Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ана тілім - қазақ тілім

14 сәуір 2014, Дүйсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Мақсаты: Балалардың сөздік қорын, тіл байлықтарын дамыту, сөздерді бір - бірімен байланыстыра сөйлеуге үйрету, қазақ тіліне тән дыбыстардың айтылу ерекшеліктерін қадағалау, ой - өрістерін кеңейту, қазақ тіліне деген қызығушылықтарын тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: жемістер - көкөністер муляждары, себет, жабайы аңдар мен үй жануарлары суреттері, текшелер.
Әдіс - тәсілдер: сұрақ - жауап, әңгімелесу, дыбыстарды ажырату, ойын.

Шаттық шеңбері Қайырлы күн достар! Мен сендерді шаттық шеңберіне шақырамын!
Армысың шапағатты Күн - ана!
Армысың шапағатты Аспан - ана!
Армысың мейірімді Жер - ана!
Құт дарытып бар әлемді жарылқа.
Мұғалім: Балалар, сендер қай мемлекетте тұрасыңдар?
Балалар: Қазақстан.
Мұғалім: Қазақстандағы мемлекеттік тіл - қай тіл?
Балалар: қазақ тілі.
Мұғалім: Сендер қай қалада тұрасыңдар?
Балалар: Екібастұзда
Мұғалім: Жарайсыңдар, балалар! Рахмет. Енді ойын – сабағымызды бастаймыз.

Дидактикалық ойын: «Танысу». Әркім өзін таныстыру үшін допты алып, бір - біріне бере отырып, өздерінің аттарын айтады. Мысалы: «Менің атым.....»,- деп өзін таныстырады.
Мұғалім: Келесі ойын «Сөз ойлан, тез ойлан» деп аталады. Мысалы: Қо.., сә..., қи..., ба..., қас..., жыл..., т. с. с жалғаса береді. (Балалар жалғасын тауып айтады)

Мұғалім: «Жабайы аңдар мен үй жануарларын ата» ойыны. Яғни сурет бойынша жабайы аңдар мен үй жануарларын екі тілде айтып, толық жауап беру. Мысалы:
Түлкі - лиса - жабайы аң.
Сиыр - корова - үй жануары.
Қоян - заяц - жабайы аң.
Түйе – верблюд - жабайы аң. Т. с. с
Мұғалім: Өте жақсы! Жарайсыңдар, балалар! Енді бойымызды жазып алайық.

● Сергіту сәті
Бала, бала, балақан,
Кәне, көрсет алақан,
Саусақтарың әйбат
Былай - былай ойнат.
Топ - топ, топ - топ басамыз,
Жалаудан күн жасаймыз,
Жаса, жаса алтын күн!
Жаса, жаса жарқын күн!
Мұғалім: Ендігі ойын «Көкөніс пен жемісті сипатына қарай тап». Мен кез - келген жемісті, не көкөністі сипаттаймын, сендер жауабын айтасыңдар. Мысалы: Сары, сопақ, дәмі қышқыл, ағашта өседі... (лимон).
Домалақ, тәтті, шырынды, қызыл.... (алма)
Домалақ, ащы, сарғыш.... (пияз)
Сопақ, жасыл, дәмді.... (қияр)
Сары, жасыл, тәтті, шырынды, шам тәрізді... (алмұрт). Т. с. с
Мұғалім: Жарайсыңдар, балалар! Енді «Себетке сал» ойыны. Көкөністерді бөлек, жемістерді бөлек жинайсыңдар.
Мұғалім: Келесі ойын «Сөз құрау». Текшелерді алып 2 - 3 әріптен тұратын сөздер құрау. Мысалы: аю, ит, доп, ана, үй, нан, піл, бас, т. б.

Қорытынды
Мұғалім: Балалар, бүгін сабақта өз білімдеріңді жақсы көрсете білдіңдер, рахмет сендерге. Сау болыңдар!
4 038
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Зообаққа саяхат
Зообаққа саяхат
Балаларға зообақ жайлы түсінік беру, жабайы аңдар туралы білімдерін тиянақтау
Жабайы аңдар
Жабайы аңдар
Балалардың жабайы аңдар туралы түсініктерін тереңдету. Олардың түрлерін бір-бірінен ажыратуға, дене мүшелерін дұрыс атай білуге үйрету.
Үрмебұршақты отырғызу
Үрмебұршақты отырғызу
Балалар сендер білесіңдер мен егін еккенді жақсы көремін. Сонымен қатар менің ертегімде үлкен шалқанды өсіріп қызығына бөленгенімді де білесіңдер. Сондықтан мен бүгін сендермен бірге үрмебұршақ отырғызғым келіп тұр. Менің сиқырлы қорапшамда
Жұмбақтар әлемі
Жұмбақтар әлемі
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, №14 "Малышок" балабақшасының тәрбиешісі Жапарова Әйгерім Мүслимқызы
Қазақ тілін білемін
Қазақ тілін білемін
Екібастұз қаласы, №8 "Теремок" бөбектер бақшасының қазақ тілі мұғалімі Еркин Армангуль Мажитовна
Үй жануарлары
Үй жануарлары
Шалқар қаласы, № 6 орта мектебі № 6 орта мектебі Өткізген: Ешнияз Д. А
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×