Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Алтын бақ ертегісі

26 тамыз 2014, Сейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Қазіргі заманға лайықталып дайындалған ортаңғы және ересектер топтары балаларына арналған музыкалық театрлық қойылымы.
Ертегінің мақсаты:
Тәрбиелік: Балалардың қоршаған ортаға деген қамқорлығын арттыру, табиғатты қорғауға, елін, жерін құрметтеуге, мейірімділікке және ізгілік іс жасауға тәрбиелеу, экологиямыздың ластанбауына, табиғат - Анаға сүйіспеншілікпен қарауға жетелеу.
Дамытушылық: шығармашылық қабілеттерін дамыту, жақсылық жасауға, достыққа, өз ойларын еркін жеткізе білуге дағдыландыру. Баланы көпшіл болуға, өз бойындағы ұяңдықтан арылуға баулу.
Көрнекі құралдар: Үйдің ішкі көрінісі (кітап оқитын стол, стол үстінде кітаптар және стол шамы, кішкентай қыздың керуеті, қабырғада ілулі сағат, күнтізбе), Қурап солған ағаштар және жеміс - жидекке толы ағаштар. (құрылыстық материалдардан жасау немесе пена құйып ағаш формасын жасау, жеміс - жидектер атрибудтарын жапсыру.) Бұлақ (көгілдір түсті мата) және тау – тастар (жұмсақ губкалардан әртүрлі формада жасап, бояулармен түстерін келтіру), ағаш түбі (томар), ширмалар, қонжық ойыншығы.
Қатысушы кейіпкерлер:
1. Кішкентай қыз.
2. Анасы.
3. Гүлдер.
4. Көбелектер.
5. Құстар.

І. Көрініс.
Үй көрінісі.
Өте мейірімді, ақылды бір кішкене қыз столда «ертегі» оқып отырады.
Бір мезгілде анасының даусы сырт жақтан естіледі:
- Қызым - ау, уақыт біраз болып қалды, ұйықтасаңшы.
- Қазір, анашым - деп анасының айтқанын екі етпейтін қыз дереу жинақталып керуетінің жанына келеді. Керуетінің үстінде тұрған әдемі аппақ қонжығын құшағына алып:
- Қайырлы түн, қонжығым - деп қонжығын керуетіне жатқызып, үстіне жұмсақ жамылғы жабады. Күнтізбеге көзі түсіп кеткен қыз:
- Ой, ертең күн жексенбі, менің анамның туған күні ғой. Қап, мүлде есімнен шығып кетіпті, енді анама не сыйласам екен - деп сәл бұртия ойлана қалады.
- Таңертең ертемен орманға барып анама арнап гүл, жидек теріп келемін. Жарайма қонжығым, бірақ сен анама айтып қойма, әйтпесе анам мені жалғыз орманға жібермей қояды – деп кішкене қыз да керуетіне жатып, ұйқыға кетеді.
Шиырма жабылады.

ІІ. Көрініс
Қураған орман бейнесі.
(сахнаның оң жағына қуарған ағаштар, томардың үстінде қонақтап отырған бұлбұл құс кейпіндегі балалар, сол жақ тұсында тау – тастармен бұлақ)
Қолында себеті бар кішкентай қыз гүл, жидек термек болып, орманға келеді. Ол орманға келіп өз көзіне өзі сенбей таңдана жан - жағына қарайды. Өйткені ағаштар солып, қара жер қуарып қалған.
Қыз ағаштардың жанына келіп, мұңая:- Ағаш, ағаш сендерге не болған, жемістерің қайда?
1 – Ағаш ( дауыспен): - Бізге су керек, шөлдеп қуарып тұрмыз.
2 - Ағаш:- Содан жеміс беруге шамамыз келмей тұр.
Қыз басын шайқап, жан - жағына қараса бір бұрышта көңілсіз отырған құстарды көреді, жүгіре басып қастарына келіп:
- Ой, бұлбұлдар, сендер ше, сендер неге сайрамайсыңдар?
1. бұлбұл:- Көңіл - күйіміз жоқ.
2. бұлбұл: - Сайрайтындай, сәніміз - жеріміз қуарып кетті.
Шарасыз күйге түскен қыз жерге қарап:- Шынымен де мына жер қуарып солып кетіпті ғой. Ой, ана бір жерде бұлақ тұр ғой, бұлаққа барып су сұрайын – деп қыз бұлаққа қарай жүреді:
- Бұлақ бұлақ, маған суыңнан берші.
Бұлақ О, кішкене қыз, мейрімсіз адамдардың кесірінен көзім бітеліп, аға алмай жатырмын. Маған көмектесіп жіберші.
Қыз:- Жарайды, бұлақ, мен саған көмектесемін.
Қыз дереу бұлақтың көзін ашуға кіріседі. (Ауыр тастарды әрлі - берлі қозғағандай қимылдар жасап, бұлақты ашуға кіріседі) Бір мезгілде су сылдырлап (тастардың арасында жинақталып тұрған мата тартылады) толқынданады.
- Алақай, алақай!- қыз қолын шапалақтай секіре мәз болады
Бұлақ:- Рахмет, мейірімді қыз. Менен шөліңді қандырып ал.
Қыз рахаттана су ішіп алады.
Қыз:- Суың қандай дәмді еді. Рахмет.
Бұлақ: - Ағаштарды да суаруды ұмытпа, мейірімді қыз.
Қыз қолындағы себетімен ағаштарды суарады. Лезде ағаштар жасыл желекке айналады. (ағаштың екінші бетін айналдыру)
Қыз қуана ортаға келеді.:- Менің жайбырақат үйіме қайтқаным жараспас, онан да мына жерді саялы баққа айналдырайын - деп жүгіре басып құстардың жанына келеді.
Қыз бұлбұлдарға: - Бұлбұл, бұлбұлдар маған көмектесіңдерші, дән әкеп беріңдерші.
1 - Бұлбұл: - Ол дәнді қайтпексің?
Қыз: - Мына жерге гүл егіп, баққа айналдырсам ба деймін.
Бұлбұл: - Жарайды, талабың таудай екен. Сен бізді осы жерден күт, қазір келеміз.- деп екеуі ұшып кетеді. Қыз құстардың соңынан қарап сәл тұрады да, құстар келгенше мына жерді қопсытып қояйын деп ойлап, жерді қопсытуға кіріседі.
Кішкентай қыздың жер қопсыту қимылы(әуенмен):
Аяқтың ұшымен жүгіре басып келіп, бір айналыс жасап отыра қалады. Екі қолын бір - біріне түйістіре бірге ортадан сыртқа қарай ашу қимылын жасайды, басты қол қимылымен бірге оңға бір, солға бір қозғайды. Осы қимылдарды әуенге қарай 4 реттен санау арқылы жасайды. Сахнаның 4 бұрышына және соңғы ортасына келіп жасау. Бала орынан тұрып шаршау қимылын жасайды: Оң қолмен маңдай сүрту 1 - 2 санымен, сол қолмен маңдай сүрту 1 - 2 санымен.
Осы мезетте құстарда дән алып келеді:
1 құс:- Мінекей, ала ғой, дәніңді.
2 - құс:- Сүйкімді қыз, бізде саған көмектесейік.
Қыз:- Жарайды достарым, қане бәріміз бірігіп іске кірісейік. Мен жерге дән салайын, ал сендер су құйыңдар.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
11 688
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Біз табиғаттың достарымыз
Біз табиғаттың достарымыз
Табиғаттың көркін ажарландырып, жер бетін саялы баққа айналдыратын байлық көзі – су.
Табиғат - біздің досымыз
Табиғат - біздің досымыз
Балаларға табиғат, тіршілік, қоршаған орта арасында байланыс жайлы түсініктерін қалыптастыру, балаларға өлі және тірі табиғат жөнінде мағлұмат беру, табиғатқа сүйіспеншілікпен қарауға, қадірлей білу және қамқорлық жасай білуге үйрету. Балалардың
Табиғатты аялайық!
Табиғатты аялайық!
Оқушылардың қоршаған ортаға деген махаббат құндылықтары жайлы түсініктерін кеңейту. Шығармашылық қабілеттерін, жақсылық жасай білу іскерліктерін, ойлау қабілетін дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру.
Гүл, жеміс және тұқым
Гүл, жеміс және тұқым
Гүл, жеміс және тұқым. Оқушыларды қоршаған ортаны ластамауға өсімдіктерді қорғауға, табиғатты аялауға тәрбиелеу.
Табиғатты танып, білейік
Табиғатты танып, білейік
Ақмола облысы, Ерейментау ауданы. бастауыш сынып мұғалімі Динара Қайырбекқызы
Күз
Күз
Жамангарина Мейрамгуль Айтказиевна №134 "Гауһар" балабақшасының тәрбиешісі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×