Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Құстар біздің досымыз

23 тамыз 2014, Сенбі
Категориясы: Бала-бақша
Білім саласы: Әлеуметтік орта
Оқу іс - әрекеті: Қоршаған ортамен таныстыру
Тақырыбы: «Құстар біздің досымыз»
Мақсаты: Балалардың құстар туралы түсініктерін кеңейту.
Құстарға қамқорлық жасауға, оларға деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту.
Баланың ой - өрісін дамытып, сөздік қорын молайту.
Сабақтың түрі: Ашық сабақ.
Интеграция: Көркем әдебиет, сауат ашу, музыка, ҚМТҚ.
Көрнекілік: Атрибуттар, Құстардың суреті, Тақта, кеспе әріптер, үнтаспа.
Әдіс - тәсілдері: Психологиялық сәт, сұрақ - жауап, түсіндіру, жазу, сергіту сәті. Ертегіні рөлдерге бөліп айтқызу

Психологиялық сәт: Біздер жақсы баламыз,
Өсті ақыл санамыз.
Қонақтармен ең алғаш,
Амандасып аламыз.

Жарқырасын күніміз,
Жайнап тұрсын гүліміз.
Жақсы ниет тілекпен,
Бастайық сабақ бүгін біз.
Ұйымдастыру кезеңі: Ал қане балалар орнымызға отырып, оқу іс - әрекетімізді бастайық.
– Балалар бір жылда неше мезгіл бар?
– Бір жылда 4 мезгіл бар.
– Қазір жылдың қай мезгілі?
– Қазір жылдың көктем мезгілі.
– Ендеше кім көктем туралы тақпақ айтып береді?

– Осы көктем айларын тақтаға кім жазып береді?
– Бір жылда неше ай бар? Кәне кім атап бере алады?
– Бір жылда 12 ай бар.
– Аптада неше күн бар? Апта туралы санамағымызды айтып көрейікші.
– Бүгін аптаның қай күні?
– Қазір бізде қай сабақ?
– Қоршаған ортамен таныстыру.

– Ал енді балалар менің сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр. «Тал басында тамаша үй». Ұя
– Жарайсыңдар, осы ұяны нелер мекендейді?
– Ұяны құстар мекендейді.
– Құстар туралы сендер не білесіңдер?
– Құстар адамға дос. Олар ағаштарды құрт - құмырысқалардан қорғайды.
Осы кезде, ертегі ханшайымы келеді.
– Сәлеметсіңдер ме балалар! Мен сендерге құстар әлемінен бір тамаша ертегі алып келдім. Қане құлақ салып тыңңдаңыздар.
Автор: Ертеде бір бұлбұлдың балапаны болыпты. Балапан өсе келе мінез шығарады. Бірде ол:
- Неге ұяны жерге емес, басқа құстардай биікке салмайсыңдар? Неліктен алып құстадай ірі болмайсыңдар?– деп ата - анасының мазасын алады.
Оны естіген ата бұлбұл:
– Саңқылдап сұңқар, қарқылдап қапға, тыраулап тырна бола алмайсың, шырағым. Ақылың болса өз сәніңмен, өз әніңмен ата жолын жалға, – деп өсиет айтады.
Ерке бұлбұл ата сөзіне құлақ аспайды. Өзінің қандай құс екенін білмейтін ол әсем дауысымен баурап алар серік іздеп, ұясын тастап ұшып кетеді.
Ерке бұлбұл құстар әлемін ұзақ аралайды.
Сөйтіп ерке бұлбұл келе жатып қарғаға кездеседі.
– Қарға: мен қарғамын, қарғамын,
Көп қой менің арманым. Қарқ - қарқ, келе ғой бұлбұлжан.
– Бұлбұл: Өзі қап - қара, даусы қандай жаман еді. Ұнамайды маған.
– Сауысқан: Кел бұлбұлым, Сауысқанмын саңқылдаған,
Қонақжаймын аңқыылдаған.
– Бұлбұл: Қалай дауыстайды? Даусы нашар екен.
– Торғай: Бұлбұлжан келе ғой.
Мен торғаймын, торғаймын,
Ағаштарды қорғаймын.
– Бұлбұл: Қызық қой мынау өзі, шамаңа қарашы.
– Бүркіт: Мен бүркітпін, бүркітпін,
Құстың бәрін үркіииім, ха - ха - ха.
– Бұлбұл: қорқыныштысын - ай, үлкенін - ай.
– Қарлығаш: Келе ғой бұлбұл.
Қарлығашпын қалықтаған,
Ұшудан ешбір жалықпаған.
– Бұлбұл: Қан дай ідемі құс еді, бірақ неге құйрығы айыр? Ұнамайды маған. Деп ұша жөнеледі. Қанша құстардың сан алуан түрлері мен тіршіліктерін көреді. Бірақ жүрегіне жақын үн, жанына жайлы ұя таба алмайды. Шаршап - шалдығып өз ұясына оралады.
Балапанын көріп қуанған ана бұлбұл құбылтып ән салады. Сазды әуеніне табиғат тамсанады.
Ән тербеген ерке бұлбұлдың бойы балқып, ұйқыға кетеді. Ертеңіне таңмен бірге оянып:
Туған жерім – қымбат мекен,
Өскен ұям ыстық екен.
Бұлбұл үні – өз тіліме,
Ешбір әуен жетпейді екен, – деп сан алуан ырғаққа салып сайрайды. Ерке бұлбұлдың сазды әуенін барлық құстар қызыға тыңдайды. Осы күннен бастап әнші бұлбұлдың даңқы бүкіл әлемге жайылады.

Сергіту сәті:
Балалар сендер ертегі тыңдап шаршаған боларсыңдар, шаршағанымызды басу үшін сергіту жаттығуын жасап алайық.
Мынау менің жүрегім,
Бәрі осыдан басталған.
Мынау басым ақылды,
Барлық істі атқарған.
Мынау менің оң қолым,
Мынау менің сол қолым,
Барлық істі атқарған.
Жарайсыңдар балалар енді орнымызға дұрыстап отырайық.
– Ертегі ханшайымы: Балалар менің әкелген ертегім сендерге ұнады ма?
– Иә.
– Ертегі не деп аталады?
– Ерке бұлбұл.
– Ертегіде қандай құстар кездесті?
– Қарға, қарлығаш, сауысқан, бүпкіт, торғай.
– Жарайсыңдар. Аленді сендер маған жақсы бір ойын көрсетіп беріңдерші.
– Дидактикалық ойын: «Жақсы мен жаман» ойынын ойнату.
– Жарайсыңдар балалар біз осы оқу іс - әрекетінен қандай жақсы нәрселерді үйрендік?
– Құстарға қамқор болуды, оларды күту керектігін т. б. Ендеше біз оқу іс - әрекетімізді
Құстарымыз аман болсын
Бейбіт тыныш заман болсын, деп бір тамаша «Қарлығаш» әнмен аяқтайық.
13 840
0
  • 40
1 дауыс


Жаңалықтар
Құстар
Құстар
Топтағы тәрбиеленушілердің сөздік қорын дамыту, дыбыстарды айта білуге үйрету. Құстар туралы түсінік беру, оларға деген қамқорлық, сүйіспеншілік сезімдерін ояту.
Құстар біздің досымыз
Құстар біздің досымыз
Балалардың құстар туралы түсініктерін кеңейту. Құстарға қамқорлық жасауға, оларға деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту.
Құстар біздің досымыз
Құстар біздің досымыз
Балаларға құстар туралы әңгімелеу. Құстардың көктемгі тіршілігі, табиғатқа келтіретін пайдасы туралы кеңінен түсінік беру.
Құстар біздің досымыз
Құстар біздің досымыз
Балалардың құстар туралы түсініктерін қалыптастыру, құстарды ажыратып, атап білуге үйрету. Құстар туралы ой - өрістерін, сұраққа жауап беруін, сөздік қорын танымдық қабілетін дамыту.
Құстар - біздің досымыз
Құстар - біздің досымыз
Балаларға құстар туралы түсінік беріп, білімдерін жетілдіру, құстарға қамқорлықпен қарауға баулу.
Құстар біздің досымыз
Құстар біздің досымыз
Балабақша тәрбиешісі Жолдаева Жанаргул
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×