Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Айлакер түлкі ертегісі

14 наурыз 2019, Бейсенбі
Айлакер түлкі Қуыршақ театры
Білім беру саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекет: Көркем әдебиет
Тақырыбы: Айлакер түлкі ертегісі.
Мақсаты: Балаларға сахналау арқылы көрсетілген ертегіні тыңдай білуге, мазмұнын түсіне білуге баулу. Ертегі кейіпкерлерінің мінез – құлықтарын, іс - әрекетін талдай білуге үйретуді жалғастыру. Мейірімділікке, көмекке келу, игі қарым – қатынасқа тәрбиелеу.
Әдіс – тәсілдері: Сұрақ – жауап, қуыршақ театры арқылы.
Керекті құралдар: Қуыршақтар, жұмыртқа, шарлар, гүлдер, интерактивті тақта т. б

Әрекет кезеңдері
Мотивациялық қозғаушы
Шаттық шеңбері.
Жарқырайды аулымыз,
Жарқырайды даламыз.
Қайырлы таң, қонақтар!
Қайырлы таң достарым!
Жақсы балалар, қазір қай мезгіл?
Көктемнің қандай ерекшелігі бар?
Көктемде қандай мерекелерді тойлаймыз?
Иә, тіршіліктің бәрі оянып, жан – жануарлар төлдеп, құстар келіп, балапан шығарады екен. Сендер қандай құстарды білесіңдер?
Иә, тауық үй құсына жатады. Тауық не шығарады?
Балалар, сендер қандай ертегіні білесіңдер?
Мен сендерге жұмбақ жасырамын, сендер шешуін табасыңдар, жарай ма?

Жұмбақ:
Ақ тауық – ай, Ақ тауық,
Ақ тауық неден қақсауық.
Ертеменен қыт – қыттайды,
Ауламыздан шықпайды.
Бұрап қойған сағаттай,
Айғайлайды таң атпай.
Жұмбақтың жауабы - Әтеш.

Шаттық шеңбері.
Жарқырайды аулымыз,
Жарқырайды даламыз.
Қайырлы таң, қонақтар!
Қайырлы таң достарым!
Көктем мезгілі.
Күн жылынады, ағаштар бүршік жарады, құстар қайтып келеді.
Аналар мерекесін, Наурыз мерекесін тойлаймыз.
«Мақта қыз бен мысық», «Үш аю», «Бауырсақ», «Шалқан» т. б ертегілерді білеміз.
Иә, жарайды

Іздену ұйымдастырушы
Олай болса бүгінгі ертегіміз тауық пен түлкі туралы болмақ. Сіздерге мен бүгін «Айлакер түлкі» ертегісін қуыршақ театры арқылы баяндап беремін.
Содан кейін сендер өздерің көрсетесіздер, жарай ма? Мұқият тыңдайық.
«Айлакер түлкі» ертегісі.
Ертеде ауыл шетінде кемпір мен шалдың үйі болыпты. Сол үйдің ауласында әтеш пен тауық мекендепті. Олардың жұмыртқаларын, балапандарын бір қу түлкі алып кетіп, маза бермепті.
Тауық: (әуен ырғағымен ортаға шығады)
Ко - ко – ко, мына түлкі тағы да келіп, балапандарымызды алып кетіпті. Не істеймін?
Әтеш:
Не болды? Ку – ка - ре - ку!
Тауық:- Тағы да қу түлкі келіп ақ қанат балапандарымызды алып кетіпті, енді не істейміз? Әтеш: - Жүр онда, аюға барайық!
(Әуен ырғағымен аю шығады)
Аю: - Кім менің мазамды алған?
Тауық: Аю, бізге көмегің қажет, біздің балапандарымызды қу тұлкі ұрлап кете береді. Соның сазайын тартуға көмектесші?
Аю: - Олай болса, көмектесейін. Сауысқан! Шақыр ана түлкіні!
Сауысқан: - Құп, аю аға, қазір шақырайын.
Түлкі:(әуен ырғағымен) Иә, аю аға, неге шақырттың?
Аю: - сен мына тауықтың балапандарын неге ұрлай бересің?
Түлкі: - Аю аға, менің ойлағаным сенің қамың емес пе? Балапанның жүнінен саған жастық жасап әкелдім. Міне, ала қойыңыз.
Аю:- Жарайсың, түлкі, рахмет! Ал сендер енді арыз айтып келуші болмаңдар.
Түлкі: - Сендер ме, сендер
! Тауық: - Енді не істейміз?
Әтеш:- Жүр, онда қасқырға барайық!
(Әуен ырғағымен қасқыр шығады)
Қасқыр: - Кім мені мазалаған?
Тауық: - Қасқыр, бізге көмегің қажет, біздің балапандарымызды қу түлкі ұрлап кете береді. Бізге көмектесші?
Қасқыр: - Сауысқан, сауысқан, шақыр ана түлкіні!
Сауысқан: - Құп болады, қасқыр мырза.
Түлкі:- Не болды, Қасеке?
Қасқыр:- Сен тауықтарға маза бермей жүрген көрінесің ғой?
Түлкі: - Қасеке – ау, менің ойлағаным сенің қамың емес пе. Балапанның жүнінен саған жастық жасап әкелдім. Мінеки, алыңыз.
Қасқыр: - Жарайсың, түлкі.
Түлкі:- Сендерді ме, қап бәлем!
Тауық: - енді не істейміз, кімге барамыз?
Әтеш:- Жүр, онда төбетке барайық.
(Әуен ырғағымен төбет келе жатады)
Төбет:- Не шаруамен келдіңдер?
Тауық:- Түлкі біздің ақ қанат балапандарымызды алып кете береді, бізге көмектесші?
Төбет: - Сауысқан, сауысқан, шақыр қу түлкіні.
Сауысқан:- құп болады.
Түлкі:- шақырдың ба, төбетім?
Төбет: - Сен неге тауықтың балапандарын ұрлай бересің?
Түлкі: - Төбетім, менің ойлағаным сенің қамың емес пе. Балапанның жүнінен саған жастық тігіп әкелдім.
Төбет: - Мен саған көрсетемін! Енді балапандарды ұрласаң мен сенің сазайыңды беремін. (қуа жөнеледі)
Осылай тауық пен әтеш қу түлкіден құтылыпты.
Балалар, ертегі сендерге ұнады ма?
Енді осы ертегілердегі кейіпкерлерді атайықшы?
Түлкі қандай балалар?
Осы кейіпкерлер туралы кім қандай мақал – мәтелдер біледі екен?
Жарайсыңдар, балалар!
Шаршап қалған болармыз, бойымызды сергітіп алайық.
Сергіту сәті:
Орнымыздан тұрайық,
Құс боп қанат жаяйық.
Көтеріліп ұшайық,
Көп ұзамай қонайық. 2 рет қайталау.
Балалармен жұмыс:
Балалар ертегіні қуыршақ теарты арқылы өздері көрсетеді.
Рөлдерге балаларды қою.
Қызықты сәт: Осы кезде тауықтың дауысы естіледі. Топқа қыт – қыттап тауық кіріп келеді.
- Қыт – қыт, сәлеметсіздер ме, балалар! Қандай әдемісіңдер!
- Балалар, бұл біздің ертегіміздегі тауық емес пе?
- Иә, менің көп жұмыртқаларымды түлкі ұрлап кетіпті, соны қайтаруға көмектесесіңдер ме?
- Олай болса, «Балапандар» ойыны арқылы Тауық ананың балапандарын тауып беруге көмектесейік.
Д/О: «Балапандар»
Шарты: ұядағы жұмыртқалардың ішіндегі сұрақтарға жауап беру арқылы балапандарды тауып береді.
Тауық балапандарының табылғанына қуанып, балаларға әкелген өзінің сыйлығын беріп, балалармен қоштасады.
Балалар мұқият тыңдайды.
Түсінеді, ұғады.
Иә, жарайды.
Иә, қатты ұнады, қызықты болды.
Әтеш, тауық, аю, қасқыр, түлкі, сауысқан, төбет.
Түлкі айлакер, қу. Ол барлық аң мен құсты алдап кетеді.
1 – бала: Аю – аңғал,
Түлкі – қу.
2 - бала: Кәрі қасқыр қақпанға түспейді.
3 - бала: Тауықтың түсіне тары кіреді.
4 - бала: Құс қанатымен ұшады, құйрығымен қонады.
5 - бала: Түлкіні – түн асырайды.
Балалар бойларын сергітеді.
Балалар тамашалайды.
Балалар, таң қалады.
Сәлеметсіз бе, Тауық.
Иә, ертегідегі тауық қой.
Әрине, көмектесеміз.
Балалар, ұядағы жұмыртқалардың сұрағына жауап беру арқылы тауықтың балапандарын тауып беруге көмектеседі.
Рефлексті коррекциялаушы
Музыка
Қорытындылау, мадақтау.
Күтілетін нәтиже:
Білуі керек: Ертегі мазмұнын, кейіпкерлердің іс - әрекетін мағыналы түсіне біледі.
Меңгеруі: Тіл белсенділігін меңгереді.
Жасай алуы: Саусақтарын кейіпкерлердің іс - әрекетіне қарай икемдей алады.
Айлакер түлкі ертегісі жүктеу
4 321
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Айлакер түлкі ертегісі
Айлакер түлкі ертегісі
Ертегінің мазмұнын сахналау барысында кейіпкерлердің рөлдеріне еніп, диологты сөйлеуге үйрету. Дауыс ырғақ, түрлі интонация, қимыл - қозғалыспен, кейбір ым – ишарамен бейнені келтіре білу қабілетін, сөздік қорын дамыту.
Көгалдағы балапан
Көгалдағы балапан
Балаларды коллаж жанрымен таныстыруды жалғастыру үй құстарының тіршіліктері туралы түсініктерін кеңейту.
Түлкі мен тырна
Түлкі мен тырна
Қуыршақ театры жəне оған қолданылатын қажетті құралдарды қалай пайдалануын үйрету, сөздегі дыбыстарды анық, дұрыс айтуға, диалогпен сөйлесе білуге дағдыландыру, адамгершілікке, достық қарым - қатынасты бағалай білуге, шығармашылыққа тəрбиелеу.
Түлкі мен тырна
Түлкі мен тырна
Ақтөбе обылысы, Ойыл ауданы, «Асанәлі»балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны тәрбиешісі Бекмұханова Жібек
Бақытты балалық шақ
Бақытты балалық шақ
Павлодар облысы, Ақсу қаласы № 2 мектептегі шағын орталық тәрбиешісі Ахметова Сұлушаш Заркешқызы
Алтын жұмыртқа
Алтын жұмыртқа
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Әйтеке би кенті, № 7 «Балдырған» балабақшасы Жаханшаева Гүлжазира Ерлепесқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×