Жергілікті сазгерлер әндеріне саяхат
Мақсаты: Балаларды жергілікті сазгерлердің өмірі және әндерімен таныстыру. Баланың бойында өз туған жерін, одан шыққан өнер адамдарын тани білуге, оны мақтан тұтуға тәрбиелеу. Музыкалық шығармалардың мазмұнын түсініп, әуенін өз мәнерінде орындауға үйрету. Би қимылдарын жасай отырып, әуенге сәйкес бойларын тік ұстап, би қимылдарын ауыстыра білуге дағдыландыру. Дауыс жаттығуында жоғары, төмен, кезекпе - кезек дыбыстарын таза айтуға ықпал ету. Аспаптар арқылы ырғақты сезіне айтуға үйрету.
Көрнекілігі: интерактивты тақта,
Қолданылатын қажетті көрнекілік: аспаптар
Сөздік жұмыс: аспап, шығарма, киіз үй.
Сөздік қор: сазгер, асатаяқ, тайтұяқ
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің типі: саяхат
Балалар зал ішінде жарты шеңбер бойымен көңілді тұрады. Жетекші әндете отырып, сәлеметсіздер ме балалар!
- Балалар бүгінгі күнімізді бастамас бұрын, алдымен дене бітіміміз, жүріс - тұрысымыз әдемі болу үшін дене қимылдарын жасап жіберейікші.
- Тамаша, өте жақсы! Ал енді балалар, барлығымыз назарымызды тақтаға аударайықшы. (Тақтадан әдемі әуенмен табиғат туралы видеоролик көрсетіледі)
- Балалар, біз экраннан нені тамашаладық? Табиғаттың қандай әсем көріністерін, құбылыстарын көрдік?
- Балалар жауап береді
- Жарайсыңдар, балалар! Міне, біздің өткен оқу іс - әрекетімізде үйренген әніміз өзіміздің туған жерімізден шыққан Ә. Байсеңгіров ағамыздың әні болатын. Ол қандай ән еді балалар?
- «Табиғат - біздің анамыз» деген әні болатын
- Жарайсыңдар, балалар! Ал, өткен оқу іс - әрекетімізде қонаққа кім келіп еді?
- Сазгер Әділбек Байсеңгіров ағамыз келді.
- Ия балалар, біз сазгер ағамызбен танысып, әндерін тыңдап үйренген болатынбыз. Ендеше, балалар мен сол кездесу сәтімізді бізге естелікке қалу үшін бейнетаспаға түсіріп алған болатынмын. Сендерге тосын сый болсын деген ниетпен, сол сәтімізді тағы да есімізге түсіріп тамашалап жіберейікші.
- Алақай тамашалайық! (бейнеролик көрсетіледі)
Музыкалық залға сазгер кіреді.
- Сәлеметсіз бе, ағай!
- Сәлемет пе, балақайлар!
- Біздің балабақшамызға қош келдіңіз! Біз сіздің көптеген әндеріңізді айтып жүрміз. Біз сізбен сұхбаттасқанды жөн көріп, сізді қонаққа шақырдық. Келгеніңізге көп рахмет! Өзіңіз жайында айта отырсаңыз.
- Балалар, мен осы Қазалыда, теміржолшылар отбасында дүниеге келдім. Осы жерден мектеп бітіріп, үлкен қалаға оқуға түстім. Өнер саласының маманы болып шықтым. Сөйтіп, осы өнер мектебіне өздерің сияқты талантты балалармен жұмыс жасай келе, бала жүрегіне жақындай келе, балаларға арнап әндер жаздым. Атап айтсам «Анашым», «Қазағымның ұланы», «Табиғат – біздің анамыз» т. б әндерім бар. Бұл әндерді мектепте оқушылар, шәкірттерім орындап жүр.
- Балалар, біз өткен оқу іс - әрекетімізде ағайдың қандай әнін үйренген едік?
- «Табиғат – біздің анамыз» әнін үйрендік.
- Ой, керемет, мені бір марқайтып тастадыңдар ғой, осы әнді орындап бересіңдер ме?
- Ия, орындап береміз. Ән тыңдау: «Табиғат – біздің анамыз».
Сөзі: Ө. Қазыбеков. Әні: Ә. Байсеңгіров
- Рахмет, балалар! Мен енді қайтайын.
- Ия, ағай сізге де көп рахмет! Алдағы уақытта да сізбен тағы да жолығамыз деген ниетпен, рахметімізді айтамыз. Балалар да сізбен жүзбе - жүз кездесіп, үлкен әсерде қалды. Сау болыңыз!
- Сау болыңдар!
- Балалар, ағай бізге қонаққа келгенде сыйлық ала келген. Мен сендерге соны тосын сый ретінде көрсетейін. Мынау не балалар?
- Бұлар аспаптар
- Ия, бұл аспаптардың атын білеміз, қане атап айтайықшы
- Сылдырмақ, тайтұяқ, асатаяқ, даңғыра.
- Жарайсыңдар, балалар! Біз ән үйренер алдында қандай жаттығу жасаймыз?
- Дауыс жаттығуы
- Ия, онда осы аспаптармен сүйемелдей отырып, дауыс жаттығуын жасайықшы. (Балаларға аспаптар таратылады)
Жетекші пианинода ойнайды
4 бала: сылдырмақ
Қолымызда сылдырмақ
Қоңырау сылдырап
Сылдыр, сылдыр, сылдырмақ
Ән айтамыз сыңғырлап
4 бала: тайтұяқ
Құлақ тосып тұр тыңдап
Дыбыс шықса сыртылдап
Ойнап тұрған қолдағы
Тайтұяқтың болғаны
Асатаяқ
Әсем ырғақ толқыны
Еске алса шолпыны
Ойнап тұрған қолдағы
Асатаяқ болғаны
Даңғыра
Даңғыраны ұр қатты
Дәл қайтала ырғақты
Тоғайда көп тоқылдақ
Үн естілді тоқылдап
- Жақсы балалар, дауысымыз ашылды ма?
- Ия ашылды
- Енді, бүгінгі ашық оқу іс - әрекетімізде үйренетін жаңа әніміз «Туған жердің құстары» деп аталады. Өлеңін жазған Е. Елубаев, әнін жазған Нұрмаш Алғашбаев. Бұл сазгер ағамыз да осы Қазалы ауданында туылған. Бұл кісінің де көптеген әндері бар. Мысалы: «Туған жердің құстары», «Бүгін қай күн?», «Ақ ботам», «Көгершіндер», «Ару қала – Астана» т. б әндері бар. Осының ішінде біз бүгін «Туған жердің құстары» әнін үйренеміз. (Экраннан өлеңнің тақырыбы көрсетіледі. Әр сөзді суретпен байланыстырып түсіндіре отырып көрсету)
І шумақ қайырмасымен үйретіледі
Туған жердің құстары – ай,
Кетпей қалды басқадай.
Ұшып жүрді тоңса да
Туған жерді тастамай
(Балалар жетекшімен бірге орындайды)
- Жарайсыңдар, балалар! Әніміздің келесі шумақтарын келесі оқу іс - әрекетімізде үйренетін боламыз. Балалар, біз экраннан құстардың ненің төбесіне қонып тұрғанын көрдік?
- Киіз үйдің төбесіне қонып тұрғанын көрдік
- Киіз үйді білеміз бе?
- Ия, білеміз.
- Киіз үй қазақтың көшіп қонуға ыңғайлы, әрі жылы үй есебінде пайдаланған екен. Киіз үйдің шаңырағы, уықтары есігі болады екен (суреттері көрсетіледі)
- Ендеше, бүгінгі үйренетін биіміз «Киіз үй» деп аталады.
Би «Киіз үй». (Балалар жетекшімен бірге биді билейді)
- Тамаша балалар, біз осы киіз үйдің ішінде тұрмыз деп елестетіп «Ән салған кім?» ойынын ойнап жіберейікші. (Көңілді әуенмен ойын ойнатылады)
- Жарайсыңдар, балалар! Барлығың ойынға жақсы қатыстыңдар. Ойын ұнады ма?
- Ия ұнады.
- Бүгінгі оқу іс - әрекетіне өте белсене қатыстыңдар, рахмет!

Жаңалықтар
Біз - көңілді баламыз
Балаларды музыканың әр түрлі сипатымен таныстыру. Музыка ырғағын сезіне, әрекет ете білуге үйрету.
Теңіз жағалауына саяхат
Баланың денесін түзеу, әдемі ұстауын жетілдіру, әдемі серпілу, иіліп – бүгілу қимылдарын меңгерту. Өткен позицияларды қайталау. Балаларды би өнеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Туған өлкем
Табиғи дауыспен әнді таза айтуға, шығарманы сезіне білуге үйрету, музыка сипатына сай жаттығу қимылдарын үйлестіре білуге баулу. ТМ: Әнді сезіне арқылы Отанды сүюге, қастерлеуге тәрбиелеу
Ұстазға арнау би қойылымы
Балаларға би тақырыбын түсіндіре отырып, ұстаздарға деген сый – құрметін арттыру. Биді әдемі, ұқыпты билеуге тәрбиелеу.
Теңіз жағалауына саяхат
Баланың денесін түзу, әдемі ұстауын жетілдіру, әдемі серпілу, иіліп – бүгілу қимылдарын меңгерту. Өткен позицияларды қайталау. Балалардың би өнеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Әуелесін, қалқысын Қазағымның жаз әні!
Қызылорда қаласындағы №8 «Бүлдіршін» санаториялық балабақшасы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің музыка жетекшісі Жұмабекова Бибігүл Мүсірепханқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.