Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Күз сұлтаны

26 қыркүйек 2014, Жұма
Категориясы: Бала-бақша
Зал ішін безендіру. Зал іші күз мезгіліне сай безендірілген.
1 - жүргізуші: Күз мереке, күз ырыстың белгісі.
Гүлжиһан: Қайтып барады мекеніне жыл құсы.
Әнге ұласып, жырға ұласып даламыз.
Шат шадыман халқымыздың тұрмысы.

2 - жүргізуші: Күз дегенің ақындардың дастаны,
Аружан: Қандай ғажап, бейбіт күннің аспаны!
Бізбен бірге болыңыздар бәріңіз,
Алтын күздің той думаны басталды.
1 - жүргізуші: Қош келіпсіз ата - аналар, апайлар!
Гүлжиһан: Жүздеріңнен мейіріммен нұр тамар,
Алдарыңда жауқазындай құлпырған,
Аружан: Мектепалды даярлық топ балалар.

2 - жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, қонақтар! Күз мерекесіне байланысты мектепалды даярлық тобының ұлдар арасында өтетін «Күз сұлтаны» сайысына қош келдіңіздер.
1 - жүргізуші: Қуандырып біздерді
Гүлжиһан: Мерекелі күз келді.
Кел, жемісті алтын күз.
Кемелденсін халқымыз.
(Музыка әуеніне ырғала билеп, күз келеді)
Алтын күз: Әсел ерен достарым,
Өмірге көп қосқаным.
Қымбатты сый алыңдар.
Қызығыма қаныңдар.

2 - жүргізуші: Қош келдіңіз, Алтын күз! Төрлетіңіз.
Аружан:
Алтын күз: Сәлеметсіңдер ме балалар, иә мен Алтын күзбін. Қараңдаршы, айналаның бәрін алтын түске бояп та қойдым. Бүгінгі желдің лебі мені сендердің орталарыңа алып келді. Қандай, керемет балалар! Сендердің араларыңнан «Күз сұлтанына» лайықты балалар бар ма?
Гүлжиһан:
1 - жүргізуші: Әрине, бар. Біздің топтың балалары «күз сұлтаны» сайысына түскелі жатыр. Бізбен бірге тамашалаңыз.
Аружан:
2 - жүргізуші: Балалардың өнерін қабыл алыңыздар.
Хор: «Сары жапырақтар жауғанда»
Даниял: Мереке бүгін, күздің міне келгені
Күздің бізге бақыт - байлық бергені.
Құтты болсын мерекесі «Алтын күз»
Бәрімізді қуаныш күйі тербеді.
Темірші: Берекесін сыйлауға,
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға,
Шақырады біздерді.

Ғафур: Жайдарлы күз, жарқын күз.
Аяулы күз, алтын күз
Дәнге толы ен дала,
Дариядай шалқар күз.
Артур: Жемісі мол теретін,
Күз дос екен бізбенен
Бәрін тауып беретін,
Жомарт екен күз деген.

1 - жүргізуші: «Ковбой» биін тамашалаңыздар.

Ерназ: Қамба толды астыққа
Алғыс саған алтын күз.
Бір уыс дән шаштық та,
Қап - қап қауын алдық біз.
Темірлан: Астық, жеміс жиналды
Қамбамызға құйылды.
Ардақты күз мың алғыс!
Алдым өнім - сыйыңды.
Алимансур: Құстар қайтты ән салып,
Бұлт шарлады аспанды,
Қыс келеді жар салып,
Күзгі суық басталды.
Алмас: Дала сары киінді
Самал соқты салқындау.
Қырмандарға үйілді.
Алтын астық - алтын тау.
Күні, түні бір тынбай.
Нұрхан: Сары алтындар, сары алтындар
Бақ басынан жауады,
Бірде ашық, бірде жабық күннің - дағы қабағы
Сай қайда деп саялайтын. аялайтын денемді.
Қалбалақтап қыр үстінде қаңбақ ұшып барады.
Гүлжиһан:
2 - жүргізуші: Енді ортаға «Күз сұлтандарын» шақырайық.
(қыздар сайыскерлерді ортаға алып шығады)
Тәрбиеші: Сайысымызды бастамас бұрын, сайысымызға әділ баға беретін әділқазылар алқасын сайлап алайық.
----------------------------------------------------------
Сайыскерлер номерлерін суыру.
Сайысымыздың бөлімдері:
1. «Сегіз қырлы, бір сырлы» Өзін таныстыру. Жеті атасын атау.
2. «Өнерлі өрге жүзер» Өнер көрсету.
3. «Білекті бірді жығар» Білек күшін сынау
4. «Білімді мыңды жығар» А, Т, П, Н, Ғ, Р, Л дыбыстарын қатыстырып, текше әріптерден сөздер құрастыру.
5. «Жігітке де әсемдік жарасады» Сән үлгісі
6. «Дәм думан»
Ән бастайық, өнермен
Өлең өрнек дегенмен
Бастайық «Жігіт сұлтанын»
Қадірменді көрермен.
1 - жүргізуші: Сайысымыздың І - бөлімі «Өзін таныстыру».
Аружан:
2 - жүргізуші: Қыран - бүркіт көтерер ердің нарқын,
Гүлжиһан: Қыран жігіт асырар елдің даңқын!- демекші, енді ұлдарымыздың өнерін тамашалайық.
1 - жүргізуші: Ат өнері білінбес,
Аружан: Бәйгеге түсіп жарыспай.
Ер өнері білінбес,
Білек күшін сынаспай - демекші, келесі кезекті күш сынасуға берейік.
2 - жүргізуші: «Білімді мыңды жығар» Ұлдарымыздың білімін сынап көрейік.
1 - жүргізуші: Келесі кезекте мың бұралған биші қыздарымыздың «Қолшатыр» биін тамашалаңыздар.
2 - жүргізуші: «Жігітке де әсемдік жарасады» келесі кезекті сән үлгісіне берейік.
1 - жүргізуші: --------------------------- орындауында «Жаңбыр» әні.
2 - жүргізуші: Гүлжиһан: «Дәм - думан»
Тәрбиеші: Сөз кезегін әділқазылар алқасына берейік.
Хор: «Күз жомарт»
Жүргізуші: Аружан: Осымен мектеп алды даярлық тобының
«Күз сұлтаны» атты ертеңгілігімізді аяқтаймыз.
Жүргізуші: Гүлжиһан: Уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп - көп рахмет.
4 958
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мерейлі күз, мырза күз
Мерейлі күз, мырза күз
Жүргізуші: Қош келдіңіздер құрметті ата - аналар, қонақтар! Бүгінгі «Қарлығаштар» тобының дайындаған «Мерейлі күз, мырза күз» атты ертеңгілігін тамашалауға шақырамыз!
Күз сыйы
Күз сыйы
Залдың іші күз мезгіліне қарай безендірілген. Балалар музыка әуенімен залға кіреді.
«Ертегілер елінде» алтын күз ертеңгілігі
«Ертегілер елінде» алтын күз ертеңгілігі
Атырау облысы,Исатай ауданы,Аққыстау селосы, "Қарлығаш"балабақшасының тәрбиешісі Магданова Гулмира Айдарбековна
Берекелі Алтын күз!
Берекелі Алтын күз!
Армысыздар құрметті ата - аналар, барша қонақтар! Ортаңғы топ бүлдіршіндерінің «Берекелі Алтын күз!» атты мерекелік ертеңгілігіне қош келдіңіздер!
Алтын күз
Алтын күз
Күз туралы түсініктерін кеңейту. Сөздік қорларын дамыту. Балаларға мерекелік көңіл – күй сыйлау.
Күз басы-береке
Күз басы-береке
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №9 Балауса балабақшасының тәрбиешісі Алпысбаева Күміскүл Әбдіғаниқызы Мектепалды даярлық тобы Тақырыбы: Береке басы – алтын күз Құрметті ата-аналар және апайлар! Бүгін біз 2-кішкентайлар тобында «Береке
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×