Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ақ ұлпа қар

28 қараша 2014, Жұма
Категориясы: Бала-бақша
Мақсаты: 1. Білімділік: Балаларға қыс мезгілі туралы түсінік беру. Қардың қасиеттерімен таныстыру, ақ ұлпа қар туралы түсініктерін кеңейту.
2. Дамытушылық: Тіл байлықтарын, есте сақтау, сөздік қорын молайту, ойлау қабілеттерін дамыту.
3. Тәрбиелік: Балаларды тазалыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Әдіс - тәсіл: Әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ - жауап, ойын.
Сөздік жұмыс: Ақ ұлпа қар, Аққала.
Керекті құралдар: Қыс мезгілінің суреті, мақта, қар.
Қос тілді компонент: Қыс - зима, қар - снег, аққала - снеговик.
Танымды - оятушылық:

а) Балалармен бірге шеңбер бойына тұрғызып әнұран айту.
ә) Балалармен шаттық шеңберін құрып бір - бірлеріне бүгінгі күнге жақсы сөздер айтады:
- Сен бүгін қандай әдемісің
- Көйлегің қандай әдемі
- Шашың қандай жақсы

Мақсаты: Сыйластыққа, әдептілікке, татулыққа тәрбиелеу.
- Балаларды орындарына отырғызу.

Ұйымдастыру - іздестіру:
- Балалар, бәріміз терезеге қарайықшы, қазір жылдың қай мезгілі?
- Иә, қыс мезгілі. Дала аппақ қарға оранды. Күн суытып, жиі - жиі боран соғып, қар жауып тұр.
Бүгін біз «Ақ ұлпа қармен» танысамыз.
- Сендер далаға шыққанда қарды қолдарыңмен ұстап көрдіңдер ме?
- Қар қандай екен?
- Қардың түсі ақ, суық, қолымызбен ұстасақ, ол еріп кетеді, демек ол жылыдан еріп суға айналады.
- Жауып тұрған қарға алақанымызды тоссақ – ол алақанымызда ақ ұлпа болып көрінеді.
- Қыста біз далада қандай ойындар ойнаймыз?
- Балалар, қыста жылы киімдерімізді киіп жүру керек.
Қар қалың түскенде жолдарды қар басып қалады. Сондықтан адамдар жолды қардан тазартып отырады.

Сергіту сәті
Орнымыздан тұрайық,
Алға қадам басайық.
Бір отырып, бір тұрып,
Бойымызды жазайық.
- Балалар, мына суретке қараңдаршы, бұл ненің суреті?
- Иә, балалар, қардан аққала жасауға болады.
Қазір бәріміз бірігіп, аққала жасаймыз.

Ойын. «Аққала»
Мақсаты: Балалардың алған білімдерін бекіту.
Шарты: Балалар үш топқа бөлініп, аққаланың дөңгелек бөлшектерін мақтадан жасайды, барлық бөлшектерді бірге құрастырады.
Рефлективті түзету:
- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
- Қардан біз не жасадық?
- Қардың түсі қандай?
Белсенді қатысқан балаларды мақтап, мадақтау.
56 052
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қысқы серуен
Қысқы серуен
Мақсаты: Қыс мезгілін сипаттай білуге үйрету, сөздік қорларын дамыту. Сөз тіркестерінің дұрыс айта білуге үйрету. Табиғатты аялауға, әсемдікті көре білуге, сезінуге тәрбиелеу.
Аппақ қар
Аппақ қар
Қыс мезгілі, қар, қыстағы адамдардың тіршілігі туралы түсініктерді қалыптастыру.
Қыста аулада балалар ойнап жүр
Қыста аулада балалар ойнап жүр
Үлкендер еңбегін түсіндіру. Қысқы табиғат көрінісін ауызша бейнелеу. Ағаштардың жапырағының күзде түсетіндігін ұғындыру. Осы бейнені суреттей білу. Дәстүрден тыс әдіспен бейнелеуді үйрету.
Сиқырлы қар
Сиқырлы қар
Балаларға қыс мезгілі туралы түсінік беру. Қардың қасиеттерімен таныстыру, ақ ұлпа қар туралы түсініктерін кеңейту. Тіл байлықтарын, есте сақтау, сөздік қорын молайту, саусақ маторикасын дамыту. Қауіпсіздік ережелерін айта отырып, ұқыпты таза жұмыс
Армысың, қар ұшқыны!
Армысың, қар ұшқыны!
Қыс мезгілі, қар, қыстағы адамдардың тіршілігі туралы түсініктерді қалыптастыру. Қыс мезгілінде болатын құбылыстар туралы ақыл - ойын, есте сақтау қабілетін дамыту.
Қыс қызығы
Қыс қызығы
Тақырыбы: «Қыс қызығы»
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×