Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ертегіде қонақта

15 наурыз 2014, Сенбі
Категориясы: Бала-бақша
Білім саласы: Қатынас.
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Тіл дамыту.
Тақырыбы: Ертегіде қонақта
Мақсаты: Балаларды ертегінің мазмұнын дұрыс түсініп, сұраққа жауап беруге үйрету. Ертегі кейіпкерлерінің іс - әрекетін сезіну және одан әсер алу. Ертегі кейіпкерлерінің ішкі күйі мен іс - әрекетін сахнада ойнай отырып, бейнелей білуге дағдыландыру, қызығушылық әрекетін қабілеттерін ояту. Өздерінің тиесілі рольдеріне еніп, оны іскерлікпен, үлкен шығармашылықпен орындауға тәрбиелеу. Ертегі кейіпкерлерінің мінез құлықтарын дауыс ырғағымен дәл айта, көрсете білуге баулу.
Әдістері. Әңгімелеу, сұрақ - жауап, тақпақ айту.
Көрнекілігі: Жасанды ағаштар, текше, аюдың, қоянның, кірпінің, қарғаның кастюмдары, алманың муляжы.
Пәнаралық байланыс: Көркем әдебиет, музыка, математика.

Мотивациялық қозғаушы
Ал, балалар, қараңыз
Таңғажайып бар аңыз
Ертегілер еліне
Қыдырып бірге барамыз.
Ну орманға енеміз
Әсем гүлдер тереміз
Көңілді боп әрқашан
Тату болып келеміз
Ал енді жолдарды қысқарту үшін сіздермен ойын ойнайық.

Ойын: «Ғажайып текше» деп аталады. Мен текшені қазір лақтырамын. Қай аңның бейнесі шықса сол аңның жүрісін салып жүреміз және ол аң қандай ертегіде кездесетінін айтуымыз керек. (ойын ойнап келе жатып сиқырлы үйшіктерге кездеседі)
- Балалар қараңдаршы қандай әдемі үйшіктер.
- Ашып көрейікші, ой мына есіктер ашылмайды ғой.
- Енді оларды қалай ашамыз?
- Балалар мына жерде жұмбақтар жазып қойыпты, қане шешіп көреміз бе?
- Ия жұмақты шешіп көрейік.
- Мүмкін шешуін тапсақ, сиқырлы есіктер ашылатын шығар. Жұмбақ.
Мұрны бейне түйме
Үсті толған ине (кірпі)
Түрі көмірге ұқсайды
Қалбалақтап ұшады (қарға)
Қыста ұйықтайды
Жазда ойнайды (аю)
Қалқиып ұзын құлағы
Елеңдеп қорқып тұрады (қоян)
Жұмбақтың шешуін тапқан кезде сиқырлы үйшіктен қоян, аю, кірпі, қарға шығады.
- Балалар, бұлар қай ертегінің кейіпкерлері?
- «Алма» ертегісі
Аңдар: Жарайсыңдар балалар, қазір біз сендерге «Алма» ертегісін сахналап берейік.
- Балалар олай болса «Алма» ертегісінің қойылымын тамашалауға шақырамын.
Ертегіні тамашалау.
Тыңда, балам, ертегі,
Ертегі сыр шертеді,
Ерте, ерте, ертеде,
Ешкі жүні бөрте де
Орманда бір қоян өмір сүріпті. Қоян орман аралап жүргенде жабайы алма ағашының басында қалып қойған жалғыз алманы көреді. Оны қалай алуға болады? Алайын десе ала алмайды. Алма өте биікте, секіріп жете алмайды. Шырша бұтағында отырған қарға қоян қылығына сырттай күліп отырады. – Қарқ – қарқ!
Оны көрген қоян:
- Қарға, қарға! Маған алманы үзіп алып берші! – дейді. Қарға алманы үзіп алады. Бірақ алманы тұмсығымен қармап ұстай алмай, жерге түсіріп алады.
- Босқа таласасыңдар, алма менікі! Мен оны өзім үшін үзіп алғанмын! – деп, өтірік - шынын араластыра.
Олар бір - бірімен түсінісе алмай, алманы әрі тартып, бері тартып, орман іші айғайдан у - шу болып кетеді.
Сол кезде қорбаңдай Аю келіп қалады.
- Бұл не деген айғай - шу! Мазаны алдыңдар ғой!
Бәрі оған жақындап:
- Сен аю біздің ормандағы ең үлкен, әрі ақылдысың. Сондықтан бізге алманың кімдікі екенін айтып берші? – деп аюға оқиғаның қалай болғанын баяндап, төрелігін сұрады.
Аю: - алманы кім тапты?
Қоян: - мен! – деді.
Аю: - ал алманы кім үзіп алды?
Қарға: - мен!- деп қарқ етті.
Аю: - кім оны ұстап алды?
Кірпі: - мен ұстап алдым!- деді.
Аю: - мінекей, бәрің де дұрыс айтасыңдар, өйткені әрқайсыларың алманы алу үшін еңбектендіңдер! Алма бәріңдікі.
- Мұнда бір алма ғой! – деді кірпі, қоян және қарға түк түсінбей.
- Бұл алманы теңдей бөліңдер. Әрқайсың бір - бір бөлігін алыңдар! – деді аю. Мұны естіп бәрі қуанып кетті.
- Бағанадан бері біз бостан - босқа таласқан екенбіз ғой!
Кірпі алманы төрт бөлікке бөледі. Қоянға бір бөлігін беріп: - Бұл саған, қоян – сен алманы бірінші көрдің!
Екінші бөлігін қарғаға беріп: - Бұл саған қарға – сен алманы үзіп алдың!
Үшінші бөлігін кірпі аузына салып: - Бұл маған, өйткені алманы ұстап алған – мен!
Кірпі аюға төртінші бөлігін беріп: - Бұл саған аю!
- Маған не үшін? – деп таңқалды аю.
- Сен бізге ақыл айтып, татуластырдың! – деді ол, риза кейіппен. Әрқайсысы өзіне берілген алманың бөлігін жеп риза болды, өйткені аю ешкімді ренжітпей дұрыс, әділ шешім шығарған еді. «Береке басы – бірлікте» деген осыдан қалған көрінеді.

Ән: «Дос болайық бәріміз».
Аяқталды ертегі,
Ертегі сырды шертеді,
Еңбекті сүй балақай
Дос қадірін біл деді.

Білуі: Ертегінің мазмұнын дұрыс түсініп, сұраққа жауап бере білу керек.
Меңгеруі: Ертегі кейіпкерлерінің ішкі - күйімен іс - әрекетін сахнада ойнай алу керек.
Жасай алуы: балалар өздерінің тиесілі рөлдеріне еніп, оны іскерлікпен орындай алу керек.
29 375
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Айлакер түлкі ертегісі
Айлакер түлкі ертегісі
Балаларға сахналау арқылы көрсетілген ертегіні тыңдай білуге, мазмұнын түсіне білуге баулу. Ертегі кейіпкерлерінің мінез – құлықтарын, іс - әрекетін талдай білуге үйретуді жалғастыру. Мейірімділікке, көмекке келу, игі қарым – қатынасқа тәрбиелеу.
Ормандағы ертегі
Ормандағы ертегі
Ертегілерді сахналау барысында кейіпкерлердің мінез - құлқын жеткізе білуге үйрету. Суретке көңіл қойып, мазмұнын түсінуге, сұраққа жауап беруге үйрету. Ертегі кейіпкерлерінің сөз мәнерін, қимыл – қозғалысын келтіріп ойнауға дағдыландыру,
Алма (ертегі)
Алма (ертегі)
Балаларды ертегінің мазмұнын дұрыс түсініп, сұраққа жауап беруге үйрету. Ертегі кейіпкерлерінің ішкі күйі мен іс - әрекетін сахнада ойнай отырып, бейнелей білуге дағдыландыру, қызығушылық әрекетін қабілеттерін ояту. Өздерінің тиесілі рөльдеріне
Ақ тиін мен қасқыр
Ақ тиін мен қасқыр
Балалардың ертегілер туралы түсініктерін бекіте отырып, тілдерін ойлау қабілеттерін дамыту, көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттыру, Балаларды ертегіні сахналауға үйрету. Ертегі кейіпкерлерінің жүріс - тұрысын, дауыс ырғағын келтіруге өлең -
Ертегіні оқып отырып, кейіпкерлерінің суретін салу
Ертегіні оқып отырып, кейіпкерлерінің суретін салу
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы Сағыз селосы, № 9 орта мектеп мұғалімі Махметова Ұлжан
Қысқы баспана
Қысқы баспана
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №7 «Балдырған» балабақшасының тәрбиешісі Ерназар Гүлсім
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×