Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Әр текті заттарды пішіні мен көлемі бойынша саралау

09 мам 2014, Жұма
Категориясы: Бала-бақша
Білім беру саласы: «Таным»
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Сенсорлық тәрбие
Тақырыбы: Әр текті заттарды пішіні мен көлемі бойынша саралау
Мақсаты: Балаларды ойындар арқылы заттарды пішіні мен көлемі бойынша саралауға, бір жерден екінші жерге жинай білуге үйрету. Есте сақтау, ойлау қабілеттерін арттыру, сөз дыбыстарын айтуға, дербес іс - әрекет жасауды, түстерді ажыратуды меңгерту.
Әдіс - тәсілі: сұрақ - жауап, көрсету, түсіндіру, ойын ойнату, ән айту
Көрнекілігі: Доптар, қораптар
Сөздік жұмыс: Доп, сары түсті, көк түсті, домалақ

«Добым, добым, домала» ойынын ойнауға балаларды ұйымдастыру
- Балалар, мен мына жерге әдемі көрпешелер жайып қойдым, соның үстіне жайғасып отырып ойын ойнайық.
- Аяқтарыңды ашып, доп келгенде тез ұстап алатындай болып отыра қойыңдар.
- Мынау не балалар?
- Ол доп.
- Біз доппен не істеп жатырмыз?
- Бір - бірімізге домалатып жатырмыз
- Доптар әдемі ме?
- Ия, әдемі.
- Доп үлкен бе, кіші ма?
- Доп үлкен.
- Доптың түсі қандай?
- Түсі көк
Кішкентай допты көрсету
- Ал, мына доптың көлемі үлкен бе, кіші ме?
- Ол доп кіші
- Кіші доптың түсі қандай?
- Түсі сары
- Қараңдаршы, қандай көңілді домалайды. Доптың пішіні қандай?
- Пішіні домалақ
- Енді, балалар орнымыздан тұрайық, қолымызды ұрайық.
Екі допты салыстыру, қайталату.
- Балалар, допты жерге соқсақ, секіреді екен, қараңдаршы, доп сондай көңілді. Біз де доп сияқты секірейікші.
Балалар қуанып секіреді.
- Балалар, айналамызға қарайықшы, біз ойнап доптарды шашып тастаппыз. Осы шашылып жатқан доптарды қораптарға жинайық. Мынау көк түсті үлкен доптарды, көк түсті қорапқа саламыз. Ал, кіші сары түсті доптарды, сары қорапқа салып жинайық.
Балалар доптарды жинап қораптарға салады.
Жарайсыңдар, балалар! Осы көңілді добымызға арнап ән салайық.
Доп.
Домала доп домала
Балшыққа тек жолама
Жек көремін оныңды
Бүлдіресің қолымды
Секіріп өт ордан да
Секіріп өт жолдан да
Қуса күшік жетпесін
Машина басып кетпесін

Күтілетін нәтиже: Балалар заттың үлкен, кіші болатынын біледі
Түстерді ажырата алады.
20 167
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Менің көңілді добым
Менің көңілді добым
Балаларды доппен таныстыру. Доптың сипаттамасын түсіндіру. Балалардың физикалық қасиеттерін дамыту.
Менің көңілді добым (сипаттау)
Менің көңілді добым (сипаттау)
Ойыншық туралы әңгіме құрастыруды үйретуді жалғастыру. Доп туралы мағлұмат бере отырып, оның түсін, пішінін және қандай материалдан жасалғанын анықтауға үйрету.
Көңілді ойындар
Көңілді ойындар
Балаларға сезім дамыту оқу іс - әрекеті бойынша өткен тақырыптарды еске түсіріп, білімдерін ойын арқылы жетілдіріп бекіту. Заттардың көлеміне, пішініне, түсіне қарай топтап ажыратып білуге үйрету.
Көп аз тең. Сүйікті ойыншақтар
Көп аз тең. Сүйікті ойыншақтар
Мақсаты: Білімділігі: Балаларға қоршаған ортада көп затпен, бір затты табуға үйрету. Дамытушылығы: Заттар көлемі пішіні түсі бойынша, бір немесе бірнеше болатының туралы түсінік беру.
Менің добым
Менің добым
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Қарғалы ауылы «Бүлдіршін» шағын орталығының «Балапан» тобының тәрбиешісі Әлтаева Алтынкүл Райханқызы
Мүсіндеу. Доп
Мүсіндеу. Доп
Өскемен қаласы, "Балдаурен" шағын орталығының тәрбиешісі Чокубаева Маржан Куанышпековна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×