Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Көргенді отбасы

15 қазан 2012, Дүйсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Түлкібас ауданы, «Алтын дән» балабақшасы
меңгерушісі Кулшат Беспаева

Тақырыбы: «Көргенді отбасы»
Сабақ түрі: жаңашылдығы, қазақи салт - дәстүрді дәріптейтін отбасылық сайыс
Міндеті: Отбасында этикалық - эстетикалық тәрбиені дамыту.
Мақсаты: Этно педагогиканы жаңғырту, отбасының беделін көтеру, бәсекеге қабілетті ата-аналарды машықтандыру.

Білімділігі; қазақи менталитетті білдіру;
Тәрбиелік мақсаты:Отбасылық тәрбиенің басты элементтеріне шолу жасау;
Дамытушылық мақсаты: Отбасында ынтымақты нығайту.

Қолданылатын көрнекіліктер: Бүктемелер, техникалық құралдар, қазақы - дәстүр бұйымдары.
Барысы: Көрермендермен сәлемдесу, назарын ортаға аудару.
1) «Сәлем - сөздің анасы» сәлемдесу; (3 мин)
2) «Өнерлі өрге жүзер» Өнер көрсету. (қол өнер, би, ән, күй) 3- 5 мин
3) «Дәстүріңді сақтай біл» (Бір отбасына лайықты (балаға әсіресе қатысты) салт-дәстүрді көрініс етіп көрсету) 5-7мин
4) «Артық болмас білгенің» берілген заттарға қарап оған баға береді, қолданылуын айтады және оның ішінен тосын сый шығады сол сұраққа жауап беру шарт.) 5 мин
5) Қорытынды. Марапаттау

Негізгі бөлім:
1.«Сәлем - сөздің анасы» сәлемдесу; (3 мин)
1-жүргізуші: Сәлем сізге көпшілік замандастар!
Адамдықтың белгісі амандасқан.
Бақ сынап ата-аналар келіпсіздер!
Демей ме, асыл тастан, өнер жастан!

2-жүргізуші: Тас үйдің салдық бүгін түтіндігін.
Отбасылық байқауына келіп бүгін!
Ендеше көрермендер қол соғыңдар,
Үлгілі отбасылар байқауына!
Әр топ әуенмен ортаға шығып, қазылар алқасының алдынан барып номерлерін алады.
Сәлемдесу рәсімін жасайды. Өздерінің атауларын қойып ол жөнінде белгі немесе символ жасайды. Қорғап шығады.
Қазылар алқасы балл қояды.

2.«Өнерлі өрге жүзер» Өнер көрсету. (қолөнер, би, ән, күй) (3-5 мин)
1-жүргізуші: Асыл тастан шығады,
2-жүргізуші: Өнер жастан шығады.
1-жүргізуші: Өнерлі – өрге жүзеді, Өнер алды –қызыл тіл
2-жүргізуші: Ел - іші, өнер - кеніші демекші ортада отбасылар арасында қол өнер, би, ән, күй еркін тақырыпта өнерлерін тамашалаңыздар!

3. «Дәстүріңді сақтай біл» 5-7 мин. (Бір отбасына лайықты (балаға әсіресе қатысты) салт-дәстүрді көрініс етіп көрсету)
1-жүргізуші: Шілдехана, бесік той!
2-жүргізуші: Тұсау кесер, сүндет той!
1-жүргізуші: Пай! Шіркін-ай! Қазағымның салт-дәстүрі, кең пейілі дархан даласынан да кең ғой.
Олай болса ортада отбасыларыңызды ретімен ортаға шақырамыз.

4) «Артық болмас білгенің» (берілген заттарға қарап оған баға береді, қолданылуын айтады және оның ішінен тосын сый шығады сол сұраққа жауап беру шарт.) 5 мин

1-зат: Кебеже, Торсық, Күбі – қолданылуы туралы айтады. Тосын сый: «Ою ойып беріңіз» атауын айтыңыз
2-зат: Үкі, қамшы, Бүркіт - қолданылуы Тосын сый: 3 стаканда айран, қымыз, сүт, қымыран тұрады ажырату керек. стакан номерленеді сол бойынша қазылар біледі.
3-зат: Ағаштан жасалған ыдыстардың атауларын айту. Тосын сый: Құрақ құрап беріңіз берілген түсті картоннан жапсырып түстерін лайықтап құрақ құрайды.
4-зат: Ер тоқым, абзел, таға. Тосын сый: майтары мен сөк жасаңыз.
Өте тамаша құрметті сайыскерлер: олай болса сіздердің құрметтеріңізге арнап жақсы бір музыкалық сәлемдемемізді қабыл алыңыздар.

Қорытындылау
1 жүргізуші: Демеңіздер өнерді аяп қалды
2 жүргізуші: Мезгіл де біраз жерге таяп қалды
1-жүргізуші: Қош болып тұрыңыздар кездескенше
2-жүргізуші: Осымен сайысымыз аяқталды!
Мадақтау.
Регламент: 45-55 минут
7 054
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Менің отбасым
Менің отбасым
Отбасы – ең жақын және туыс адамдар. Әр отбасында жақсы қарым - қатынас болуы өте маңызды. Отбасы мүшелерін отбасылық дәстүрлер біріктіреді.
«Мөлдір бұлақтан» атты отбасылық сайыс сценарийі
«Мөлдір бұлақтан» атты отбасылық сайыс сценарийі
Музыка пәні мұғалімі Гульназия Сагынганова
Отбасылық тәрбие
Отбасылық тәрбие
Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Қоғалы ауылы, Панфилов атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Намазбаева А.Д.
"Ынтымақты отбасы" сайысы
"Ынтымақты отбасы" сайысы
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, ГКС - 12 орта мектебінің мектепалды даярлық тобының мұғалімі Тулебова Назира Джеткергеновна
Ынтымақты отбасы
Ынтымақты отбасы
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы №6 орта мектебінің тәлімгері Серікбаева Салтанат
Біз бақытты жандармыз...(сайыс)
Біз бақытты жандармыз...(сайыс)
Павлодар қаласы №22 жалпы орта білім беру мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қ. Абылғазинова
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×