Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қимылды ойындар жинағы

23 қараша 2021, Сейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Денсаулық білім саласы бойынша дене шынықтыру ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінде қолданылатын қимылды ойындар жинағы.

«Паравоз» №1
Мақсаты: Балалардың бірінің артына бірі тіркеліп тұрып паравоз сияқты жүруге, өлең жолдарын қайталап айтуға үйрету.
Мазмұны: Қатар - қатар тұрайық,
Кәне, кәне, сұрайық.
Кімнің болса бойы ұзын
Паравозы пойыздың
Кімнің, апай, бойы ұзын
Паравозы ол пойыздың?!
Тәрбиеші бойы ұзын баланы көрсетеді. Сол бала
паравоз болып алда тұрады. Ал қалғандары соның
артынан ұстап тұра бастайды.
Ал, паравоз баста алға,
Бәрімізді басқар да!
Пш - пш, пш - пш!- біз кеттік
Жүрісті біз гулетіп
Жүрісті біз гулетіп
Гу - гу, гу - гу, гуілдеп
Қалып қойма біріңде
Пш - пш, пш - пш!- біз кеттік жүрісті біз үдеттік.

«Ұшты - ұшты» №2
Мақсаты: Ненің ұшатынын, ненің ұшпайтынын, аңғарымпаздыққа тәрбиелейді.
Ойынның мазмұны: Ойынды үй ішінде де сыртта да ойнауға болады. Ойынға қатысушыларға бастаушының сөзін қалт жібермей бағып отыру шарт. Ұшатын құс не зат айтылса, қолдарын жоғары көтереді де, ұшпайтын зат айтылса тырп етпей отырады. Қателескен бала айып тартып тақпақ айтады не ән салады. Екі рет жаңылса айып шарты, ұлғая түседі. Бастаушы
Ойынды былай жүргізеді.
Ұшты - ұшты сұңқар ұшты
(қол көтереді)
Ұшты - ұшты қарға ұшты
(қол көтереді)
Ұшты - ұшты арба ұшты
(қол көтермейді)
Ұшты - ұшты дауыл ұшты
(қол көтермейді)
Ұшты - ұшты ұшақ ұшты
(қол көтереді)
Ұшты - ұшты торғай ұшты
(қол көтереді)
Ұшты - ұшты жылан ұшты
(қол көтермейді)
Осылайша жүргізілген ойында жаңылмаған ойыншы жеңеді.

«Ақ қоян» №3
Мақсаты: Балаларды жылдамдыққа, мықтылыққа баулу.
Ойын мазмұны: Балалар шеңбер жасап тұрады да, ал бір бала ортада қоян болып отырады. Шеңбердегі балалар қол ұстасып қоянды айнала жүріп тақпақ айтады.

Ақ қоян - ау, ақ
Орныңнан тұрсаңшы
Шашыңды тарасаңшы
Бетіңді жусаңшы
Әй - әй көйлек кисеңші.
Біреудің қолын үзсеңші -
Дегенде қоян болған бала тақпақтағы айтылған қимылды түгел істеп өлең, бітісімен жүгіріп барып шеңберді бұзуға тырысады. Егер бала шеңберді үзсе өзі шеңберге қосылып тұрады да үзілген жердегі оң жақтағы бала қоян болады.

«Қасқырлар мен лақтар» №4
Мақсаты: Балаларды жылдамдыққа, ептілікке тәрбиелеу.
Ойын мазмұны: Аралары 10 - 15 адым қашықтықта «қора» мен «өріс» сызылады.

Ойнаушылар үйлерінде тұрып:
Бөрте, бөрте, бөрте лақ,
Бөрте лақ тым ерке лақ
Кетесің кейде секеңдеп,
Байламаса көкем кеп — деген сөздерден
Кейін дүрсілдей жүгіріп « өріске» беттейді. Оларды алаңның ортасында тұрған 2 - 3 қасқыр қуып береді. Қолға түскендер ойыннан шығып қалып келесі кіреді. Қасқырлар ұсталмаған балалардан сайланады. Осылайша ойын жалғасады.

«Қаздар» №6
Мақсаты: Балалардың музыкалық есту қабілетін дамыту және қаздардың тіршілігімен таныстыру.
Керекті құралдар: (сырнай немесе сылдырмақ).
Ойын мазмұны: Қысқаша әңгіме, қаз өте сақ құс, ол балапан шығарған кезде, ата қаз балапандардың соңында жүреді. Егер қауіп төнсе, ана қаз екеуі екеулеп балапандарын қорғайды. Қаздар көк шалғында шөп жейді. Барлық балаларға сырнай үлестіріліп, ішінен ата қаз белгіленеді. Балалар шалғында жайылып жүрген қаздарды бейнелеп, баяу сырнай тартады. Тәрбиеші белгісімен қауіп төнгенде, ата қаз
сырнайды қатты 2 - 3 рет тартып белгі береді. Осы кезде балалар қанат қағып жүгіріп барып, ана қаздың жанына жиналады. Ойын қайталанып, ата қаз сайланады.

«Төбеде доп қуу» №7
Мақсаты: Балаларды шапшаң дербес қимыл әрекетке үйрету, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Ойын мазмұны: Ойынға қатысушылардың барлығы екі топқа бөлінеді. Әр топтың ойыншылары бірінің артына екеуден сапқа тұрады. Ал капитан өз командасының алдында болады. Команда бірінен бірі 3 - 4 метр жерде тұрады. Капитандар бір - бір волейбол добын алады да, оны екі қолымен төбелеріне көтереді. Жетекшінің «Бастаңдар» деген командасы бойынша олар допты басынан асыра артындағы ойыншыға, осы әдіспен келесі ойыншыға береді. Ойын одан әрі қарай жүгіреді, сөйтіп өз тобының алдына келіп тұрады. Доп тағы да колонаның соңына кетеді. Ол топ капитандарының қолына екінші рет қайта тигенше ойын осылай айнала береді. Капитан өз орнына келіп, бірінші
болып, допты жоғары көтергенде команда ұтып шығады.

«Күн мен түн» №8
Мақсаты: Балаларды ептілікке, жылдамдыққа, ажыратуға баулу.
Ойын мазмұны: Балалар бірі «Күн», екіншісі «Түн» тобы болып екіге бөлінеді. Олардың бір - бірінен бөлек, өз үйлері болады. Тәрбиешінің көрсетуі бойынша екі команда да жаттығулар жасап тұрады. Тәрбиеші «Күн» деп белгі берген кезде, сол топтың балалары үйіне жеткізбей қуып жетулері керек. Қолға түскен балалар қуушылар қатарына қосылады. Сөйтіп, ойын осылайша алма - кезек жүріп отырады. Көп бала ұстаған команда жеңіске жетеді.

Атырау облысы, Исатай ауданы,
№1 «Қарлығаш» балабақшасының
дене нұсқаушысы Хайруллина Әлия Бақтыгерейқызы

Толық нұсқасын жүктеу
318 494
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Жәндіктер тіршілігі
Жәндіктер тіршілігі
Жайнап тұрған бақшамда Гүлдерімді тере кет, Жаңбыр жаушы себелеп, Тақияның астына Тығыла ғой көбелек.
Қимылды ойындар жинағы
Қимылды ойындар жинағы
Қимылды ойындар жинағы. Мақсаты: Балалардың бірінің артына бірі тіркеліп тұрып паровоз сияқты жүруге, өлең жолдарын қайталап айтуға үйрету. Мазмұны: Қатар - қатар тұрайық, Кәне, қәне, сұрайық. Кімнің болса бойы ұзын Паравозы пойыздың Кімнің, апай,
Отыз ойын №3 Абдрахман Асылбек
Отыз ойын №3 Абдрахман Асылбек
Оң қолының бес саусағын бір жерге түйістіресің де, сол қолыңмен оны бүркемелеп, саусақтарыңның басын ғана көрсетіп, қапсыра ұстайсың да, досыңа: Ортан қолымды тапшы, - дейсің.
Қимылды ойындар, 2-ші сәбилер тобы
Қимылды ойындар, 2-ші сәбилер тобы
Қимылды ойындар, 2-ші сәбилер тобы
Қимылды ойындар
Қимылды ойындар
Қимылды ойындар жинағы
Көлік. Көлік түрлері
Көлік. Көлік түрлері
Атырау қаласы, Геолог поселкесі, Қ. Сәтбаев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі: Ақтөре Айгүл Сапарқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×