Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Су асты патшалығына саяхат

02 желтоқсан 2014, Сейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Білім беру саласы: «Таным», «Шығармашылық»
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеттің түрі: экология, жапсыру, тіл дамыту
Тақырыбы: «Су асты патшалығына саяхат»
Мақсаты: Судың қандай болатынымен, балаларға балық, су асты тіршілігі туралы түсінік беру, ойлауға, есте сақтауға үйрету. Тәжірибелік жұмыс барысында бақылау, зерттеу. Дәстүрден тыс бейнелеу әдісін қолдана отырып, ұсақ қол моторикасын жаттықтыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Балалардың бейнелеуге қызығушылығын, табиғатқа деген эстетикалық және қамқорлық сезімін тәрбиелеу.

Қостілділік компанент: су - вода, балық – рыба, ғаламшар - глобус
Іс - әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс - әрекеті Балалардың іс - әрекеті
Қызығушылығын ояту кезеңі - Балалар, біздің топқа қонақтар келді, өзіміздің әдепті ұғымтал балалар екенімізді көрсетейік.
Дөңгеленіп тұрайық,
Шеңберді біз құрайық.
Қол ұстасып бәріміз
Ақтілекті жолдайық!
- Әлемде нұр тыныштық,
Әрбір бейбіт күн ыстық.
Қайырлы таң қонақтар,
Қайырлы күн достарым!

Тамшы қыз кіреді: Сәлеметсіздер ме, балалар! Мен Тамшы қызбын мен сендерді «Су асты патшалығына» саяхатқа шақырамын. Және де, мен өзіммен бірге сиқырлы сандықты әкелдім, бүгін не туралы білгілерің келсе, жұмбақтың шешімінен біле аласыңдар.
1. Суда өседі, өнеді, сыртқа шықса өледі.
Балық - рыба
2. Жылт - жылт еткен, жылғадан өткен.
Су - вода
Балалар орындарынан тұрады.
Сәлемдеседі.
Балалар сөздерді айтып, қимылмен көрсетеді.
Амандасады.
Ол – балық.
Ол – су.
Қайталайды.
Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі - Жарайсыңдар, сонымен біздің бүгінгі тақырыбымыз «Су асты патшалығына саяхат».
- Ендеше, кемемізге отырып, әндетіп жетейік.
Ән: «Біз бақытты баламыз»
- Балалар, сендер басқа таңғажайып ортада болғыларың келе ме?
(Мысалы: мультфильмде немесе аспандағы айда немесе су асты әлемінде)
Қане, бәріміз көзімізді жұмайық.
Біз қай жерге келдік?
- Ия, су асты патшалығына келдік. Слайдпен жұмыс. «Суда мекендейтіндер»
Теңіз өте үлкен болғандықтан, онда көп түрлі балықтар бар. Олар теңіз астындағы балдырлармен, су асты шөптерімен, теңіздің ұсақ жәндіктерімен қоректенеді. Ұсақ балықтар топтасып жүзеді. Сонымен қатар теңізде жыртқыш балықтар да бар, олар ұсақ балықтармен қоректенеді.
Жер бетіндегі ең көп тараған зат - су. Балалар, біз күнделікті өмірде суды көп пайдаланамыз. Біз суды ішеміз, судың көмегімен гүлдер, ағаштар жайқалып өседі, күнделікті тамақтарымызға да су қосамыз. Сусыз өмір болмайды. Сонымен қатар, өрт сөндіруге пайдаланамыз.
- Балалар, бүгін менің қолымдағы фишкалар арқылы, өз қалауларыңмен таңдап, орталықтарға бөлінесіздер.
Ғылым орталығында – судың қасиеттері туралы толығырақ білеміз сендермен жұмыстанатын мен, Асел Мақсотқызы.
Өнер орталығында – су асты әлемін түрлі заттар арқылы бейнелейміз, ал сіздермен жұмыстанатын Тамшы қыз – Назгүл Самиғоллақызы.
Ғылыми орталық.
- Балалар, ғылым орталығына қош келдіңіздер!

Су жүргізер тіршіліктің тамырын,
Су жоқ болса тіршілік болмас бауырым,
Судың біздер біле тұра маңызын
Көп болған соң ұмытамыз қадірін.

- Өлең не туралы?
- Су кімге және не үшін қажет?
- Егер су болмаса не болушы еді?
Су – тіршілік негізі. Балалар, мына менің қолымда ғаламшар бар. Ғаламшардың орысшасы – глобус. Ғаламшар – жердің макеті. Ол қандай денеге ұқсайды?
- Ғаламшарда қандай түс көп?
Ән айтады
Жәй әуенмен балалар көздерін ашады.
Су асты әлеміне келгендерін айтады.
Балалар өз қалаулары бойынша белсенділік орталықтарына бөлінеді.
- Өлең су туралы.
- Су адамға және жануарларға, өсімдіктерге керек.
Егер су болмаса бәрі өледі.
Балалардың жауабы.
- Шар.
- көк түс көп.
Көк түс судың өзеннің, көлдің, мұхиттың, теңіздердің түсі.
- Балалар, неше мұхит бар?
Жер шарын қарау. Көк түсі ол бәрі су: мұхиттар, өзендер, көлдер. Суда улы зат пен тұз көп. Тұзды суды ішуге бола ма?
Ал судың қасиеттерін білу үшін біз суды зерттеп көрейік.
1 - тәжірибе: Судың түсі бар ма?
Балалардың алдында екі шыны ыдыс тұрады, біреуіне су, ал екіншісіне сүт құйылған. Екі,
ыдысқа да қасық салып, қайсысынан көрінетінін, қайсысынан көрінбейтінін бақылайды.
- Ия, балалар «су мөлдір». Судың түсін тек бояулар арқылы өзгертуге болады. Оны сіздер сурет оқу іс - әрекеттерінде көріп жүрсіңдер.
2 - тәжірибе: Судың пішіні бола ма?
Суды бір ыдыстан пішіні басқа ыдысқа құю. Не өзгерді?
3 - тәжірибе: Судың иісі бола ма?
Балалар суды иіскеп көреді, судың иісінің жоқ екенін сезінеді. Лимон қосылған суды иіскеу.
4 - тәжірибе: Мұз – қатты су.
Балалар ыдысқа салынған мұздың ерігенін бақылайды.
5 - тәжірибе: Су сұйық, сондықтан ағады.
Балаларға стақандағы суды екінші бос стақанға төкпей - шашпай құюды ұсынамыз. Су аға ма? Неліктен? Өйткені ол сұйық. Егер ол сұйық болмаса өзендерден, краннан аға алмас еді.
6 - тәжірибе: Суда кейбір заттар ериді, кейбір заттар ерімейді.
Суы бар екі стақан алып біреуіне құм салып, қасықпен араластырып көреді.
Құм еріді ме?
Екінші стақанға қантты саламыз, не өзгерді? Қай стақандағы еріді?

- Балалар, біздер судың әртүрлі қасиеттері бар екеніне көз жеткіздік, сонымен қайталап жіберейікші, судың қандай қасиеттері бар?

Бағалау: Көңілді - көңілсіз тамшылар.

Сергіту сәті: Сылдыр, сылдыр су,
Сылдыр суға бетіңді жу.
Жуынсаң сен әрдайым,
Аппақ бетің, маңдайың

4 мұхит бар. Атлант мұхиты, Үнді мұхиты, Тынық мұхиты, Солтүстік мұзды мұхиты.
Жоқ, болмайды.
Суы бар ыдыстан қасықты көруге болады, ал сүт тұрған ыдыстан қасық көрінбейді.
Судың пішін жоқ, ол ыдыстың пішінін алады.
Мұз, қар – бұл да су.
Су - сұйық.
Құм ерімейді, ал қант ериді.
Судың нақты пішіні болмайды. Судың түсі жоқ. Ол түссіз.
Су - мөлдір. Судың дәмі жоқ. Судың иісі жоқ. Су - сұйық. Ол ағады.
Балалар сөздерді айтып, қимылмен қайталайды.

Өнер орталығы.
- Балалар, өнер орталығыңа қош келдіңіздер!
Таза болсаң судай бол,
Бәрін жуып кетірген.
Жақсы болсаң жердей бол,
Су бар жерде ырыс бар,
Ұстап балық жейсің
Бәрімізді өсірген.
Сумен суарып өсірген
Ақ бидайдың нанын жейсің.
- Өлең не туралы айтылған?

- Балалар, бүгін біз су астындағы тіршілікті әртүрлі қажетсіз материалдарды пайдаланып бейнелеп көрейік.
Сендер білесіңдер теңіз өте терең болады, оның ең астында әр түрлі ұсақ тастар болады. Олар әр түрлі көлемде болады (дөңгелек, сопақша, үлкен, кішкентай)
Содан кейін су астында өсетін шөптер, балдырлар болады. Олар да ұзын, қысқа, ирек, түзу болып келеді.
Келесі кезекте осы шөптер арасында жүрген балықтарды орналастырамыз.
(жұмыс барысында балалар сұрақтарға жауап береді)
- Балықтар туралы не білеміз?

Қандай балық түрлерін білесіңдер?
Балықтың құрылысы қандай?
Бізде қандай өзен бар?
Алдарындағы материалдарды пайдаланып жұмыстану. Түсіндіру, көрсету.

Қалай балалар сендерге жұмыстарын ұнады ма?
Бағалау: «Ең әдемі балық»
Тамшы қыз: Мен сендерге дидактикалық ойын әкелдім ойнаймыз ба?
Д/ойын: «Жақсы - жаман» /екі орталықтағы балалар/
Бірінші топ «Су - жақсы. Неге?»
Екінші топ: «Су - жаман. Неге?» деген сұрақтарға жауап береді
Жақсы - суды ішеміз, жуынамыз, шынығамыз, тамаққа керек, ыдыс, ойыншық,
киімдерді жуамыз, гүлдерге, өсімдіктерге құямыз, құстар мекендейді, балықтарға керек....

- Су, балық туралы.....
- Балықтар суда жүзеді.
Шортан, сазан, шабақтар.....
Балықтың денесі, құйрығы, жүзбе қанаттары, көзі, аузы бар.
Жайық өзені.
Балалар бір біріне көмектесіп ұжымдық жұмыс жасайды.
Балалардың жауабы.
Ойынға қатысады.
Жаман: мұздай суды ішсең аурып қаласың, ыссы суға күйіп қаласың, суға тайып құласаң жарақаттанасың, батып кетесің, су тасқыны болады, үйлерді құлатады...
- Балалар, сендер білесіңдер су астында нелер тіршілік етеді екен?
Балық - рыба
Балық өнімдері көзге пайдалы. Миды жетілдіреді.
Жүректің жұмысын жақсартады. Тұмау және жұқпалы аурулардан қорғайды. Қан көбейтеді.

Әуенмен сергіту сәтін орындау.
Қайталайды, тыңдайды.
Балалар қуанып билейді.
Іс - әрекет бақылау кезеңі Су туралы қандай мақал - мәтелдер білесіңдер?
Су туралы тыйым сөздер айту.

- Балалар, біз қандай орталықтарда жұмыс жасадық?
Бүгінгі оқу іс әрекетінен не білдік?
Суды қандай түспен белгілейміз?
Судың қандай пайдасы бар?
Судан шырын жасайды. Әртүрлі сусындар жасайды.
Балаларға сусын сыйлау. Алдымен қонақтармен қоштасып алайық. Барлықтарың жақсы қатыстыңдар. Көлдің көркі – құрақ,
Таудың көркі – бұлақ.
Су анасы - бұлақ,
Сөз анасы – құлақ.
Судың да сұрауы бар.
Сусыз өмір жоқ, Отсыз темір жоқ.
Су ішкен құдығыңа түкірме.
Бір тамшы су жерге пайда.
Суға дәрет сындырма,
Кір суды баспа.

Су түссіз.
Тіршілік атаулының бәріне су ауадай қажет.

Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: судың үнемді пайдаланудың ережелерін, су жайында мақал - мәтелдер, тыйым сөздерді, су асты тіршілігі туралы, дәстүрден тыс әдістерді қолдануды
Қандай түсініктер игерді: судың адам өміріндегі маңызын, оны қорғауды, су асты тіршілігін, судың қасиеттерін, балық түрлерін
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: табиғаттың су астындағы сұлулығын, қажетсіз материалдарды қажетіне қарай пайдалануды
21 242
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Зообаққа саяхат
Зообаққа саяхат
Балаларға зообақ жайлы түсінік беру, жабайы аңдар туралы білімдерін тиянақтау
Суды жақсы көретіндер
Суды жақсы көретіндер
Суда тіршілік ететін жануарлар жайлы түсінік беру, құрлықта және суда тіршілік ететін жануарлардың айырмашылығын үйрету.
Аквариумдағы балықтар
Аквариумдағы балықтар
Балабақша тәрбиешісі: Орынбасарова Мейрамгүл Асқарқызы
Су патшалығына саяхат
Су патшалығына саяхат
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №11 «Балапан» балабақшасының «Балауса» тобының ІІ санатты тәрбиешісі Кемалова Маржанкүл Тасмағамбетқызы
Су асты әлемі
Су асты әлемі
Жармағанбетова Гүлмира Қаламбекқызы
Қыс бейнесі
Қыс бейнесі
Тогузбаева Гулмира Жаксылыковна №30 «Ұрпақ» МДҰ тәрбиешісі Ақтөбе қаласы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×