Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мамандықтар əлемінде

11 қаңтар 2016, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Мамандықтар əлемінде
Сабақтың мақсаты:
Білімділік – бұл тақырып мамандық таңдауда жауапкершілікті қалыптастыруға, мамандықтар жөнінде мәліметтермен бөлісуге, еңбек нарығында енді ғана пайда болған мамандықтар жөнінде мағлұмат беруге көмектеседі;
дамытушылық – сөздік қорларын байыту, ой - пікірін айта білуге үйрету, пəнге деген қызығушылығын арттыру;
тəрбиелік: еңбекке баулу, мейірімділікке, адамгершілікке тәрбиелеу.
Түрі: жаңа сабақ.
Көрнекілік: тақта, кесте, геометриялық фигуралар.
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру
а) Кезекшімен сұхбат (сыныпты түгендеу).
ə) оқушылармен сұхбат (тілдік ортаға ену).
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Көктемде ауа райы қандай болады?
- Бүгін ауа райы қандай?
- Бүгін сендерде неше сабақ болады?
- Көңіл күйлерің қалай?
ІІ. Жаңа сабаққа кіріспе
– Балалар, бүгін сабақтың тақырыбы: Мамандықтар əлемінде.
Сабақтың мақсатын хабарлау.
1. Топтарға бөлініп алайық. Мына жерге келіп, геометриялық фигураларды таңдап
алыңдар (шеңбер, шаршы, үшбұрыш, ирек).
Енді ұқсас фигуралар бір топқа топтасады.
2. Алдарыңда бағалау парақтары жатыр. Бағалау өлшемдерін біз сендермен бірлесе
отырып, шығарамыз.
Жұмыс «3»- ке бағаланады:
оқушы белсенді қатыспай, əлсін - əлсін жұмысқа араласса;
1 - 2 сөйлем ғана құрай алса;
лексикалық қоры нашар болса.
Жұмыс «4»- ке бағаланады:
кейде ғана көмек сұрап, сабаққа белсенді қатысып отырса;
4 - 5 сөйлем ғана құрай алса;
лексикалық қоры жақсы болса.
Жұмыс «5»- ке бағаланады:
топта өте белсенді болса;
берілген тақырыпқа 7 - 8 сөйлем құрай алса;
лексикалық қоры өте ауқымды болса.
ІІІ. Жаңа сабақ
1. Қызығушылықты ояту. Тірек сөздермен сөйлем құрау стратегиясы
Интерактивтік тақтаға «Мамандық, əлем, қызықты, таңдадым» сөздері жазылады.
Оқушылар топ ішінде бірлесіп, сөйлемдер құрауы тиіс. Ең құнды сөйлемдер оқылады.
2. Мағынаны ажырату. «Шығармашылық матрица» стратегиясы. Оқушыларға кесте
беріледі. Оқушылар топта бірлесіп, қалаған мамандықтарды жазып салыстырулары керек.
«Шығармашылық матрица» стратегиясы
мамандықтар
Жақсы жақтары
Жаман жақтары

3. Ой толғаныс
а) «Рондель» стратегиясы. Топта бірлесіп, мамандық əлемінде тақырыбына өлең
шығару. Рондель француз сөзі, 2; 4; 7 тармақтары қайталанады.
Бір ой қайталанып, маза бермейтіндей болады.
Мысалы:
1. Мамандық əртүрлі
2. Қайсысын таңдайын?
3. Мұғалім, дəрігер....
4. Қайсысын таңдайын?
5. Бəрі де қызықты
6. Бəрі де тартымды
7. Қайсысын таңдайын?
8. Айтшы, жүрегім!

Ə) Диалогті толықтыру, өзара сөйлесу, шағын әңгіме құру
Мен.... болғым келеді.
Ол не істейді?
Ол қайда жұмыс істейді?
Жақсы маман болу үшін не істеу керек?

ІV. Рефлексия «Қосжазба күнделігі» стратегиясы бойынша өтеді.
Оқушылар берілген кестені толтырады.

Мен жақсы білгенімді қайталадым Мен жаңадан білдім
V. Үй жұмысы «Менің отбасымның мамандығы» атты шағын əңгіме жазып келу.
Келесі сабақта «Автор орындығында» оқу.
VI. Бағалау. Өлшемдер бойынша оқушылар өздерін бағалайды.
6 832
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мамандықтар
Мамандықтар
Әртүрлі мамандықтармен таныстыру, дәрігер, тәрбиеші, аспазшы, құрылысшы, ғарышкер, жүргізуші мамандықтарының маңызымен таныстыру, мамандықтарға қызығушылығын арттыру, олардың еңбегін көрсету.
Болашақтың маманы - бәсекеге қабілетті
Болашақтың маманы - бәсекеге қабілетті
Топ жетекшісі: Аманова Меруерт Ашимхановна
Шона Смаханұлы "Он саусақ"
Шона Смаханұлы "Он саусақ"
Қарағанды облысы, Сатпаев қаласындағы №5 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Баймұханова Бақыткүл Издібайқызы
Мен мамандық әлеміндемін
Мен мамандық әлеміндемін
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, №1 орта мектебінің психологы Саухимова Жансая Серікбайқызы
Мамандықтар
Мамандықтар
Қызылорда қаласынының №267 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Арихова Ләйлә Жәкебайқызы
Мамандық таңдау - өмірді таңдау
Мамандық таңдау - өмірді таңдау
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, «Ж. Қалдығараев атындағы орта мектебінің физика және информатика пәні мұғалімі Джолжигитова Лаззат Амантаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×