Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ойнайық балақай

02 сәуір 2014, Сәрсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Тақырыбы: Ойнайық балақай

Мақсаты: Балаларды ойын арқылы табиғат туралы білімдерін тиянақтау. Жыл бойы алған білімдерін қызықты ойындар арқылы бекіту. Балаларды зейінділікке, тапқырлыққа, тез ойлау қабілеттерін арттыруға тәрбиелеу.

Шаттық шеңбер: «Күлкі»
(Балалар бір - біріне күлкі сыйлайды)
Жұмбақ шешу
Қыз кеп жасыл көйлекті,
Сай - саланы сөйлетті.
Құс біткенді сайратты,
Қар даланы жайратты. (көктем)

Көктем: Сәлеметсіздер ме, балалар, апайлар.
Мен көктеммін. Мен сендердің жыл бойғы білімдеріңді көрейін деп, сендерге қызықты ойындар алып келдім.
Тәрбиеші: Жарайды көктем ендеше біз сізбен қызықты ойындарды ұйымдастырып ойнайық.
Ендеше балалар көктемнің әкелген «Егер де... не болар еді?» ойынын ойнап көрейік.
«Егер де күн болмаса не болар еді?»
(қараңғы болар еді, қорқынышты болар еді, бір - бірімізді көрмес едік, өсімдіктер өспес еді, күн жылынбас еді)
Тәрбиеші: Дұрыс, күн жылуын берсін десек, нұрын шашсын десек, мына көңілсіз болып тұрған табиғатымызды жандандырайықшы. Ол үшін бірінші табиғатқа не керек деп ойлайсыңдар?
Балалар: Күн керек.
Тәрбиеші: Балалар күннің де бізбен ойнағысы келеді екен. Кәне бәріміз ойнап көрейік.
1. Дидактикалық ойын: «Қоян бірінші қай үйге барады?»
2. Дидактикалық ойын: «Пішіндерді өз орнына орналастыр»
Тәрбиеші: Табиғатымызды жандандырып күнді орналастырайық.
«Егер де ағаш болмаса не болар еді?»
Балалар: Құстарға ұя болмас еді, жазда көлеңке болмас еді, таза ауа болмас еді, желден бізді қорғамас еді.
Тәрбиеші: - Дұрыс балалар, ағаштармен біз «не артық» ойынын ойнайық.
- Сиыр, қой, ешкі, түйе, жылқы, ағаш?
- Тоқылдақ, бұлбұл, қарлығаш, қараторғай, тауық?
- Ата, әже, апа, әке, бала, қыз, маса?
- Түлкі, аю, қасқыр, қоян, тиын, кесе?
Тәрбиеші: Балалар ағашымыз көркейіп өссін деп, ағашты табиғатымызға орналастырайық. Балалар, біз ойынымызды ары қарай жалғастырайық.
«Егер де біз күні бойы ойнамасақ не істер едік?»
Балалар: Ішіміз пысар еді, ештемеге қықзықпас едік, бір - бірімізге дос болмас едік, денеміз шынықпас еді т. б.
Тәрбиеші: Ендеше кәне бәріміз қимылды ойын: «ауа, су, жер» ойынын ойнайық.
Балалар біз ойынымызды ары қарай жалғастырайық.
«егер де құс болмаса не болар еді?»
Балалар: Ағаштарды, өсімдіктерді құрттан қорғамас еді, орман көңілсіз болар еді, құстар ән айтпас еді т. б
Тәрбиеші: Балалар құстар бізге ертегілер елінен қасқыр, түлкі, арыстанды ала келген екен. Олар не дейді кәне тыңдап көрейікші.
1. «Қасқыр мен түлкі» ертегісін үстел үсті театрымен сахналау.
2. «Арыстан мен түлкі» ертегісін сахналау.
Тәрбиеші: Балалар ертегі сендерге ұнады ма?
Ендеше құстарға рахметімізді айтып табиғатымызды одан әрі жандандырайық.
Тәрбиеші: «Егер де гүл болмаса не болар еді?»
Балалар: Табиғат әдемі болмас еді, сұлулық болмас еді, араға бал болмас еді, жердің көркі болмас еді.
Тәрбиеші: Балалар әдемі гүлдерімізді табиғатымызға орналастырайық. Енді қараңдаршы табиғатымыз қандай әдемі болды. Егер күн болмаса, гүл болмаса, жердің көркі болмас еді. Егер бұлардың бәрі болмаса табиғатымыз да, ешқандай тіршілік болмас еді. Ендеше табиғатымызды аялайық. Балалар осы қызықты ойындарды алып келген, Көктемге рахмет атып: «Көктем келді» әнін орындап берейік.
Көктем: Балалар мен сендерге ризамын. Мен сендермен жылға дейін қоштасамын. Сау болыңдар.
7 149
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ойнайық та, ойлайық
Ойнайық та, ойлайық
Балалардың алған түсініктерін бекіту. Логикалық ойлау қабілетін, танымын дамыту. Өз бетімен жұмыс жасауға және ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Дидактикалық ойындар еліне саяхат
Дидактикалық ойындар еліне саяхат
Дидактикалық ойындар еліне саяхат. Сөздік қорын жалпылаушы мағыналы сөздермен байыту. Ойындарды қолдану арқылы сөздерге қызығушылығын дамыту.
Ойнайық та, ойлайық
Ойнайық та, ойлайық
Баланың логикалық ойлау қабілетін , тілін, танымдық қызығушылығын дамыту. Балаларды тапқырлыққа, ізденпаздылыққа тәрбиелеу. Істеген ісіне жаупкершілікпен қарауға тәрбиелеу.
Абай «Жаз» өлеңі
Абай «Жаз» өлеңі
Өз ойларын ашық айтуға, сөздік қорын, тіл байлығын дамыту. Көктем мезгіліндегі ерекшеліктермен салыстыра отырып, табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру;
Күлдіргеннің тапсырмаларын орындайық
Күлдіргеннің тапсырмаларын орындайық
1. Балалардың жыл бойына алған білімдерін түрлі тапсырмаларды орындату арқылы бекіту. 2. Балалардың шығармашылығын жұмбақтар арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Дидактикалық ойындар еліне саяхат
Дидактикалық ойындар еліне саяхат
Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, КМҚК «Ақерке» бөбек -жайы қазақ тілі маманы Шакенова Мерей Төлеубайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×