Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ормандағы ертегі

01 сәуір 2014, Сейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Білім беру саласы: Қатынас, таным, шығармашылық.
Бөлімі: Тіл дамыту, математика, мүсіндеу.
Тақырыбы: «Орамандағы ертегі»

Мақсаты:
1. Балаларды жолақша арқылы «Екі сараң қонжық»венгр халық ертегісінің мазмұнын айтып беруге үйрету.
2. Ертегінің мазмұны мен тақырыбының арасындағы байланысты көруге баулу.
3. Ой - өрісін, ойлау қабілетін, тіл байлығын дамыту.
4. Жақынына деген сүйіспеншілік, адалдық қасиеттерін тәрбиелеу.
Керек құралдар: ертегі жүйесі бойынша жасалған мнемотаблицалар («Бауырсақ», «Үйшік», «Қоянның үйшігі» ), «Екі сараң қонжық»ертегісі бойынша жасалған мнеможол, орман даусы жазылған дыбыс, шырша бүрлері.
Билингвизм: сараң - жадный, қонжық - медвежонок.

Сабақ барысы.
Шаттық шеңбері:
Біз әдепті баламыз, Біз ерекше баламыз. Қонақтарды көргенде, Амандасып аламыз. Сәлеметсіздер ме!
- Балалар сендер ертегіні жақсы көресіңдер ме? Қандай ертегі білесіңдер? Олай болса бүгін біз ертегі еліне саяхат жасаймыз. Бірақ ол алыста ғой, қалай ойлайсыңдар ол жаққа қалай тез жетуге болады? Балалардың жауаптары.
- Ертегі еліне жету үшін мына сиқырлы таяқшаны қолданайық. Қолымызды ұстап шеңберге біз тұрайық, көзімізді жұмайық та, елестетейік шуылдаған орманды, сайраған құстарды, әр - түрлі аңдарды. – Кәне, сыйқырлы таяқша бізді ертегі еліне тез жеткіз! - Көзімізді ашамыз, қараңдар біз ертегі еліне келдік. Міне ағаштар, ертегі кейіпкерлері. - Балалар, қараңдаршы мұнда не жатқанын? - Бұл сандықша ғой! Жәй ғана сандықша емес, сыйқырлы сандықша екен. Ішінде не бар екенін көреміз бе?
- Қане бәріміз жайғасып отырайық. (сандықшаның ішінде ертегілер желісі бойынша жасалған мнемокестелер «Бауырсақ», «Үйшік», «Қоянның үйшігі»).
- Бауырсақ неше аңды кездестіреді?(төртеу)
- Үйшікте неше аң тұрады? (төртеу)
- Неге?(тышқан мен бақа аң емес)
-«Қоянның үйшігіндегі»ертегіде неше үйшік болды?(екеу)
- Нешеу қалды? (біреу) неге? (біреуі еріп кетті)
- Сендер барлық ертегілерді дұрыс айтып бердіңдер. Енді, балалар, біз тағы да бір ертегіге түсу үшін мына кесте арқылы, қандай ертегі екенін табуларың керек.(«Екі сараң қонжық» ертегісінің мнемокестесі.)
- Қане, балалар мына суреттер бойынша осы ертегіні есімізге түсірейік.
– Осы ертегідегі басты кейіпкерлерді атаңдаршы?
- Қонжықтар қандай? Олар туралы қалай айтуға болады?(кішкентай, сабалақ, үлпілдек, қоңыр, көңілді, күлкілі, маймақ).
– Орысша қонжықты қалай айтамыз?(медвежонок)
– Ертегіде тағы қандай кейіпкер бар?(түлкі)
- Түлкі қандай? (айлакер, қу,)
- Неге ол қонжықтарға көмектесті?(алдап ірімшіктерін жеу үшін).
– Қалайша түлкі қонжықтарды алдап кетті?(өйткені қонжықтар сараң, бір - біріне сенбеді, бірінен бірі аяды).
– Сараңды орысша қалай айтамыз?(жадный)
– Олар сараңдықтары үшін қалай жазаланды?(аш қалды). Мнеможол арқылы ертегіні айту.

Сергіту сәті: Ормандағы аюдың,
Құлпынайы көп екен.
Теріп - теріп аламыз,
Қалтамызға саламыз.

Ертегіні сахналау.
Кім сараңдық туралы мақал - мәтел біледі?
Сараңдық туралы мақал - мәтелдер.
1. Сараң екі рет төлейді.
2. Болар адам, өз ісімен танылар.
3. Өмір деген жақсы іске берілген.
4. Бірге көтерген жүк - ауыр болмас.
- Кімдер туралы солай айтады?(сараңдар, бір - біріне көмектеспейтін т. б.)
- Біздің ертегіде нелер туралы солай айтуға болады?(қонжықтар)
- Айтыңдаршы, біздің топта «сараң қонжықтар» сияқты балалар бар ма?
- Біздің топтың балалары қандай?
- Балалар, ертегі өте өкінішті аяқталды, ия? Қонжықтар аш қалды, мен оларды аяп отырмын, сендер ше? Онда біз қонжықтарға көмектессек қайтеді?
- Ол үшін қазір біз ертегіні басқаша аяқтайық, қонжықтар аш қалмауы үшін ертегіні өз қалауымызша аяқтайық. (Балалардың ертегіні жаңаша, өз ойларыңша айтуына көмектесу).
- Қонжықтар ірімшік тауып алғанда анасын шақырды.
- Түлкіге жақсы, сыпайы сөздер айтқанда, түлкінің сол сөздерден басы айналып кетті.
- Қонжықтар өздері ірімшікті бөліп, үлкен бөлігін кімге беру керегін санамақ арқылы анықтады.
- Ағайындылар бүкіл ормандағы достарын шақырып, ірімшікті бәріне бірдей бөліп берді
- Қай ертегі сендерге көбірек ұнады?
- Қонжықтарға да сендердің ертегілерің ұнады, қараңдаршы олар сендерге көп шырша бүрлерін жинап әкеліпті. Біз оларға сыйлық жасайық, қонжықтар нені жақсы көреді?(бал, ірімшік, құлпынай)
- Бізде құлпынай бар, соны сыйлайық.
- Қараңдар мұнда қанша құлпынай қалған? Қонжықтарға ол аз болады, сондықтан біз оларға арнап құлпынай мен ірімшік жасап береміз.(түстерін, пішіндерін анықтау, жасау жолдарын түсіндіру.)
- Ал енді құлпынай мен ірімшікті жасауға кірісеміз.(балалардың жұмысы)
- Жасалған құлпынай мен ірімшігімізді қонжықтарға жасап берейік
- Ал енді балалар бізге тобымызға қайтатын уақыт келді. Шеңберді біз құрайық, көзімізді жұмайық. Сиқырлы таяқша бізді тобымызға жеткіз деп сұрайық.
- Көзімізді ашайық, міне тобымызға қайтадан келдік
- Балалар біз бүгін қайда бардық?
- Онда не істедік?
- Саяхат аяқталды, ендеше келген қонақтармен қоштасайық.
16 447
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Түлкі, Қоян және Әтеш /ертегісі/
Түлкі, Қоян және Әтеш /ертегісі/
Балаларға ертегінің жоспар бойынша мазмұнын айтуды үйрету арқылы зейіндерін есте сақтау, сөз дыбыстарын анық айту, сөйлеу ойлау қабілеттерін дамыту, ертегіні сурет бойынша айтуға жаттықтыру.
Бауырсақ ертегісі
Бауырсақ ертегісі
Ертегі сахналау барысында кейіпкерлердің мінез - құлқын жеткізе білуге үйрету. Ертегідегі кейіпкерлердің сөз мәнерін, қимыл қозғалысын келтіріп ойнауға үйрету. Сөздерді анық айтуға, есте сақтау қабілетін дамыту.
Ертегілер еліне саяхат
Ертегілер еліне саяхат
Ертегіні сахналау барысында кейіпкерлердің мінез - құлқын жеткізе білуге үйрету. Ертегідегі кейіпкерлердің сөз мәнерін, қимыл қозғалысын келтіріп ойнауға үйрету.
«Тіл дамыту» оқу іс – әрекетінің тақырыптық жылдық жоспары
«Тіл дамыту» оқу іс – әрекетінің тақырыптық жылдық жоспары
Қатынас білім беру саласы бойынша «Тіл дамыту» оқу іс – әрекетінің тақырыптық жылдық жоспары.
Ертегілер еліне саяхат
Ертегілер еліне саяхат
Халық ауыз әдебиетіне деген қызығушылығын ертегілер арқылы арттыру. Өздері білетін ертегілерінің кейіпкерлерін атау арқылы, тілдерін жетілдіре отырып, ертегі кейіпкерлерін білуге үйрету.
«Үйшік» ертегісі моделдік технологиясын қолдану
«Үйшік» ертегісі моделдік технологиясын қолдану
Балаларды жаңа технологияны қолдану арқылы ертегінің мазмұнын айта білуге үйрету. Фигуралардың көлемін және түстерді айыра білу. Мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беруге, түсініктерін айтуға үйрету.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×