы – еңбек,...
7. Не ексең...
8. Еңбегің қатты болса,
Татқаның...
2. Сөздікпен жұмыс. (сөйлеу дағдысын қалыптастыру)
Мұнайшы, аудармашы, тәрбиеші, сәулетші, күйші, ғарышкер, сазгер, шахтёр, мұғалім, құрылысшы - Осы мамандықтың иесі болу үшін не істеу керек?

IV. Негізгі бөлім. Нәтиже сабақ.
1. Лексикалық тақырып бойынша тапсырмалар.
а) суретпен жұмыс.
Балалар, мына суретте мамандық түрлері бейнеленген.
Қане, балалар, қандай мамандық иелерін көріп тұрсыңдар?
(дәнекерлеуші, дәрігер, суретке түсіруші, ғарышкер, заңгер, құрылысшы, шахтёр, мұғалім, аспазшы, жүргізуші, мұнайшы)
ә) Мәтінмен жұмыс.
«Кім боламын?» мәтінін балаларға оқыту, әңгімелесу.

б) Викториналық сұрақтар.
1. Қаныш Сәтбаев кім?
2. Қаныш бала күнінен қандай болды?
3. Қаныш Сәтбаев қай жылы және қай жерде туған?
4. Қаныш Сәтбаев нешеден астам ғылыми еңбек жазды?
5. Қаныш Сәтбаев қай қалада мыс рудалы ауданын ашты?
6. Ол қандай ордендермен марапатталды?
7. Тоқтар Әубәкіров кім?
8. Ол қай жылы және қай жерде туған?
9. Ол нені армандады?
10. Тоқтар Әубәкіров қандай оқу орнын бітірді?
11. Тоқтар Әубәкіров қашан және қандай атаққа ие болды?
12. Ол қай жылы тұңғыш рет ғарышқа ұшты?

2. Грамматикалық тақырып бойынша жұмыс.
1) Кестемен жұмыс.
Жалғаулар:
Көптік
Тәуелдік
Жіктік
Септік

2) Жалғаудың түрлеріне байланысты тапсырмалар.
а) Тәуелдік жалғауларға байланысты тапсырма
«Үй» деген сөзді тәуелдеңіз!

ә) Жіктік жалғауларға байланысты тапсырмалар.
Мен суретші....---------- Біз суретші...
Сен суретші....----------- Сендер суретші...
Сіз суретші....------------ Сіздер суретші...
Ол суретші....------------- Олар суретші...

б) Көптік жалғауларға байланысты тапсырма
Төмендегі сөздерге көптік жалғаулар жалғап, оқыңыздар
Дәрігер, ғарышкер, заңгер, құрылысшы, шахтер, мұғалім, аспазшы, жүргізуші, мұнайшы

в) септік жалғауларға байланысты тапсырмалар
Көп нүктенің орнына керекті жалғауларды жазыңыз.
Біз хайуанаттар паркі... бардық. Онда біз аю... көрдік

V. Сабақты қорытындылау. Тестпен жұмыс.
1. Қазақ тілінде жалғаудың неше түрі бар?
А) 3
Ә) 5
Б) 4
2. Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім?
А) Т. Мұсабаев
Ә) Т. Әубәкіров
Б) Т Бигелдинов
3. Қ Сәтбаев кім?
А) ғалым
Ә) ғарышкер
Б) ақын
4. Қаламның деген сөздің жалғауын анықта
А) көптік
Ә) жіктік
Б) тәуелдік
5. Т. Әубәкіров тұңғыш рет қай жылы ғарышқа ұшты?
А) 1995
Ә) 1992
Б) 1991
6. Сөздер мен сөз тіркестерінің дұрыс аудармасын тап.
1) тәрбиеші --------------- честь
2) сәулетші --------------- выдающийся
3) көрнекті --------------- архитектор
4) жалын ----------------- воспитатель
5) абырой --------------- пламя
7. Тоқтар Әубәкіров қай қалада туған?
А) Алматы
Ә) Астана
Б) Қарағанды
8. Қ Сәтбаев қай жылы қайтыс болды?
А) 1946
Ә) 1964
Б) 1972
9. Тоқтар Әубәкіров қай жылы туылды?
А) 1964
Ә) 1946
Б) 1972
10. Жатыс септігінде тұрған сөзді көрсет.
А) үйде, партаны
Ә) қаламды, сабақтан
Б) дәрігерде, тәрбиешіде

Бағалау парақшасы
1. б 2. ә 3. а 4. б 5. б 6. (1) в, 2) б, 3) ә, 4) г, 5) а.) 7. б. 8. ә. 9. ә. 10. б
10 дұрыс болса 5
7 - 8 дұрыс болса 4
5 - 6 дұрыс болса 3
1 - 2 дұрыс болса 2ы күмәнді жауаптарын түзете алады.

VI. Рефлексия.
- Балалар, сендерге бүгінгі сабақ ұнады ма? Қандай әсер алдыңдар?
VII. Бағалау.
VIII. Үйге тапсырма: «Кім боламын?» тақырыбына эссе жазу.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
14 462
0
  • 100
4 дауыс


Жаңалықтар
Мамандықтар əлемінде
Мамандықтар əлемінде
Сабақтың мақсаты: Білімділік – бұл тақырып мамандық таңдауда жауапкершілікті қалыптастыруға, мамандықтар жөнінде мәліметтермен бөлісуге, еңбек нарығында енді ғана пайда болған мамандықтар жөнінде мағлұмат беруге көмектеседі;
Мамандық таңдаудағы алғашқы қадамдар
Мамандық таңдаудағы алғашқы қадамдар
БҚО, Қаратөбе ауданы, Мұхит атындағы ОЖББМ Берманова Асель Салыққызы
Отбасы мүшелерінің мамандықтары. Өткен грамматикалық тақырыптарды пысықтау
Отбасы мүшелерінің мамандықтары. Өткен грамматикалық тақырыптарды пысықтау
СҚО, Петропавл қаласы Тәрбие және дамыту мәселелері жөніндегі базалық №23 орта мектептің қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі Махмұтова Салтанат Сабырқызы
Күз. Сөз құрамы. Нәтиже сабақ
Күз. Сөз құрамы. Нәтиже сабақ
Өскемен қаласындағы № 26 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Кабдуахитова Н. С.
Мамандықтар
Мамандықтар
Қызылорда қаласынының №267 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Арихова Ләйлә Жәкебайқызы
Мамандық таңдау - өмірді таңдау
Мамандық таңдау - өмірді таңдау
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, «Ж. Қалдығараев атындағы орта мектебінің физика және информатика пәні мұғалімі Джолжигитова Лаззат Амантаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×